Файл: Жауаптары Алашы адамдарды ксібі.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.12.2023

Просмотров: 308

Скачиваний: 4

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Мешіт, медресе, мұсылмандық мектеп салу ісіне қысымшылық көрсетіліп, жоғары оқу орындары атымен болған жоқ. ХІХ ғасырдан

бастап ақырындап алфавитті өзгерту бағытында жұмыстар жасалды. Орыс мектептері көбейтіліп, медреселерде орыс тілін оқыту міндеттіболды. Дегенмен, патша үкіметі бұл бағытта өз мақсаттарына толық қол жеткізе алмады. Рухани салада патша үкіметі қол жеткізе алмаған мақсаттарға кеңес өкіметі қол жеткізе алды деп айтуға болады. Кеңестік дәуірде қазақ мектептерін мүлдем азайту, орыс мектептерін көбейту, жоғары оқу орындарының көпшілігі орыс тілінде оқытуы, маман-кадр мен маманданған жұмысшыны шеттен алдыру, Қазақстанда дайындамау, алфавитті екі рет өзгерту, атеизм саясаты нәтижесінде дінге мүлдем тыйым салып, дінсіздендіру, әдет-ғұрып, салт-дәстүрді ескіліктің қалдығы ретінде жою қазақ халқын рухани құлдыратып, тамырынан үзді.

4.Саяси отарлау зардаптары: Патша үкіметі қазақ халқын мемлекеттіліктен айыру мақсатында 1822,1824 жылы алдымен Орта және Кіші жүзде хандық билікті жойды, 1867-1868 және 1886-1891жж. ережелер бойынша бүкіл қазақ жерін қамтитын реформалар(аумақ тық, басқару, сот, салық) арқылы қазақ халқын саяситәуелсіздіктен толық айырып, отарға айналдырды. Кеңес өкіметі қазақ жерінде белгілі-бір дәрежеде кеңестік негізде мемлекет құрғанмен, 1991 жылға дейін Ресейге тәуелділік, отарлық жағдайы өзгерген жоқ. Қазақ мемлекетінің өзін-өзі саяси, экономикалық, тіпті мәдени жағынан басқару құқы орталыққа тәуелді болып келді. Жер мәселесі: Патша үкіметі заң тұрғысынан алғаш рет 1868 жылғы «Уақытша ережеде» қазақ жерін Ресей мемлекетінің меншігі деп жариялады, сөйтіп қазақ халқын жер пайдалану құқынан айырды. 1886, 1891 жылғы ережелерде арнайы жерге байланысты баптар енгізіліп, енді «көшпелілер иемденген жерлер, оның бар байлығы, оның ішінде орманы мемлекеттік меншік болып саналады» делінді. Нәтижесінде, қазақ жерін көптеп тартып алып,қоныс аударушыларға берілді. Кеңес өкіметі тұсында да белгілі-бір дәрежеде қазақ мемлекетінің тұтастығына қол сұғылып отырды, орталық қазақ жерін өз қалауынша өзге одақтас респубикаға беріп жіберіп отыру әрекеттері кездесті (Ресей, Өзбекстан Айырмашылықтары:Жер мәселесі: Дегенмен, кеңестік кезеңде жер мәселесінде қазақ халқының мүддесіне сәйкес өзгерістер жүргізілді. Кеңес өкіметі орнаған соң патша үкіметі кезіндегі тартып алынған жерлер қайтарылып, заң бойынша қазақ мемлекетінің меншігі деп жарияланды, шекаралар анықталды. Қуғын-сүргін: Патша үкіметі кезінде көбінесе қазақ жері саяси айып тағылған зиялыларды жер аударатын аймақ ретінде пайдаланылып, қазақ азаттық күрес өкілдерін, саяси айыптыларды қара жұмысқа айдау, абақтыға отырғызу сияқты жазалау түрлері қолданылып, саяси қызметіне тыйым салды, бірақ жаппай жазалау саясаты қоданылмады.Кеңестік дәуірде зиялыларды жаппай жазалау(ату жазасы) арқылы, қазақ халқын рухани әлеуетінен айырды деуге болады.


3. Есік қорғанынан табылған алтын адам мен Шілікті қорғанынан табылған алтын адамның ортақ белгілері мен айырмашылықтарын анықтаңыз? Екеуіне де ортақ белгілер: 1. Екеуі де сақ дәуірінің лауазымды тарихи тұлғалары болған. 2. Екеуінің де киімдері таза алтыннан жасалған және жерлегенде оған о дүниеде керек болады-ау деп, тірі кезінде пайдаланған заттарының бәрін қоса көмген. 3. Екеуінің де басты тақырыбы- әлем бейнесі, әлем туралы түсінігі, діни наным-сенімдері мен өмірге деген көзқарасы бейнеленген. 4. Екеуінде де «Аң стилі» мәдениеті жақсы дамыған. Яғни пайдаланған заттары мен киімдерінде жануарлардың бейнелері салынған. Атап айтқанда екеуінде де қанатты жолбарыстар, қанатты тұлпар құстар бейнеленген.

Айырмашылықтары:Есік қорғанынан табылған алтын адам б.з.д. V- ІV ғасырларда өмір сүрген сақ ханзадасы болса, Шілікті қорғанынан табылған алтын адам б.з.д. VІІІ-VІІ ғасырларда өмір сүрген сақ патшасы әрі Қазақстан жерінде табылған Алтын адамдардың ең көнесі деп есептеледі. Есіктен табылған жәдігердің үстіндегі алтын бұйымдар жұқа фольга түрінде киімге тігілген әшекей. Бұл өлген

адамға арналған киім. Яғни жерлеу рәсімінде қолданылған ритуалдық киім. Ал Шілікті алтын адамының киімі тірі кезінде киген киімі. Ол ритуалдық киім емес. Оның киіміндегі алтын бұйымдар жұқа фольга түрінде емес, құйма алтыннан жасалған. Сонымен қатар Есіктен табылған алтын адамның сырт киімдері кезінде қалай көмілсе, сол күйінде бізге аман жеткен. Яғни бұл оба тоналмаған. Ал Шілікті алтын адамның обасы тоналған. Ондағы патшамен бірге қойылған ірі заттары: алтын тәжі, семсер, қанжар, асатаяғы және киімдерінің біраз бөліктері ұрланған. Есік обасын тарих ғылымдарының докторы Кемал Ақышев зерттесе, Шілікті обаларын Әбдеш Төлеубаев зерттеген.
3- Билет

1. Рулық қауымның шығуы.

2. Қазақ зиялыларының ұлттық өкімет құру жолындағы іс- әрекеттері және Алаш қозғалысының тарихи мәнін талдаңыз.

3. Қазақ жүздерінің (Ұлы, Орта, Кіші) орналасу аймақтарын картаға белгілеңіз.

Жауабы:

1.Рулық қауымның шығуы.

Бірлесіп аң аулау,жыртқыш аңдарға қарсы тұру,ортақтасып от жағу-адамдарды топтастырды. Адамдар тобы бірте-бірте туысқандардың ұжымына-рулық қауымға айналды. Бұл шамамен «саналы адамның»шығу уақытына сәйкес келеді. Әр руда бірнеше ондаған рулас адам болды. Алғашында ұжымдағы барлық жұмыстарды аналар атқарды.Үңгірлерді тазалап күтті, тамақ дайындады,жеуге қажетті жеміс-жидектерді терді. Бұл ұжымдағы аналардың беделін арттырды. Рулық бөлініс те аналардың үстемдігімен анықталды. Әрбір қауым өз аумағында мекен етті. Рулық қауымның барлық мүшелері өзара тең есептелінді. Жер,баспана,еңбек құралдары бәріне ортақ саналды. Барлығы бірлесіп орманда аңаулады, балық ұстады,ортақ жайылымда мал жайды. Қауымның ішкі жұмысын теңдей бөлісті. Әйелдер мен балалар жеміс-жидек жинады, еркектер ор қазды, егістік жерді тазалады, жыртқыш аңдарды аулады. Қауымның жеке мүшесіне тиісті мүлікті, мысалы, найзаны кез келгені пайдалана алды. Ру ішіндегі тіршілік пен әрекетке қатысты мәселелерді жалпы жиналыста шешті. Жалпы жиналысқа ересек адамдардың бәрі-еркектер мен әйелдер түгел қатысты. Әрқайсысы өз пікірін білдірді. Жалпы жиналыс ақсақалдарды сайлады. Оған рудың барлық мүшелері сыйлайтын ең ақылды,ер жүрек,құрметті адамдар таңдалды. Ақсақалдар даулы мәселелелрді шешті, аң аулайтын, мал жаятын жерлерді бөліп берді. Ру әрбір мүшесінің мүдделерін қорғады. Бірнеше ру бірігіп, шаруашылық мәселелелрін бірлесіп шешті. Мұндай рулық бірлесулерді басқаратын көсемдер сайланды.


2.Қазақ зиялыларының ұлттық өкімет құру жолындағы іс- әрекеттері және Алаш қозғалысының тарихи мәнін талдаңыз.

Қазақ халқы ұлт-азаттық күресінің асқар шыңы – ХХ ғасыр басындағы Алаш қозғалысы болды. Бұл қозғалыстың басында қазақ зиялылары тұрды. Бірінші дүниежүзілік соғыс пен 1917 жылғы Ресейде басталған революция қазақ зиялыларының өз халқының құқықтарын қорғау жолындағы қызметін жандандыра түсті. Алашорда үкіметінің өмірге келуіне тікелей себеші болған жағдай- уақытша үкіметтің басқа шет аймақтардағыдай Қазақстанда да ұлт өміріне қатысты ең өзекті мәселелерді шеше алмаған әлжуаз, тұрақсыз саяси билікке айналуы, оның арты бүкіл империяны қамтыған анархия, зорлық-зомбылыққа ұласуы еді. Қазақ еліндегі асқынған жер мәселесі шешілмеді, казак әскері, қарулы солдаттар мен қоныстанушылардың панасыз жергілікті қазақ халқының үстінен жүргізген озбырлығы өрши түсті. Осындай жағдайда қазақ зиялылары арасында ұлттық мемлекекеттілік туралы мәселе талқылауға түсті. Осы мәселені қамтыған Жалпықазақ-қырғыз съезі 1917 жылы 5-желтоқсанда Орынбор қаласында ашылды. Нәтижесінде, «Алаш» автономиясы дүниеге келіп, елді бүліншіліктен қорғау мақсатымен Алашорда аталған Ұлт Кеңесі құрылды. Оған 25 адам мүше болды. Төрағасы-Ә.Бөкейханов. Бүлінушліктен қорғау үшін бірден милиция құруға шешім қабылданды. Одан өзге ұлт қазынасын құру, оқу-ағарту жүйесін қалыптастыру т.б. шаралар арқылы ұлттық мемлекеттің шаңырағын көтеруге тырысты. Алаш қозғалысы Қазақстанда ХІХ ғ. соңы мен ХХғ. бас кезіндегі қоғамдық-саяси жағдай және рухани-мәдени өзгерістердің нәтижесінде өмірге келді. Алаш қозғалысының алдына қойған мақсаты- қазақ халқын отарлық езгіден азат етіп, тәуелсіз мемлекет құру мен қазақ қоғамының дүниежүзілік мәдени қауымдастыққа енуін қамтамасыз ету, өркениетті елдер қатарын қосу болды.
3.Қазақ жүздерінің (Ұлы, Орта, Кіші) орналасу аймақтарын картаға белгілеңіз.

Ұлы жүз тайпаларының негізгі таралған аймағы – Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан. Шу, Талас өңірлері, Қаратау, Сырдрияның орта ағысы.

Орта жүз тайпаларының жайлаған аймағы –Орталық, Шығыс Солтүстік Қазақстан, Сырдың орта ағысы аймағы.

Кіші жүз қазақтарының жері -бүкіл Батыс Қазақстан аймағын алып жатыр.

Жүздердің шығуы туралы деректер:Жүздердің шыққан уақыты, шығу себептері, ішкі мазмұны жөнінде ғалымдардың арасында әлі ортақ


пікір жоқ. Ш.Уәлихановтың пікірі бойынша, «Алтын Орда мемлекетінің ыдырауы кезінде қазақтар өздері көшіп жүретін жерлердегі өз құқықтарын қамтамасыз ету үшін осындай одақтар құрған» Н.А.Аристовтың ойынша «жүздерге бірігу жоңғар шапқыншылығы кезінде шыққан» В.В.Бартольд: «Қазақ жүздерінің пайда болуына географиялық фактор әсер етті, табиғи-географиялық жағдайға икемделу және аумақтық оқшаулану жүздердің мәдени-шаруашылық ерекшеліктерін қалыптастырды» -деп септейді.



4-Билет

1. Орта тас ғасырының ерекшелігі.

2. Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың атқаратын қызметтерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтары.

3. Шағатай ұлысына қараған аумақтарды картаға белгілеңіз.
Жауабы:

1.Орта тас ғасырының ерекшелігі.

Мезолиттің хронологиялық шеңбері-б.з.б. 12-5 мыңыншы жылдықтар аралығын қамтиды. Жалпы,Қазақстан жерінде мезолит ескерткіштері аз табылған. Палеолиттің аяғы мен мезолиттің басында үлкен табиғи-климаттық өзгерістер орын алды. Жер бетін басып қалған мұз еріді, қазіргіге ұқсас өсімдіктер мен жануарлар түрі қалыптаса бастады. Мезолит заманының үлкен жаңалығы-микролиттер, яғни ұзындығы 1-2 сантиметр ұсақ жаңқа тастардан жасалатын құралдар пайда болды. Микролит деген сөздің мағынасы-ұсақ тас. Мезолит заманның тағы бір басты жаңалығы садақ пен жебенің жасалуы. Садақ аңды алыстан атуға мүмкіндік берді. Бұрыңғы найзаларға қарағанда садақ аңшылықтың рөлін арттырды. Аңшылық осы кездегі адамдардың негізгі кәсібінің біріне айналды. Себебі мезолитте мамонт, мүйізтұмсық сийяқты ірі және табын-табын болып жүретін аңдар жойылып кетті. Бұрын тобымен жүретін аңдарды ұраға жығып, қаумалап ұстау Әлдеқайда жеңіл еді.Енді некен-саяқ, жеке жүретін бұғы, қабан сияқты аңдарды қуып аулау қажет болды. Оған уақыт та, күш-қайрат та көп кетті. Мезолит заманының тұрғындары бір жерде ұзақ тұрақтап мекендемеді. Үнемі жайылымын ауыстырып, өрістеп отырған аңдардың соңынан ілесіп көшіп жүрді. Мезолиттік аңшылар Ертіс, Есіл, Тобыл, Торғай, Жайық өзендерінің жағалауларын мекендеді. Қазақстан аумағындағы жиырмадан астам мезолиттік тұрақтар белгілі. Олар баспананы жеңіл қос сыйяқты ағаштан айқастырып құрып, оның үстін аң терісімен жапты. Осындай қабырғалары терең көмілген, көлемі 40-60 шаршы метр болатын баспана Есіл өзенінің аңғарында табылған.
2.Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың атқаратын қызметтерінің ұқсастықтары мен

айырмашылықтары.

1980 жылдың аяғы-1990 жылдың басындағы экономикалық, әлеуметтік және саяси салалардағы реформалар әртүрлі әлеуметтік топтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін қоғамдық бірлестіктерді құруға ынталандырды.1991ж. 27 маусымда «Қазақ КСР-індегі қоғамдық бірлестіктер туралы» Қазақ КСР Заңы қабылданды. 1996 жылы Қазақстан Республикасының «Қоғамдық бірлестіктер туралы» және «Саяси партиялар туралы» Заңдары, 2002 жылы Қазақстан Республикасының «Саяси партиялар туралы» Заңы қабылданды. Біртіндеп елде «Қазақстанның халық конгресі», «Алаш», Қазақстанның социал-демократиялық партиясы, Қазақстанның Социалистік партиясы, Қазақстанның Республикалық партиясы және «Лад» республикалық славяндар қозғалысы, «Азат» Қазақстанның азаматтық қозғалысы, «Единство» қозғалысы, «Әділет» тарихи-ағартушылық қоғамы, «Поколение» зейнеткерлер қозғалысы т.б. құрылды. Айырмашылықтары: Қозғалыс, ұйым – азаматтардың саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени салаларға байланысты көзқарастарын білдіретін, мүдделерін қорғайтын бірлестіктер. Олар қоғамдағы белгілі-бір проблеманы шешу үшін құрылып, сол проблема шешімін тапқан жағдайда өз жұмыстарын тоқтатуы мүмкін. Ал, ұйым кей жағдайда өзге мәселені көтеру үшін жұмысын жалғастырып немесе партия болып қайта құрылады. Партия –саяси ұйым, оның мақсаты билікке қол жеткізу. Партия қоғам мен мемлекет арасындағы дәнекерлеуші буын қызметін атқара алады. Өйткені ол, ең алдымен, өз қызметінде халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтауы тиіс. Партиялық жүйе қоғамды демократияландыру мен ішкі саяси тұрақтылықты нығайту үрдістерінде маңызды рөл атқарады. Ұқсастықтары:Қандай салада құрылмасын ең алдымен халықтың мүддесін көздейді, қоғамдағы белгілі-бір мәселелерді шешуге бағытталады. Оны алдарына қойған мақсаттары мен партиялардың бағдарламаларынан аңғаруға болады. Қоғамдық қозғалыстар да, саяси партиялар да қоғамда түрлі көзқарастарды, көптүрлілікті, демократияландыруды дамытуға үлестерін қосады. Маңызы:Саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстардың дүниеге келуі халықтың қалың көпшілігінің саяси сана-сезімін, сондай-ақ саяси мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.