Файл: Жамбыл облысы кімдігі білім басармасыны ОУдістемелік кабинеті 6сынып аза тілі мен дебиеті.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.12.2023
Просмотров: 694
Скачиваний: 7
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Балл қою кестесі
Тыңдалым
Сұрақ | Жауап | Қосымша ақпарат | Балл | Жалпы Балл |
1 | Табиғат, тіршілік, адам, кәсіп, қамқорлық | | 1 | 5 |
2 | Табиғат және тіршілік | | 1 | |
3 | Табиғат | | 1 | |
4 | Адам – табиғаттың бір бөлшегі әрі ғажайып туындысы. Адам өзіне керекті, қоректі заттардың бәрін табиғаттан алады. Әсіресе, қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін табиғатсыз елестету мүмкін емес. | | 1 | |
5 | Ықтимал жауап: Адам өзіне керекті, қоректі заттардың бәрін табиғаттан алады | Оқушы жауабы ескеріледі | 1 |
Оқылым
Сұрақ | Жауап | Қосымша ақпарат | Балл | Жалпы Балл |
1 | С | | 1 | 5 |
2 | 1-С 2-А 3-В | | 1 | |
3 | 1- Қазақ ұлттық мәдениетінің ең байырғы, аса құнды салаларының бірі – қолөнер. 2 -Қолөнершілер көшпенді халықтың тұрмысына сай керекті заттарды өндіріп отырды 3 Қол өнердің кеңінен дамыған саласы киіз үйдің Заттары | | 1 | |
4 | Ықтимал жауап: Жанры – 1. мақала; 2. мақала Мазмұны – 1.Ұлттық қол өнер; 2. Оюдың түрлері | Оқушы жауабы ескеріледі | 2 |
Жазылым
Балл | Мазмұны мен тіл сапасы |
9 -10 | Эссе құрылымы (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанры, стилі толық сәйкес келеді. Ойын жүйелі түрде жеткізуде, теңеу, эпитетті орынды пайдаланады. Лексикалық минимумды қолдануы жоғары, стильдік қолданысы өте дұрыс. Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды өте дұрыс қолданады. Елеусіз қателері ойды түсінуге кедергі келтірмейді. |
7 – 8 | Эссе құрылы (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанры, стилі сәйкес келеді. Ойын жүйелі түрде жеткізеді, теңеу мен эпитетті орынды пайдаланады. Лексикалық минимумды жеткілікті қолданады, стильдік қолданысы дұрыс. Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды дұрыс қолданады. Елеусіз қателері ойды түсінуге кедергі келтірмейді. |
5 – 6 | Эссе құрылы (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанры, стилін сақтауға тырысқан. Ойын жеткізуде, теңеу мен эпитетті пайдалануда ішінара ауытқулар кездеседі. Лексикалық минимумды қолдануға тырысады, стильдік қолданысы орташа. Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды қолдануға ішінара қателер жібереді. Елеусіз қателер көп, бірақ ойды түсінуге кедергі келтірмейді. |
3 – 4 | Эссеү құрылымын (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанрын, стилін сақтауы шектеулі. Ойын жеткізуде, теңеу мен эпитетті пайдалануда ауытқулар көптеп кездеседі. Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі, стильдік қолданысы төмен. Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда қателері көп болғандықтан, ойды түсінуге кедергі келтіреді. |
1 – 2 | Эссе құрылымы (кіріспе, негізгі және қорытынды), мүлдем ескерілмеген. Жазба жұмысы жанрға, стильге сәйкес емес. Ойын жеткізе алмаған. Теңеу мен эпитетті пайдаланбаған. Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі болғандықтан, сөз қайталаулар өте көп кездеседі. Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда өрескел қателер көп болғандықтан, ойды түсіну өте қиын. |
Айтылым
Балл | Негізгі ойды ашуы мен сөз қолданысы |
9 - 10 | Тақырыпты және сұрақты өте жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға, тапсырмаларға жауабы тез әрі орынды. Ойын жүйелі түрде жеткізеді. Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді орынды қолданады. |
7 – 8 | Тақырыпты және сұрақты жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға, тапсырмаларға жауабын ойланып береді, ойын орынды жеткізеді. Лексикалық минимумы жеткілікті, стильдік қолданысы дұрыс. Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді, орфоэпиялық нормаларды қолданады. Арасында қателер жібереді. |
5 – 6 | Тақырып пен сұрақты түсінуде және күтпеген сұрақтарға, тапсырмаларға жауап беруде қиналады. Ойын жеткізуде ішінара ауытқулар кездеседі. Лексикалық минимумды қолдануға тырысады, стильдік қолданысы орташа. Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді, орфоэпиялық нормаларды қолдануда елеусіз қателер жібереді. |
3 – 4 | Тақырып пен сұрақты түсінуде және күтпеген сұрақтарға, тапсырмаларға жауап беруде қолдауды қажет етеді. Ойын жеткізуде өрескел ауытқулар кездеседі. Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі, стильдік қолданысы төмен. Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді, орфоэпиялық нормаларды қолдануда қателерді жиі жібереді. |
1 – 2 | Тақырып пен сұрақты түсінуде және күтпеген сұрақтарға, тапсырмаларға жауап беруде қолдауды үнемі қажет етеді. Ойын жеткізуде өрескел көп ауытқулар кездеседі. Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі болғандықтан, сөз қайталаулар өте көп. Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді пайдалануда, орфоэпиялық нормаларды қолдануда түсінуге қиындық келтіретін қателер жиі кездеседі. |
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
Жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы: 40 минут
Тыңдалым- 8 минут
Оқылым – 12 минут
Жазылым – 20 минут
Айтылым сабақтан тыс тексеріледі (әр білім алушыға 2 минут беріледі)
Балл саны: 30
Тапсырмалар түрлері
Көп таңдауы бар сұрақтар
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 4 компоненттен тұрады. Бірінші компонент - тыңдалым, екінші компонент - оқылым, үшінші компонент - жазылым және тілдік бағдар, төртінші компонент - айтылым дағдыларын тексеруге арналған.
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Тап сыр ма | Қамтылатын мақсаттар | Тапсырма лар түрлері | Тапсырмаларға сипаттама | Орындау уақыты, Мин | Балл |
1-5 | 6.1.5.1 - тірек сөздер, жетекші сұрақтар, мәтін тақырыбы арқылы негізгі ойды анықтау; 6.1.1.1 - тірек сөздер, мәтіннің бастапқы бөлігін тыңдау арқылы тақырыпты және көтерілетін мәселені болжау; 6.1.3.1 - тұрмыстық – әлеуметтік тақырыптар ға байланысты жаңа сөздер мен тірек сөздердің мағынасын түсіну. | Көп таңдауы бар сұрақтар Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар Толық жауапты қажет ететін сұрақтар | Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар тақырыпқа қатысты 123 сөзден тұратын тыңдалым мәтінін 2 рет тыңдайды. Мәтінді тыңдау барысында мазмұнды түсінуге бағытталған бірінші тапысырмада тірек сөздер арқылы негізгі ойды анықтап, 1 cөйлеммен жазады. Екінші тапсырмадамәтіннің негізгі ойын анықтайтын сұрақтарға жауап береді. Үшінші тапсырмадамәтін бөлімдері негізінде сұрақтарға жауап бере отырып, көтерілген мәселені болжайды. Төртінші тасырмада көп нүктенің орнына тиісті жаңа сөздерді қойып, сөйлемді толықтырып жазады. Бесінші тапсырмада оқушы сұраққа мәтіннің мазмұнын негізінде жауап береді. Мұғалім оқушының мәтін мазмұнын түсінгенін бағалайды. | 5 | 5 |
6-9 | 6.3.3.1 - орта көлемді шығармаларды түсіну, тақырыбы мен негізгі ойды анықтау; 6.3.4.1- Мәтіндердің тақырыбына, мазмұндық құрылымына сүйене отырып, түрлерін салыстыру. | Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар | Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар тақырыпқа қатысты 87-58 сөзден тұратын 2 мәтінді оқиды. Алтыншы тапсырмада мәтін мазмұны бойынша ақпаратты табады, жетінші тапсырмада берілген сөздерді сәйкестендіреді, сегізінші тапсырмада сөйлемдерді мәтін мазмұны бойынша рет-ретімен орналастырады, тоғызыншы тапсырмада мәтіндерді салыстырып, кестені толтырады. Мұғалім оқушының мәтін мазмұнын түсінгенін, сөздік қорын орынды пайдалана алуын, өмірдегі жағдаяттарға өз көзқарасын білдіре алуын бағалайды. | | |
| | | |||
10 | 6.4.3.1 – жазба жұмыстарында теңеу, эпитет сөздерін қолданып жазу; 6.4.1.1 - мәтіндердің стильдік ерекшелігін сақтай отырып, өмірбаян жазу; 6.5.1.7-себеп- салдарлық қатынасты білдіретін жалғаулықтардың қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану; 6.4.2.1-эссе тақырыбының желісінен шықпай, әрбір абзацты жүйелі құрастырып, қажетті мазмұнын ашып жазу. | Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар | Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар берілген екі тапсырманың бірін таңдап, жазба жұмысын орындайды. Мұғалім оқушының жазба жұмысында стильді сақтауын, қосымшаларды дұрыс жалғауын, сөйлем соңындағы тыныс белгілерді, себеп- салдарлық қатынасты білдіретін жалғаулықтардың қызметін орынды қолдануын бағалайды. | 20 | 10 |
11 | 6.2.1.1 - тура және ауыспалы мағынадағы сөздерді қолдану, ойын әсерлі, мазмұнды жеткізу. | Ауызша толық жауапты қажет ететін сұрақтар | Тапсырма жеке орындалады. Оқушыға бөлімдерге қатысты тақырып беріледі (тақырып жазылған қағаздарды оқушы өзі таңдайды). Оқушы берілген тақырып бойынша 1 минут дайындалып, 2 минут сөйлейді. (монолог 6-8 сөйлемнен тұру керек). Мұғалім оқушымен 3 минут талқылайды. Мұғалім оқушының берілген тақырыпты түсініп, соған қатысты сұрақтарға лайық жауап беруін, тура және ауыспалы мағынадағы сөздерді қолдануын бағалайды. | Айтылым сабақтан тыс уақытта алынады, әр білім алушыға 2 минут беріледі. | 10 |
Барлығы | 40 | 30 |
Тапсырмалар және балл қою кестесі үлгісі
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
ІІ нұсқа
Тыңдалым
Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,
Масатыдай құлпырар жердің жүзі.
Түйе боздап, қой қоздап – қора да шу,
Көбелекпен, құспенен сай да ду – ду.
Жан – жануар, адамзат анталаса,
Ата – анадай елжірер күннің көзі.
Гүл мен ағаш майысып қарағанда,
Сыбдыр қағып, бұраңдап ағады су.
Жаңа пұлмен жамырап саудагерлер,
Диханшылар жер жыртып, егін егер.
Шаруаның бір малы екеу болып,
Жаңа төлмен көбейіп, дәулет өнер.
Кемпір – шал шуақ іздеп, бала шулар,
Мал мазатсып, қуанып, аунап – қунар.
Жыршы құстар әуеде өлең айтып,
Қиқу салар көлдегі қаз бен қулар.
Абай Құнанбаев(https://www.zharar/com)
1.Мәтінге қатысты сөз тіркестерін табыңыз.
а) күннің көзі, қой қоздап, ақ киімді
в) сыбдыр қағып, шуақ іздеп, өлең айтып
с) қиқу салар, көлдегі қаз, ақ сақалды
д) көлдегі қулар, жаңа төл, тірі жан
[1]
2. Өлеңде қай жыл мезгілі туралы айтылған? /
а) күз
в) жаз
с) жазғытұры
д) қыс
[1]
3. Мәтін мазмұнына сай берілген дұрыс ақпаратты ажыратыңыз.
р/с | Ақпараттар | Дұрыс | Бұрыс |
1 | Масатыдай құлпырар жердің жүзі | | |
2 | Ауылда тұрып күледі | | |
3 | Өзгелер басын изейді | | |
[1]
4. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып жазыңыз.
1. Жазғытұры қалмайды . . . сызы.
2. Диханшылар жер жыртып, . . . егер.
3. Қиқу салар . . . қаз бен қулар.
Қажетті сөздер: қыстың, егін, көкарай көлдегі.
[1]
5. Мәтін мазмұны бойынша сұраққа толық жауап беріңіз.
Жазғытұры адамдар қандай еңбекпен айналысады?
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
[1]
Оқылым
1 – мәтін
Әлем елдеріне саяхат жасау - бүгінде әрбір заманауи адамның арманына айналды. Саяхат барысында жаңа дүниелерді көріп, танымыңды кеңейтуге, жаңа көзқарастарға ие болуға мүмкіндік бар. Жақын жердегі қысқа мезетте орындалатыны - серуен делінсе, алыс жерге аттанған ұзақ мерзімдісі - саяхат делінеді. Бұл демалу, спорт, айналаңды тану, сауда, емделу және тағы басқа іс - әрекеттер. Сонымен қатар жастарды жағымсыз қылықтарға қарсы тұруға, денсаулығын күшейтуге, адамның пайдалы әрі қызықты істерге құштарлығын оятады. Тек саяхат ережелерін жақсы білу керек. Мысалы: ашық бол, қасыңда серігің болсын, ештеңеге салыстырмалы түрде қарама, басқа елдің тілінде сөйлей алмасаң да қорықпа, әлемді бір айда айналып шығамын деп әуреге түспе және тағы басқа.(
https://massaget.kz/layfstayl/alemtanu/sayahatty-syemin/14164/,)
6.Берілген сөздерді жұптастырыңыз
1. әлемді | а) мезет | 1 - |
2. қысқа | в) ережесі | 2 - |
3. саяхат | с) тану | 3 - |
[1]
7. Сөйлемдерді аяқтаңыз.
А. Саяхат жасау жастардың денсаулығын күшейтуге . . . .
В. Алыс жерге аттанған ұзақ мерзім - . . . . [1]
8. Берілген сұраққа толық жауап беріңіз.
Қазақстанның болашақтағы туризм саласы туралы не ойлайсың?
____________________________________________________________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________
[1]
2 – мәтін
Менің саяхатымды жүрген жерлерімнің сипатына қарай екі кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезең менің Жоңғарияға, яғни Жетісу мен Іле сыртындағы өлкеге және Ыстықкөлге баруым. Мен Жоңғарияда бірінші рет 1856 жылы болдым. Жоңғар Алатауының бөктерінде терең із бар. Бұны қазақтардың айтуына қарағанда құландарды қыру үшін Жәнібек хан қаздырған екен. Ханның баласы атқа отыруға үйреніп жүрген кезінде, оның атын құландар өз үйіріне ілестіріп әкетіп баласы қаза тауыпты. Содан кейін Тарбағатайдан Ілеге дейін ор қаздырып, Жоңғарияның барлық құланын соған құлатып өлтіріпті.
Ш.Уәлиханов(https://surak.baribar.kz›blogсайтынан
9-10. Екі мәтінді салыстырып, кестені толықтырыңыз
Салыстыру аспектілері | 1 – мәтін | 2 – мәтін |
Жанры | | |
Мазмұны не туралы? | | |
[2]