Файл: ысамерзімді жоспар Блімі 5блім. Практикалы программалау.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.12.2023
Просмотров: 25
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қысқамерзімді жоспар
Бөлімі: | 5-бөлім. «Практикалық программалау» |
Педагогтің аты-жөні: | |
Күні: | |
Сыныбы: | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | 5.3. Алгоритмді программалау |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 7.3.2.1 Python программалау тілінде тармақталған алгоритмдерді жазу. |
Сабақтың мақсаты | - алгоритмді программалаудың негізгі құрылымдарымен танысады. - есептерді программалауда тиімді алгортим құрудың маңыздылығын түсінеді. - есепті программалау барысында, оның алгоритмін программалайды. |
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/Уақыты | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар | ||||||
Сабақтың басы 2 мин. | (Ұ) Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен амандасу. Сынып реттілігін қадағалау. Оқушыларды түгелдеу. Оқу құралдарын бақылау. Психологиялық жағымды ауал орнату. «Бір-бірімізді тыңдаймыз десек, 1 рет қол шапалақтаймыз! Ұйымшыл боламыз десек, 2 рет. Белсенділік танытамыз десек, 3 рет шапалақтаймыз!» Ең алдымен, білім алушылар шаттық шеңберіне тұрып, бір-біріне бір ауыз мақтау сөз айтады. Бұл білім алушылардың сабақты жақсы көңіл күймен бастауына ықпал етеді. | Топтастыру Оқушылар жеміс ағашынан өзіне ұнаған жемісін таңдап алып, бірдей жемістер арқылы топтасады. Алма жемісін таңдағандар «Алгоритм» тобына, ал алмұрт жемісін таңдағандар «Программа» тобына бірігеді. | | | ||||||
5 мин. | Ұжымдық жұмыс «Миға шабуыл» әдісі Алдыңғы білім мен бүгінгі сабақты байланыстыру мақсатында төменде берілген сұрақтарға жауап береді. Сұрақтар топтамасы интербелсенді тақтадан көрсетіледі. |
Есептерді программалауда тиімді алгортим құру қаншалықты маңызды? | Бағалау_Мұғалім_оқушыларды_«Мадақтау»_әдісі'>Бағалау Мұғалім оқушыларды «Мадақтау» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың! Тамаша! Керемет! Жақсы! Талпын! | | | |||||
Сабақтың ортасы 26 мин. | Практикалық жұмыс Оқушылар оқулықта берілген практикалық жұмыстың үлгісімен танысып, алгоритмдерді есептер шешуде қалай қолдануға болатынын түсініп, келесі талдау жасайтын 1-тапсырманы орындайды. (Т) Талдау 1-тапсырма «Дүкенге бару» жобасының программалық кодын талдаңдар. Программaға 1) a=4; b=5; c=10 және 2) a=5; b=5; c=9 жағдайлары енгізілгенде қандай нәтижелер алынады? Алынған нәтижелерді талдап, түсініктеме беріңдер. | Дескриптор: - «Дүкенге бару» жобасының программалық кодын талдайды. - Программаға берілген мәндерді енгізіп, нәтижесін шығарады. - Шыққан нәтижелерді талдап, түсініктеме береді. | Бағалау Топтар бір-бірін «Мадақтау» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың! Тамаша! Керемет! Жақсы! Талпын! | 7-сынып оқулығы. Компьютер | | |||||
5 мин | (Ж) Жинақтау 2-тапсырма «Дүкенге бару» жобасының блок-схемасын құрып, ұсыныңдар. Құрастырған блок-схема, алгортим құрылымының қай түріне жатады? Түсініктеме беріңдер. | Дескриптор: - Жобаның блок-схемасын құрып, ұсынады. - Құрастырылған блок-схема, алгортим құрылымының қай түріне жататынына түсініктеме береді. | Бағалау: Топтар бір-бірін «Мадақтау» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың! Тамаша! Керемет! Жақсы! Талпын! | 7-сынып оқулығы Компьютер | | |||||
(Д) 3-тапсырма Үш таңбалы N саны берілген. Осы санның цифларының арасындағы ең үлкенін тауып, экранға шығар. Тапсырманың блок-схемасын құр.
| Дескриптор: - Үштаңбалы N санының цифларының арасындағы ең үлкенін тауып, экранға шығарады. - Тапсырманың блок-схемасын құрады. | Бағалау Оқушы өзін-өзі «Мадақтау» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың! Тамаша! Керемет! Жақсы! Талпын! | 7-сынып оқулығы Компьютер | | ||||||
Сабақтың соңы 7 мин. Рефлексия | Сабақты бекіту (Ұ) «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі Бағалау Есептің алгоритмін құрастырудан программалау процесіне өту кезінде алгоритмді графикалық тәсілде дайындап алудың маңызын бағалаңдар. | Сыныптастарыңмен «Есептің бірден программасын жазудан бастау керек пе жоқ алдын алгоритімін графикалық түрде дайындау дұрыс па?» тақырыбында пікірталас ұйымдастырыңдар. | Бағалау Мұғалімнің қорытынды бағалауы «Мадақтау» әдісі арқылы жүргізіледі. Жарайсың! Тамаша! Керемет! Жақсы! Талпын! | | | |||||
| Үй тапсырмасы Сызықтық алгоритмге арналған есеп құрастыр. Құрастырған есебіңді әрі қарай тармақталу алгоритміне арналған есепке ауыстыр. Құрастырған есептеріңнің блок-схемасын құрастырып, программалық кодын жаз. | |