ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.12.2023
Просмотров: 60
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Арнасының иректілігі қалыпты, әдетте ағыс бойынша төмен қарай ұлғаяды. Арнаның қолтықтануы тек орта және төменгі ағысында байқалады.
Нұра өзенінің сағасындағы Сергиопольсое бекеті Бекен ауылынан 4 км оңтүстікте, теміржол көпірден 500 м жоғары, Самарханд суқоймасынан 7 км жоғары орналасқан.
Өзен аңғары жайылмалы және жайылмасы ашық, екі жақты, саздақты, уақытша ағындысы бар арналы және ескі арналы. Оң жақ жайылмасының ені 5,0 км, сол жақтікі - 6,5 км. Жайылма тек суы мол жылдары ғана толады.
Өзен арнасы бекет телімінде әлсіз иілген, құмды өзгеріске түскен және жағасының биіктігі 4 м саз топырақты.
Ағынды нормасы деп ағындының көп жылдық кезеңгі орташа мәнін айтады. Ол мән қатар өскен сайын және кемігендігіне қарамастан өзгермеуі керек.
Егер орташа мән қысқа бақылау қатары бойынша анықталса, онда оны норма емес, орташа жылдық шама деп айтады. Ол белгілеу кезінде өзгешеленеді (су өтімі нормасы Q, ал орташа көп жылдық су өтімі Q0).
Ағынды нормасы түрлі сипаттамаларымен белгіленеді: су өтімі, ағынды модулі, ағынды қабаты немесе көлемі.
Гидрологиялық бақылау қатарының репрезентативтілігі қатардың орташа мәнінің орташа квадратының қателігі бойынша анықталады. Ол ағынды нормасынан қаншалықты ауытқандығын көрсетеді. Сондықтан репрезентативтілік бақылау қатарының ұзақтығына және құбылмашылық коэффициентіне тәуелді.
Өзен ағындысының өзгерісін сараптау (көп жылдық кезең үшін) су өтімінің жыл бойынша тербелісін көрсетеді. Ағындының уақыт бойынша тербелісі суы мол және суы аз жылдар тобының кезек-кезке ауысуы түрде болады. Бұл топтар түрлі ұзақтықтағы және түрлі тербеліс ауытқуынан құрайды. Сулылық үлкеюін уақыт кезеңі циклдің суы мол фазасы деп, ал тұрақты кішіреюі – суы аз фаза деп аталады.
Репрезентативті қатарды таңдау үшін интегралды айырмашылық қисығын тұрғызамыз. Ол қисық былай тұрғызылады (осьтері бойыцнша): абцисса бойынша жылдар салынады (Т), коэффициенттердің қосындысының бірден ауытқу жиынтығы мәндері.
Норма (Q0) келесі формуламен, дайындаған кесте деректері бойынша:
, ( 1 )
мұндағы
Qорт – барлық бақылау кезеңіндегі су өнімі;
m – норманы есептеудегі алынған жыл саны.
2.2 Жылдық ағындыны қатар қысқа болған жағдайда есептеу
Қысқа қатарлы бекеттер үшін ағынды нормасын анықтау ұқсас - өзендер байланысын қолдану негізінде жұмыс асырылады. Ол бірдегі физико-географиялық жағдайда орналасуы керек, топырақ өсімдік жамылғысы, ормандылығы, көлділігі, батпақтылығы және есептік пен ұқсас - өзен алабтарының жыртылғандығы 10 млн 20%-дан артық болмауы, алаптардың еңістігі мен ауданы 1,5 млн 3 еседен артық емес, ал орташа биіктігі 300 ден 500м артық болмағаны жөн. Бұл шарттарға өзендердің қоректенуі мен олардың режимі және алабтың мұз басу дәрежесін қосқан дұрыс болады.
Ізделінді норманы екі жолмен табуға болады: аналитикалық және графикалық.
Аналитикалық жол корреляция коэффициенті мен сәйкес регрессия теңдеуін шығарудан тұрады. Есептік байланыс қанағаттандырарлық болуы тиіс, яғни | ч | ≥ 0,70
Қарастырып отырған екі қатардың корреляция коэффицченті мынаған тең:
, (2)
мұндағы
X0 және Y0 – әр қатар мүшелерінің орташаарифметикалық мәні;
Xi және Yi – сол қатардың мүшелерінің сәйкес мәндері.
Екі айнымалылардың корреляциялық байланысы регрессия теңдеуінен өрнектеледі:
(3)
Немесе
Тх
X – X0 = r —— (Y – Y0) ( 4 )
Тy
Мұндағы
Х және Y – ізделінді шама мәні;
Тх және Ту – жылдық ағындының Qi оның орташа мәні мен Qорт орташа квадраттың ауытқуы.
Графиктік жол орташа жылдың су өтімдерінің ізделінді мәні ұқсас-өзен бойынша байланыс графигін тұрғызуға сүйенеді. Егер байланыс қанағаттандырарлық болса, онда ұқсас өзен нормасы бойынша ізделінді өзеннің ағынды нормасы алынады. Мұндағы қажетті шарт: түзу сызықты байланыстың болуы және ч≥0,70 болуы керек. Егер байланыс қисық сызықты болса, онда графиктен әр жыл үшін жетпейтін мәндері алынады да норма анықталады:
( 5 )
мұндағы
n – репрезентативті кезеңдегі жыл саны.
2.3 Жылдық ағындағы деректер жоқ болған жағдайда есептеу
жазықтық өзен бойынша
Әдетте бұл мақсат үшін орташа жылдың ағындының изосызықтар картасы қолданылады. Ең алдымен гилротұстама үшін суайрық сызығын жүргізу керек. Бұл кезде ағындының изосызықтары бірқалыпты немесе бірқалыпсыз болуы мүмкін. Көбінесе екінші жағдай кездеседі, онда су жинау алабының жиі бөліктерде изосызықтардың жиіленгендігі байқалады. Бұл кезде ағынды нормасын анықтау орташа теңгермені аудан бойынша:
( 6 )
Мұндағы
F – су жинау алабының жалпы ауданы (шаршы км);
Fi – изосызықтар арасындағы аудан (шаршы км).
Ағынды нормасы:
( 7 )
немесе
. (8 )
Деректерді көпжылдық кезеңге келтіру
Деректерді көпжылдық кезеңге келтіру үшін жіберілген бақылау қатарындағы мәндерді табамыз. Ол үшін екі қатар айлардың арасындағы байланысты қолданамыз: ординатасы бойынша жіберілген (ай) мәні бар айды саламыз, ал абцисса бойынша үзіліссіз ай қатары.
Келесі ретте аналитикалық үлестірім қисығының параметрлерін: Qорт, Cv, Cs мәндері гидрологияда үш әдістердің біреуімен анықтаймыз: моментер әдісі, шындыққа жақын әдісі немесе графааналитикалық әдіс.
Моменттер әдісі бойынша аналитикалық үлестірім қисығы келесі формулалармен есептелінеді:
, ( 9 )
мұндағы
.
, (10)
мұндағы
Сv және Cs - варияция және ассиметрия коэффициенттерінің ығысқан мәндері;
Ki – модульдік коэффициенттері;
Т - орташа квадраттық ауытқуы;
N – қатардың жыл саны.
Cv және Cs мәндерінің ығыспаған мәні моменттер әдісі бойынша төмендеген формулалармен есептелінеді:
a2 a4 a6
Cv= (a1+ — )+(a3+ — )Cv+(a5+ — )Cv2 . (11)
n n n
b2 b4 b6
Cs= (b1+ — )+(b3+ — )Cs+(b5+ — )Cs , (12)
n n n
Мұндағы
а1, ... а6, в1, ...в6. мәндері кесте бойынша анықталатын параметрлер.
Автокарреляция коэффициенті r (1) келесі формула бойынша есептелінеді:
( 13) мұндағы
(14)
(15)
(9)–(13) формулалар бойынша ассиметрия коэффициенттерінің ығысқан және ығыспаған мәндері есептелініп, кесте 3-де көрсетілген.
Кесте 3 “а” ( 11) формуладағы коэффициенттері
Cv / Cs | Ч (1 ) | а1 | а2 | а3 | а4 | а5 | а6 |
2 | 0 0.3 0.5 | 0 0 0 | 0.19 0.22 0.18 | 0.99 0.99 0.98 | -0.88 -0.41 0.41 | 0.01 0.01 0.02 | 1.54 1.51 1.47 |
3 | 0 0.3 0.5 | 0 0 0 | 0.69 1.15 1.75 | 0.98 1.01 1.00 | -4.34 -7.53 -11.79 | 0.01 -0.04 -0.05 | 6.78 12.38 21.13 |
4 | 0 0.3 0.5 | 0 -0.02 -0.02 | 1.36 2.61 3.47 | 1.02 1.13 1.18 | -9.68 -19.85 -29.71 | -0.55 -0.22 -0.41 | 15.55 34.15 58.08 |
Кесте 4 “ в “ коэффициенттері ( 12 ) формуладағы
Ч (1) | в1 | в2 | в3 | в4 | в5 | в6 | в7 |
0 0.3 0.5 | 0.03 0.03 0.03 | 2,00 1.77 1.63 | 0,92 0..93 0.92 | -5.09 -3.45 -0.97 | 0.03 0.03 0.03 | 8.10 8.03 7.94 | 0 0 0 |
Ағындының жылдық үлестірімі
Жылдық ағынды үлестірімін есептеудің ең көп тараған әдісі В.Г. Андреяновтың әдісі.
Есептік уақыт интервалы ретінде айлар мен (кезеңдер) маусымдар алынады, сирек – декадалар мен апталар.
Есеп су шаруашылық жыл екіге бөлінеді: шектелетін және шектелмейтін. Шектелетін кезеңнің ішінде шектелетін және шектелмейтін маусымдар бөлінеді.
Жарықтың өзендер үшін шектелетін кезең ішінде екі суы аз маусымды бөліп алады: жаз-күз немесе қыс.
В.Г. Андреянов әдісі қармен қоректенетін өзендер үшін жақсы нәтиже береді онда жылдың ағынды үлестірімі мен жылдың сулылығының арасында байланыс бар.
Нұра өзені – с. Сергиопольское бекетінің су өтімін (орташа айлық) екі кезеңге бөлдік: шектейтін және шектелмейтін маусымдар бөлініп алынады. Шектелетін кезең ретінде көктем - жаз алынады.
3 Нұра өзен ағындарының жылдық сипаттамаларын есептеу
3.1 Гидрометриялық ақпараттық деректер бойынша қалыпты
жылдық ағынды анықтау
Өзеннің жылдық ағыны басты гидрологиялық сипаттамалардың бірі болып табылады. Жылдық ағынының уақыт және кеңістік бойынша өзгерісін анықтау, беткі суларды халық шаруашылығында пайдалану, су электр бекеттері үшін бөгеттерді жобалау, суармалау, сумен қамту, ағындыны аймақ ішінде қайта үйлестіру мүмкіндігін және орнықтылығын бағалауға мүмкіндік береді. Өзеннің жылдық су ағынын есептеу үшін математикалық статистика және ықтималдық теориясы, жүйелік талдау және басқа да математикалық әдістерді пайдалану, негізінде гидрологиялық есептеулердің жаңа әдістерін әзірлеу мүмкіншілік беретін басты сипаттама. Өзеннің жылдық су ағынының басқа сипаттамалары, мысалы қамтамасыздығы әртүрлі ағындының жылдық шамалары, маусымдық және айлық шамалары [1; 2; 3; 4; 5; 6; 7; 8; 9].
Өзен ағындысының тәртібі жөніндегі ақпараттың бар жоқтығына және көлеміне қарай қалыпты жылдық ағынды төмендегі үш тәсілдің біреуімен есептейді [1; 2; 3; 4; 5; 6; 7; 8; 9]:
- қалыпты жылдық ағындыны есептеу талаптарын қанағаттандыратындай бағалау кезеңі ұзақ болған жағдайда есептеу жұмыстары тікелей бағалау деректері бойынша жүргізіледі, оның үстіне қолдағы гидрологиялық қатардың ұзақтығы 50-60 жыл немесе онда артық болса, онда осы қатар толығымен осы қатардың ішіне кіретін репрезентативті кезең пайданылады;
- егер бағалау қатарды қысқа немесе репрезентативті емес болса, онда гидрологиялық ұқсастық әдісін пайдалану арқылы осы қатарды ұзақ кезеңге келтіру жүзеге асырылады;
- егер бағалау қатарды тым қысқа болып, гидрологиялық ұқсастық әдісін пайдалануға болмайтын болса немесе ұқсас өзендер жоқ болса, тіпті гидрологиялық бағалау деректері мүлдем жоқ болса, онда қалыпты жылдық ағынды зерттелген өзендердің негізінде жасалған жинақтық қорытындылар бойынша анықталады немесе теңдестік теңдеуі пайдаланылады.
Есептеугидрологиялық сипаттамаларды анықтау бойынша нұсқаларға сәйкес қалыпты жылдық ағындының және қамтамасыздығы берілген орташа жылдық ағындыны есептік мәндерін анықтауға қажетті бағалау кезеңінің ұзақтығы қарастырылып отырған кезеңнің қартарлық және көпжылдық шамасы, салыстырмалы орташа квадраттық қателігінің шамасы 5-10% арқылы бағаланса, ал вариация көрсеткішінің немесе құбылмалық көрсеткішінің қателігі -10-15 % аспайтын болса, жеткілікті болып саналады [10;11; 12; 23].
Егер және аталған шектен артық немесе қатаррепрезентативті емес болса, онда көпжылдық орташа ағынды және вариация көрсеткіші анағұрлым ұзақ кезеңге келтіріледі. Келтіру мүмкін болмаған жағдайда немесе тірек ұқсас тұстамалар жоқ болған жағдайда, қалыпты жылдық ағындының және вариация көрсеткішінің орнына, олардың қолда бар кезең деректері бойынша есептелген мәндері алынады және есептеулерде, олардың салыстырмалы орташа квадраттық қателіктері көрсетіледі[17;18; 19; 20].
Көпжылдық орташа жылдық ағындыны есептеуге арналған жыл бағалаукезеңінің репрезентативтілігін бағалау кезеңі