Файл: 15 дріс таырыбы Белгібай Шалабаев, уанды Жсіпов жне Нржамал Оралбаева.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.12.2023
Просмотров: 129
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Ұзақ жылғы зерттеу жұмысының нәтижесінде Ж.А. Ақышев, М.Қ. Қадырбаев, А.М. Оразбаевтармен бірігіп, «Орталық Қазақстанның ежелгі мәдениеті» атты кітап жазуға қатысып, оның редакциясын басқарды. Бұл кітаптың құндылығы жоғары бағаланып, оның авторларына Шоқан Уәлиханов атындағы мемлекеттік сыйлық беріледі.
Тарих, археология және этнография бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалғаннан кейін ол бұрынғы зерттеу жұмысын одан әрі жалғастыра отырып, сонымен бірге Шоқан Уәлихановтың әдеби мұраларын жинастырып, оны бес том етіп шығарысуға басшылық етеді.
Ол қазақ халқының тарихы мен әдебиетін зерттеуге зор еңбек сіңірді. Ол өзінің «Хандар жарлығының тарихи маңызы» деген тақырыпта қорғаған кандидаттық диссертациясында (1943) көне қыпшақ тарихына байланысты құнды зерттеулер жасады. «Қазақ халқының эпикалық жыр дастандары» тақырыбында қорғаған докторлық диссертациясы қазақ әдебиетi мен тарихы саласындағы iргелi зерттеулердiң нәтижесi саналды.
Әдебиет тарихының көмескі мәселелерін айқындауда Әлкей Марғұланның ғылыми еңбектерінің маңызы айрықша еді. Оның дәйекті ұсыныстары әдебиет тарихын тануда әрі жалпы қазақ әдебиетінің ақтаңдақ беттерін ашып, айқындауда аса зор ықпал етті [1].
Әсіресе, әдебиет тарихының көмескі мәселелерін айқындауда 1959 жылы өткізілген ғылыми-теориялық конференцияның маңызы айрықша болды. Бұл конференцияда қазақ әдебиетінің келелі мәселелерін шешуге бағытталған бірқатар ұсыныстар айтылды. Ол ұсыныстар әдебиет тарихын тануға әрі жалпы қазақ әдебиеттануына кедергі болып келе жатқан проблемалардың бетін ашып алуға ықпал етті.
М.Ж.Көпейұлының әдеби мұрасы жайында баяндама жасаған І.Жарылғапов болсын, не басқа баяндамашылар (Ә. Марғұлан, Е.Ысмайлов, Ә.Қоңыратбаев, Ш.Кәрібаев, Б.Кенжебаев) болсын, бері дерлік оның творчествосының құндылығын, әсіресе, халық ауыз әдебиетін жинаудағы еңбегін аса зор бағалады. Әрине, шығармаларының идеялық қайшылығы бар деп саналған М.Ж.Көпейұлының әдеби мұрасы талас тудырмай қойған жоқ. Ол туралы қилы кереғар пікірлер айтылғанмен, сайып келгенде, барлық ой-тұжырымдар бір арнаға тоғысқандай болды.
Конференцияда қорытынды сөз сөйлеген М.Әуезов баяндамаларды қорытындылай келіп, әдеби мұра және оның зерттелуі жайында толғақты мәселелер төңірегінде өз ой-толғамдарын ортаға салды. Әдебиет тарихының бірнеше күрделі де күдікті мәселелерін шешуге Мұқаңның сөзі шешуші әсер етті. Мәселен, өзгесін айтпай-ақ, өзіміз сөз етіп отырған Мәшһүр Жүсіптің әдеби мұрасы туралы топшылауларын алайық. Әр нәрсеге тереңнен толғанып, ой жүздіріп алып қана байыбына баратын ғұлама М.Ж.Көпейұлы туралы баяндама жасаған, жарыссөзге шыққан сыншыларға сын-ескертпелерін айта келіп, былай дейді: «Мәшһүрдің ұзақ өміріндей шығармашылық жолының да талай-талай кездері болған. Соны ескерту қажет еді. Ол кейде патшалықты жақтаса, кейде халықтық сарынға жақындаған. 1905 жылғы патша манифесінен үміт етіп сөйлеген кезі де бар. Бұл тарихтық заңды жайлар. Мұндай кездерін мінеудің қажеті жоқ» [2]. Сонымен қатар, Мұхтар Әуезов Мәшһүр қолжазбаларының құндылығын, ауыз әдебиеті үлгілерін жинаудағы еңбегін ерекше атап өтеді.
Шынында бұл конференция ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасыр басындағы әдебиеттің бірсыпыра өкілдерінің творчествосын танып білуге аз да болса жол ашты. Солардың бірі – М.Ж.Көпейұлы еді. Ол тірісінде репрессияға ұшырамаса да, оның әдеби мұрасына көп тосқауыл қойылды.
Ал Қазан төңкерісіне дейінгі әдеби процесте М.Ж.Көпейұлының да атқарған рөлі айрықша болатын. Ол – қазақтың сөз өнеріне өшпес із қалдырған көрнекті тұлғаларымыздың бірі. Әдебиетіміздің тарихын зерттеуші-сыншы ғалымдарымыздың көпшілігі оны осы кезеңнің белді де белгілі өкілдерінің бірі деп танылды. Ақын, ағартушы, тарихшы, халық ауыз әдебиетінің үлгілерін жинаушы ретінде ол туралы М.Әуезов, Ә.Марғұлан, М.Ғабдуллин, Б.Кенжебаев, Қ.Бисенбиев, Ә.Қоңыратбаев, И.Жарылғапов, Ы.Дүйсенбаев, М.Бөжеев, Д.Әбілов және т.б. әр ой-пікірлер білдіріп отырған.
М.Ж.Көпейұлы туралы уақыттың талғам-талабына қарай әр кезде әр түрлі пікірлердің болғаны рас. Алайда оның кестелі өлеңдері мен келісті ойларын, әсіресе, халық ауыз әдебиетін жинаудағы еңбегін ешкім жоққа шығарған емес.
Бажайлап қарасақ, Мәшһүр Жүсіп туралы алғаш мақала жазып, өзінің әділ пікірін айтқан адам – академик Әлкей Марғұлан [3]. Оның Мәшһүр өмірбаяны мен творчествосы жетік білуі сол өлкеде туып-өскендіктен де болса керек. Жастайынан оның өлеңдерін жаттап, атағына тәнті болған ғалым өзінің аталмыш еңбегінде ақынның шыққан тегі, өскен ортасы, шығармашылығы туралы мол мағлұмат береді. Сонымен бірге, Көпейұлы діни ортада тәрбиеленгендіктен «діншіл молдалардың әсерінен жуық арада шыға алмады» деп, ақын шығармаларында діни сарыннның орын алу себебінің сырын да ашып айтады.
Бір айтарымыз, зерттеушінің Мәшһүр Жүсіп араб, парсы халқының тарихын, философиясын жақсы білген, химия, физика, геология, астрономия ғылымдарынан хабары болған деуі шындыққа әбден жанасады. Себебі, ол қалдырған көп мұраның ішінде әр алуан ғылым саласынан мағлұмат берерлік ой-тұжырымдардың жиі кездесетіні бұған толық дәлел.
Сонымен, ғалым Көпейұлы шығармаларына ортақ басты кемшіліктерді атай келіп, жазушының халық мұңын мұңдап, өткір де улы тілімен сын айта білгенін, өкімет өкілдерінің жауыздығын, арам ниетін, батыл әшкерелегенін ерекше көрсетуге ниеттенген.
Жалпы алғанда, Ә.Марғұланның жоғарыда аталған тарихи мұралар жөнінде жасалған тұжырымдары бүгінгі жағдайда одан ары дамыта зерттелуге лайық дүниелер екені анық. Олар қазақ қоғамының өркениеттік ерекшеліктерін аша түсуге көмектеспек.
Оның қаламынан туған тарих, археология, этнография, әдебиет және өнер салаларына қатысты ондаған кітап, үш жүзден астам ғылыми зерттеу және жүзден астам энциклопедиялық мақалалар жарық көрді. Көшпенділер мен ата-тегіміздің өмірі, аңыздар мен миф дүниесі, кең дала, ашық ғарыш, киіз үй етене жақын болды.
Академик Ә.Х. Марғұлан берілген мәліметтер бойынша 14 томдық негізгі еңбектерінен тұратын зор ғылыми мұра қалдырды. Тек қана шығармаларының толық жинағы, орасан еңбегі ғалымның ұлы мақсатын түсінуге мүмкіндік береді.
Әлкей Марғұланның ұзақ жылғы қоғамдық өмірдегі және ғылымдағы үлкен еңбегі жоғары бағаланып, ол Ленин, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен және бірнеше медальдармен марапатталған.
Әдебиеттер:
1. Ақышев К. Археология атасы // Ғұлама. Әлкей Марғұлан туралы естелік мақалалар, очерктер жинағы. – Павлодар: ЭКО, 2004. – 45 б.
-
Марғұлан Ә.Х. Ежелгі жыр аңыздар. Алматы: Жазушы, 1985. - 368 б. -
Билял А.Б. Академик Ә.Х.Марғұлан еңбегіндегі қазақ халқының жыр – аңызының этнотарихи мұрасы // Көшпенділер өркениеті мен рухани мәдениетінің тарихы атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Павлодар: ЭКО, 2004. – 269 б. -
Марғұлан Ә.Х. Қазақ халқының эпикалық әңгімелері туралы тарихи-әдебиеттік зерттеулер: Ф.ғ.д. дисс. – Алма-Ата–Москва, 1946. // Ә.Х. Марғұлан шығармалары. Алматы: Алатау. -2007. – ІІІ том. – 488 б. -
ҚР ҒА ҚСКҚ // шифр: қ – 112, 195, 198, 202 -
Марғұлан Ә. Шоқан жазып алған «Манас» жыры // ҚазССР Ғылым академиясының Хабаршысы. – 1965. – № 8. – 10-29б. -
Марғұлан Ә. Көкетайдың ертегісі // Манас жырының Шоқан жазып алған бөлігі. Аударған Марғұлан Ә. Алматы: Жазушы, 1973. – 111 б. -
Марғұлан Ә. Архивтегі жазбалар // Жұлдыз. – 1985. – № 7. -
Нұржанов А, Ақымбек Е . Естеліктер // https://margulan.psu.kz -
Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5 -
Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009 -
Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихы, А., 2008. -
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, , 1998, VI том
Тақырыбы: Жабайхан Әбділдин және Шапақ Шөкин
Әбділдин Жабайхан Мүбәрәкұлы(16.2.1933 ж. т. Павлодар обл. Май ауд. Майтүбек а.) — ғалым, философия ғылымының докторы (1968), проф. (1970), Қазақстан ҒА-ның академигі (1983), Қазақстанның еңбек сіңірген ғыл. қайраткері. ҚазМУ-ді бітірген (1954). 1958 — 84 ж. Қазақстан ҒА-ның Филос. және құқық ин-тының кіші, аға ғыл. қызметкері, бөлім меңгерушісі, директоры қызметтерін атқарды. 1984 — 86 ж. Қазақстан ҒА Қоғамдық ғылымдар бөлімшесінің акад.-хатшысы, 1986 — 95 ж. ҒА-ның вице-президенті болды.
1990 ж. Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің халық депутаты болып сайланды. 1994 ж. ҚР-ның тұңғыш Парламентіне депутат болды. 1995 жылдан қазірге дейін ҚР Парламентінің сенаторы, Сенаттың Халықар. істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы.
Әбділдиннің ғылыми еңбектері негізінен диалектикалық логиканың өзекті мәселелерін зерттеуге арналған. Соның ішінде, әсіресе, нақты ұғым, бастама мәселелерін терең зерттей отырып, олардың филос. тарихы тұрғысынан негізделген диалект. анықтамасын жасады, логикалық және гносеологиялық функцияларына сипаттама берді, қазіргі ғылым мен практикадағы логико-методологиялық рөлін айқындады. Оның басқаруымен диалектикалық логиканың категорияларын, заңдарын, принциптерін жан-жақты зерттеуге арналған ұжымдық монографияларлар жарық көрді.
Осы зерттеулердің нәтижесінде “Диалектикалық логика” аталатын 4 томдық іргелі еңбек дүниеге келді. Мұнда диалектиканың логикалық функциясы анық дәлелденіп, категорияларының ғылыми жүйесі жасалды, әрі олар қазіргі жаратылыстану ғылымдарының методологиялық мәселелерімен ұштастырылды. Әбділдиннің ғылыми басшылығымен 10 ғылым докторы, 40-қа тарта ғылым кандидаты дайындалды. Әбділдин белгілі қоғам және мемлекет қайраткері.
Ол 1987 — 89 ж. Ш. Құдайбердіұлы, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов шығармаларын зерттеп, оларды ақтау мәселесімен айналысқан арнаулы комиссияларды басқарды. 1987 ж. ғылым мен техника саласындағы Лениндік және КСРО Мемл. сыйлықтары жөніндегі комитеттің мүшесі болды. 1986 — 91 ж. Кеңес-қытай достығы қоғамы Қазақ бөлімшесі басқармасының төрағасы, 1981 — 90 ж. КСРО филос. қоғамы Қазақстан бөлімшесінің төрағасы міндетін атқарды.
1990 жылдан бастап Қазақ филос. қоғамының Президенті, ҚР Мәдениет қорының төрағасы. Әбділдин Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының (1984) ҚР Президентінің Бейбітшілік және рухани татулық сыйлығының (1994), қоғамдық ғылымдар саласы бойынша Ш. Уәлиханов атындағы сыйлықтың (1974) иегері. Еңбек Қызыл Ту, “Құрмет белгісі” ордендерімен марапатталған.
Қазақ болып туып, қазақ ғылымына, оның ішінде кенжелеп барып кемелденген қазақ философиясына молынан үлес қосқан, ұлт топырағында диалектикалық логика мектебінің негізін қалаған академик Жабайхан Мүбәрәкұлы Әбділдиннің өмір жолына көз жүгірткенде данышпан Абайдың: «…адамдық қарызы үшін еңбек қылсаң, Алланың сүйген құлының бірі боласың», деген сөзі ойға оралады.
Қазақстан ғылымына еңбек сіңірген қайраткер, Мемлекеттік сыйлықтың, Президенттің Бейбітшілік пен рухани татуластық сыйлығының, Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты, көрнекті оқымыстының ой-өлшемінен өрілген философиялық еңбектері ұлтымыздың руханиятына қосылған мұра екені сөзсіз.
Онда ол Аристотель, Сократ, Кант, Гегель, өзге де әлемдік дәрежедегі ғұламалардың дүниелерін саралай келіп, қазақтың философиялық ой өлшемімен ұштастырып, түйін жасаған академиктің зерттеулері туралы белгілі философтар Б.Кедров, Э.Ильенков, В.Степин, В.Мальцев, Е.Ситковский, В.Лекторский, басқа да алыс-жақын шетелдің зерделі азаматтары оң бағалап, жақсы пікірлерін білдіріп келеді.
Ал азат еліміздің оқымыстылары мен қайраткер қаламгерлері Салық Зиманов, Әбіш Кекілбаев, тағы басқалар, Жабайхан Мүбәрәкұлының ұлт ғылымына сіңірген еңбегін ерекше атап: «Қазақстандық философиялық мектептің негізін салған, өмірдің даму диалектикасын терең түсінген ғалым-философ» дейді.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары: «Бодан болу, құл болу, тәуелді болу дегеннің бір жаман жері бар. Ол адам өзіне сеніңкіремейді. «Біреу не айтады екен?…» дей береді», деп өзі меңзегендей, бір кездері үстем күштің үрейін туғызып, зәре-құтын қашырған, осы қорқыныш қазақ зиялыларын қойдай жусатуға әкелген, жарты ғасырға жуық уақыт сол қырғын-қасіретті құпияда сақтап, құрдымға жібермек болған арам пиғыл су сепкендей сөндіріліп, ақтаңдақ ел болғанда жарыққа шықты. Алаш арыстарын ақтау ісіне Елбасы бас болып зиялы қауым өкілдері бел шеше кірісіп, ұлт ұлылары халқымен қайта қауышты. Солардың қатарында, тіпті алдыңғы шебінде Жабайхан Әбділдиннің жүргені белгілі. «Адам екі нәрсе арқылы қартаймайды. Біріншісі – қайырымды ісі, екіншісі – мейірімге толы сөзі» деп Баласағұн айтпақшы, бұл оның Отанына ерекше қызмет еткенін көрсетеді.