Файл: Жамбыл облысы кімдігі білім басармасыны ОУдістемелік кабинеті 6сынып аза тілі мен дебиеті.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.12.2023
Просмотров: 692
Скачиваний: 7
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Жазылым
11.Берілген сұрақтарға жауабыңызды көрсетіп, эссе жазыңыз. Сөздерді орфографиялық нормаға сай жазып, қосымшаларды дұрыс жалғаңыз. Қолөнердің түрлерін сипаттауда теңеу, эпитеттерді пайдаланыңыз. Себеп – салдарлы қатынасты білдіретін жалғаулықтарды, сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолданыңыз.(80-90 сөз)
Қолөнердің қандай түрлері бар? Ұлттық қолөнерді жаңартудың тиімді жолдары қандай?
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
[10]
Айтылым 12. Берілген тақырып бойынша жұбыңызбен диалог құрастырыңыз (5 – 6 сұрақ).
Диалог құруда тура және ауыспалы мағыналы сөздерді, сөйлемдерді интонациясына қарай орынды қолданыңыз. / Әр білім алушыға 2 мин/
«Менің туған өлкем»
Диалог құрастыруда пайдалануға ұсынылатын сөз тіркестері: алтын бесік, ашық аспан, ата қоныс, кең пейілді адамдар [10]
Балл қою кестесі
Тыңдалым
Әр дұрыс жауап үшін 1 балл беріледі.
Сұрақ | Жауап | Балл | Жалпы Балл |
1 | В | 1 | 5 |
2 | С | 1 | |
3 | масатыдай құлпырар жердің жүзі | 1 | |
4 | қыстың, егін, көлдегі | 1 | |
5 | егін егу, жер жырту, мал бағу | 1 |
Оқылым
Әр дұрыс жауап үшін 1 балл беріледі.
Сұрақ | Жауап | Балл | Жалпы Балл |
1 | 1 – С; 2 – А; 3 – В | 1 | 5 |
2 | пайдалы, саяхат | 1 | |
3 | Қазіргі кезде Қазақстанда туризм саласы жақсы дамуда. Болашақта туризм саласы заманауи технологияларға байланысты жаңарып, жақсарады деп ойлаймын. / оқушы жауабы ескеріледі/ | 1 | |
4 | мақала очерк | 1 | |
5 | Саяхат Жоңғария | 1 |
Жазылым
Балл | Мазмұны мен тіл сапасы |
9 -10 | Мәтін құрылымы (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанры, стилі толық сәйкес келеді. Ойын жүйелі түрде жеткізуде, теңеу, эпитетті орынды пайдаланады. Лексикалық минимумды қолдануы жоғары, стильдік қолданысы өте дұрыс. Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды өте дұрыс қолданады. Елеусіз қателері ойды түсінуге кедергі келтірмейді. |
7 - 8 | Мәтін құрылы (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанры, стилі сәйкес келеді. Ойын жүйелі түрде жеткізеді, теңеу мен эпитетті орынды пайдаланады. Лексикалық минимумды жеткілікті қолданады, стильдік қолданысы дұрыс. Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды дұрыс қолданады. Елеусіз қателері ойды түсінуге кедергі келтірмейді. |
5 - 6 | Мәтін құрылы (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанры, стилін сақтауға тырысқан. Ойын жеткізуде, теңеу мен эпитетті пайдалануда ішінара ауытқулар кездеседі. Лексикалық минимумды қолдануға тырысады, стильдік қолданысы орташа. Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды қолдануға ішінара қателер жібереді. Елеусіз қателер көп, бірақ ойды түсінуге кедергі келтірмейді. |
3 - 4 | Мәтін құрылымын (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанрын, стилін сақтауы шектеулі. Ойын жеткізуде, теңеу мен эпитетті пайдалануда ауытқулар көптеп кездеседі. Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі, стильдік қолданысы төмен. Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда қателері көп болғандықтан, ойды түсінуге кедергі келтіреді. |
1 - 2 | Мәтін құрылымы (кіріспе, негізгі және қорытынды), мүлдем ескерілмеген. Жазба жұмысы жанрға, стильге сәйкес емес. Ойын жеткізе алмаған. Теңеу мен эпитетті пайдаланбаған. Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі болғандықтан, сөз қайталаулар өте көп кездеседі. Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда өрескел қателер көп болғандықтан, ойды түсіну өте қиын. |
Айтылым
Балл | Негізгі ойды ашуы мен сөз қолданысы |
9 - 10 | Тақырыпты және сұрақты өте жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға, тапсырмаларға жауабы тез әрі орынды. Ойын жүйелі түрде жеткізеді. Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді орынды қолданады. |
7 - 8 | Тақырыпты және сұрақты жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға, тапсырмаларға жауабын ойланып береді, ойын орынды жеткізеді. Лексикалық минимумы жеткілікті, стильдік қолданысы дұрыс. Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді, орфоэпиялық нормаларды қолданады. Арасында қателер жібереді. |
5 - 6 | Тақырып пен сұрақты түсінуде және күтпеген сұрақтарға, тапсырмаларға жауап беруде қиналады. Ойын жеткізуде ішінара ауытқулар кездеседі. Лексикалық минимумды қолдануға тырысады, стильдік қолданысы орташа. Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді, орфоэпиялық нормаларды қолдануда елеусіз қателер жібереді. |
3 - 4 | Тақырып пен сұрақты түсінуде және күтпеген сұрақтарға, тапсырмаларға жауап беруде қолдауды қажет етеді. Ойын жеткізуде өрескел ауытқулар кездеседі. Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі, стильдік қолданысы төмен. Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді, орфоэпиялық нормаларды қолдануда қателерді жиі жібереді. |
1 - 2 | Тақырып пен сұрақты түсінуде және күтпеген сұрақтарға, тапсырмаларға жауап беруде қолдауды үнемі қажет етеді. Ойын жеткізуде өрескел көп ауытқулар кездеседі. Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі болғандықтан, сөз қайталаулар өте көп. Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді пайдалануда, орфоэпиялық нормаларды қолдануда түсінуге қиындық келтіретін қателер жиі кездеседі. |
Қорытынды
"Жиынтық бағалау тапсырмаларының жинағы " атты нұсқаулық білім беру мазмұнын жаңарту аясында білім алушыларға жиынтық бағалау тапсырмалары ретінде құрастырылды. Жинақтың мақсаты - оқушылардың өз болашағына қадам басуына мүмкіндік береді, болашақта таңдаған мамандығы туралы мәлімет алады. Жиынтық бағалау тапсырмалары баланың сөз мәдениетін арттырып, сөйлеу әдебін дамытып, өз пікірін дәлелдеп айтуға үйретеді. Өзгені тыңдай білу әдебін үйренеді, тыңдалым тапсырмаларын орындауға бейімделеді. Жиынтық бағалау тапсырмалары оқу бағдарламасы мен оқу жоспарына берілген тапсырымаларға сәйкес. Бөлім, тоқсандық жиынтық бағалу тапсырмалары білім алушының материалды қалай меңгергендігін тексереді. Тапсырмаларда барлық оқу дағдылары қамтылған.
Тыңдалым дағдысында білім алушы мәтіннің негізгі мазмұнын, функционалдық маңызды мағыналы ақпаратты түсінеді. Проблемаларды анықтайды, мәтінді талдайды.
Айтылым дағдысында белгілі бір тақырып бойынша айтылған ойды бағалайды, сөйлеу нормаларын сақтай отырып, тілдің лексикалық, грамматикалық құралдарын пайдаланады.
Оқылым дағдысында білім алушы тақырыптар аясында белгілі бір мәтіндердің мазмұнын түсінеді, ерекшеліктерін анықтайды, мәтіндерді салыстырады.
Жазылым дағдысында әртүрлі құралдарды пайдалана отырып мәтіндерді жазады. Белгілі бір тақырып бойынша жоспар жасайды. Орфографиялық, грамматикалық нормаларды сақтайды.
Тапсырмалардың құрылымы, көлемі, берілуі баланың жас ерекшелігіне, білім деңгейіне сай. Тапсырмалар барысында әрбір мәтін, диалог, сөйлем, сөз өмірдегі нақты тілдік қажеттіліктеріне қызмет етіп, тақырыптар бойынша сөйлей білуді меңгерулеріне көмектеседі. Білім алушылардың орындаушылық және шығармашылық дағдылары, функционалды сауаттылығы қалыптасады.
Білім алушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілетін және өз бетімен ізденуге, алған білімдерін ұғынып, түсініп және әртүрлі салада қолдана алуға мүмкіндік береді. Баланың алған білімін өмірінде қажетке асыра білуі, білім алушы бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Республикасының «Білім туралы Заңы (24.11.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген «Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартты»;
3. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 25 ақпандағы №61 бұйрығымен бекітілген бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары;
4. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы №393 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндердің үлгілік оқу бағдарламалары;
5. 2018-2019 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы. Әдістемелік нұсқау хат (Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесінің 2017 жылғы 17 маусымдағы №5 хаттамасымен баспаға ұсынылған).
Қазақ тілі мен әдебиеті.Жалпы білім беретін мектептің 6 – сыныбына арналған оқулық / Қосымова Г.,Сатбекова А.,Берденова К.,Рахимжанов К. – Алматы: «Мектеп», 2018
6. Қазақ тілі мен әдебиеті.Жалпы білім беретін мектептің 6 – сыныбына арналған оқулық / Ф.Ш.Оразбаева, Ж.Т.Дәулетбекова, А.Қ.Рауандина, Р.С.Рахметова, А.Н.Юсуп - «Бәйшешек», Көкжиек-Горизонт 2018.
7. Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы. Қазақ тілі мен әдебиеті 6 – сынып