Файл: 3 1 Екінші дегейлі банк First Heartland Jusan Bank А ызметі туралы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.12.2023
Просмотров: 123
Скачиваний: 8
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Практика жұмысы кіріспеден, теориялық бөлімнен, негізгі бөлімнен, қолданушыға мүмкін болатын облысының ақпараттық жүйесінің деңгейін бағалаудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
Бірінші бөлімінде банк қызметін қадағалау және рейтингтік бағалаудың негіздері бөлімінде банктік қадағалаудың мәні мен әдістері, рейтингтік бағалау, талдаудың әдістемелері көрсетілген.Екінші бөлімде кәсіпорынның негізгі қызметі, есеп қойылымы, кіріс және шығыс ақпараттар анықталған. Есептер кешенін орындау үшін қолданылатын программалық құралдардың сипаттамасы, программалық жабдықтау құрылымы көрсетілген.Үшінші бөлімінде банктер жағдайының көрсеткіштері арқылы рейтингісін құрастыру көрсетілген. Қазіргі кезеңнің ерекшелігі, үлкен көлемдегі материалдық және шикізаттық қорларға негізделген индустриалды экономикадан ақпараттың негізгі қоры болып есептелетін "ақпараттық экономикаға" ауысу болып отыр. Осы айтылып отырған ақпараттың қоғамда алатын орнының зор екендігін ақпарат мамандары растауда. Бұған дәлел ретінде Республика Парламентінің "Қазақстан Республикасының ақпараттандыру заңын" қабылдағанын жатқызуға болады.
Кез келген қоғамның ақпараттандыру деңгейі ақпараттық қызметтің даму дәрежесімен
және онымен айналысып қызмет көрсететін мамандардың санымен, біліктілігімен анықталады. Сондай-ақ ақпараттандыру, қазіргі ақпараттық технологияларды көп мөлшерде шығарумен оларды соңғы уақыттарда жиі пайдаланып жүрген телекоммуникациялы жүйелерге қосу мәселелерін шешуді қарастырады және де оның алдағы уақыттарда дамуын болжайды. Бұл жағдайларда ақпарат жүйелері экономикадағы басқарудың қажетті таптырмас құралына айналады. Қазіргі уақыттарда ақпарат жүйелері есептеу техникасынсыз қолмен жасалатын ақпарат жүйелері және автоматтандырылған ақпарат жүйелері болып жіктеледі.
Ақпараттық жүйе –экономикалық объектіні басқаруға қажетті ақпаратты жинау, сақтау, жаңарту, өңдеу және шығарып беру жүйесі.
АЖ - ақпараттық жүйе жобасы мен ақпаратты есептеу жүйесінен (АЕЖ) тұратын күрделі жүйе. Ақпараттық жүйе жобасы деп - ақпараттық жүйе тұрғызу мен жұмыс істету шешімдерін сипаттап жазылған техникалық құжат, ал ақпаратты есептеу жүйесі АЖ жобасын жұмыс істетуге бағытталған ұйымдастыру техникалық кешен деп түсінуге болады. АЕЖ мәліметтерді жинауды, өткізіп беруді, өңдеуді, сақтауды, жинақтап толтыруды және шығарып беруді АЖ жобасындағы шешімдерге сәйкес қамтамасыз етеді.
Нарықтық экономиканың функционалды құрылымының ақпарат жүйесіне негізінен экономикадағы ақпарат жүйесі кіреді - бұл экономика бағытындағы қызметкерлерді, техникалық және программалық жабдықтарды, мәліметтерді өңдеу амалдары мен әдістерді, сондай-ақ нақты бір саладағы ақпараттық жүйені қосатын жоғарғы деңгейде арнайы тұрғызылған ақпарат жүйесі. Экономикадағы ақпарат жүйелерінің кіріс құжаттарына ішкі және сыртқы ақпарат жатса, ал шығыс құжаттарына басқару шешімдерін қабылдауға арналған ақпарат жатады. Есеп берулер макроэкономикалық талдауға қажетті мәліметтерді керек еткенімен пруденциялық қадағалау жүйесінде есеп берулер капитал жеткіліктігі, активтердің сапасы мен өтімділік деңгейі сияқты негізгі қаржылық көрсеткіштер мен коэффиценттердің көмегімен талдау жасау арқылы банктің қаржылық жағдайын анықтау үшін қолданылады. Басқа жағынан банктің қаржылық жағдайын тексеру банк басшылығымен немесе оның акционерлері мен салымшыларға қатысты алаяқтық жағдайлар мен заңға қарсы келетін іс-әрекеттерді айқындайды. Мұндай іс-әрекеттер, әсіресе қазіргі кезде банктік алаяқтардың өз құралдарын халықаралық байланыстарда пайдаланып, оларды заңсыз жолмен шығаруға барлық мүмкіндіктерін салуынан көрініп отыр. Банкті тексерушілер заңсыз қызметтер мен алаяқтықты болдырмау мақсатында басқа да органдармен ақпараттар алмасу саласында тығыз қарым-қатынас жасайды.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
-
ҚР – ның «Ұлттық банкі туралы» Заң 2019 ж
-
Банктер және банктік қызмет туралы заң 2019 ж
-
ҚР ҰБ Басқармасының №61 қаулысымен бекітілген «Екінші деңгейдегі банктерде клиенттердің банктік шоттарын ашу туралы» нұсқаулық 2020
4 « First Heartland Jusan Bank » АҚ бөлімдерінің инструкциялары 2020 ж https://lektsii.com/3-100713.html
5 « First Heartland Jusan Bank » АҚ және оның филиалдарының пассиві операцияларын жүргізу тәртібі туралы ереже; 2019 ж https://www.banker.kz/banks/first-heartland-bank/
6 Айтбаева У.Б., Ахметова Қ.Қ. Қор нарығындағы банктік жүйе: шетелдік тәжірибе және қазақстандық ерекшелігі; 2020 ж
7 « First Heartland Jusan Bank » АҚ – ның жарғысы 2021 ж
8 « First Heartland Jusan Bank » АҚ – ның 2018 – 2020 жылдарға арналған қаржылық есептілігі 2020 ж
9 Банк ісі: оқу құралы Искакова З.Д Караганды 2021ж
10 « First Heartland Jusan Bank » АҚ – ның 2020, 2021, 2022 жылдық есептері
11 Ілиясов Қ.Қ , Құлпыбаев С, Қаржы: Оқулық I бөлім – Алматы 2021ж
12 https://kase.kz/ru/issuers/TSBN/
13 https://azattyq-ruhy.kz/economy/10224-kazakstanda-ush-birdei-banktin-karzhylyk-zhagdaiy-kiyndady
14. https://primeminister.kz/kz/news/na-zasedanii-pravitelstva-rk-sostoyalos-podpisanie-mnogostoronnego-memoranduma-po-uluchsheniu-finansovogo-polozheniya-bank-rbk-arc
15 https://kk.yourchildsprogress.com/what-is-a-retail-bank-315209-3734
16 http://www.eurasiancommission.org/kk/act/finpol/dofp/finance/Pages/banks.aspx
17 .https://tengrinews.kz/other/vsemirnyiy-bank-predrek-rekordnyiy-rost-mirovoy-ekonomiki-439776/
18 https://jusanbank.kz/ru