ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 05.12.2023
Просмотров: 310
Скачиваний: 4
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Алаш партиясы» 1917 жылы21-26 шілде Орынбор қаласында І Жалпықазақ съезінде құрылды. Партия 1917 жылы 5-қазан «Алаш» деп аталды. «Алаш» партиясының облыстық ұйымдары қазан айында құрылды. Партияның бағдарламасының жобасы 1917 жылы 21- қарашада «Қазақ» газетінде жарық көрді. Жетекшісі: Ә.Бөкейханов болды, партияны құруға А.Байтұрсынов, М.Дулатов т.б. алаш зиялылары атсалысты. Бағдарлама 10 пункттен тұрды (мемлекет қалпы, жергілікті бостандық, негізгі құқық, дін ісі, билік және сот, ел қорғау, салық, жұмысшылар, ғылым-білім, жер мәселесі). «Үш жүз» партиясы 1917 жылы қараша айында Омбы қаласында құрылды. Төрағасы – Мұқан Әйтпенов, орталық комитет құрамы Көлбай Тоғысов, Ысқақ Қабенов кірді.«Үш жүздің» бағдарламалық тезистері шашыраңқы болды. Онда еңбекшілердің талаптарын ескеретін пункттер: қазақ шаруаларына жер беру, отырықшы өмір салтына ауысу, мектеп ашу, тұрғындар арасына білім тарату т.б. енгізілді. Бұған қоса «Үш жүз» заңдар жинағын құқық пен шариғатты негізге ала отырып құруды ұсынды. Олардың ойынша, Құранның қатал пункттерін алып тастап, оның некеге, отбасына, мұраға қатыстыларын қалдыру керек деп жазды. К.Тоғысовтың басшылыққа келуімен «Үш жүз» партиясының саяси бағдары өзгерді. Кеңес өкіметіне сенім білдірді.
Айырмашылықтары:
«Алаш» партиясының сипаты - ұлттық партия, олар қазақ халқын ешқандай тапқа, топқа жіктемей ұлт мүддесін білдірді.
«Үш жүз» партиясының сипаты – социалистік партия, олар еңбекші халықтың мүддесін білдіріп, кеңес өкіметін қолдады. Әлеуметтік құрамы – Омбының қала кедейлерін, шеберлерді, жәмшіктерді, бақташыларды біріктірді. «Алаш» партиясының мақсаты – тәуелсіз, эволюциялық жолмен дамитын, ұлттық мемлекет құру болды. «Үш жүз» партиясының мақсаты - түркітілдес халықтардың біртұтас автономиясын – Түркістан Федерациясын құруды ұсынды. Алаш автономиясын - «контрревоюциялық автономия» деп сынады. «Алаш» партиясының баспасөз органы- «Қазақ» газеті болды «Үш жүз» партиясының баспасөз органы – «Үш жүз» газеті,
1917ж. желтоқсаннан Петропавл қаласында шыға бастады.
1918 жылдан бастап Кеңес билігі платформасында мығым тұрған «Үш жүз» «Алашқа» қарсы белсенді күрес жүргізді.
3. 1891 жылғы ереже бойынша қазақ жерінде құрылған генерал - губернаторлықтың құрамына кірген облыстарды картаға белгілеңіз.
1891 жылы наурыз айының 25-інде «Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Торғай облыстарын басқару туралы» Ережелер бекітілді. Бұл жаңа заңға сай Қазақстанды әкімшілік – аумақтық жағынан басқару жүйесіне бірқатар өзгерістер енгізілді.1891 жылғы 25 наурызда қабылданған «Ережеге» сай Ақмола облысы, Торғай облыстары төрт уезден құралды. Ақмола, Семей және Жетісу облыстары Дала генерал- губернаторлығы құрамына кірді. Үш облыстың негізгі әкімшілік орталығы (облыстардың жеке орталықтарын есептемегенде) Омбы қаласы болды. Бұл өзгерістер отаршылдық басқармасының рөлін мейлінше күшейітті, генерал – губернаторларға шексіз билік берді. Қазақстандағы облыстық басқару сатылары Ресейдің орталығындағы губерниялық басқармаларға теңестірілді. Жетісу және Орал облыстық әскери
губернаторлары, сонымен қатар осы өңірлердегі казак әскерінің үкімет тағайындаған атаманы болып есептеледі.
29- Билет
1.Кенесары Қасымұлының біртұтас қазақ мемлекеттілігін қалыптастырудағы саяси қызметіне баға беріңіз.
2.Қытай саяхатшысы Чжан Цянь мен Шоқан Уәлихановтың сапарын салыстыра сипаттап, мақсатын, ерекшеліктерін атаңдар.
3.Қазақстан аумағындағы неолит дәуірінің тұрақтарын картаға белгілеңіз.
Жауаптары:
1.Кенесары Қасымұлының біртұтас қазақ мемлекеттілігін қалыптастырудағы саяси қызметіне баға беріңіз.
Кенесары Қасымұлы үш жүздің басын қосып, Ресей империясына қарсы тұрды. Ол қазақ жеріндегі біртұтастықты сақтап қалуға тырысты. 1841 жылдың қыркүйек айында үш жүздің өкілдері бас қосқан жиында Кенесары Қасымұлы хан сайланды. Ұлт-азаттық күресті табысты жүргізу үшін Кенесары хан бір орталықтан басқарылатын мемлекет құрды. Оны ханның өзі басқарды. Ханның жанынан жоғарғы кеңесші орган - өзіне барынша адал берілген батырлардан, билерден, сұлтандар мен жақын туыстарынан тұратын арнайы Кеңес құрылды. Кенесары хандықты өзінің сенімді адамдары - жасауылдар арқылы басқарды. Жасауылдар сот ісімен, шаруашылық мәселелерімен, дипломатиялық жұмыстармен, алым-салық жинаумен және әскери істермен айналысты. Жасауылдар сонымен қатар орталық өкімет билігі берген нұсқаулардың мұқият орындалуын, мал жайылымдарының дұрыс бөлініп, тиімді пайдаланылуын бақылады, халықтың көңіл күйін де қадағалады. Хан билігі қызметінің оңды нәтижелері ретінде оның қол астындағы халық арасында алауыздық пен барымта алу жойылды. - Ханның алым-салық және сауда-саттық саясаты Кенесары ең алдымен алым-салық төлеудің тәртібін ретке келтірді. Мал өсірушілер -зекет, ал диқандар - ұшыр төлейтін болды. Патша әскерлерімен соғысты одан әрі жалғастыру қосымша материалдық және қаржы шығындарын қажет етті. Сондықтан алым-салықтың да қосымша түрі енгізілді: халықтан киім-кешек, қару-жарақ, ат әбзелдерін жинау қолға алынды. Салық жинауда халықтың жағдайы жеке-жеке ескерілді. Меншігінде малы 40 бастан аспайтындар алым-салықтан босатылды. 40-тан 100 басқа дейін малы барлар бір малдан, ал 100 бастан артық малының әрбір 40 басына бір малдан төлеп тұратын болып белгіленді.
- Қарулы күштердің құрылуы
. Кенесары 20 мың сарбаздан тұратын әрі жауынгерлік қабілеті күшті тұрақты әскер жасақтай алды. Кенесары әскері жүздіктер мен мыңдықтарға бөлінді. Ерлігімен ерекше көзге түскен сарбаздардың қатарынан жүзбасылар мен мыңбасылар тағайындалды. Кенесары құралайды көзге ататын мергендерден іріктеп, мергенбасы басқаратын ерекше жасақ
құрды. Орыс армиясының үлгісі бойынша хан өз әскерлеріне ерекше айырым белгілерін енгізді.
- Хан сарбаздарынан шайқас тактикасы мен әскери өнердің амал- тәсілдерін меңгеруді талап етті. Көтерілісшілерді әскери өнерге үйретумен орыстың, татардың және башқұрттардың бұрын тұрақты орыс армиясында қызмет еткен тәжірибелі солдаттары айналысты. Хан армияда қатаң тәртіп орната білді. Мәселен, сатқындық жасаған немесе әскери күзетте ұйықтап қалған сарбаздар өлім жазасына кесілді. Әскери тәртіпті бұзғандар қатаң жазаланды, қару-жарақ арнайы қоймаларда сақталды. - Кенесары барлаушылардың қызметін де шебер пайдаланды. Олар көтеріліс басшысына патша әскерлерінің қашан және қайда бет алатынын алдын ала хабарлап отырды. Кенесары әскерінің тыл қызметі де жолға қойылды. Ол көтерілісшілерді азық- түлікпен, жемшөппен қамтамасыз етті.
2.Қытай саяхатшысы Чжан Цянь мен Шоқан Уәлихановтың сапарын салыстыра сипаттап, мақсатын, ерекшеліктерін атаңдар.
Қытайда б.з.б. ІІІ ғасырдың соңында құлаған Цинь патшалығының орнына келген Хань әулетінің императоры У-ди жаңа жерлер басып алу мен сауда жолына ие болу үшін Батыс аймақтарды бағындыруға ұмтылды. Сол мақсатта алдымен батыс өңірдегі халықтар жөнінде материалдар жинақтады. Қазақстан тұрғындары туралы алғашқы анық мәлімет император У-ди (б.з.д. 140-87жж.) Батыс өңірге жіберген тұңғыш Қытай елшісі Чжан Цяньнан алынды. Қытай жазбаларындағы «Батыс өңір» деген жерлер қазіргі Шыңжың (Шығыс Түркістан) және Қазақстан мен Орталық Азияның біраз бөлігіне қатысты қолданылды. Чжан Цянь екі рет Батыс өңірде болып қайтты. Чжан Цянь бастаған елшіліктің мақсаты: Чжан Цянь бастаған елшілікке ғұндарға қарсы Жетісудағы үйсіндермен одақ жасау міндеті жүктелді. Ол елшілік барысында жергілікті халықтың шаруашылығына, әскери күштеріне, қару түрлеріне, әдет- ғұрып, салт-дәстүріне дейін назар аударып, жазып алып отырды. Оның жазбаларын б.з.б. 145-86 жж. өмір сүрген тарихшы Сыма Цян жүйеге келтіріп, өзінің «Тарихи жазбалар» атты еңбегіне енгізді.
Ерекшелігі:Чжан Цян бастаған елшілік Үйсін мемлекетімен ресми түрде дипломатиялық, құдандалық қатынас орнатты. Б.з.б.138 жылы Чжан Цянь «Батыс өңірге» алғаш келді. Ол: «Қазір үйсіндер күшті елге айналыпты. Мол сыйлық-тартулар ұсыну арқылы үйсіндерді шығыстағы атамекеніне көшіріп әкелуге, оларға ханшамызды ұзатып, күнбимен құдандалық байланыс орнатып, ғұндарға қарсы қолдануға болады», - деп жазды. Қытай императоры б.з.б.119 жылы Чжан Цяньды тағы да үйсіндерге атандырды. Нәтижесінде, елшіліктер алмасып, туысқандық некелік қарым-қатынас орнатылады. Б.з.б.107 (106-105жж.) жылы Қытай ханшасы асқан салтанатпен үйсін күнбиіне ұзатылды. Өз тарапынан үйсіндер қалыңмал ретінде 1 мың жылқы берген. 1858-1859 жылдары Шоқан Уәлиханов атақты Қашғария сапарына барып қайтты. Шоқанға дейін ол өлкеде бірде-бір зерттеушінің барып қайтуының сәті түспеген еді. Тек, орта ғасырда М.Поло, ХVІІғ. Иезуит Гоес, ал Шоқанның алдында неміс ғалымы Р. Шлагинтвейттің еуропалықтар үшін мүлде жабық өлкеге сапары қайғылы аяқталып, өлім жазасына кесілген болатын.
Шоқанның Қашғар саяхатының мақсаты: Жартылай отарлық жағдайға түскен Қытайды экономикалық жағынан өз мүддесіне пайдалануға Ресей барынша тырысты. Еуропалық отаршылдарға қарсы Қытай «жабық саясат» ұстады. Шығыс Түркістандағы Қашғария да еуропалықтарды өз еліне кіргізбеді. Шоқан бұл сапарға Ресей империясы тарапынан жіберіліп, Қашғарияны жан- жақты зерттеп қайтуы тиіс болды. Шоқан бұл сапарға ғалым ретінде асқан зор қызығушылық танытты, ол Қашғария өлкесінің тарихы, этнографиясы, мәдениеті, географиялық жағдайы жайлы бұған дейін мүлде белгісіз аса құнды деректер жинап қайтты. Соның негізінде «Алтышардың немесе Қытайдың Нан-Лу провинциясының (Кіші Бұхара) шығыстағы алты қаласының жағдайы туралы» деген атақты еңбегін жазды. Шоқанның бұл еңбегі көп кешікпей Германияда және Англияда неміс және ағылшын тілдерінде жарық көрді. Еңбекті Ресейде де, одан тыс жерлерде де шығысты зерттеуші ғалымдар жоғары бағалады. Шоқанның Қашғар сапарының ерекшелігі: Шоқан Қашғария сапарына Әлімбай саудагердің атын жамылып, өз зерттеулерін құпия жағдайда жүргізуге мәжбүр болды. Аса қиын жағдайда өз өмірін қатерге тіге жүріп зерттеп қайтты.
3.. Қазақстан аумағындағы неолит дәуірінің тұрақтарын картаға белгілеңіз.
Қазақстанда табылған неолиттік ескерткіштер негізгі белгілері жағынан бір-біріне ұқсас.Арал өңірінен:найзаның тас ұштары,жалпақ пышақтар, екі жүзді де өңделген жебе ұштары табылды.Солтүстік Қазақстандағы Пеньки селосы маңындағы тұрақта тас шапқылар, жалпақ пышақтар, жаңқадан жасалған қырғыштар көбірек кездеседі. Балқаштың солтүстігінде шақпақ тастан жасалған ұсақ құралдар: тілікшелер, жаңқалар, нуклеустар және жебе ұштары көп кездеседі.Орталық Қазақстанда Қарағанды, Зеленая Балка тұрақтарынан үй малының сүйектері табылған. Жезқазған өңірінен 150-ге жуық тұрақ, көне кен шығару, жерлеу орындары табылды. Жерлеу орындарының үстіне тас үйген. Қабірдің қабырғасы тас плиталармен қоршалған. Адамды басын солтүстік-батысқа қаратып шалқасынан жерлеген. Бұл-неолит дәуірі адамдарының өзіндік дүниетанымы, о дүниеге деген сенімі болғандығының куәсі.
30 – Билет
1.«Андронов» мәдениеті мен Беғазы-Дәндібай» мәдениеттеріне сипаттама жасаңыз.
2. Қасым хан мен Тәуке хандардың билігін салыстыра отырып, ішкі, сыртқы саясатындағы ұқсастықтарды анықтаңдар.
3. Сақтардың қоныстанған аймақтарын картаға белгілеңіз.
Жауабы:
1.Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеттеріне сипаттама жасаңыз.
Қола дәуірінде Қазақстан жерінде бірінен соң бірі жалғасып келетін екі мәдениет болған. Оның көнесі –Андронов мәдениеті (б.з.б.ХVІІІ-ХІІғғ.). Ал б.з.б. ХІІ-VІІІғғ.,яғни соңғы қола дәуірінде Беғазы-Дәндібай мәдениеті қалыптасты. Қазақстанның қола дәуірі ескерткіштерінің ең көп таралған және жақсы зерттелген аймағы – Орталық Қазақстан. Ә.Х.Марғұланның кезеңдеуі бойынша Орталық Қазақстанның қола дәуірі ескерткіштері екі мәдениетке - Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеттеріне жатады. Андронов мәдениеті екі кезеңге бөлінеді: а) алдыңғысы –Нұра кезеңі; ә)кейінгісі –Атасу кезеңі. Нұра, Атасу өзендері атымен аталады. Андронов мәдениеті алғашқы ескерткіші Оңтүстік Сібірдегі Ачинск
қаласының маңындағы Андронов селосынан табылған, сондықтан осы селоның атымен аталады.
Беғазы-Дәндібай мәдениеті: Орталық Қазақстандағы Беғазы және Дәндібай мекеніндегі обаларға байланысты қойылған.
Андронов мәдениетіндегі жерлеу орындары: а) Нұра кезеңінің жерлеу орындары кішігірім қазандай жалпақ тастарды жерге жартылай батырып орнатқан қоршау түрінде болып келеді. Қоршау пішімі әртүрлі- дөңгелек, тік төртбұрышты, шаршы түрінде кездеседі.Қабір қабырғалары кішігірім жалпақ тастардан қаланған тас сандық сияқты, тас сандықты –циста деп атайды. ә