Файл: азастан Республикасыны білім жне ылым министрлігі л фараби атындаы аза лтты университеті Факультеті.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.12.2023
Просмотров: 24
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
әл -Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті
Факультеті: «Физика техникалық »
Кафедрасы: «Қатты дене физикасы және бесызық физика кафедрасы »
СӨЖ
Тақырыбы : Тұлға дамуындағы стресс .Типологиялық ерекшеліктер.Психологиялық денсаулық ұғымы.
Орындаған :Төлеген Ұлжан ФиАс 1 крус
Қабылддаған:
Алматы 2022
МАЗМҰНЫ
1.КІРІСПЕ
2. Тұлға дамуындағы стресс
2.1.
3.
4.Типологиялық ерекшеліктер
5.ҚОРЫТЫНДЫ
6. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ
Қоғам ежелгі дүниеде мемлекеттен бұрын пайда болған. Сырт көзге ол адамдардың жиынтығын ,бірлестігін елестетеді. Бұл дегеніміз қоғамның адам сияқты жануарлар дүниесінен өзінің саналылығымен жіне мінез-құлқымен түбегейді ерекшеліктігін көрсетеді. Қоғам- адамзаттың қауымдастығы, оны адамдар құрады және соның құрамында өздері өмір сүреді. Жануарлардың биологиялық қатынастары , түптеп келгенде , олардың табиғатқа қатынасы болып табылады, ал адамзат қоғамының ерекшелігін адамдардың бір-бірімен қарым-қатынастары қалыптастырады. Қоғам адамдардың кез келген механикалық жиынтығы емес, керісінше , ол адамдардың тұрақты , орнықты және мейілінше тығыз өзара ықпалы мен өзара әрекеттерінің негізінде құрылатын бірлестік.
ҚОҒАМ
Күнделікті өмірде қоғам ұғымы жиі айтылып, әр түрлі мағынада қолданылады- адамдардың шағын тобынан бастап бүкіл адамзатқа дейін және кітап сүюшілер қоғамынан бастап Қазақстан қоғамына дейін қолданылады. Алайда, әлеуметтану ғылымында қоғам ретінде адамдардың ортақ мекен-жайы , өзін-өзі толықтыру,өзін-өзі толықтыру,өзін-өзі қамтамасыз ету сияқтылармен сипатталатын адамдардың бірлестігі түсіндіріледі.Ғылымда қоғам түсінігіне берілген ортақ анықтама жоқ. Қоғам ұғымына ортақ анықтама берудің күрделілігі бірнеше жағдайда байланысты, атап айтқанда, көлемі жағынан кең және сипаты жағынан жағынан тым абстрактілі болуымен, қоғам әр түрлі бағытта қарастырылатын аса күрделі, көп қабатты, көп жақты құбылыстығымен , қоғам тарихи ұғым болғандықтан ортақ анықтама оның дамуының барлық кезеңдерін қамту мүмкіндігімен,қоғам әр түрлі ғылымдардың қолданатын категориялы болғандықтан, олардың әрқайсысы өз пәні мен зерттеу әдістеріне сәйкес қоғамды анықтауымен, өмірде қоғам ұғымын кең және тар мағынада қолданған сайын оған түсініктеме беру қажеттігімен байланысты. Жалпы әлеуметтану тұрғысынан қоғамға анықтама беретін болсақ, онда қоғам дегеніміз адамдардың жиынтығы, өздерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында олардың өзара байланысы мен өзара әрекетінің қалыптасқан формаларының тарихи бірлестігі және тұрақтылығы мен тұтастығы, өзін-өзі дамытумен сипатталатын, адамдардың өзара байланысы мен өзара әрекетінің негізі болатын ерекше әлеуметтік нормалар мен құндылықтар пайда болып, мәдениет деңгейі жоғары болатын бірлестік. Ал тар мағынада француз, жапон, т.б. қоғам мағынасында айтылады. Бұл жердеқоғам деп тарихи, социомәдени және басқа да ерекшеліктерімен көрінетін нақты қоғам түрі түсіндіріледі.Әлеуметтік жүйе күйіндегі қоғам деп бір-бірімен өзара тығыз байланысты және өзара әрекеттегі және әлеуметтік тұтастықты құрайтын, үлкен реттілікпен жинақталған әлеуметтік құбылыстар мен процестер түсіндіріледі.
Демек, қоғам ұғымының мазмұнын ашатын анықтамалардың бәрінде қоғамның тұрақтылығын құрайтын жүйе элеметтері қарастырылып, қоғамның бәрі бір тектес емес екендігін , көп жақты және әр түрлі сипаттағы әлеуметтік құбылыстар мен процестерді қосқанда олардың өзіндік ішкі құрылымы және құрамы бар екенін көрсетеді.Қоғамның құрамдас элементтеріне адамдар , әлеуметтік байланыстар мен әрекеттер , әлеуметтік өзара қимыл-әрекеттер және қатынастар, әлеуметтік институттар мен ұйымдар , әлеуметтік топтар , қауымдастықтар , әлеуметтік нормалар мен құндылықтар жатады. Бұлардың әрқайсысы бір-бірімен өзара тығыз байланыста болып,қоғамда ерекше орын алып , рөл атқарады .Сондықтан әлеуметтанудың міндеті -қоғам құрылымын анықтау, оның ең маңызды элементтеріне ғылыми сұрыптау жасау, олардың өзара байланыстары мен өзара әрекетін анықтау, әлеуметтік жүйеретіндегі қоғамдағы олардың орны мен рөлін зерттеу. Түптеп келгенде әлеуметтік құрылым қоғамның жүйе ретіндегі тұрақтылығын анықтай-ды. Өйткені қоғам индивидтердің қарапайым жиынтығы, олардың өзара байланысы мен әрекеттері және қатынастары ғана емес, керісінше, ол тұтас жүйе, мұндай жиынтық жаңа, интегралды, жүйелік сапаны тудырады. Әлеуметтік жүйе күйіндегі қоғам - ол өзінің жеке зандары бойыншаөмір сүретін және дамитын әлеуметтік организм. Сайып келгенде, әлеуметтік жүйе күйіндегі қоғам деп бір-бірімен өзара тығыз байланысқан және өзара әрекеттегі және әлеуметтік тұтастықты құрайтын, үлкен реттілікпен жинақталған әлеуметтік құбылыстар мен процестер түсіндіріледі.
Қоғамның жүйелігін көрсететін ұғымдар мен негізгі принциптері бар.Оларды жете түсіну үшін ең алдымен жүйе, құрылым, т.б. ұғымдарын сараптап, білу қажет. Жүйе деп өзара бір-бірімен байланыста болатын және тұрақтылықты құрайтын тәртіптелген элементтердің жиынтығын айтады. Бұл ұғымды түсінуде элемент сөзі маңызды рөл атқарады. Элемент деп отырғанымыз - объект. Объектілердің тікелей қатысуымен жүйе құрылады және өмір сүреді. Объектілерсіз немесе элементтерсіз жүйе ешкашан өмір сүре алмайды. Бірақ жүйеге енген элементтер жүйеге тән қасиеттерді және тәртіп (реттілік) белгілерін қабылдайды. Сөйтіп, элементтердің белгілі бір жиынтығы кез келген тұтасқан жүйенің мазмұнды жағын қалыптастырады. Алайда, элементтердің құрамы тұтастықтың қасиеттерін анықтай алмайды. Жүйе объектісінің ерекшеліктерін, нақты қасиеттерін анықтауда құрылымды, яғни тұтас жүйенің ішкі ұйымдастырылуын білу аса маңызды. Құрылым - бұл жүйенің ретке келтірілуі, ұйымдастырылуы. Бұл, дәлірек айтқанда, жүйе элементтерінің арасындағы байланыстар мен өзара әрекеттердің тәсілі. Құрылымдық байланыстар - элементтердің жүйеде алатын орнымен анықталады. Сондықтан да құрылымның дамуы басты элементтердің екінші қатардағы, айталық, таптар, ұжымдағы лидерлер, т.б. элементтермен өзара әрекетінен көрінеді. Құрылымдық элементтердің өзара әрекеті және олардың дамуы көптүрлі болып, интеграциялық сапаға ие болады, соның нәтижесінде жүйелік байланыстар көбейеді. Бұдан шығатын қорытынды сол, құрылымда болған маңызды өзгеріс бірден жүйеге ықпал етеді. Ал өз кезегінде жүйе құрылымға тікелей болмаса да, элементтер арқылы әсер етеді, сөйтіп, олардың қайсыбір бағытта дамуына қолайлы жағдай жасайды немесе оған кедергі болады.
Әлеуметтік даму - қоғамның ұзақ уақыт бойына біртіндеп, баяу, жүйелі сандық және сапалық өзгеруінің негізгі түрілерінің бірі. Сонымен қатар қоғамның кез келген жаңа қалпына бұрынғымен салыстырғанда жоғары ұйымдастыру әрі қызметтер бөлінісі тән. Адамзат, мемлекет, тап, әлеуметтік жік немесе топ, партия, билік, заң шығару жүйесін, мәдениеттің (жалпы немесе жекелеген халықтың) және т.б. дамуын атап айтуға болады. Бірдей уақыт шамасында әр халықта даму қарқыны әркелкі әрі әртүрлі бағытты болуы мүмкін.
Қоғам өз ішінде әр түрлі әлеуметтік топтарға, жіктерге және ұлттық қауымдастықтарға бөлінеді. Олардың бәрі өзара бір-біріне объективті түрде дәнекер болатын әлеуметтік-экономикалык, саяси, рухани байланыстар мен қатынастардан құралады. Сонымен бірге, олар тек осы байланыстар мен қатынастар шегінде ғана өмір сүреді және қоғамда өздерін көрсете алады. Бұл болса қоғамның тұтастығына, оның біртұтас әлеуметтік организм ретінде өмір сүруіне себепші болады. Мұның мәнін өздерінің теорияларында О. Конт, Г. Спенсер, К. Маркс, М. Вебер, Т. Парсонс жәнет.б. әлеуметтанушылар ашып берген еді. Қоғамның әлеуметтік құрылымы - адамдар қауымдастықтарының және әлеуметтік топтарының арасындағы экономикалық, әлеуметтік, саяси және рухани өмір жағдайларының байланыстары мен қатынастарының жиынтығы.
Қоғамның әлеуметтік құрылымының даму негізіне:
1) қоғамның еңбек бөлінісі;
2) өндіріс құрал-жабдықтарына және оның өніміне меншік қа-тынастары жатады. Қоғамдық еңбек бөлінісі - әлеуметтік топтардын, таптардың, кәсіби топтардың, сонымен бірге қала мен ауыл адамдарынан, ой еңбегі мен дене еңбегі өкілдерінен тұратын үлкен топтардың пайда болып, одан әрі өмір сүрулеріне себепші болды. Өндіріс құрал-жабдықтарына деген жеке меншіктік қатынастар қоғамның осы ішкі бөліністеріндегі оның экономикасын және ішінара қалыптаса бастаған құрылымды нығайтады. Қоғамдык еңбек бөлінісі де, меншік қатынастары да қоғамның әлеуметтік құрылымы дамуының объективті әлеуметтік-экономикалық алғышарттары болып табылады. Қоғам өмірінде әр түрлі қызмет түрлерінің пайда болуына, материалдық өндірістің және рухани мәдениеттің дамуларына еңбек бөлінісінің белгілі дәрежеде елеулі ықпал ететінін кезінде Огюст Конт, Эмиль Дюркгейм, Питрим Сорокин және т.б. дәлелдеген болатын. Тарихи процестегі қоғамдық еңбек бөлінісінің рөлі жөніндегі кең ауқымды ілім, сонымен бірге қоғамның әлеуметтік құрылымының дамуы жөніндегі тұжырымдама ретінде марксизмнің әлеуметтік-экономикалық теорияларында да орыналған еді. Марксизм теориясы жеке меншіктің осы процестегі рөлін де ашып берді.
Қоғамның әлеуметтік құрылымының негізгі элементтері
Қоғамдық еңбектің бөлінісі және өндіріс құралдарына деген жеке меншіктік қатынастар , және оған сай таптар |
Қала мен ауыл адамдары |
Ой және дене еңбегінің өкілдері |
Сословие |
Әлеуметтік демографиялық топтар |
Ұлттық қауымдастықтар |
Қоғамның әлеуметтік құрылымының негізгі элементтеріне: қоғамдық еңбек бөлінісі, өндіріс құралдарына деген жеке меншіктік қатынастар және қоғамдық өнімді бөлуде соған ортақтасатын әр түрлі таптар жатады. Оларды осылайша түсіндірудің қажеттілігін әр түрлі бағыттың әлеуметтанушылары мойындап отыр:
-қала мен ауыл адамдары;
- ой және дене еңбегінің өкілдері;
- сословие;
- әлеуметтік-демографиялық топтар (жастар, әйелдер мен еркектер,
аға ұрпак);
- ұлттық қауымдастықтар (ұлттар, ұлыстар, этникалық топтар).
Мазмұнына қарай топтар | ||||||||
| ||||||||
|
Жоғарыда аталған әлеуметтік топтар мен ұлттық қауымдастықтар құрамдары бойынша біртектес болғанымен, олар осы әрекет барысында жеке жіктер мен топтарға бөлінеді, бұлар әлеуметтік құрылымның өз алдына әрекет ететін элементтері болып саналады, өйткені басқа субъектілермен өзара қарым-қатынас орнату негізінде әлеуметтік жіктер мен топтар өздеріне тән мүдделерді жүзеге асырады. Сондықтан кез келген қоғамның әлеуметтік құрылымы аса күрделі және тек әлеуметтанушылардың көңіл аударатын тақырыбы ғана емес, оған әлеуметтік басқару ғылымының өкілдері, сонымен бірге саясаткерлер мен мемлекеттік қайраткерлер де назар аударатын мәселе. Қоғамның әлеуметтік құрылымын анықтап алмайынша, оның ішінде қандай әлеуметтік топтардың өмір сүретіндігін және олардың мүдделерінің қандай екендігін, яғни олардың қай бағытта әрекет ететіндігін нақты білмейінше, қоғамдық істерді басқаруда, соның ішінде экономика, әлеуметтік, саясат және рухани өмір салаларында бір қадам да алға басуға болмайтынын ұғынудың манызы өте зор. Қоғамның әлеуметтік құрылымына қатысты мәселенің маңыздылығы, міне, осында. Оны шешуді әлеуметтік диалектиканы, тарихи және қазіргі қоғамның даму тәжірибесінің деректерін терең түсіну негізінде іске асыру қажет. Қоғамда өмір сүріп отырған әлеуметтік топтар мен адамдар қауымдас- тықтарының өзара байланысы статикалық емес, керісінше, динамикалық болып саналады, ол адамдардың өз қажеттіліктерін қанағаттандыру мен мүдделерін іске асыру мақсатында туындайтын әрекеттерінен көрінеді. Бұл өзара әрекеттер екі негізгі факторлармен: біріншіден, қоғамның әрбір субъектісінің белгілі бір талабын қанағаттандыруға негізделген қызметтің түрімен; екіншіден, әлеуметтік субъектілердің өз қажеттіліктері мен мүдделерін қанағаттандыру мақсатында пайдаланатын қоғамдық қатынастармен сипатталады. Бұл жерде қоғамдық қатынастардың әлеуметтік құрылымның өміршендігі қанша уақытқа жалғасатындығы әңгіме арқауы болып отыр және бұл қатынастардың түрлері де өте көп. Кең мағынада алатын болсақ, барлық қоғамдық қатынастарды әлеуметтік, яғни қоғамдық деп ажыратамыз. Тар мағынада қарастырсақ, әлеуметтік қатынастар жүзеге асырып отырған экономикалық, саяси және т.б. қатынастармен бірге ерекшелікті қатынастар да маңызды орын алады. Әлеуметтік ерекшелікті қатынастар субъектілер арасында қалыптасады, сонымен бірге адамдардың қажеттіліктеріне сәйкес еңбек жағдайына, материалдық игіліктерге, тұрмыс пен демалуды жақсартуға, білім алуға және рухани-мәдени байлықтарды игеру барысында еркіндікке жетуге, сонымен қатар медициналық қызмет көрсетуге онды ықпал етіп, оны дамытады және әлеуметтік қамсыздандыруға байланысты жоғарыда аталған әлеуметтік топтар арасында да осы әлеуметтік ерекшелікті қатынастар орнайды. Бұл жерде адамдардың өміршең әлеуметтік саласы деп аталатын саладағы қажеттіліктерді қанағаттандыру - ұдайы өндіруге деген қажеттіліктер және олардың өмірлік күштерінің дамуы, олардың әлеуметтік өзін-өзі көрсетуі, қоғамда олардың өмір сүруі мен дамуының негізгі жағдайларын қамтамасыз ету. Осы талаптар тұрғысында сол жерде пайда болатын адамдар арасындағы әлеуметтік қатынастарды одан әрі жетілдіру - қоғам өмірінің әлеуметтік саласының тоқтаусыз алға басуының аса маңызды алғышарты болып саналады. Әлеуметтік құрылымда адамның алатын орнын әлеуметтік теңсіздік
те аныктайды.
ӘЛЕУМЕТТІК ИНСТИТУТ
«Әлеуметтік институт» ұғымы қоғамдық байланыстарды стандарттау, реттеу, заңдастыруды сипаттайды. Ал сол стандарттау, реттеу, заңдастыру процесін «институттану» дейді. Ол заңдастырылған немесе заңдастырылмаған ережелер, принциптер, нормалар мен бағдарларды құрайды. Бұлар адамдардың әрқилы қызметтерін, әркелкі іс-әрекеттерін бір әлеуметтік рольдер мен статустар жүйесіне, іс-әрекеттер жүйесіне ұйымдастыру үшін керек. Батыс социологтарының тұжырымдауынша (Липсет, Блау, Ланберг т.б.), әлеуметтік институттар адамдардың, бұқараның тіршілікте қайталанып тұратын іс-әрекеті мен қызметін, дәстүрі мен дағдыларын, мінез-қылық нормаларын саналы түрде реттеп, тұрақтандырады, жаңартып отырады. Қоғамда қызмет ету салаларына қарай әлеуметтік институттардың 4 тобын атап көрсетуге болады. Олардың әрқайсысы өздерінің функцияларын атқарады:
1) Экономикалық инстиуттар экономиканың тиімді дамуын қамтамасыз ету мақсатында шаруашылықты басқару мен ұйымдастыруды жүзеге асырады.
Мәселен, меншік қатынастары жеке тұлғалардың материалдық және басқа да құндылықтарға ие болуына және олардың пайда көзіне айналдыруына мүмкіндік берсе, ақша – тауар айырбасының жалпылама эквиваленті болып табылады.
Еңбек ақы – жұмысшының еңбегі үшін төленетін ақы.
2) Саяси институттар қоғамды билеу және басқару қызметтерін жүзеге асырып отырады.
3) Рухани саланың институттары ғылым мен білімнің, өнердің дамуына және қоғамдағы моральдық құндылықтарды қолдауға ықпал етеді.
4) Отбасы институты - әлеуметтік жүйенің негізгі және маңызды саласы. Отбасы саналы азаматтың қалыптасцында басты рөл атқарады. Отбасының берекелі де беркі болуына тұтас қоғамның тұрақты болуын қамтамасыз етеді.
Бұл сызбанұсқада келтірілген әлеуметтік институттар арасында тығыз байланыс бар. Мәселен, мемлекет тек саяси билікті ғана жүзеге асырып қоймайды, сонымен қатар экономикалық, рухани және отбасы салаларының қызметтеріне де елеулі ықпал етіп отырады.
Әлеуметтік институттың қызметі:
• біріншіден, мінез-құлықтың тиісті түрлерін реттейтін нақты нормалар мен ережелер жиынтығы;
• екіншіден, әлеуметтік институттың қоғамның әлеуметтік-саяси, идеологиялық және құндылық құрылымдарына интеграциялануы;
• үшіншіден, нормативтік талаптардың сәтті орындалуын және әлеуметтік бақылауды жүзеге асыруды қамтамасыз ететін материалдық құралдар мен жағдайлардың болуы