Файл: 15 дріс таырыбы Белгібай Шалабаев, уанды Жсіпов жне Нржамал Оралбаева.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.12.2023

Просмотров: 130

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


1956 ж. профессор С.Аманжоловтың жетекшілігімен «Октябрьден кейінгі кезеңдегі қазақ жазуының тарихы» атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғаған ғалым зерттеуші еңбегінде қазақ жазуының кезеңдік тарихы сараланып, негізін С.Аманжолов қалаған кирилл таңбалары бойынша жасалған қазақ əліпбиінің өзекті мəселелері ғылыми тұрғыдан бағаланды.

1971 ж. «Қазіргі қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық форманттары» атты тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Ғылыми жұмысында күрделі лексикалық бірліктердің сипаты жөнінде құнды теориялық пікірлер айтылды.
Нұржамал Оралбайқызы – қазақ тіл білімінде сөзжасам жүйесін жеке сала ретінде қалыптастырған ғалым. «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі» атты авторлық ұжым жарыққа шығарған монографиялық зерттеу арқылы сөзжасам жеке сала болып қалыптасып, ғылыми-теориялық негізі қаланып, салалық метатілі, терминдер жүйесі түзілді.
Нұржамал Оралбайқызы Оралбаева - қазақ тілінің грамматикасына, жалпы тіл білімі мәселелеріне арнап жазған 100-ден аса ғылыми мақаланың авторы, ҚазКСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері.

Филология ғылымдарының докторы, профессор Нұржамал Оралбаева есімі қазақ тіл білімінде ғылыми-теориялық тұрғыдан тың мәселелерді көтерген, қазақ грамматикасының 50-90 жылдардағы дамуына іргелі еңбектерімен үлес қосқан ғалым ретінде белгілі.

"Қазіргі қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық форманттары", "Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы", "Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімнің сөзжасам жүйесі", А. Қалыбаевамен бірге "Қазіргі қазақ тілінің морфемалар жүйесі", "Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі", "Қазақ тілінің сөзжасамы" атты ғалымның қаламынан туған қайталанбас ғылыми мұралардың бүгінгі қазақ ғылымында орны ерекше. 

  • 1949 – 1952 ж. ҚазКСР ҒАТіл білімі институтында аспирант.

  • 1952 – 1962 ж. ҚазПИ-де оқытушы.

  • 1962 –1973 ж. доцент,

  • 1973 – 1975 ж. осы институттың профессоры.

  • 1975 – 1989 ж. ҰҒА А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі интында аға ғылыми қызметкер.

  • 1989 – 1997 ж. ҚазПИ-де қазіргі қазақ тілі кафедрасы-1 ның меңгерушісі.

  • 1990 – 1991 ж. осы институтта проректор.

  • 1997 жылдан осы кафедраның профессоры.

  • 1956 жылы "Октябрьден кейінгі кезеңдегі қазақ жазуының тарихы" деген тақырыпта кандидат (профессор С. Аманжоловтың жетекшілігімен), "Қазіргі қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық форманттары" деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Қазақ тілінің грамматикасы, жалпы тіл білімі мәселелеріне арнап жазылған 100-ден аса ғылыми мақала авторы.


Шығармалары:

  • Қазіргі қазақ тілі. Морфология. А., 1961 (авторлардың бірі);

  • Қазақ тілі. A., 1964 (авторлардың бірі);

  • Қазақ графикасы мен орфографиясының негіздері. А., 1968;

  • Қазіргі қазақ тілінің жаттығулар жинағы. А., 1972 (авторлардың бірі);

  • Қазіргі қазақ тілінің морфема жүйесі. А:, 1986(авторлардың бірі);

  • Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімнің сөзжасам жүйесі. А., 1988;

  • Қазіргі қазақ тіліндегі сөзжасам жүйесі. А., 1989;

  • Қазақ тілін үйренеміз. А., 1989 (авторлардың бірі, редакциясын басқарған);

  • Қазақ тілі. Практикалық курс. А., 1993;

  • Практикалық қазақ тілі. А., 1993 (авторлардың бірі).

  • Орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі. А., 1996 (авторлардың бірі). Крзіргі қазақ тілінің жаттығулар жи- нағы. А., 1997.Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3

Әдебиеттер:

1. Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихы, А., 2008.

2. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, , 1998, VI том

3. Жүсіп Қуандық Пазылұлы // Баянаула перзенттері. 1- кітап. – Павлодар,2008. –323 бет.

4. Жүсіп Қуандық Пазылұлы // Ертістің Павлодар өңірі: энциклопедия. – Алматы, 2013. – 356 б.

5. Әулие әулет ұрпағы: Қуандық Пазылұлы Жүсіповтың 60 жасқа толған мерейтойына құттықтау. // Қазақ тілі мен әдебиеті. – 2001. – №12. – 1 б.

6. Сүтжанов С. Шыққан шыңы биік еді. // Сарыарқа самалы. – 2021,18 қараша. – 16 б.

7.«http://kk.encyclopedia.kz/index.php?title=Нұржамал_Оралбайқызы_Оралбаева&oldid=60066» бетінен алынған
Қосымша материалдар:

Тақырыбы: Әлемге әйгілі Қаныш Сәтбаев

Қаныш Имантайұлы Сәтбаев1899 жылдың 12 сәуірінде қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында (бұрынғы Семей губерниясының Павлодар уезіндегі Ақкелін болысы) Имантай бидің отбасында дүниеге келді. Нәрестеге - Ғабдул-Ғани деген есім берілді. Үлкен ұлы Ғабдул-Ғазизді еркелетіп Бөкеш деген сияқты, Ғабдул-Ғаниын да анасы Әлима "Ғаниым, Ғанышым" деп атаған. Бала облыстық мектепке барғанда журналға есімі Қаныш болып жазылып кеткен.

Сауатын ауыл молдасынан ашқан болашақ ғалым, кейін Шорман ауылында орналасқан мектепке қатынай бастайды. Төрт жылдық бағдарламаны үш жылда аяқтайды. 1911 жылдан бастап Павлодардағы 2-сыныпты орыс-қазақ училищесіне аттанады. Аталған білім ордасын мерзімінен бір жыл бұрын бітіріп шығады.



1914 жылы Семей мұғалімдер семинариясына түсіп, оны төрт жылда аяқтап, бастауыш мектептерге орыс тілінен сабақ беруге құқық беретін куәлікке ие болады.

1918 жылдың күзінде Земство басқармасының қаржысымен Алаш қалашағында ашылған, ауылдық қазақ мектептері үшін мұғалім болудан еңбек жолын бастайды. Курс бастығы - Троицк медресесін тәмамдаған Мәннан Тұрғанбаев, оқу ісінің меңгерушісі Павлодарда және Семейде өзімен сыныптас - Жүсіпбек Аймауытов.

Томск технология институтының математика факультетіне оқуға дайындала бастайды. Оқуға түсу үшін математика мен ағылшын тілінен емтихан тапсыруы керек болатын. Осы мақсатта Томск университетінің математика факультетін бітірген Семейде еңбек ететін Ғарифолла Нығметулиннен қыс бойы математика пәні бойынша қосымша сабақ алады.

1919 жылы қатты ауырып, ауруханаға түседі. Ауруханада емдеген дәрігер С.Н.Разумовский науқасқа бұдан былай Семейде қалуға болмайтындығын айтты.

Атқарған қызметі

  • 1920 - 1941 жылдары - Баянауылда халық судьясы, «Атбастүстімет» тресі геология бөлімінің, Қарсақтай мыс комбинаты геологиялық барлау бөлімінің бастығы, комбинаттың бас геологы қызметтерін атқарған.

  • 1941-1952 жылдары КСРО Ғылым академиясы Қазақ бөлімшесінің құрамындағы Геология ғылымдары институтының директоры, КСРО Ғылым академиясының Қазақ бөлімшесі Төралқасы төрағасының орынбасары, төрағасы, Қазақстан Ғылым академиясының президенті болған.

  • 1952 жылы - әміршілдік жүйенің тарапынан қысымға ұшырап, қызметінен төмендетіліп, Қазақ КСР Геология институтының директоры болып тағайындалған.

  • 1955 жылы - Қазақ КСР Ғылым академиясының президенті болып қайта сайланып, өмірінің соңына дейін осы қызметті атқарған.

  • 1947 жылы - Англияға сапар жасаған кеңес парламентарийінің ішіндегі қазақ ғалымына Ұлыбританияның экс премьер-министрі У.Черчилль қалжыңдап «Барлық қазақтар сіз сияқты сұңғақ, батыр тұлғалы ма?» деп сұрапты. Сонда академик Қ.Сәтбаев «О, жоқ, Черчилль мырза, қазақтардың ішіндегі ең кішісі мен, менің халқым менен де биік» деп жауап беріпті.

Ғылым жолында. Сәтбаевтың геологиядан басқа ғылымдарда, мәдениет саласында, тарихта қалдырған еңбектері мол. Ш.Уәлиханов жазып алған «Едіге» жырының мәтініндегі қазақ оқырмандарына түсініксіз араб, татар сөздерінен тазартып, қазақ тілінің жаңа орфографиясының негізінде қайтадан дайындаған.

Ғұлама ғалым Ұлытау өңіріндегі басты-басты тарихи, мәдени, археологиялық ескерткіштерді зерттеді. Жезқазған – Ұлытау өңірінен көптеген этнографиялық мұраларды жинап, «Жезқазған ауданындағы көне заман ескерткіштері» атты еңбегін жазған.Онда Ұлытау өңірі ежелгі металлургия орталығы болуымен қатар қазақ этносының саяси орталығы екендігі де толық дәлелденген.


Қазақ орта мектебінің төменгі және жоғары сынып оқушыларына арналған «Алгебра» оқулығын дайындаған. 1931 жылы басылған А.Затаевичтің «500 қазақ әндері мен күйлері» жинағына Сәтбаев қазақ халқының музыкалық мұрасының інжу-маржаны болып есептелетін 25 әнді өзі орындап, орыс тілінде ғылыми түсініктеме беріп енгізген.

Геологиялық барлау мамандығы бойынша Томск технологиялық институтының тау-кен факультетін бітіріп келгеннен кейінгі Қаныш Сәтбаевтың бүкіл өмірі Қазақстанның минералдық ресурстарын және рудалық кендер генеалогиясын зерттеуге арналған. Оның геологиядан басқа ғылымдардан да; мәдениет саласында да; тарихтан да қалдырған ізі сайрап жатыр. 

Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталуға тақанғанда, жағдайдың аса қиын ауырлығына қарамастан, Қазақ КСР Ғылым академиясының ұйымдастыру жұмысына басшы болып, оның ісіне бел шеше араласуы ұлыларға тән көрегендіктің белгісі еді. Оның қалдырған ғылыми бай мұраларының ішінде, әсіресе, Жезқазған кені туралы зерттеулерінің, Сарыарқаның металлогендік және болжам карталары жөніндегі еңбектерінің мәні ерекше. Жезқазғанның ірі мыс рудалы аудандар қатарына жатуы кезінде осы кеннің жоспарлы түрде кең масштабтағы барлау жұмыстарын ұйымдастыруға болатын ірі объекті екенін дәлелдеп берген Қаныш Сәтбаев еңбегінің нәтижесі.

Сондай-ақ ол минералдық шикізатқа бай Сарыарқа, кенді Алтай, Қарағанды, Қаратау секілді аймақтарға да ерекше назар аудара зерттеп, олардың кендерінің стратиграфиясы, тектоникасы, құрылысы, металлогениясы, неохимиясы және шығу тегі туралы маңызды ғылыми қорытындылар жасады, ғылымға формациялық металлогендік анализдің кешендік әдісін енгізді.

Көптеген тәжірибелі мамандар қатыстырыла отырып, Қаныш Сәтбаевтың басшылығымен бірнеше жылдар бойы жүргізілген тынымсыз еңбектің нәтижесінде Сарыарқаның металлогендік және болжам карталары жасалды. Оны өндіріске ендіру арқылы Сарыарқа аймағында қара, түсті және сирек металдардың біраз жаңа кендері ашылды. Біраз кендерге бүтіндей жаңа өндірістік баға берілді.

Ол Қарағандыда металлургиялық завод салуда, Қостанай, Алтай темір және марганец, Қаратаудың фосфорит кендерін және осылар секілді көптеген ірі нысандарды игеруге, Ертіс-Қарағанды каналының қазылуына, біраз ғылыми зерттеу институттарының ашылуына тікелей араласып, зор еңбек сіңірді, Қазақстан ғалымдарының зор армиясының ақылшысы, тәрбиешісі болды.

Ол геология ғылымына қатысты әлемдік, одақтық, қазақстандық түрлі дәрежедегі толып жатқан комиссиялардың, комитеттердің мүшесі, басшыларының бірі; бірнеше мәрте КСРО және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңестерінің депутаты; СОКП съездерінің делегаты, КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтар жөніндегі комитеттің президиумының мүшесі.


Ол төрт рет Ленин орденімен, Екінші дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденіменмарапатталып, КСРО Мемлекеттік және Лениндік сыйлықтардың иегері болған. Оның есімі институттар мен кен-металлургия комбинаттарына, Қазақстан қалаларының көшелеріне, мектептер мен шаруашылық аттарына берілген.

Сондай-ақ, Алатаудың бір шыңы мен мұздағы, Қаратаудағы ванадий кенінің рудасынан табылған бір минерал (сатбаевит) оның атымен аталады. Оған арналған бірнеше мұражайлар бар.

Еңбектері. Ғалымның негізгі ғылыми еңбектері кентасты кендер геологиясы мен Қазақстанның минералды ресурстарына арналған. Жезқазған кенін зерттеу және Орталық Қазақстанның (Сарыарқаның) металлогендік және болжам картасын жасауда көп еңбек сіңірген. Ол ғылымға формациялық металлогендік анализдің кешендік әдісін енгізген. 

1926-1929 жылдары кені мардымсыз өңір болып саналған Жезқазғанды ірі мыс кентасты аудан қатарына көтеруде Сәтбаевтың еңбегі өте зор болды. Бұрынғы геологиялық деректерге терең талдау жасап, бұл кен ауданының кең көлемдегі геологиялық-барлау жұмыстарын ұйымдастыруға болатын ірі нысан екенін дәлелдеген. Минералдық шикізаттарға бай Сарыарқа, Кенді Алтай және басқа да аймақтарды ерекше назар аударып зерттеген. 1927-1928 жылдары – Жезқазған, Қарсақбай, Атбасар, Спасск аудандары, Қарағанды тас көмір алабы және Қаратау полиметалл кендері жөнінде ғылыми маңызды еңбектер жариялаған. 

1929 жылы Атасу темір-марганец кендерін игерудің негізінде Қарағанды облысында қара металлургия өнеркәсібін дамыту туралы мәселе көтерген. Жезқазған – Ұлытау ауданында мыстан басқа темір, марганец, көмір, қорғасын кендерін ашып, барлау нәтижесінде маңызды геологиялық қорытындылар жасаған. Ұлы Отан соғысы жылдарында танк бронын құюға қажет марганец тапшылығы туған кезде Сәтбаевтың жетекшілік етуімен өте қысқа мерзімде Жезді марганец кені барланып, іске қосылған.

Академиктің қолдауымен Алматыда Орта Азия геофизика тресі ұйымдастырылып, Қазақ КСР Геология және жер қойнауын қорғау министрлігі құрылған. Қазақстан Ғылым академиясын ұйымдастырып, ондағы бөлімдерді, оған қарайтын институттарды, зертханаларды, секторларды, базаларды дұрыс жоспарлаған. Ғылыми кадрлар дайындау ісіне үлкен жауапкершілікпен қараған. Ғылыми зерттеулердің өзекті мәселелерін халық шаруашылығының мүддесіне бағыттап, шаруашылық және мәдени құрылыстың басты мәселелерін шешуге белсене қатысқан.