ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 05.12.2023
Просмотров: 305
Скачиваний: 4
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
1-Билет
1. Алғашқы адамдардың кәсібі.
2. 1867-1868 жж. «Уақытша ереже» мен 1886-1891жж. «Ережелердің» арасындағы өзгерістер.
3. Есік қорғанынан табылған сақ ханзадасының баскиімі мен Қарғалы шатқалынан табылған тәтіде бейнеленген ортақ
белгілерді және айырмашылықтарды анықтаңыз?
Жауаптары:
1. Алғашқы адамдардың кәсібі.
Алғашқы адамдар қарапайым еңбек құралдарын пайдалануды үйренген соң, табиғатқа тәуелділігі азая бастады. Әуелде олар
баспана жасауды,тамақ пісіруді білмеді. Жаңбыр мен жабайы аңдардан қашып, үңгірлерді паналады. Жер бетінде, ағаш, бұта
басындағы өсіп тұрған әр түрлі жеміс-жидектерді терді.Жеуге жарамды тамырларды қазып алды.Құстардың жұмыртқаларын жинап қорек етті. Мұндай кәсіп терімшілік деп аталады. Бірлесіп тамақ табу мен жабайы жануарлардан қорғану үшін топтанып жүрді. Ертедегі адамдардың мұндай ұжымы адамдар тобыры деп аталады. Алғашқы қауымдағы адамдардың келесі кәсібі аң аулау болды, олар негізінен мамонттарды, бизондарды, маралдар мен жабайы жылқыларды,үңгір аюларын аулады. Аңдарды үркітіп, жарға қарай куатын. Үркіткен аңдар адамдардан қорқып,терең жарға құлады. Еңбек құралдарын, тас өңдеу техникасын,бұйымдардың жетілдірілуін зерттеген археологтар тас дәуірін үш кезеңге бөледі.Палеолит-ежелгі тас ғасыры,мезолит-орта тас ғасыры және неолит-жаңа тас ғасыры. Бұл үш кезеңнің әрқайсысы өзінен бұрынғыдан неғұрлым жетілдіре жасалған еңбек құралдарымен ерекшеленеді.
2.1867-1868 жж. «Уақытша ереже» мен 1886-1891жж. «Ережелердің» арасындағы өзгерістер.
1867-1868жж. реформалар «Уақытша» сипат алып, екі жылға тәжірибе ретінде енгізілді, бірақ заңды тұрғыдан бекітілмей, 80- 0жылдарға дейін қолданылды. 1886-1891жж. «Ережелер» 1867-68жж. «Уақытша ережелерді» аздаған өзгерістермен заңды тұрғыда бекітті. Сондықтан, ереженің атауындағы «уақытша» сөзі алынып тасталды.
1. Аумақтық өзгерістер: ІІ Александар патша 1867ж. 11-шілде «Жетісу, Сырдария облыстарын басқару туралы, 1868ж.21-қазан
«Торғай, Орал, Ақмола ,Семей облыстарын басқару туралы «Уақытша ережелер» жобасын бекітті. «Уақытша ережелер» бойынша Қазақстан жері үш генерал-губернаторлыққа бағындырылды. Олар- Батыс-Сібір, Орынбор, Түркістан. Батыс-Сібір генерал- губернатор лығына - Ақмола, Семей, Орынбор генерал-губернаторлығына - Орал, Торғай, Түркістан генерал-губернаторлығына – Жетісу, Сырдария облыстары кірді.1870ж.Маңғыстау приставтығы -Кавказ әскери округына, ал 1872ж. Бөкей ордасы-Астрахан губерниясына қарады.
1886ж.2-маусымда «Түркістан өлкесін басқару туралы Ереже» бекітілді. Ол бойынша үш генерал-губернаторлық қалды, бірақ
Түркістан генерал-губернаторлығынан Жетісу облысы шығарылып, Батыс-Сібір ген-губ-на берілді. Түркістанға Ферғана, Самарқан
облыстары еніп, енді үш облыстан тұрды. 1891ж. 25-наурызда «Ақмола, Семей,Жетісу, Орал, Торғай облыстарын басқару туралы Ереже»
бекітілді.Ол бойынша 1891ж. Орынбор мен Батыс-Сібір генерал губернаторлығы біріктіріліп, Дала генерал губернаторлығы деп аталды.
1891-1897жж. аралығында оның құрамында 5 облыс болды, ал 1897ж. Дала генерал губернаторлығынан Жетісу облысы шығарылып,
қайтадан Түркістан генерал губернаторлығына берілді. Нәтижесінде, 1897ж. екі генерал губернаторлық төрт облыстан тұратын болды.
1890жылғы «Закаспий облысын басқару туралы Уақытша ереже» бойынша Закаспий облысы 5 уезден тұрды: Мерв, Теджент, Ашхабад,
Маңғыстау,Красноводск .
2. Басқарудағы өзгерістер: 1867-1868жж. басқару жүйесі өзгеріссіз қалды (генерал-губернаторлықты генерал-губернатор, облысты -
әскери-губернатор,уездді- уезд бастығы, болысты-болыс, ауылды- ауыл старшыны басқарды). 1886-1891жж. ережелер бойынша генерал- губернаторлықтарды басқаратын генерал-губернаторлардың билігі күшейтіліп, дара билеушіге айналды. Яғни, шексіз билік берілді. Облыс орталықтарында- полицейлік басқармалар, уездік қалаларда – полицейлік приставтықтар сияқты тәртіп бақылау мекемелері құрылды.Отаршылдық билеудің күшейгені сонша, сайланған болыс пен ауыл старшынын бекіту не бекітпеу әскери губернатордың қолында болды. Егер ол сайлау нәтижесін бекітпей қайта сайлау жүргіземін деп шешсе, оған қарсы келе алмайтын еді. Отырықшы тұрғындар мен қоныс аударушылар құқығы жағынан Ресейдегі селоның және қаланың тұрғындарымен теңестірілді. Бұл, әрине қазақ жеріне сырттан көшіп келгендердің мәртебесін арттырды. Қазақ ақсүйектері барлық артықшылықтарынан айырылды.
3. Сот жүйесіндегі өзгерістер: Халық дәстүрі мен ислам қағидаларына сүйенген халық соты қатаң түрде билік орындарының бақылауында болды. Оның ішінде, христиан дініне қарсы әрекет, жаңа басқару жүйесіне наразылық таныту, алым-салық төлеуден және мемлекет үшін әртүрлі міндеткерліктер атқарудан бас тарту қылмыстары билер сотының қарауынан алынып, жергілікті отаршылдық биліктің құзіретіне берілді. 1867-1868жж. ережелер бойынша болыстық соттың үш буыны болған еді: билердің төтенше съезі, билердің болыстық соты, бидің жеке соты. Билердің төтенше съезі тек әскери губернатордың рұқсатымен шақырылды, ал сот процесі уезд бастығы немесе облыстық басқарма құқығына ие болған шенеунік қатысқан жағдайда ғана заңды болатын. Билер 3 жылға сайланды, олардың қызметі уездік начальник тарапынан қатаң бақыланып отырылды.
4. Салық жүйесіндегі өзгерістер:1867-1868жж. реформалар бойынша қазақ халқы жылына бір рет «түтін салығын» төлейтін еді. Оның
мөлшері: Орынбор, Батыс Сібір генерал губернаторлындағы қазақтар 3 сомнан, Түркістан генерал губернаторлығындағы қазақтар 2 сом 75 тиыннан төлеп келді. Шыңғыс ұрпақтары салықтан босатылды. Ал, 1886-1891жж. ережелер бойыша, түтін салығына земстволық алымдар қосылды. Олардың мөлшері жылдан-жылға өсіп отырды. Земстволық салық жергілікті әкімшілікті ұстауға, көпір, жол жөндеу мен дайындауға жұмсалды. Әрбір қазақ шаңырағы мынадай мөлшерде салық төлеп тұрды: түтін салығы- 4 сом, земство салығы -1 сом 25тиын, қоғамдық салықтар (жеке салықтар) -1 сом 25 тиын, мектептерге-50 тиын, барлығы -7 сомды құрады. Отырықшы аймақтарда жер салығыбелгіленіп, жер өңдеуші салықты ақша түрінде күзде төлеуге тиіс болды. 1868 (210-бап) және1886 (270бап)- жылғы ереженің қазақтарға ең басты ауыртпалығы жер мәселесі болды. Онда қазақ жері Ресей империясының мемлекеттік меншігі деп жарияланып, қазақтарға «қоғамдық пайдалануға» берілді.
3. Есік қорғанынан табылған сақ ханзадасының баскиімі мен Қарғалы шатқалынан табылған тәтіде бейнеленген ортақ белгілерді және айырмашылықтарды анықтаңыз?
Екеуіне де ортақ белгілер: Екеуі де Жетісу жерінен табылған. Сақтар мен үйсіндердің түсінігінше, өлген адам қайта тіріледі деп
сенген. Сондықтан да адамды жерлегенде оған о дүниеде керек болады-ау деп, тірі кезінде пайдаланған заттарының бәрін қоса
көмген. Екеуінде де «Аң стилі» мәдениетіне жатады. Яғни сақтар мен үйсіндердің бас киімдерінде жануарлардың бейнелері салынған. Атап айтқанда екеуінде де қанатты жолбарыстар, қанатты тұлпарлар, құстар бейнеленген. Онда қанатты тұлпарлар күннің белгісі ретінде
салынған. Екеуінің де басты тақырыбы- әлем бейнесі, әлем туралы түсінігі, діни наным-сенімдері мен өмірге деген көзқарасы бейнеленген. Екеуінде де ою-өрнектер үш бөліктен тұрады.
Айырмашылықтары:
Есік обасынан табылған алтын киімді адам б.з.б. V – ІV ғасырларда, ал Қарғалы шатқалынан табылған үйсін адамы б.з.б. ІІ – І ғасырларда
өмір сүргені анықталды. Киім үлгісі, жерлеу рәсімі, Алтын адамның Жетісу жерін мекендеген сақтардың көрнекті елбасының ұлы немесе
жас көсем, әскербасы екенін айқын көрсетеді.
2-Билет
1. Адамзат баласының пайда болуы.
2. Патшалық Ресей және Кеңес империясының Қазақстандағы отарлау саясатының зардаптарын салыстырыңыз және ұқсастықтары мен айырмашылықтарын талдаңыз.
3. Есік қорғанынан табылған алтын адаммен Шілікті қорғанынан табылған алтын адамның ортақ белгілері мен айырмашылықтарын анықтаңыз?
Жауабы: 1.Адамзат баласының пайда болуы. Адамзат баласының пайда болып, қалыптасу үрдісі ежелгі дүниенің барлық аймағында бірдей жүрді. Адам баласы жер бетіндегі басқа тірі жәндіктер сияқты ұзақ эволюциялық дамудың нәтижесінде қалыптасты.Ежелгі дүние деп адамдардың пайда болып қалыптасқан Жер шары бөліктерін атайды.Адам баласының шығуы мен қалыптасуы бүкіл жанды дүниенің, өсімдіктердің пай да болуы, тарихи дамуы сияқты қарапайымнан күрделіге қарай жүрген. Алғашқы адамдардың қазіргі адамдардан көп айырмашылығы болды. Олар ірі маймылдарға ұқсас келді, терісін қалың түк басты, қолдары аяқтарынан ұзын еді. Қолымен жеміс терді, заттарды ұстау, соғу, жер қазу сияқты қарапайым жұмысты орындай алатын. Алғашқы адамдар қабыландай жылдам, арыстандай епті, аюдай күшті болмады. Бірақ ол еңбек құралдары арқылы өздерінің күш-куатын, шапшаңдығын еселеп арттыра алды. Қазғыш таяқ, үшкір тас, шоқпар-оның алғашқы еңбек құралдары еді. Солардың көмегімен тамақ тауып жеді. Алғашқы еңбек құралдары негізінен тастан жасалды. Олар өте қарапайым болатын. Ғалымдар алғашқы адамды «епті адам» деп атайды. «Епті адам» Африкадағы Кения жеріндегі Олдувай шатқалында табылған. Ол осыдан 1 млн 750 мың жыл бұрын өмір сүрген. Алғашқы адамның бірі питекантроп деп аталады. Питекантроптың қаңқасы алғаш рет Ява аралынан 1891 жылы табылды. Ол мөлшермен бұдан 1 млн жыл бұрын өмір сүрген. Адамзат дамуында бұдан кейінгі сатыда синантроп тұрады. Солтүстік Қытайда табылуына байланысты оған «қытай адамы» деген ат берілген. Синантроптар бұдан 500-200 мың жыл бұрын өмір сүрген. Питекантроп пен синантропты «тік жүретін адам» деп атайды.Көне адамның тағы бір түрі неандерталь деп аталады. Ол Германия жерінен табылды. Оның бойы орташа, денесі мығым, белі еңкіштеу, маңдайы тайқы, қабақ сүйегі шығыңқы келді. Неандерталь баланың сүйегі Өзбекстанның Тесіктас деген үңгірінен де табылған. Неандертальдық тар жер бетінде бұдан 100-35 мың жыл бұрын өмір сүрген. Олар тастан, сүйектен, ағаштан құрал жасай білген. Отты өз керегіне пайдаланған.
2. Патшалық Ресей және Кеңес империясының Қазақстандағы отарлау саясатының зардаптарын салыстырыңыз және ұқсастықтары мен айырмашылықтарын талдаңыз. Ресей үкіметі ХVІІІ-ХХ ғасырларда Қазақстанда классикалық үлгідегі отарлау саясатын жүргізді. Патша үкіметінің отарлауда қолданған әдістері- әскери, экономикалық, саяси, демографиялық, мәдени. Соған сәйкес, отарлау саясатының зардаптары барлық салаға әсерін тигізді: Ұқсастықтары:1.Экономикалық зардаптары: Қазақстан патшалық Ресей экономикасы үшін ұзақ уақыт шикізат көзі, өнім өткізетін нарық, арзан жұмысшы қолы, алым-салық алып отыратын аймақ болды, қазақ жерінің жер асты, жер үсті байлығы Ресейге тасылып әкетіліп, шұрайлы жер, өзен-көлді пайдалану құқын да өздеріне қалдырды. Кеңестік кезеңде де патшалық отарлау әрі қарай жалғасын тапты. Голощекиндік индустрияландыру жылдарынан бастау алған Қазақстанды «орталықты шикізатпен қамтамасыз ететін аймақ» ретінде қалыптастыру және Қазақстанда «ірі, орта емес, ауыл шаруашылығымен байланысты ұсақ кәсіпорындар салу» бағыты 50-80 жылдары жалғасын тауып, өнеркәсіптің «Б» тобына (өңдеуші) қарағанда «А» тобы (өндіруші) дамытылды.
2. Демографиялық зардаптары: Патша үкіметі кезінде отарлау ісіне әскерилер, казактар, орыс помещиктері мен шаруалары, орыс
қоғамының басқа да сословиелері белсене атсалысты. Отарлаушы әкімшілік жаппай қоныс аударуға, әсіресе ішкі губерниялардағы жерсіз шаруаларды кеңінен тартты. Олар биліктің жергілікті жердегі тірегіне айналды. Патша үкіметі славяндық элементтерді көбейте отырып, жергілікті халықты ассимиляцияға ұшыратуды көздеді. Оларға қазақтың шұрайлы жерлері тартып алынып беріліп, салық т.б.
әлеуметтік салада жеңілдіктер жасалды. Қазақ өз жерінде отырып, жерден тарлық көрді.Кеңес үкіметі тұсында жаппай қоныс аудару
саясаты соғысқа дейінгі және соғыс жылдарындағы депортация, тың игеру, өнеркәсіп орындарын салумен қатар жүріп, славян тектестер
және әр түрлі ұлт өкілдері келіп Қазақстанды «ұлттардың қайнаған қазанына» айналдырды. Қазақ өз жерінде аз ұлтқа айналды. Оның
тілдік, әлеуметтік, рухани саладағы зардаптарын әлі күнге дейін көріп келеміз.
3. Рухани зардаптары: Патша үкіметі орыс емес ұлттарды, соның ішінде қазақтарды орыстандыру және шоқындыру саясатын жүргізді.