Файл: азастан Республикасыны білім жне ылым министрлігі л фараби атындаы аза лтты университеті Факультеті.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.12.2023
Просмотров: 25
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қоғам — әлеуметтік институттардың біртұтас жүйесі. Әлеуметтік институттардың әрқайсысы өзінің функцияларын, міндеттерін атқара отырып, қоғамның қалыпты тіршілігі мен дамуын қамтамасыз етеді. Қоғамдағы орнына, атқаратын міндеттеріне, қызметінің сипатына қарай оларды ғалымдар бірнеше топқа біріктіре отырып қарастырады. Айталық, бірінші топта — экономикалық институттар. Олар ұлттық және трансұлттық корпорациялар, қоғамдық өндірісті, шикізат өнімдерін өңдеуші барлық зауыт, фабрикалар, экономикалық бірлестіктер, шағын және орта кәсіпорындар мен шаруашылықтар, индустрия және ауыл шаруашылығында қызмет көрсетуші субъектілер, шару шаруашылықтары, экономика институттарын өзара байланыстырушы жүйелер, банктер т.б. Әлеуметтік қызметтері — өндіріс жиынтығын қамтамасыз ете отырып, қоғамдық байлықты жасау және оны бөлу, экономиканы қоғамның басқа салаларымен үйлестіру. Сонымен қатар заң талаптарымен санаспай, табысы үкімет назарынан тыс қалып жатқан көлеңкелі экономиканың да қоғамда орын алып келе жатқанын ескеру қажет. Екінші топта — қоғамның саяси ұйымы: мемлекет (заң шығарушы, атқарушы және соттық билік жүйесі); саяси партиялар (әлеуметтің әркелкі топтары мен қабаттарының мүдделерін бейнелей отырып, бұл мәселелердің мемлкеттің қатынасуымен шешілуін қамтамасыз ету, оған бақылау жасау және бұл істерге тікелей ат салысу, қоғамдық сана мәселері); мемлекеттік емес қоғамдық ұйымдар (халық және оның әркелкі әлеуметтік топтарының өмірлік мүдделерін бейнелеу, шешу немесе оны мемлекет алдына қою, мемлекетпен бірлесе отырып іске асыру). Саяси ұйымның аталған үш элементтерінің (институттарының) қызметтері — қоғамның өркениет жолымен басқарылуын, дамуын қамтамасыз ету және өркениетті даму идеологиясын, стратегиясын жасау, құндылықтарын нақтылау негізінде әлеуметтік ұйымдастыру. Әрине, жеке тұлға да басқару субъектісі. Ол ешбір ұйымға, партияға енбей-ақ, өзінің ғылыми, жасампаздық, мамандық еңбектері арқылы, ақпарат құралдарын пайдалану, сайлау құқын адал пайдалану т.б. жолдармен басқару, бағдарлау ісіне өз үлесін қоса алады. Сайлаудың демократиялық мүмкіндігін өзі мен халық таңдырын сеніп тапсыратын тұлғаларды дұрыс таңдауға саналы түрде пайдалану оның қоғам игілігіне тікелей қосқан үлесі деуге болады.
Келесі топта — әлеуметтендіру институттары: отбасы, балабақша, мектеп т.б. білім мекемелері, арнайы мәдени қызмет көрсету институттары (театр, әдебиет пен өнер, бұқаралық ақпарат құралдары, музей, кітапхана т.б.). Міндетті қызметтері — жас ұрпақты қоғам мен әлеуметтік уақыт талабына сай жан-жақты тәрбиелеу, әлеумет мәдениетін, денсаулығын, интеллектуалдық рухани байлығын, азаматтық тіршілігін қамтамасыз ету. Төртінші топта — әлеуметтік бақылау институттары: сот жүйесі; ішкі қоғамдық тәртіпті, елдің қауіпсіздігін сақтау, ел іргесін қорғау органдары жүйесі және заңды бұзғандарды түзету мекемелері. Бұлардың қызметінің негізі — заң, Ата заң рухында даярланған заңдық — нормативтік құжаттар. Әрине, заңды оны қорғаушылардың өзі бұзса, өте өкінішті. Сөйтіп, аталған әлеуметтік институттар өзінің тиісті қызметтерін барынша тиімді атқарса, қоғамның жоғары дамыған өкениетті әлеуметтік кеңістік екеніне еш күмән болмайды.
Қызметін атқаруға дәрменсіз әлеуметтік институт «дисфункцияға» (тиісті қызметін атқара алмауы) шалдығады. Оны реттеудің екі жолы бар. Біріншісі — оның қызметі ел үшін әлі қажетті болса, онда оны рефомалау. Құлаққа жиі естілетін «реформалау» ұғымының негізгі мәні де осында. Мекеме (ұйым) жұмысын қазігі сұранысқа сәйкестендіріп реттеу (мәселе кадрда ма, нормативтік құжаттарда ма, әлде дұыс басқаылмай ма, соны нақтылау арқылы), қажетті жолға салу. Екіншісі — қызмет етуге дәрменсіз, түзетуге келмейтін мекеме ретінде оның ісін тоқтату. Кей жағдайда өз уақытында қажетті болған, жаңа кезеңде қажеттілігі қалмаған институттар да енді өз қызметін тоқтатады. Кез келген әлеуметтік институттың пайда болып, қалыпты қызмет етуінің, яғни институттануының және қызметінің тиімді және дұрыс орындалуы мына факторларға байланысты:
- бұл мекеменің (ұйымның) қызметіне қоғамдық сұраныстың болуы;
- мекеменің (ұйымның) заңдық, нормативтік негіздері мен мақсат, міндеттерін дұрыс анықтаған құжаттардың болуы және реттелуі;
- әлеуметтік институттың функцияларын орындаушы маманданған кадрладың жеткіліктігі және олардың біліктілігі;
- мекеме немесе ұйым алдына қойылған функцияларды атқаруды қамтамасыз ете алатын материалдық базаның болуы.
Істі атқарушы адамдар осы институт қызметі идеясын және міндеттерін өзінің ісі деп қабылдап, оны ішкі түсінігіне және қажеттілігіне айналдырған жағдайда ғана олар барлық күш-жігерімен еңбек етеді. Ал шын ниетімен емес, тек роль атқарушы адамдар да (тіпті осы істің маманы бола тұра), өмірлік тәжірибеде кездесіп тұратын құбылыс. Бұлар «қызметі» арқылы өздері қызмет етіп жүрген әлеуметтік институттардың қоғамдық міндеттерін дұрыс атқаруына нұқсан келтірері сөзсіз. Сөйтіп, аталған алғышарттарға сай жаңа әлеуметтік институт пайда болып, бой көтеріп, адамдар мен қоғам игілігіне тиімді қызмет атақара бастаса, оның институттану процесі аяқталады деуге болады. Бүкіл даярлық жолы мен істің басталу барысын «әлеуметтік институт» процесі яғни «институттану» дейді.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта айтқанда, қоғам туралы түсінікті нақтылай түссек, қоғам деп - бірігіп еңбек ететін жеке адамдардың жиынтығын және олардың арасындағы екі жақты қатынасты айтамыз. Біріншісі, қоғам - адамның өмір сүру тәсілі. Қоғамсыз адам жоқ, адамсыз қоғам жоқ. Екіншіден, қоғам жеке адамдардан ғана тұрмайды, ол сол жеке адамдардың өзара қатынасын көрсетеді. Жеке адам қоғамға ұжым арқылы енеді. Ол сонымен қатар бірнеше ұжымдардың мүшесі болады (еңбек, партия, кәсіподак,, т.б.). Демек, қоғам - ұжымдардың ұжымы, бірлігі болып көрінеді. “Қоғам” аталатын адамдар қауымының күрделілігі, көп қырлылығы, сонымен қатар тұтастығы оны әлеуметтік жүйе ретінде қарастыру қажеттігін алға тартады. Қоғам бір текті емес: оның алуан реттегі, әрқилы сипаттағы әлеуметтік құбылыстар мен процестердің бірсыпырасын қамтитын өзіндік түзілімі мен құрамы бар. Әлеуметтік жүйенің құрамдас элементтері адамдар, әлеуметтік байланыстар мен іс- әрекеттер, әлеуметтік қарым- қатынастар мен өзара әрекеттесулер, әлеуметтік институттар мен ұйымдар, әлеуметтік топтар, қауымдар, әлеуметтік нормалар мен құндылықтар т.б. болып табылады. Олардың әрқайсысы өзара тікелей байланыс құрып, қоғам өмірінде ерекше орын алады әрі өзіне лайықты рөл атқарады. Осы орайда, ең алдымен, қоғамның құрылымын анықтап, оның маңызды элементтерін ғылыми тұрғыдан саралау, сондай- ақ әлеуметтік жүйе ретінде қарастырылатын қоғам өміріндегі олардың орны мен рөлін, өзара байланыстары мен әрекеттесулерін түсіндіру әлеуметтану ғылымының басты міндеті. Өзінің құрылымы арқасында ғана қоғам емін- еркін, бейберекет жиылған тобырдан да, өзінің жөнге салынған құрылымы бар өзге әлеуметтік құбылыстардан да мүлдем ерекше тұрады, демек, басқаша сапалық қасиеттерге ие болады. Ал, әлеуметтік құрылым көп жағдайға жүйе ретінде бүкіл қоғамның табандылығы мен тұрақтылығын айқындайды.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1 Әбдікерова Г.О., Әлеуметтану:оқу құралы. -Алматы:Қазақ универ 2011.-192б
2.Әбдісаттаров Р., Дәкенов М.,Әлеметтану:Оқу құралы.Толықт.,2-бас.-Алматы :Қарасай ,2007.- 384б.
3.Тұрғынбаев Ә.Х., Сооциология:-Алматы 2004