Файл: азастан аумаындаы тас асырына атысты археологиялы ескерткіштерді ашылуы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 05.12.2023
Просмотров: 367
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
55 сұрақ
55-сұрақ: 1739-1741 жж. жоңғар-қазақ соғысы. Абылай сұлтанның дипломатиялық өнері.
Абылайдың әскери қайраткерлігі, қолбасылық қабілеті 1730-1740 жылдардағы шайқастарда ерекше көрінді. Осындай жан алысып жан беріскен соғыстардың бірін Бұқар жырау «Қалданменен ұрысып, жеті күндей сүрісіп...» деп суреттейді. Ол соғысқа Абылайдың қанды көйлек жолдастары Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақ Жәнібек, Қарақалпақ Қылышбек, Шапырашты Наурызбай, т.б. қазақтың белгілі батырлары тізе қоса қатысады. Бұл да Абылайдың жауға қарсы қазақ халқының басын біріктіре білгендігінің дәлелі болып табылады. Бірте-бірте ұлыстағы бар өкім Әз-Тәуке ханның немересі Әбілмәмбет ханнан өтіп, Абылайдың қолына көшеді. Абылайдың ерлігі мен ақыл-парасатына бас ұрған Әбілмәмбет ақылшы аға болып, кеңесші хан дәрежесімен шектеледі. 1738-1741 жылдары Абылай хан бастаған қазақ қолы жоңғар басқыншыларына бірнеше мәрте соққы берді.
Абылай ханның қазақ мемлекеттілігін нығайтудың дипломатиялық саясаты мақсатқа сай келетін деңгейде қалыптасты. Оның ұйымдастырушылық және дипломатиялық таланты 1739 – 1742 жылдарындағы Жоңғариямен соғыс кезінде тұтқынға түсуі кезінде көрінді. Ол тұтқыннан шығып, жоңғарлармен тиімді бейбітшілік жасады. 40-жылдардан бастап Абылай жоңғар басшыларының өзара тартыстарына белсенді араласа бастап, Шығыс Қазақстанның көп бөлігін бақылай бастады.
56 сұрақ
56. 1846 жылы Жетісу сұлтандарының Ресей бодандығын қабылдауы.
XIX ғасырдың ортасына карай қазақ жерлері үшін Қоқан, Хиуа және Ресей арасындағы талас күшейе түсті. Ресей үкіметімен болған 1840 жылғы келіссөзде Хиуа ханы өз билігінің Жем, Ырғыз және Торғай бойына дейін жететіндігін айтты. Сырдарияның төменгі жағасына орыс және қоқан қолдарын жібермеу мақсатында хан мұнда бекіністер салдырады. Бірақ Хиуа ханының бұл әрекеттеріне қарамастан, оларды Қоқан қолдары, кейін жақсы қаруланған Ресей әскерлері ығыстыра бастайды.Осы мезгілде Түркістанның ішкі саяси өміріне Ресей белсенді түрде араласа бастайды. Оның мынадай себептері бартын. Біріншіден, XIX ғасырдың орта тұсынан бастап қарқынды даму жолына түскен Ресей өнеркәсібіне түркістандық рынок аса қажет. Қазақ тұтынушылары орыс көпестерінен ұн, түрлі мануфактура өнімдерін, металдан жасалған бұйымдарды көп мөлшерде ала бастайды.Бұхара мен Хиуаға Ресей көпестері мата, иленген тері, металдан жасалуан бұйымдарды, қант және басқа тауарларды жеткізіп, Ресейге
Түркістан өңірінен мақта, жібек, күріш, жеміс-жидек, арзан бағаға мындаған қой, ірі қара малды айдап кетіп жатты. Басқаша айтқанда, Түркістанмен тұрақты сауда қатынасын орнату Ресейге өте тиімді еді. Ресей көпестері Түркістан арқылы Үндістанға, Шығыс Түркістанға шығуды армандады. Бұл уақытқа дейін Орталық Азияға көз тіккен Англияның емеуріні Ресейді Қазақстан жерін өзіне қосып алу әрекетін біржола аяқтауға итермеледі.1846 жылы Кенесары хан қолын Жетісудан ығыстыруды көздеген орыс әскерінің экспедициясы Қапал бекінісінің негізін қалайды. Бұл іс жүзінде орыстардың Жетісуда жасаған алғашқы қадамы болатын. Англияның Шығыс Түркістандағы ықпалының арта түскендігінен қорыққан патша үкіметі тездетіп Жетісуда бекіністерін салуды, Ұлы жүз қазақтарын өз кұрамына қосып алуды, сондай-ақ Қытай үкіметімен Жетісу арқылы жүретін сауда қатынасы жөнінде тез арада келісімшарт жасасуды көздеді.Жетісу жеріне орыс билігінің аяқ басқанын жеке мүддесіне пайдаланып қалуды көздеген Ұлы жүздің бір топ сұлтандары мен билері 1846 жылы жаңа билікті мойындайтындығын мәлімдеп, ант береді. 1850 жылдан бастап орыс қолдары Жетісудағы Қоқан қамалдарын жоюға көшеді. Орыс әскеріне елеулі карсылық көрсеткен Қаскелең өзені бойындағы Таушыбек қамалы еді. 1851 жылы жазда орыс қолдары бұл бекіністі алып, жойып жіберді.1853 жылы Ресейдің сыртқы істер министрі Батыс Сібір генерал- губернаторы Гасфорпқа Жетісуда Ресей ұстанымын нығайтуды қамтамасыз етерліктей нақты шараларды іске асыруды тапсырады. Осы міндетті орындау мақсатында, сондай-ақ Ресейдің Ташкент, Құлжа және Қырғыз бағытындағы сауда және басқа қатынастарына жол ашатын жаңа ірі бекініс салу жөнінде шешім қабылданды.Екінші шабуылдан соң, 1865 жылы орыс әскері Түркістан өңірінің ірі сауда және саяси орталықтарының бірі Ташкентті алады. Өзара феодалдық қақтығыстардан қалжыраған Түркістан техникалық және ұйымдық тұрғыдан жоғары тұрған орыс әскеріне төтеп бере алмады. Міне, осы оқиғалардан соң Қазақстан бүтіндей Ресей империясы құрамына еніп, ендігі уақытта оның тарихында жаңа кезең — отарлық тәуелділік кезеңі басталды
57. Кіші және Орта жүздер аумағында барлық билік институттарын реформалау және аумақтық-әкімшілік басқару жүйесін енгізу.
Осы уақытқа дейін қазақ елінің хандық билік түрінде көрінген мемлекеттік дербестігін жоюға даярлық жасап келген патша үкіметі XIX ғасырдың 20-жылдары мұндай мақсатты іске асыруға колайлы жағдай туды деп шешіп, іске кірісіп кетті. Патшалық билік бұл істі алдымен Орта жүзден бастады. Бөкей және Уәли хандар өлген соң, енді қайтып мұнда хан тағайындамау туралы шешім қабылдайды. XIX ғасырдың 20-жылдарының басында Батыс Сібір губернаторлытын баскарған белгілі мемлекет қайраткері М.М.Сперанскийдің басшылығымен "Сібір қазақтары жөніндегі Жарғы" өмірге келді. Бұл заңдық құжат бойынша Орта жүзде хандық билік жойылды. Оның орнын аға сұлтандар басты. Орта жүздің жері жеке әкімшіліктерге бөлініп, "сыртқы округтер" аталып, Омбы облысына қарайтын болды. Сөйтіп, 1822—1838 жылдар аралығында Қарқаралы, Аягөз, Ақмола, Баянауыл, Құсмұрын, Көкпекті, Көкшетау аталған округтер өмірге келді. Оларды басқару округтік приказдарға жүктелді. Оларға сондай-ақ полицейлік және соттық билік те берілді. Приказдың басында үш жыл мерзімге тек сұлтандар ғана сайлай алатын аға сұлтандар тұрды. Приказдың басқарушы аппараты төрт адамнан, яғни бар билікті колдарына ұстаған екі орыс шенеунік заседателі және беделді би мен старшындар сайлайтын екі қазақ заседателінен тұрды. Округтер болыстарға, болыстар ауылдарға бөлінді. Болыстық бөлу аумақтық негізде емес, рулық негізде жүрді. Әрбір болыс белгілі бір рудың атымен аталатын болды. Мәселен, Қанжығалы болысы, Қаржас болысы және басқа болыстықтардың жеке әкімшілік ретінде жер көлемі анықталып, қазақ қожалықтарына басқа болысқа өз беттерінше өтуге шектеу қойылды. Бұл сол уақытқа дейін қалыптасқан жайылымды пайдалану жүйесінің бұзылуы еді. "Сібір қазақтары жөніндегі Жарғы" жергілікті әкімшіліктің сайлау арқылы анықталатындығын сырттай болса да сақталғандығын көрсетуге тырысты. Ал шын мәнінде билік орындары жергілікті әкімшілік қызметтерге өзіне тиімді адамдарды ғана жіберіп, тиімсіздерін кейін асыруды, сол сияқты округтік приказдың жұмысын оның құрамындағы орыс шенеуніктері арқылы реттей отырып, приказ аппаратына бекітілген шептік қазақ әскерін пайдаланды. Хандық билікті жойған отаршыл әкімшілік қазақ ақсүйектері мен билеуші тобын өзіне бірден қарсы койып алмау үшін алғашында олармен құйтырқы ойын жүргізді. Округтер мен болыстарды басқаруды міндетті түрде сұлтандарға беріп, бірақ бұл қызметтік орындарды иемдену құқын төре тұқымдарымен қатар өзіне ұнаған "қара" қазақтан шыққан ақсүйектерге де берді. Яғни, сұлтандық мансапты иемденетін кісіні анықтауды патшалық әкімшілік өз қолына алды. Сұлтандарға билік орындарының ісіне араласуға тыйым салынды. Заң аға сұлтан, болыстық сүлтандары және ауыл старшындарын "жергілікті шенеуніктерге" жатқызды. Сот жүйесі де өзгеріске ұшырады. Қазақ ішіндегі аса қауіпті деп саналған мемлекеттік сатқындык, кісі өлтіру, тонаушылық, барымта, сондай-ақ "билік орындарына бағынудан бас тарту" сияқты қылмыстық істер билер соты карамағынан алынып, олар патшалық заңы бойынша округтік приказда қаралатын болды. Ал ұрлық және басқаларды билер соты халықтың әдеттегі құқығы бойынша қарауға тиіс болды. Сонымен бірге билер сотының шешімі арызданушыны қанағаттандырмаса, ол облыстық әкімшілікке арыздануға құқылы болды. Ал бұл мәселені қарауда облыстық басшылық та қазақтың әдеттегі құкын негізге алуға тиістін.
58. Жетісу және Сырдария облыстарын басқару туралы (1867 ж.) және Орынбор және Батыс Сібір бас үкіметтерінің Дала облыстарын басқару туралы (1868 ж.) уақытша ереженің жүзеге асырылуы
Қазақстанның Ресей құрамына қосылуының аяқталуы империяның Қазақ өлкесіне байланысты саясатына біршама түбірлі өзгерістер әкелді.
Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанды жаулап алғаннан кейін, патша үкіметі аймақтағы ағылшындарды ығыстырып шығарған болатын. ЬІңғайлы халықаралық жағдайды пайдаланып, Ресей империясы Қазақстанда отаршылдық төртіпті күшейтуді колға алды.
Патша үкіметінің отаршылдық саясатының осылайша өзгеруітң айқын көрінісі — қазақтарды басқару туралы 1867—1868 жылдардағы әкімшілік реформасы.
1867—1868 жылдардағы патша үкіметі реформасының негізгі мақсаты — қазақ өлкесінде отаршылдық тәртіпті нығайтуға бағытталды. XIX ғасырдың екінші жартысындағы әзгерістер де бұған едәуір ықпалын тигізді. Капитализмнің кеңінен дамуы үшін де Қазақстандағы бұрынғы басқару жүйесін өзгерту қажет болды.
Осы міндетті жүзеге асыру үшін XIX ғасырдың 60-жылдары басында қазақтардың саяси өкімшілік, сот ісін басқару жүйесін қайта құрудың жобасын әзірлеуге арнаулы комиссия құрылды.
Комиссия Орынбор және Батыс-Сібір генерал-губернаторы қазақтарын екі түрлі басқаруды жойып, бүкіл қазақ даласын екі — Батыс және Шығыс облыстарға беліп басқаруды ұсынды.
1864 жылы 12 желтоқсанда Әскери және Ішкі істер министрлігінің бас қосқан комитеті мәжілісінде жоба мақұлданбады. Қазақтарды болашақтағы басқару құрылымы мәселесін енді үкімет Далакомиссиясына беру қажет деген шешім қабылдады. Комиссияға ішкі істер министрінің статс-кеңесшісі, полковник Гирс төрағалық етті. Бұл Далакомиссиясының құрамына аталған министрліктердің әрқайсысынан екі өкіл және Орынбор өлкесі мен Батыс Сібір өлкелері әкімшіліктерінің мүшелері енді. Комиссияға қазақ даласын аралап, жергілікті көшпенділер өмірімен танысып, болашақтағы өкімшілік басқару негіздері туралы жоба жасау міндеті жүктелді.
Гирс комиссиясы 1865 жылы 27 маусымда Орынбор, Батыс Сібір және Түркістан өлкесін аралауға шықты. "Халықтың жағдайын жақсартатын, оларды сұлтандардың үстемдігінен босататын ізгілікті реформаның" жасалу барысы құпия түрде жүргізілді.
Патша үкіметінің қазақ даласында әзірлеп жатқан әкімшілік-сот құрылысы реформасының үлгісін алғаш рет сынға алғандардың қатарында Шоқан Уәлиханов (1835—1865 жылдары) тұрды.
59. Түркістан өлкесін басқару туралы ереже (1886 ж.). Дала облыстарын басқару туралы ереже (1891 ж.).
Түркістан генерал-губернаторлығы– Ресей империясының 1867—1917 жылдар аралығындағы әкімшілік-территориялық аймағы. 1867 жылы Жетісу, Сырдария облыстарынан құралды.Солтүстігінде — Торғай,Ақмола, Семей облыстарымен; шығысында — Шығыс Түркістанның Жоңғар, Үрімжі аймағымен; оңтүстігінде — Қашғариямен, Памир, Бұхар жері, Хиуа хандығымен, батысында Арал теңізімен шектесті. 1868 жылы Түркістан генерал-губернаторлығына патша өкіметі жаулап алған Зеравшан округі, 1871 жылы Құлжа аймағы, 1873 жылы Әмудария аймағы қосылды. 1876 жылы бұрынғы Қоқан хандығының орнына Ферғана облысы құрылды.Түркістан генерал-губернаторлығында 3 038 119 адам тұрды. Халық санының көптігінен Сырдария (1 094 557 адам), Жетісу (758 250) облыстары, ал халқының тығыздығынан Зеравшан, Ферғана облыстары ерекшеленді. Түркістан генерал-губернаторлығында қазақтар 1 532 790, өзбектер — 1 970 420, құрамалар - 77 330, қарақалпақтар — 58 770, орыстар - 59 280, тәжіктер - 137 280 адамды кұрады. Өлкенің әкімшілігі Ташкент қаласында орналасты. Сонымен қатар мұнда әскери губернаторлықты округ әскерінің қолбасшысы, Сырдария облысы мен уезінің, Құрама уезінің әкімшілігі орналасты. Жетісудың орталығы — Верный, Ферғананікі — Марғилан, Зеравшан округінікі — Самарканд, Құлжа ауданының орталығы — Құлжа, Әмудария бөлімшесінің орталығы — Петро-Александровск қалалары болды. 1886 жылғы "Түркістан өлкесін басқару жөніндегі ереже" бойынша Түркістан генерал-губернаторлығы Сырдария, Жетісу, Самарканд облыстарына бөлінді.Өлкені басқару генерал-губернаторға жүктеліп, облыстарды әскери губернатор мен облыстық басқарма, ал уездерді уезд (ояз) бастығы басқарды. Уездер болыстарға, болыстар ауылдарға бөлінді. Түркістан генерал-губернаторлығында барлық билік отаршылдар қолына шоғырланды. Жергілікті халық өкілдері басқару жүйесінің төменгі сатыларына — болыстар мен ауылнайлар қызметіне ғана тартылды. Түркістан генерал-губернаторлығындағы көшпелі халықтар қазына пайдасына әрбір шаруашылықтан 4 сом төлеуге міндетті болып белгіленді. Бұған қоса елді мекендердің үстімен өткен патша әскерлерін үй және отынмен қамтамасыз ету де жергілікті халықтың мойнына жүктелді. Патша өкіметінің отаршылдық саясатына карсы Түркістан генерал-губернаторлығында 1898 жылы Әндіжан көтерілісі болды. 1916 жылы Түркістан генерал-губернаторлығы көлемінде Жетісуда, Сырдарияда, Ферғанада ұлт-азаттық көтерілістің ірі ошақтары болды. Бұл көтеріліс патша үкіметінің әскери күшімен аяусыз басып, жаншылды. 1917 жылы Ақпан төңкерісінен кейін Түркістан генерал-губернаторлығы жойылды. Өлкедегі барлық билік Уақытша үкіметтің Түркістан комитеті қолына көшті