Файл: азастан аумаындаы тас асырына атысты археологиялы ескерткіштерді ашылуы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.12.2023

Просмотров: 348

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


 

97 сұрақ

97) Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігінің жариялануы және ҚР мемелекеттік құрылысы?

1991 жылы 13 желтоқсанда Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Тәжікстан басшылары Ашхабадта басқосты. Орта Азия мемлекеттерінің басшылары Минск (Беловеж келісімін) шешімін қолдайтындарын білдірді.

Ақыры Тамыз бүлігінен кейінгі төрт ай ішінде аса шиеленіскен саяси күрес үлкен тарихи маңызы бар оқиғамен аяқталды. 1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы қабылданды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланды.

Тәуелсіздік Қазақстанға қазақ халқының екі жарым ғасырдан астам уақыт бойы үзбей жүргізген күресі арқылы келді. Бұл мерзім ішінде қазақ халқы патша отаршылары мен большевиктік аппараттың үстемдігіне қарсы 400-ге жуық көтеріліс жасады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін жариялауы қазақ халқының тарихындағы шын мәніндегі ұлы оқиға болды. Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде әлемдік қауымдастыққа енуі бұған дейін тоталитарлық әкімшілік жүргізіп келген қазақ халқын ассимиляциялау, қазақ жерін Ресей империясының бөлігіне айналдыру саясатының күлін көкке ұшырды.

Қазақ халқы ұлт ретінде жойылып кету қаупінен құтылды. Ұлттық тіл, мәдениет, дәстүр, дүниетаным қайта жанданып, өзінің табиғи даму жолына қайта түсті. Ұлттық зиялы қауымның қалыптасуына және дамуына жағдай жасалды. Большевиктер билеген жылдары еріксіз шетелге ауып кеткен қазақтардың тарихи отанына оралуына жол ашылды. Қазақ ұлты қайта түледі. Әлем халықтарымен терезесі тең, іргелі ел болу құқығына ие болды.

Тәуелсіз Қазақстан демократиялық даму жолын қалаған, зайырлы, әлеуметтік және құқықтық мемлекет болып құрылды. Республика тұрғындары азаматтық еркіндік пен әлеуметтік теңдікті сезіне бастады. Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің құрылуына жол ашылды. Бұқаралық ақпарат идеологиялық бақылаудан құтылды. Пікірдің алуантүрлілігіне жол берілді. Тарихтағы ақтаңдақтар сырлары ашылды. Жазықсыз жазаланғандар ақталды.

Бұған дейін орталықтың шикізат базасы, арзан еңбек күші ретінде пайдаланылып келген республика меншіктің көптүрлілігіне негізделген нарықтық қатынастарға көше отырып, экономикалық өрлеу жолына түсті. Дүниежүзі мемлекеттерімен экономикалық байланыстарын арттырды.

1992 жылы 2 наурызда Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылданды.


98 сұрақ

98. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңы.

1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының қабылдануы Қазақстан Тәуелсіздігінің маңызды кезеңі болды.

Мазмұнында ұлттардың өзін-өзі басқару құқығы, жеке тұлғалардың құқығы мен бостандығына басымдық беру, саяси тұрақтылық, билікті бөлісу, ұлтаралық келісім т.б. іргелі демократиялық қағидалар көрініс тапты.

«Қазақстан Республикасы — тәуелсіз мемлекет» деп аталатын оның бірінші тарауында былай жазылған: «1-бап. Қазақстан Республикасы — тәуелсіз, демократиялық және құқылық мемлекет. Ол өз территориясында өкімет билігін толық иеленеді, өзінің ішкі және сыртқы саясатын дербес белгілеп, жүргізеді. 2-бап. Қазақстан Республикасы барлық мемлекеттермен өзара қатынасын халықаралық құқық принциптері бойынша құрады. 3-бап. Өзінің мемлекеттік тәуелсіздігін басқа мемлекеттер тануы үшін Қазақстан Республикасы ашық. 4-бап. Қазақстан Республикасының бүкіл территориясында Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары, сондай-ақ ол таныған халықаралық құқық нормалары қолданылады. 5-бап. Қазақстан Республикасының территориясы қазіргі шекараларында біртұтас, бөлінбейтін және қол сұғуға болмайтын территория болып табылады». 

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 7 тараудан тұрады. 

 

99.ҚР мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұранның бекітілуі.

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы



Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ  «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимні

Бұрын «Менің Қазақстаным» әні ретінде танымал болған Қазақстанның гимні Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 2006 жылы 6 қаңтарда еліміздің Парламентінде бекітілді. Бірінші рет ол 2006 жылы 11 қаңтарда Мемлекет басшысының салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалды.

Әннің авторы Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.

 

100 сұрақ

100. Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің құрылуы. 

1992 жылы 7 мамырда Қазақстан Президенті, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Бас қолбасшысы Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қорғаныс комитетін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі етіп қайта құру туралы», «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы» және алғашқы қорғаныс министрі етіп генерал полковник (1993 жылдың 9 мамырынан армия генералы) С.Қ. Нұрмағамбетовты тағайындау туралы жарлықтарға қол қойды. Бұл күн Қазақстанның дербес Қарулы Күштерінің құрылған күні болып қалды. 

«Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 5-тарау, 18-тармағы бойынша: Қарулы Күштер агрессияға тойтарыс беруге, Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығы мен егемендігін қару-жарақпен қорғауға, мемлекеттік және әскери объектілерді күзетуге және қорғауға, әуе кеңістігін күзетуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес міндеттерді орындауға арналады. «Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 4-бабы бойынша: Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар Әскери доктринаға және Қарулы Күштерді қолдану жоспарына сәйкес қорғаныс саласындағы міндеттерді орындайды. Егер қандай да бір зауал туған шақта мұның құрамына Қорғаныс министрлігіне қарайтын әскер түрлерiнен басқа Iшкi iстер министрлігінiң iшкi әскерлерi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң шекара қызметi және басқа да әскерлерi, республикалық «Ұлан», азаматтық және аумақтық қорғанысты басқару мен құру органдары кiредi. 


 

101. «Ұлттық валюта ретіндегі теңге, біздің еліміздің тарихында өзінің рөлін тәуелсіздіктің экономикалық негізі ретінде ғана атқарған жоқ. Кейбір жағынан алғанда теңге — бұл тарихымыздың өзінің толымды бір бөлігі, өз заманының нысаны».

Н.Назарбаев

1993 жылдың еліміздің Тәуелсіздік тарихындағы ерекше жыл болып енді. Өйткені осы жылы өз тізгінін қолға алып, ұлттық теңгені айналымға шығарды.

Ұлттық теңгені енгізудің маңызын шынайы бағалау оның тарихи жүріп өткен жолдарын ғылыми тұрғыда зерделеуге мүмкіндік береді. Деректер теңге тарихының тамырын тереңнен қаузауға жол ашады.

Монета соғу ісі, ақша айналымын енгізу және оны белгілі бір қоғамда төлем құралы ретінде пайдалану — сол қоғамның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуының белгілі бір сатысында табысқа жеткенін көрсетеді. Монетадағы белгілер мен жазулар арқылы мемлекетті басқару түрлерін, патшаның ауысуын, әулет шежіресін, мемлекеттік төңкерістерді т.б. анықтауға болады. Олар көбінесе саяси және қоғамдық өмір оқиғаларын, соғыстар, жаулап алушы мемлекеттегі ішкі күрестер, мемлекеттік немесе діни реформаларды көрсетеді. Қоғамның экономикасын, тарихын, қолөнерін, техника және өнер тарихын зерттеуде нумизматика материалдарының маңызы айрықша [1, 18 б.].

1990 жылдарының басында бұрынғы КСРО-да бір мезгілде экономиканы бейтараптандырумен қатар, ақша-несие жүйесінде дезинтеграциялық, яғни біртұтас құрылымның бөлшектену үдерісі күшейе түсті. Алғаш 1992 жылы өздерінің ұлттық валюталарын — Балтық жағалауы елдері, Әзірбайжан, уақытша, ақша белгілерін Украина, Молдова және Беларусь енгізді. 1993 жылы мамырда бұларға Қырғызстан қосылды. Ал,1993 жылы шілде-тамызда Ресейде, ақша реформасы жүргізілді, оның нәтижесінде кеңестік рубльдердің айналымы толықтай тоқтатылды және олар жаңа ресейлік, ақшаларға айырбасталды.

Әлемдік тәжірибеде, ақша реформасы нуллификация (жою), девальвация (төмендеу), ревальвация (жаңару) әдістерін қолдануды қамтиды.

 

1-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы (бұдан әрі – Мемлекеттік шекара) – Қазақстан Республикасы аумағының (құрлығының, суларының, жер қойнауының, әуе кеңістігінің) шектерін айқындайтын сызық пен осы сызық бойынша тiгiнен өтетiн жазықтық және Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі қолданылатын кеңістік шегі.


2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) арнайы құралдар – құқыққа қайшы іс-әрекеттердің жолын кесу не әскери қызметшілерді, уәкілетті органдардың қызметкерлерін және Мемлекеттік шекараны қорғауға қатысатын азаматтарды жеке қорғау және бүркемелеу мақсатында құқық бұзушыларға, олар пайдаланатын көлік пен объектілерге дене күшімен, жарақаттау арқылы, химиялық, электрлік, психологиялық, назарын басқа жаққа аудару жолымен немесе өзге де әсер етуге арналған құралдар;

      1-1) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды қамтамасыз ету – пайдалы қазбаларды барлау мен өндіруге тартылған және арналған адамдарды, багажды және жүктерді кемелермен тасымалдау жөніндегі қызмет, сондай-ақ пайдалы қазбаларды барлау мен өндіру жөніндегі операцияларды қолдап отыру үшін пайдаланылатын Қазақстан Республикасының порттарына, теңіз терминалдарына, айлақтық құрылысжайларына және арналарға қызмет көрсетуге және оларды пайдалануға кемелерді пайдаланумен байланысты қызмет;

      2) инженерлік құрылыстар мен бөгеуіштер шебі – Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің әрекетін қамтамасыз етуге арналған, Қазақстан Республикасының шекаралық кеңістігі шегінде тұрақты пайдалануға бөлінген жер белдеуі;

      3) инспекциялық тексеріп қарау кешені – интрузивтік емес (жанасусыз) тексеріп қарау әдісімен теміржол және автокөлік құралдарын, көлік құралдарының жүк салатын бөліктерін, контейнерлерді ашпай, оларды көзбен шолып тексеру үшін уәкілетті органдар пайдаланатын, кескіндерді өңдеу мен талдау жүйелерімен жарақтандырылған тексеріп қарайтын интраскопиялық техника (интрузивтік емес тексеріп қарайтын стационарлық, тасымалданатын және ұтқыр техникалық құралдар);

      4) Каспий теңізіндегі Қазақстан Республикасы аумақтық суларының енін есептеуге арналған бастапқы сызықтар (бұдан әрі – бастапқы сызықтар) – Қазақстан Республикасының құрлықтық бөлігінде және оның аралдарында орналасқан, орташа көпжылдық деңгейлі (Кронштадт футштогының нөліне қатысты биіктіктердің Балтық жүйесінің минус 28,0 метр белгісінде) сызықтар, сондай-ақ Қазақстан Республикасына тиесілі шығанақтардағы, бухталардағы, құйылыстар мен жайылмалардағы Қазақстан Республикасы ішкі суларының шектерін шектейтін түзу сызықтар;