Файл: 3 1 Екінші дегейлі банк First Heartland Jusan Bank А ызметі туралы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.12.2023
Просмотров: 120
Скачиваний: 8
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Мазмұны
Кіріспе ...................................................................................................................................3
1 Екінші деңгейлі банк – « First Heartland Jusan Bank » АҚ қызметі туралы...........4
1.1 «First Heartland Jusan Bank » АҚ –ның қалыптасу тарихы..........................................4
1.2 «First Heartland Jusan Bank » АҚ –ның негізгі қызметтері...........................................6
1.3 «First Heartland Jusan Bank » АҚ -ның карталар бөлімі менеджерлерінің негізгі қызметтері.......................................................................................................................................9
2 « First Heartland Jusan Bank » АҚ – ның қаржы-шаруашылық қызметін талдау
және бағалау................................................................................................................................12
2.1 « First Heartland Jusan Bank » АҚ – ның қызметі нәтижесінің көрсеткіштерін талдау............................................................................................................................................12
2.2 « First Heartland Jusan Bank » АҚ –ның карталар бөлімінде көрсетілетін негізін
анықтау.........................................................................................................................................15
2.3 « First Heartland Jusan Bank » АҚ – ның 2018-2020 жылдары карталар бөлімінің
қызмет нәтижесін анықтау және талдау....................................................................................17
3 « First Heartland Jusan Bank » АҚ – ның даму бағыты мен болашағы..................20
Қорытынды................................................................................................................................22
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..........................................................................................24
КІРІСПЕ
Дипломалды практиканың мақсаты «Бизнес және басқару» кафедрасының «Қаржы» мамандығының 4 курс студенті Сабитова Ғазиза Әуесханқызының тәжірибеден өтуі. Тәжірибе орны «First Heartland Jusan Bank» АҚ болып табылады.Есепте мекеменің жалпы сипаттамасы берілген,бөлімнің қаржылық,экономикалық,басқару және ұйымдастыру қызметінің талдауы мен нәтижелілігі зерттелді.Дипломалды практиканың мақсаты-теориялық білімді бекіту және кеңейту болып табылады.
Қазіргі кезде Қазақстанның банк жүйесінде көптеген өзгерістер енгізілді, коммерциялық банктер өз қызметтерін кеңейтуде, соның ішінде ақша аударымын бір күн ішінде жедел жүргізу мүмкіншілігі
«Қаржы»мамандығы банк ісі, қаржылық менеджмент, салық және салық салу облысында кешенді білім береді.Мамандықтың басты мақсаты – қазіргі Қазақстанның жағдайын ескере отырып, жоғары білікті мамандарды дайындау.Қаржыгер қазіргі заманауи уақытта ең беделді мамандықтардың қатарына кіреді. Кез-келген коммерциялық ұйымның немесе кәсіпорынның мақсаты капиталды ұлғайту болғандықтан, бұл сфераның мамандары білім деңгейіне байланысты жоғары бағаланды.Білікті маман білуі керек.Банк операцияларының негізгі түрлерін депозиттік, кредиттік, бағалы қағаздармен операциялар,
шетел валютасымен, бағалы металдармен операциялар және т.б басшылыққа алады және құжатпен ресімдейді.Бухгалтерлік есеп шоттарында банк операциялары мен қызметтерін, сондай-ақ банктердің ішкі шаруашылық операцияларын көрсету.Банк клиенттерінің несие қабілеттілігіне талдау жүргізу.Банктік ақпараттық технологияларды пайдалану.«Қаржы» мамандығы банк ісі, қаржылық менеджмент, салық және салық салу облысында кешенді білім береді.Мамандықтың басты мақсаты – қазіргі Қазақстанның жағдайын ескере отырып, жоғары білікті мамандарды дайындау.Қаржыгер қазіргі заманауи уақытта ең беделді мамандықтардың қатарына кіреді. Кез-келген коммерциялық ұйымның немесе кәсіпорынның мақсаты капиталды ұлғайту болғандықтан, бұл сфераның мамандары білім деңгейіне байланысты жоғары бағаланды.Бұл мамандықтың түрін аяқтаған кез-келген түлек келесі қызмет түрлерін жетік меңгеруі тиіс. Олар: банктік қызмет, несие, сақтандыру, қаржылық басқару, ақша-несие айналымын реттеудің алғашқы сатысы, банктік және биржалық бизнес, кәсіби мансап үшін дайындалған ұйымдастыру және салық салу негізі, дербес жұмыс істеуге қабілетті қаржы жүйесінің мекемелерінде, ақшалай, қаржылық қатынастар саласындағы экономикалық жағдайдың дамуын болжау, қаржылық және несиелік қатынастар мен олардың кәсіби қызметінің перспективалық даму жағдайы.Біздің түлектерге банк саласында, қор биржасында, сақтандыру компанияларында, инвестициялық қорлар мен басқа да қаржы институттарында жұмыс істеу үшін кең мүмкіндіктер бар. Олар қаржы талдаушылары, инвестициялық кеңесшілер, қаржы директорлары, экономистер, банк ісі, салық органдары, сақтандыру агенттері мен брокерлер ретінде жұмыс істей алады.«Қаржы»мамандығы студенттерге әртүрлі деңгейдегі бюджеттерді қалыптастыру, бухгалтерлік есепті жоспарлау тәртібі, кәсіпорынның қолма-қол ақша ағынын ұйымдастыру және басқару, инвестициялық қызмет, кәсіпорындар мен ұйымдардың және қаржы ұйымдарының қызметін ұйымдастыру бойынша білім алуға мүмкіндік береді.Мамандығы бойынша біздің бағдарлама бәсекелестерінен біршама артықшылықтарға ие.Біріншіден, оқу бағдарламасы мәселелі тақырыптар бойынша дәріс оқуға, өзекті мәселелерді талқылауға шақырылатын жұмыс берушілердің талаптарын ескере отырып дайындалған.Екіншіден, кафедра оқытушылары жыл сайын және әлемнің озық елдерінің ЖОО-да кәсіби біліктіліктерін жоғарылатып отырады, ол ПОҚ құрылымының біліктілік деңгейін жоғарылатуға мүмкіндік береді.Үшіншіден, кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы үлкен тәжірибеге ие банктерде, салық органдарында, қазынашылықта, кәсіпорында және т.б, ол қазіргі заманғы теорияның тәжірибе жүзінде қолдануын қарастыруға қарастыруға мүмкіндік береді. «Қаржы» мамандығы түлектерді қаржа саласында кешендік базалық біліммен, соның ішінде мемлекеттік қаржыны басқару, банк және сақтандыру ісі, ақша айналымы, қаржы нарығы, бағалы қағаздар нарығы, салық және салық салу сұрақтарымен қамтамасыз етеді. Мамандықтың негізгі мақсаты қаржы бөлімдері, өндірістік және бизнес компанияларының қаржы бөлімдерінде, қаржы институттарында (коммерциялық және инвестициялық банктер, инвестициялық компаниялар, сақтандыру компаниялары, сондай-ақ, болашаққа ұлттық экономиканың (мемлекеттік және әкімшілік) игілігіне жұмыс істейтін жоғары білікті мамандар дайындау. Магистратураның түлектері ақшалай-несиелік қатынастар, кәсіпорындардың қаржысын басқару, банк және сақтандыру ісі, салық және салық салу саласында кәсіптік біліммен қамтамасыз етеді, шаруашылық субъектілерінің қаржылық іс-әрекетін ұйымдастыруды, ұлттық және жалпы әлемдік қаржылық жүйе саласында жоспарлау және ақпараттармен жұмыс істеуге үйретеді.«Қаржы» мамандығы бойынша түлектері банктер, салық комитеттері, сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорлары және басқа да қаржы институттарының басшылары мен мамандары, барлық меншік нысанындағы ұйымдардың қаржы директорлары мен талдаушылары ретінде жұмысқа істейді. Магистр келесі практикалық проблемаларды шешуге қабілетті болуы тиіс,компанияның қаржылық жағдайын талдау,қаржылық менеджменттің мәселелерді шешу,инвестициялық жобаларды бағалау басқару есебінде бағдар алу,салық салу және салықтардың негізгі принциптерін түсіну,банктік және сақтандыру саласында бағдар алу,банктерді, инвестициялық компаниялар мен қорларды басқара білу,жылжымайтын мүлікті бағалау, қауіпсіздікті бағалау, компанияны бағалау,қаржылық модельдерді ұсыну болып табылады.
1 « First Heartland Jusan Bank » АҚ – ның негізгі қызметін сипаттау
1.1 « First Heartland Jusan Bank » АҚ – ның қалыптасу тарихы
«First Heartland Jusan Bank» АҚ (бұрын «Цеснабанк» АҚ) 1992 жылғы 17 қаңтарда құрылған және әмбебап коммерциялық банк болып табылады. 2021 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Банктің филиалдық желісіне Қазақстан бойынша 20 өңірлік филиал мен 81 бөлімше кіреді, ал 2019 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 20 филиал мен 118 бөлімше болды. Банк ірі корпорациялар, ШОБ субъектілері және халық үшін банктік қызметтердің кең спектрін ұсынады, оның ішінде кредит беру, ағымдағы шоттарды, мерзімді салымдарды, VISA, MasterCard, UnionPay International халықаралық төлем карточкаларын ашу және оларға қызмет көрсету, ақша аударымдары, тазартылған алтынмен операциялар, кастодиандық қызметтер және тағы басқа қызметтерді жүзеге асырады. «АТФ Банкімен интеграция нәтижесінде Jusan Bank Қазақстанның ең ірі банктерінің бестігіне кірді. Реттеушілік есептілікке сүйене отырып, 2021 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша біріккен банктің активтері шамамен 2,7 трлн теңгені, міндеттемелер - 2,3 трлн теңгені құрады. Несие қоржыны 904,7 млрд теңгеден асты, бұл ретте төлемдердің мерзімін өткізіп алған кредиттер шамамен 20% деңгейінде қалыптасты. Жеке тұлғалардың салымдары 706,5 млрд теңгеге, заңды тұлғалар – 862 млрд теңгеге жетті. Банктің меншікті капиталы 471,4 млрд теңгені құрады. Jusan Bank-тің қаңтар-қыркүйек айларындағы таза пайдасы 19,4 млрд теңге мөлшерінде қалыптасты. 2019 жылғы 29 сәуірде «Цеснабанк» АҚ (бұдан әрі – Банк) өз атауының өзгеруі туралы жариялады. Банктің жаңа атауы жеке тұлғаларға арналған "Jusan Bank" ("Жусан банк" латын әліпбиінде бекітілген) брендімен "First Heartland Jusan Bank" АҚ деп бекітілді.«Бәріміз жусанның көктемгі хош иісі – Ұлы Даланың жаңғыруы мен жаңаруының нышаны екенін білеміз. Әлбетте, бұл біздің Отанымыздың иісі, ол дәуірлердің өткенін, бүгінін және болашағын жалғастырады. Біздің Банктің латын жазулы қазақша жаңа атауы - Jusan Bank біздің құндылықтарымызды: тұтастығымыз бен ілгері дамуымызды білдіреді», - деп Басқарма Төрағасы Бекжан Пірматовпікірімен бөлісті.Ребрендинг туралы шешім Банктің жаңа бизнес стратегиясының шеңберінде қабылданды және 2019 жылдың ағымында сыртқы жарнама нышандары кезең-кезіңімен өзгертіліп, Jusan Bank атауымен және белгісімен жаңа банктік өнімдер және басқа да құралдар енгізілетін болады. Бұл ретте клиенттерге Банк қызметіне байланысты құжаттарға қандай да бір өзгертулер енгізу, карталарды қайта шығару және шарттарға қайта қол қою сияқты мәселелер жөнінде алаңдаудың қажеті жоқ.«Біз транзиттік кезеңді сәтті өткеріп, Банкті толық сауықтырдық және бәсекеге қабілетті жаңа кредит өнімдерін іске қосып та үлгердік. 1 сәуірдегі жағдай бойынша Банк 680 млрд теңгедан немесе барлық активтерінің 70% асатын сомамен жоғары өтімділікті активтер үлесі бойынша нарықтағы үздіктер үштігіне кіреді, сондай-ақ кредиттік портфельге қалыптастырылған резервтер көлемі бойынша бірінші орында»,-деді Б.Пірматов.«Банк атауының Jusan Bank деп өзгертілуі, біздің команда үшін, сондай-ақ біздің клиенттеріміз үшін де біздің барлық жаңа өнімдеріміз бен қызметтеріміз инновациялық және ыңғайлы болуы көзқарасында ілгерілейтін позитивті жағдай болып табылады. Jusan Bank-те өз шаңырағыңыздағыдай бәрінің жайлы да сенімді болғанын қалаймыз»,- деді “First Heartland Jusan Bank” АҚ Басқарма Төрағасы.2019 жылдың сәуір айында акционер өзгерген соң, банктың атын, стратегиясын өзгерту туралы шешім қабылданды. Банк өкілінің айтуынша, "жусан" жәй ғана сөз емес, оның астарында терең мағына жатыр."Жусан - Ұлы даладағы шаңырақ пен Отанның нышаны. Біз - өзінің елі мен барша халқының гүлденуі үшін жұмыс істейтін қазақстандық банкпіз. Біз Jusan Bank өнімін пайдалана отырып, күнделікті қажеттілігіңізді қанағаттандыруда сенімділік пен еркіндікті сезінгеніңізді қалаймыз. Мұндайда өзіңізді әрқашан үйдегідей сезініңіз", - бұл банктің бүгінгі қолданатын негізі стратегиясы.Ауқымды өзгерістен кейін банктің құндылықтары мен мақсаттары да жаңарды. Басты құндылықтар: технологиялық, ашықтық, дербестендіру. Технологиялық - банк барлық өнімдер мен үдерістерде технологиялық тұрғыдан дамығысы келеді, бұл жолда мобильді қосымшалар мен банк бөлімшелеріндегі заманауи құрылғылар мысал.Дербестендіру - жаппай қамту, себебі банк үшін әрбір клиент бірегей және жеке дара қабылданған шешімге ие болады.Банктің жаңа тікелей акционері брокерлік компания First Heartland Securities, бұл компания Назарбаев қорына кіреді. Бүгінде Назарбаев қорына "Назарбаев атындағы зияткерлік мектебі және Назабаев университеті" кіреді."Jusan" банктің басқарма төрағасы - Айбек Қайып. Бұған дейін ол "Jusan" банктің басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған. Сонымен қатар проблемалық активтермен жұмыс істеу бағыттарын қадағалап отырды. Қазақстан Республикасының банк саласында үлкен тәжірибеге ие, өзінің мансап жолын қарапайым аналитиктен бастап аға басқарушыға дейін жеткен. Қайып Айбек Ұлыбританияның Durham University жоғарғы оқу орнының экономика бакалавры, Лондон экономика және саясаттану мектебінде қаржы және есеп магистрі дәрежесіне ие.Банктің 1 шілде бойынша жеке капиталы 232 миллиард теңгені құрайды.2020 жылдың сәуір айында S&P Global Ratings "First Heartland Jusan Bank" АҚ ұзақ мерзімді несиелік рейтингін "B-" деңгейінен "B" деңгейіне көтерді және қысқа мерзімді несиелік рейтингін "B" деңгейіне нақтылады. Болжам - "Тұрақты". Банк рейтингі ұлттық шкала бойынша "kzBB" -ден "kzBB +" -ке дейін көтерілді. Бұл банктің өтімділік резервтерін сақтайтындығы мен тәуекелдерді азайтатындығын білдіреді. Сондай-ақ, S&P пандемия кезінде рейтингін көтерген Қазақстандағы жалғыз банк - Jusan Bank.Ребрендингтен кейін банкте ауқымды өзгерістер жүргізілді, әлі де жүргізіледі.Қазіргі таңда банктің басты мақсаты халықтық банкке айналып, барлық қызметтерді тез әрі оңай көрсетуге негізделген. Сондықтан Jusan банк ұялы телефондарға арналған арнайы қосымша дайындады. Қосымша арқылы кез-келген қызметті алуға болады, мәселен депозит ашу, төлемдер жүргізу, ақша аудару, сонымен қатар банктің картасына тапсырыс беру, карта дайын болғанда, қолданушыға тегін жеткізіледі. Одан бөлек қосымшаға маркет-плэйс Jmart қондырылған. JMart — бұл азық-түліктен бастап, техникаға дейін өнімдерді ең тиімді бағамен таңдап, сатып алуға мүмкіндік беретін онлайн-платформа.Платформа электроника мен басқа да өнімдердің үлкен таңдауын ұсынады. Ең басты артықшылығы қалаған өніміңізді кредитке, бөліп төлеп сатып, сондай-ақ, кез-келген банктің картасымен төлем жүргізе аласыз.Біздің ойымыздағы болашақтағы банк бөлімшесінде тіпті адамдар болмайды, тек қана банкомат, автокасса және бірнеше құрылғы."Қазіргі заманғы банктердің көпшілігі бүгінде цифрлық қызмет көрсету арналарын дамытуға басымдық береді. Алайда, біз алдымызға неғұрлым күрделі және кең міндет қойдық - өз клиенттерімізге цифрлық банкингті ғана емес, сонымен қатар олардың айналасындағы қаржылық және басқа өнімдердің бүкіл экожүйесін құру.Біз өз клиенттерімізге ақшамен ғана емес, сонымен қатар олардың жайлылығы мен әл-ауқатымен байланысты қажеттіліктердің көп бөлігін қанағаттандыруға көмектескіміз келеді. Қазірдің өзінде мобильді "Jýsan" қосымшасын қолдана отырып, кез-келген қазақстандық карта ашып, сақтандыру полисін рәсімдей алады, бағалы қағаздар сатып алады, жабдықтар мен азық-түліктерге тапсырыс бере алады", - дейді банктің басқарушы директоры Қуат Домбай. Оның айтуынша, банктің ең басты байлығы адамдардың сенімі, және олардың сенімін ақтау мақсатында банк әрбір қазақстандықты жоғары сапалы қызметтер мен жаңашылдықпен қуантпақшы. "Заманауи қазақстандық банкті құра отырып, өткенімізді ұмытпай, болашаққа үмітпен қараймыз. Біз дәстүрлі отбасылық құндылықтарға жақынбыз, біз өз үйіміз - Қазақстанды бағалаймыз және оны жайлы еткіміз келеді. Біз өз клиенттерімізге олар үшін ең маңыздысы - отбасы үшін, өзін-өзі дамыту үшін көбірек уақыт қалдыруға тырысамыз", - деп қорытындылайды Қуат Домбай.Қазіргі таңда банктің танымал өнімі ол, әрине мобильді қосымша, өйткені карантин басталған кезде қосымшаны жүктеп алған адамдардың саны күрт артты. Алматы және Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары арасында үлкен сұранысқа ие, себебі карантин кезінде клиенттер үйден шықпай-ақ, мобильді қосымша арқылы керекті қызметтерін алды. Қазақстанның басқа аймақтарында да қолданатын адамдар саны артты. Бұның бәрі қосымшада кредит беру қызметінің қосылғанымен де байланысты болуы мүмкін.Jusan Bank ("Жусан банк") Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің келесімінен соң АТФ Банк акциясының 99,76 пайызын сатып алды."Келісімшартқа сәйкес, АТФ Банктің 124 миллиард теңге мөлшеріндегі меншікті капиталы қосымша провизия құру үшін пайдаланылды. Шығындар жабылған соң Jusan Bank меншікті капиталдың жеткілікті деңгейін қалыптастырып, АТФБанкті қосымша 97 миллиард теңге көлемінде қаржыландыруды жүзеге асырды.АТФ Банкті сатып алуы нәтижесінде Jusan тобына кіретін 2 банк активінің жалпы көлемі шамамен 3 триллион теңге болды. Бұл - Қазақстан банк секторы активінің шамамен 10 пайызы.Екі банктің өтімділігі жоғары активінің жиынтық мөлшері 1,3 триллион теңгеден асады. Бұл Қазақстан нарығындағы ең жоғары көрсеткіштің бірі болып саналады", - делінген хабарламада."Біз бұрыннан келе жатқан қазақстандық банктердің бірі АТФ Банктің Jusan тобына қосылғанына қуаныштымыз. Қазіргі таңда АТФ Банк өзінің өтімділігін едәуір арттырды, қажетті провизия деңгейі қалыптасты. Ол сенімді қаржы институты болып саналады.
1.2 « First Heartland Jusan Bank » АҚ – ның негізгі қызметтері
Банк жылдық қызметінің алдын аланәтижелері бойынша 2019 қаржы жылын 35 млрд теңге көлемінде пайдамен аяқтап, қазақстандық ЕДБ-дің арасындағы меншікті капитал көлемі бойынша екінші орынға шықты.Осылайша, аудиттелмеген есептеме нәтижелері бойынша 2020 жылдың басында Jusan Bank-тің меншікті капиталы 344 млрд теңгені (2019 жылдың басында 215 млрд теңге) құрап, 60%-ға артты. Бұл қазақстандық банк секторының арасындағы екінші орындағы көрсеткіш, оның ЕДБ арасындағы меншікті капиталдың шамамен 9,3% Jusan Bank-ке тиесілі. 2019 жылдың басында Банктің меншікті капиталының мөлшері шамамен 215 млрд теңге деңгейінде болды."Бұл оң нәтижелерге өткен жылы Банктің жаңа менеджментінің белсенді жұмысының арқасында қол жеткізілді. Біз бизнес-үдерістерді оңтайландырдық, First Heartland Jusan Bank-пен біріктік, мобильді банкингті іске қостық және нарыққа жаңа карточкалық өнімдерді ойдағыдай шығардық. Сондай-ақ кредиттік портфельді қалпына келтіру бойынша үлкен жұмыс атқарылды. Нәтижесінде біз 2019 жылдың төртінші тоқсанында 35 млрд теңгеге табысқа шығып, провизияларды төмендете алдық, олардың көлемі 71%–ды құрады", - деп, жылдық қорытындылар туралы Jusan Bank басқарма төрағасы Айбек Қайып атап өтті.Банк активтері 2020 жылдың 1 қаңтарында 1 330 млрд теңгені құрады. Ондағы 2020 жылдың басында реттеушінің 0,3 нормативіндегі банктің ағымдағы өтімділік коэффициенті (k4) 7,133 деңгейінде болды. Осылайша, ағымдағы өтімділіктің көрсеткіштері ең төменгі талаптарды 23 есеге асырып, Қазақстанның ірі он банктерінің арасындағы ең жоғары көрсеткіштеріне ие."Өтімділік қорының жоғары көрсеткіштері мен меншікті капиталдың жеткіліктілігі, Jusan Bank–тің тұрақтылығы мен сенімділігін, сондай-ақ оның нарықтық позицияларды жақсартудағы, нарық үлесін арттырудағы және портфельдің салауатты өсуінің әлеуетін көрсетеді", - деп қорытындылады Қайып мырза.2019 жылдың басындағы банктің несие портфелі 846 млрд теңге деңгейінде, ал провизиялардың жалпы мөлшері 603 млрд теңгені (71%) құрады, бұл ағымдағы NPL-ді 326 млрд теңгеге (портфельдің 38%), яғни екі есе дерлік жабады.2020 жылдың басында клиенттердің салымдары 649 млрд теңгені құрады, ондағы 230 млрд теңге компанияларға және 419 млрд теңгесі жеке тұлғаларға тиесілі.Келтірілген алдын ала қорытынды мәндері 2019 жылғы банк қызметінің қорытындылары бойынша аудиттелмеген қаржылық есептіліктің нәтижелерінде негізделіп жасалған.First Heartland Jusan Bank (бұған дейін – Цеснабанк) Қазақстан қаржы нарығында 1992 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Қазіргі таңда Jusan Bank-тің (Жусан Банк) 120 бөлімшелері Қазақстанның бүкіл өңірлерінде жұмыс істейді.Jýsan Bank өзінің клиенттеріне – жеке және заңды тұлғаларға банктік қызметтердің толық спектрін, соның ішінде ағымдағы шоттарды, халықаралық төлем карталарын ашу және қызмет көрсету, кредиттеу, депозит ашу және Қазақстан және әлем бойынша ақша аударымдары қызметтерін ұсынады.2019 жылдың 6 ақпанында «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік Мектептері» білім беру автономды ұйымдар тобының қаржы холдингтік компаниясының инвестициялық бөлімшесі "First Heartland Securities" АҚ банктің 99.8% жай
акцияларын сатып алды, кейіннен жаңа даму стратегиясы қабылданып, Jýsan Bank ребрендингі жүргізілді (бекітілген қазақша латын әліпбиінде «Jusan Bank»).2019 жылдың 12 тамызында S&P Global Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі «First Heartland Jýsan Bank» АҚ (Jusan Bank) рейтингісі бойынша болжамын «Тұрақты» деңгейінен «Позитивті» деңгейіне көтерді, эмитенттің ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді кредиттік рейтингілерін «В-/В» деңгейінде растады. Сонымен қатар, банктің рейтингісі қазақстандық ұлттық шкала бойынша «kzBB-» деңгейінен «kzBB» деңгейіне дейін көтерілді.Қызмет көрсету кезінде банкте бірнеше айдарлар пайда болды.Осы айдардың көмегімен біраз сұрақтардың шешімін табуға болады.Мамандар келген клиенттерге барынша қызмет көрсетіп,оларды барлық ақпараттармен мүмкіндіктерді атап өтеді.«Маман пікірі» айдарында экономика және басқа да өзекті мәселелерге байланысты сала мамандарының пікіріне сүйене отырып жазылған мақалалар жарияланады. Себебі кәсіби мамандардың ой-пікірі мен тәжірибесі арқылы экономикаға қатысты және қоғамдық маңызы бар мәселелердің себебін түсініп, қалай дамитынын болжауға болады, сондай-ақ көп жағдайда олардың шешу жолы да ұсынылады.Бұл айдарда тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде қандай өзгеріс болатыны, қаржы орталығы экономикаға қалай екпін беретіні, доллар бағамы мен теңге жағдайы туралы сенімді ақпараттар бар. Ақшаны дұрыс үнемдеп, қалай саяхаттауға болатыны, отандық киім брендін ашу мен дамыту туралы да айтылған. Яғни, оқырман аталған айдар арқылы интернет желісіндегі түрлі ақпараттардың дұрыстығын анықтап отырмай, білікті мамандардың пікірі негізге алынған, сенімді материалдарға бірден қол жеткізе алады.Әртүрлі сала мамандарының кәсіби пікірі арқылы таным кеңіп, экономикалық және саяси сауат артып қана қоймай, дұрыс көзқарас қалыптасып, бағыт-бағдар алуға болады. «Маман пікірі» айдарында шетелдік немесе отандық саяхатшы-блогер, кәсіпкер, экономист, дәрігер, заңгер, профессор, белгілі бір ғылымның кандидаттары сияқты сала мамандары өз саласына қатысты құнды пікірлерімен, ақыл-кеңестерімен, тәжірибелерімен бөліскен.«Бизнесті қолдау» айдары оқырманды мемлекет тарапынан кәсіп ашып, ісін өркендетуге мүмкіндік беретін жоба-бағдарламалармен таныстыруға бағытталған. Адамдар жеке кәсібін ашу немесе шағын бизнесін кеңейту туралы көп ойланады. «Бұл бастама қаншалықты өзекті», «Бизнесті бастау үшін алғашқы қаржыны қайдан табамын», «Қандай саланы таңдаймын» деген сауалдар кездеседі. Осы орайда, жастарға, көпбалалы аналарға, түрлі санаттағы жандарға мемлекет тарапынан ұсынылатын бағдарламалар көп. Дәл сол жобалардың мақсатын, өтініш беру уақытын, шарттары мен жұмыс істеу жолдарын «Бизнесті қолдау» айдарынан оқи аласыз. Қайтарымсыз гранттар, кәсіп ашуға бағытталған жобалар, тіпті сол бағдарламалардың арнайы оқыту курстарын да бұл айдар оқырман назарына ұсынады. Мүмкіндікті тиімді пайдалана білген жанға бұл айдардағы мақалалардан жобаға қатысып, қайтарымсыз ақша жеңіп алып, жаңа кәсіп ашып, кәсіпкер атануға мүмкіндік зор.Айдардағы әр материалдан кәсіпкерлердің өнімділігін арттыру, олардың дамуына әсер ету, іскерлік байланысты кеңейту, кәсіпкерлікке байланысты жеңілдетілген несие түрлері жайлы толық ақпаратқа қанық бола аласыз. Сондай-ақ айдарда жобаларға қатысу шарттарымен қатар, орта және шағын бизнес түрлерін қолдау, оларды оқыту бағдарламаларымен кеңірек таныса аласыз.«Баспанаға бағыт» айдары үйлі болуға мүмкіндік беретін мемлекеттік бағдарламалардың басталуы туралы хабарлап, бағдарлама шарттарымен таныстырады. Баспана тақырыбы еліміздің ең өзекті мәселелерінің бірі. Әр азаматтың өз үйіне қол жеткізуі – жаңа, жақсы өмірдің бастамасы. Еліміздің әлеуметтік саясатының маңызды бағыттарының бірі әр азаматты қолжетімді және сапалы тұрғын үймен қамтамасыз ету болып табылады. Мемлекет тарапынан тұрғын үй мәселелері бойынша көптеген бағдарламалар жасалғанымен, оның тиімді және кемшіл тұстары халыққа түсініксіз болып жатады. Сол себепті бұл айдарда біз толық баспанаға қатысты халық көкейіндегі басты сауалдарға жауап береміз. Жастарға арналған бағдарламалар, көпбалалы отбасылардың үйлі болуы, мемлекеттік жобалар жайлы кеңірек тарқатамыз. Оқырман назарына үй кезегіне тұру шарттары, баспананы дұрыс таңдау, оны сату жолдары жайлы қызықты ақпараттар да дәл осы айдарда.Халықтың әр бағдарламаны қалай сауатты таңдап, баспаналы болуға әрекет жасап, қаржылық сауаттылығын арттыру – біздің басты талап. Осы орайда, халықтың сауаттылығын арттыру мақсатында «Ипотекалық калькулятор» жүйесін де арнайы енгіздік. Әр оқырман бұл бөлімде баспана алудың қыр-сырын меңгеріп қана қоймай, өзінің жағдайын, айлық табысын ескере отыра, калькулятордың көмегімен болашақ пәтердің сомасын, артық төлемін біле алады. Бұл мүмкіндік арқылы оқырман түрлі бағдарламалардың пайызын салыстырады. Аталған калькулятор сондай-ақ сізге қандай жобаның тиімді екенін тәжірибе жүзінде есептеуге мүмкіндік береді. Баспанаға қатысты барлық сауалдың жауабы осы айдарда.