Файл: Жамбыл облысы кімдігі білім басармасыны ОУдістемелік кабинеті 6сынып аза тілі мен дебиеті.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.12.2023
Просмотров: 690
Скачиваний: 7
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Айтылым
Балл | Негізгі ойды ашуы (5 балл) | Сөз қолданысы (5 балл) |
9-10 | Өте жақсы Берілген суреттер бойынша ауызша мәтінді өте жақсы құрастырады. Мәтінде талғаулықты мәнді білдіретін жалғаулықты дұрыс қолданады. Өте жақсы түсінеді. Ойын жүйелі түрде жеткізеді. | Өте жақсы Тақырып бойынша тірек сөздерді дұрыс қолданып, еліміздің көрікті жерлеріне берілген иллюстрацияларды ауызша сипаттайды. Орфоэпиялық нормаларды дұрыс қолданады. Арасында елеусіз қателер жібергенімен, ойды түсінуге кедергі келтірмейді. |
7-8 | Жақсы Берілген суреттер бойынша ауызша мәтінді жақсы құрастырады. Мәтінде талғаулықты мәнді білдіретін жалғаулықты дұрыс қолданады, жақсы түсінеді, ойын орынды жеткізеді. | Жақсы Тақырып бойынша тірек сөздерді дұрыс қолданып, еліміздің көрікті жерлеріне берілген иллюстрацияларды ауызша сипаттайды. Орфоэпиялық нормаларды қолданады. Арасында қателер жібереді. |
5-6 | Қанағаттанарлық Берілген суреттер бойынша ауызша мәтінді құрастырады. Мәтінде талғаулықты мәнді білдіретін жалғаулықты қолдануда көп ойланады, ойын орынды жеткізеді. | Қанағаттанарлық Тақырып бойыншатірек сөздерді қолданып, еліміздің көрікті жерлеріне берілген иллюстрацияларды ауызша сипаттайды.Лексикалық минимумы жеткілікті, стильдік қолданысы дұрыс. Орфоэпиялық нормаларды қолданады. Арасында қателер жібереді. |
3-4 | Төмен Берілген суреттер бойынша ауызша мәтінді құрастыруда, мәтінде талғаулықты мәнді білдіретін жалғаулықты қолдануда қиналады. Ойын жеткізуде ішінара ауытқулар кездеседі. | Төмен Тақырып бойынша тірек сөздерді қолданып, иллюстрацияларды ауызша сипаттауға тырысады. Лексикалық минимумды қолдануға тырысады, стильдік қолданысы орташа. Орфоэпиялық нормаларды қолдануда елеусіз қателер жібереді. |
1-2 | Өте төмен Берілген суреттер бойынша ауызша мәтінді құрастыруда, мәтінде талғаулықты мәнді білдіретін жалғаулықты қолдануда қолдауды қажет етеді. Ойын жеткізуде өрескел ауытқулар кездеседі. | Өте төмен Тақырып бойынша тірек сөздерді қолданып, иллюстрацияларды ауызша сипаттайды.Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі, стильдік қолданысы төмен. Орфоэпиялық нормаларды қолдануда қателерді жиі жібереді. |
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
Жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы: 40 минут
Тыңдалым- 8 минут
Оқылым – 12 минут
Жазылым – 20 минут
Айтылым сабақтан тыс тексеріледі (әр білім алушыға 2 минут беріледі)
Балл саны: 30
Тапсырмалар түрлері
Көп таңдауы бар сұрақтар
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 4 компоненттен тұрады. Бірінші компонент - тыңдалым, екінші компонент - оқылым, үшінші компонент - жазылым және тілдік бағдар, төртінші компонент - айтылым дағдыларын тексеруге арналған.
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Тап сыр ма | Қамтылатын мақсаттар | Тапсырмалар түрлері | Тапсырмаларға сипаттама | Орындау уақыты Мин | Балл | ||
1-5 | 6.1.5.1 - тірек сөздер, жетекші сұрақтар, мәтін тақырыбы арқылы негізгі ойды анықтау; 6.1.1.1 - тірек сөздер, мәтіннің бастапқы бөлігін тыңдау арқылы тақырыпты және көтерілетін мәселені болжау; 6.1.3.1 – тұрмыстық-әлеуметтік тақырыптарға байланысты жаңа сөздермен тірек сөздердің мағынасын түсіну. | Көп таңдауы бар сұрақтар Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар Толық жауапты қажет ететін сұрақтар | Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар тақырыпқа қатысты 123 сөзден тұратын тыңдалым мәтінін 2 рет тыңдайды. Мәтінді тыңдау барысында мазмұнды түсінуге бағытталған бірінші тапысырмада тірек сөздер арқылы негізгі ойды анықтап, 1 cөйлеммен жазады. Екінші тапсырмадамәтіннің негізгі ойын анықтайтын сұрақтарға жауап береді. Үшінші тапсырмада мәтін бөлімдері негізінде сұрақтарға жауап бере отырып, көтерілген мәселені болжайды. Төртінші тасырмада көп нүктенің орнына тиісті жаңа сөздерді қойып, сөйлемді толықтырып жазады. Бесінші тапсырмада оқушы сұраққа мәтіннің мазмұны негізінде жауап береді. Мұғалім оқушының мәтін мазмұнын түсінгенін бағалайды. | 10 | 5 | ||
6-9 | 6.3.3.1 - орта көлемді шығармаларды түсіну, тақырыбы мен негізгі ойды анықтау; 6.3.4.1 -Мәтіндердің тақырыбына мазмұндық құрылымына сүйене отырып, түрлерін салыстыру. | Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар | Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар тақырыпқа қатысты 87-58 сөзден тұратын 2 мәтінді оқиды. Алтыншы тапсырмада мәтін мазмұны бойынша ақпаратты табады, жетінші тапсырмада берілген сөздерді сәйкестендіреді, сегізінші тапсырмада сөйлемдерді мәтін мазмұны бойынша рет-ретімен орналастырады, тоғызыншы тапсырмадамәтіндерді салыстырып, кестені толтырады. Мұғалім оқушының мәтін мазмұнын түсінгенін, сөздік қорын орынды пайдалана алуын, өмірдегі жағдаяттарға өз көзқарасын білдіре алуын бағалайды. | 2 | 1 | ||
| | | |||||
10 | 6.4.3.1 – жазба жұмыстарында теңеу, эпитет сөздерін қолданып жазу; 6.4.1.1 - мәтіндердің стильдік ерекшелігін сақтай отырып, өмірбаян жазу; 6.5.1.7-себеп-салдарлық қатынасты білдіретін жалғаулықтардың қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану; 6.4.2.1-эссе тақырыбының желісінен шықпай, әрбір абзацты жү йелі құрастырып, қажетті мазмұнын ашып жазу. | Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар | Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар берілген екі тапсырманың бірін таңдап, жазба жұмысын орындайды. Мұғалім оқушының жазба жұмысында стильді сақтауын, қосымшаларды дұрыс жалғауын, сөйлем соңындағы тыныс белгілерді, себеп- салдарлық қатынасты білдіретін жалғаулықтардың қызметін орынды қолдануын бағалайды. | 20 | 10 | ||
11 | 6.2.1.1 - тура және ауыспалы мағынадағы сөздерді қолдану, ойын әсерлі, мазмұнды жеткізу. | Ауызша толық жауапты қажет ететін сұрақтар | Тапсырма жеке орындалады. Оқушыға бөлімдерге қатысты тақырып беріледі (тақырып жазылған қағаздарды оқушы өзі таңдайды). Оқушы берілген тақырып бойынша 1минут дайындалып, 2минут сөйлейді. (монолог 6-8 сөйлемнен тұру керек). Мұғалім оқушымен 3 минут талқылайды. Мұғалім оқушының берілген тақырыпты түсініп, соған қатысты сұрақтарға лайық жауап беруін, тура және ауыспалы мағынадағы сөздерді қолдануын бағалайды. | Айтылым сабақтан тыс уақытта алынады, әрбілім алушыға 2 минут беріледі. | 10 | ||
Барлығы | 40 | 30 мин |
Тапсырмалар және балл қою кестесі үлгісі
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
І нұсқа
Тыңдалым
Мәтінді мұқият тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Табиғат - адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағын шашатын сұлулық пен әсемдік әлемі, баға жетпес байлық. Ол – ырыс пен мол қазынаның қайнар көзі, сондықтан халқымыз: «Табиғат - адамзаттың өмір нәрі, қажеттінің табылар содан бәрі» - деп бекер айтпаған. Адамның табиғатсыз өмір сүруі мүмкін емес. Себебі, адам өзіне керекті, қоректі заттардың бәрін табиғаттан алады. Сондықтан табиғатпен адамды бөліп қарауға болмайды. Әсіресе, қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін табиғатсыз елестету мүмкін емес. Сан ғасыр бойы халқымыз кең далада өзін аялаған табиғат аясында көшіп-қонып тіршілік еткен.
Табиғаттың сан алуан құпия сырларына үңіліп, өзіндік ой түйген. Сол арқылы табиғат заңдылықтарына үндесіп, бірлікте өмір сүрген. Әсіресе, мал шаруашылығымен айналысқан халқымыз өз кәсібін табиғатпен үйлесімді жүргізіп отырған. Табиғатқа аялы алақан, жылы жүрек сезімі, көздің қарашығындай қамқорлық керек екеніне ерекше мән берген. (123сөз)https://kazaksha.info/
1.Берілген тірек сөздер арқылы негізгі ойды анықтап, 1 cөйлеммен жазыңыз
Табиғат | Тіршілік | Адам | Кәсіп | Құпия | қамқорлық |
Негізгі ой: ____________________________________ [1]
2.Мәтіннің негізгі ойын анықтайтын сұрақтарға жауап беріңіз
| Жетекші ой | Жауабы |
1 | Адам қоректі қайдан алады? | |
2 | Қазақ халқы өз кәсібін немен үйлестіре жүргізген? | |
[1]
3.Мәтін бөлімдері негізінде сұрақтарға жауап бере отырып, көтерілген мәселені болжаңыз.
Мәтін бөлімдері | Қандай мәселе көтеріледі?(не болады?) (1 сөйлемнен кем емес болжау) | Шындығында қандай мәселе көтерілді? (не болды?) (1сөйлемнен кем емес ақпарат) |
I бөлім | | |
II бөлім | | |
[1]
4.Көп нүктенің орнына тиісті жаңа сөздерді қойып, сөйлемді толықтырып жазыңыз.
1.Адам – ................ бір бөлшегі әрі ғажайып туындысы. 2.Адам өзіне керекті, ....... заттардың бәрін табиғаттан алады. 3. Әсіресе, қазақ халқының .......................... табиғатсыз елестету мүмкін емес.
Керекті сөздер: табиғаттың,қоректі,тұрмыс-тіршілігін.
[1]
5.Мәтін мазмұны бойынша сұраққа толық жауап беріңіз.
Не себепті адам табиғаттың бір бөлшегі? [1]
____________________________________________________________________________________________________________________________________ Оқылым
1-мәтін.
Қазақ ұлттық мәдениетінің ең байырғы, аса құнды салаларының бірі – қолөнер. Қолөнершілер көшпенді халықтың тұрмысына сай, мал шаруашылығына керекті заттарды өндіріп отырды. Мүйізден, мал және аң терісінен, сүйектен, тастан, құмнан, әртүрлі ағаштардан қолөнерлік бұйымдар жасап отырды. Музыкалық аспаптарды ағаштан жасайды: домбыра, шаңқобыз, қобыз, сыбызғы және тағы басқалар. Қол өнердің кеңінен дамыған саласы киіз үйдің заттары, киіз басу, жүннен мақта-мата, тон, көрпе-жастық, кесте тігу, ши орау,ағаш төсек жасау, бесік жасау, сонымен қатар сәндік, зергерлік бұйымдар Халық қолөнерінің қандай түрі болса да, халық өмірімен, тарихымен, кәсібімен, күн көрісімен, тығыз байланыстырады. (87сөз)https://kk.wikipedia.org/wiki
6. Мәтін мазмұны сай ақпаратты анықтаңыз.
A.ұлттық аспаптары
B.ұлттық салт-дәстүрлері
C.қазақ қолөнері
D.тұрмыс-тіршілігі
E.халық өмірі
[1]
7. Берілген сөздерді сәйкестендіріңіз
1.ұлттық | | А)өмірімен |
2.халық | В)бұйымдар | |
3.қолөнерлік | С)мәдениет |
[1]
8.Сөйлемдерді мәтін мазмұны бойынша рет-ретімен орналастырыңыз (1, 2, 3).
Мәтіндегі ақпараттар | Реті |
Қол өнердің кеңінен дамыған саласы киіз үйдің заттары | |
Қолөнершілер көшпенді халықтың тұрмысына сай керекті заттарды өндіріп отырды | |
Қазақ ұлттық мәдениетінің ең байырғы, аса құнды салаларының бірі – қолөнер. | |
[1]
2-мәтін
Қолөнер қолмен жасалатын жұмыс. Халық тұрмысында өру, ою, зергерлік, тігу, тоқу, жону, құрастыру бәрі де халықтың қолөнеріне жатады. Ғасырлар бойы ұрпақтан – ұрпаққа көбірек таралған қолөнерінің бір түрі ою — өрнек. Енді ою – еліне саяхатты тамашалаңыздар.
Құс мұрын оюы – ұшқан құстай ерікті, бақытты болыңдар деген тілекті білдіреді.
Омыртқа оюы – бірліктің, ынтымақтың, беріктіліктің белгісі.
Қошқармүйіз — әл – ауқатымыз жақсы, молшылықтамыз деген белгі. (58 сөз)
https://infourok.ru/trbie-saati-aza-halini-ol-neri-294537.html
9.Берілген мәтіндерді салыстырып, кестені толтырыңыз
Салыстыру аспектілері | 1-мәтін | 2-мәтін |
Жанры | | |
Мазмұны не туралы? | | |
[2]
Жазылым
10. Берілген тапсырмалардың бірін таңдап,жазба жұмысын орындаңыз. Сөздерді орфографиялық нормаға сай жазыңыз. Стильдік ерекшелігін сақтай отырып, себеп-салдарлы қатынасты білдіретін жалғаулықтарды қолданып, сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді дұрыс қолданыңыз.
1. Теңеу, эпитет сөздерін қолданып, абзацты жүйелі құрастырып
«Өзің тұратын өлкенің көрікті жерлері» мен «Саяхат және туризм» тақырыбына 60 cөзден тұратын салыстырмалы эссе жазыңыз.
2. Стильдік ерекшелігін сақтап, Шоқан Уәлихановтың өмірбаянын жазыңыз.
[10]
Айтылым
Берілген тақырыптардың бірін таңдап, монолог құрастырыңыз (6-8 сөйлем ) . Монолог құрауда, тура және ауыспалы мағыналы сөздерді қолданып, ойыңызды әсерлі жеткізіңіз. [10]
Ұсынылатын тақырыптар
1.Абай - ұлт ұстазы .
2.Туған өлкеге тағзым
3.Шебердің қолы алтын
4.Арманым әлемді шарлау