Файл: Жамбыл облысы кімдігі білім басармасыны ОУдістемелік кабинеті 6сынып аза тілі мен дебиеті.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.12.2023

Просмотров: 689

Скачиваний: 7

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КАБИНЕТІ


6-СЫНЫП
Қазақ тілі мен әдебиеті

(оқыту қазақ тілінде емес)
Жиынтық бағалау тапсырмаларының жинағы

Т АРАЗ 2020

Баспаға Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы оқу-әдістемелік кабинетінің Әдістемелік кеңесінің шешімімен ұсынылған(хаттама №5, «24 » желтоқсан 2019 ж.)


Пікір жазғандар:

К.М.Қарымбаева – М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Филология және журналистика» кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент. Л.Т.Мақұлова – Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының доценті, ф.ғ.к., деңгейлік курстарды оқыту тренері.


Редакция алқасы:

Ш.А.Усерова – Жамбыл облысы білім басқармасы оқу – әдістемелік кабинетінің басшысы, төрайым; Б.Х. Тажибаев – облыстық оқу – әдістемелік кабинеті басшысының орынбасары; төрайымның орынбасары; А.К.Абашова – Тараз қаласы №25 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының штаттан тыс тренері, сарапшы; Ш.М.Жамалбекова - облыстық оқу - әдістемелік кабинетінің «Білім үдерісін ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз ету» бөлімінің жетекшісі, редактор; А.Нұрмолдаева – облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскері, техникалық корректор.

Ш.С. Нұраханова, Б. Қ. Абдижанова, Г.С. Омарова – «Жиынтық бағалау тапсырмаларының жинағы» 6-сынып «Қазақ тілі мен әдебиеті» - Тараз, 2020, – 124 бет.

Білім алушылардың бөлім, ортақ тақырып және тоқсан бойынша жоспарланған мақсаттарды меңгеру деңгейін тексеруге мүмкіндік береді. Тапсырмалар тыңдалым мен айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын қалыптастырып, өмірдегі жағдаяттарға өз көзқарасын білдіре алуына негіз болады.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 6-сыныпқа арналған жиынтық бағалау тапсырмаларының жинағы жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімдеріне, әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне арналған.


© Жамбыл облысы әкімдігі білім

басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті


Тараз қ. 2020


КІРІСПЕ
Жинақ «Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына», «Оқу бағдарламасына», «Оқу жоспарына», «Негізгі орта және жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулыққа», «Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағына», «Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстарға», Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңы (24.11.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтыруларымен), Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген «Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартты», «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 25 ақпандағы №61 бұйрығымен бекітілген бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары, «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы №393 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндердің үлгілік оқу бағдарламаларына негізделіп дайындалған.

«Жиынтық бағалау тапсырмаларының жинағы» мұғалімге 6-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жинақ 6-сынып «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша ұзақ мерзімді оқу бағдарламасы негізінде дайындалған. Жиынтық бағалау тапсырмаларының мақсаты – жаңартылған білім беру мазмұны аясында білім алушылардың білімін түрлі жағдайларда қолдануға бағытталған.

Жинақтағы тапсырмалар білім алушыларға алған білімдерін пысықтау, жинақтау, мақсатында өз бетінше шыңдаған білімін тексеруге, сонымен бірге, грамматикалық қателіктерді жібермеуін меңгертеді.

Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған. Әр бөлім және тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары білім алушылардың функционалдық сауаттылығының артуына басым бағыт береді. Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішіндегі меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.

Жинақтағы материалдар өтілген тақырыптарға мазмұны сәйкес іріктеліп, білім алушылардың жас ерекшеліктеріне сай жасалған.



Жинақта бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Дескрипторлары мен баллдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.

Жинақты дайындау барысында ресми интернет сайттағы қолжетімді ресурстар (суреттер, график, диаграмма, сызба, иллюстрациялар, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды. Ресурстық материалдар білім алушыларға қосымша көмек көрсету мақсатында пайдаланылды.

МАЗМҰНЫ
1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар................................5

1.«Отан отбасынан басталады» бөлімі бойынша жиынтық бағалау ....................... 5

2.«Қазіргі қазақ ауылы мен қаланың тыныс-тіршілігі», «Таулар сыры» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау ........................................................................................ 11

2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар ..............................19

1.«Астана – мәдениет пен өнер ордасы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау ........................................................................................................................................ 19

2. «Қазақстан қорықтары» бөлімі бойынша жиынтық бағалау ............................... 27

3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар................................33

1.«Болашақ мамандықтары» бөлімі бойынша жиынтық бағалау .........................33

2.«Қазақстан және Ұлы Жібек жолы», «Жер байлығына аяулы көзқарас», «Олимпиада жеңімпаздары – Қазақстан мақтанышы» бөлімі бойыншажиынтық бағалау .......................................................................................................................... 40

4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар...............................46

1.«Абайды оқы, таңырқа!» бөлімі бойынша жиынтық бағалау ............................. 46

2.«Қазақ ұлттық қолөнері», «Саяхат және туризм» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау .......................................................................................................................... 52

1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар................................58

2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар................................72

3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар...............................90

4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар..............................105

Қорытынды ..................................................................................................................122

Пайдаланған әдебиет ..................................................................................................124

І ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА


АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Отан отбасынан басталады» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

І нұсқа

Оқу мақсаты: 6.1.5.1 Тірек сөздер,жетекші сұрақтар, мәтін

тақырыбы арқылы негізгі ойды анықтау;

6.2.6.1 тірек сөздерге сүйеніп,суреттердің желісі

бойынша әңгіме құрастыру.
Бағалау критерийі: Білім алушы

Негізгі ойды тірек сөздер, жетекші сұрақтар, мәтін

тақырыбы арқылы анықтайды;

тірек сөздер мен суреттердің көмегімен әңгіме

құрастырады.

Ойлау дағдыларының Білу, түсіну

деңгейі: қолдану

Орындау уақыты: 15-20 минут

1-тапсырма. Мәтінді мұқият тыңдап шығыңыз. Мәтін бойынша сұрақтарға өз сөзіңізбен жауап беріңіз, негізгі ойды анықтаңыз.

Баяғыда бір үлкен отбасы өмір сүріпті. Отбасындағы адамдар саны өте көп екен, бір қауым ел болып, бірге тұрыпты. Ол отбасы ерекше екен, отбасының өзара келісімі де, татулықта өмір сүруі де елді таң қалдырады.

Бұл отбасы жайлы патшаның құлағына да жетеді. Патша естігенінің ақ-қарасын анықтау үшін ауылға келеді. Ауыл – тап-таза, барлығы да жеткілікті, тыныштық пен береке қонған. Патшаның көңілі толып ерекше бір шаттыққа бөленеді. Сыйластығы жарасқан бақытты отбасында қариялардың орны төрде, уайым-қайғысыз, балалары бақытты, мәз-мейрам екен. Бұған патша таң-тамаша болады. Отбасының қалайша бақытты, тату-тәтті өмір сүруінің мәнісін білгісі келеді.

Ол ауыл ақсақалына келіп, отбасындағы татулық пен бірлікке қалай жеткендерін айтуын өтінеді.

Қарт үнсіз ғана жүз рет сүйіспеншілік, жүз рет кешірім, жүз рет бірлік деп қағазға мұқият жазып шығады.

Үш сөзді оқыған патша таң қалып:

- Осы-ақ па?

- Иә,-деді ақсақал.

- Барлық жақсы отбасылары тек осы қасиеттерден құралады, - деді де, сәл ойланып және шыдамдылық деген сөзді қосып қойды. (145сөз)

https://bilimsite.kz/ozin-ozi-tanu/9565-otbasy-zharastygy.html


Сұрақ

Жауап

Негізгі ой

Баяғыда қандай отбасы өмір сүріпті?






Бұл отбасын көрген патша неге таң-тамаша болады?


Ауыл ақсақалы патшаға себебін қалай түсіндірді?





2-тапсырма. Берілген сурет пен тірек сөздердің көмегімен «Отан отбасынан басталады» тақырыбына шағын әңгіме жазыңыз.



Тірек сөздер: Тәрбие, шағын, мемлекет, бесіктен, қымбат, тату, сүйемін, қолдайды, қорғайды, бақыт.

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Негізгі ойды тірек сөздер, жетекші сұрақтар мәтін

тақырыбы арқылы анықтайды.


1


Сұрақтарға өз сөзімен жауап береді

1 сұрақ

1сұрақ

1 сұрақ

Негізгі ойды анықтайды.

1

1

1
1

Тірек сөздер мен суреттердің көмегімен әңгіме құрастырады.


2

Әңгіме құрастыруда суреттер мен тірек сөздерді пайдаланады.


3


Барлығы







7

«Отан отбасынан басталады» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты

ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)
Білім алушының аты-жөні ______________________________________________


Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

Негізгі ойды тірек сөздер,

жетекші сұрақтар, мәтін тақырыбы арқылы

анықтайды


Н егізгі ойды тірек сөздер, жетекші сұрақтар, мәтін тақырыбы арқылы анықтауда қиналады

Н егізгі ойды тірек сөздер, жетекші сұрақтар, мәтін тақырыбы арқылы анықтауда қателіктер жібереді

Негізгі ойды тірек сөздер, жетекші

сұрақтар, мәтін тақырыбы арқылы

анықтай алады




Тірек сөздер мен суреттердің көмегімен әңгіме құрастырады

С уреттер мен тірек сөздердің көмегімен әңгіме құрауда қиналады.

С уреттер мен тірек сөздердің көмегімен әңгіме құрауда қателіктер жібереді.

С уреттер мен тірек сөздердің көмегімен әңгіме құрастырады