ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.12.2023
Просмотров: 110
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» МЕББМ
NSEO «KAZAKH-RUSSIAN MEDICAL UNIVERSITY»
БОӨЖ №14
Пандемиядан кейінгі кезеңдегі экономикалық даму
Орындаған: Алимбаев Даурен
Курсы: 1-курс
Факультет: Жалпы медицина
Тобы: 106 A
Тексерген: Хамытхожаева Д. Ж.
Жоспар:
-
КІРІСПЕ
-
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
-
Пандемияның салдарынан кейінгі экономикалық даму
-
-
ҚОРЫТЫНДЫ
-
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
-
КІРІСПЕ
-
вирус ауру тудырып, адам қазасына әкелуі мүмкін; -
вирус адамнан адамға жұғады; -
вирустың әлем бойынша таралуының дәлелі бар.
-
атипиялық пневмония (SARS, 2003 жыл); -
құс тұмауы (2003 жыл); -
Таяу Шығыс респираторлық синдромы (MERS, 2012 жыл); -
Эбола (2014-2015 жылдар); -
Зика безгегі (2016 жыл) секілді жұқпалы аурулар біршама әуреге салды.
-
дене қызуының көтерілуі; -
шаршау; -
құрғақ жөтел.
-
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
-
Пандемияның салдарынан кейінгі экономикалық даму
-
Стратегиялық маңызды құжатта «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасының тиімділігі дәлелденгені жария етілді. Бағдарламаны жүзеге асыру барысында республика бойынша 3,5 мыңнан астам жоба іске қосылса, 70 мың жұмыс орны ашылған. «Бизнестің жол картасы» бағдарламасының арқасында 66 мың жоба мемлекет тарапынан қолдау тапқан. Бұл 150 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға және сақтап қалуға септігін тигізді. Президент мұның бәрі экономикалық дамуымызда оң үрдістің сақталуына әсер еткенін айтты. Оның ішінде зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалану туралы бастама да бар. Ең бастысы, бұл бастаманың әлеуметтік ықпалы айрықша болды. Соның арқасында миллионнан астам азамат тұрғын-үй жағдайын жақсартып, ипотекалық қарызын азайтуға мүмкіндік алды. Дегенмен әлеуметтік-экономикалық ахуалдың әлі де күрделі болуына байланысты Мемлекет басшысы «Қарапайым заттар экономикасы» және «Бизнестің жол картасы» бағдарламаларының мерзімін 2022 жылға ұластыру туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді.Жолдауда бюджеттің кірісін арттыру үшін нақты шаралар қабылдау қажеттігі айтылды. Үкімет пен Ұлттық банкке жыл соңына дейін мемлекет қаржысын басқару тұжырымдамасын әзірлеу міндеттелді. Прзидент экономиканы әртараптандыру, өндірілетін тауарлардың түрін көбейтіп, экспорт географиясын кеңейту жөніндегі жұмысты жалғастыру керектігіне тоқталды.«Әзірленіп жатқан «Өнеркәсіп саясаты туралы» заң өңдеу өнеркәсібінің алдында тұрған сауалдарға жауап беруге тиіс. Соның бірі – шикізатқа қол жеткізудің қиындығы. Отандық өнеркәсіп үшін шикізат тауарларының бағасы қолжетімді, ал көлемі жеткілікті болуы керек деген қарапайым ережені енгізуіміз қажет. Үкімет жыл соңына дейін осы маңызды міндетті шешудің оңтайлы жолын табуға тиіс» деген Қ.Тоқаев Үкімет пен Ұлттық банктің басты міндеті – инфляцияны 4-6 пайыз деңгейіне қайтару екенін қаперге салды.Еліміздің ауыл шаруашылық саласының әлеуеті зор екені көп айтылады. Бірақ агроөнеркәсіп кешені саласында қордаланған мәселелер аз емес. Бұл мәселе Жолдауда кеңінен айтылды. Президент «министр ауысса, саланың саясаты да өзгереді» деп баға тұрақсыздығын сынға алды. «Әкімдер түрлі себептерді сылтауратып, ықпалды адамдардың ығына жығылып, бұл мәселені шеше алмай отыр. Үкімет құзырлы органдармен бірлесіп, осы ахуалды өзгертетін батыл шаралар қабылдауға тиіс» деген Мемлекет басшысы жеке қосалқы шаруашылықтардың малын жайылымдық жермен қамтамасыз ету мәселесіне айрықша назар аударуды тапсырды.
Мемлекет басшысы айқындап берген бірінші басымдықта Ауғанстандағы ахуал назардан тыс қалмады. Президент жаһандық шиеленістің күшеюі қорғаныс өнеркәсібі кешенін және Әскери доктринамызды толығымен қайта қарауға міндеттейтінін айтты. «Біз сыртқы қатерге және оқиғаның қалай өрбуіне де дайын болуымыз керек. Сырттан төнетін қауіпті модельдеу айрықша өзектілікке ие болуда» деген Қ.Тоқаев мемлекеттік аппараттың іс-қимыл жоспары әзірленетінін хабарлады.Жолдаудағы бірінші басымдықта елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттары толық қамтылды. Тұрғындардың әл-ауқатын арттыруды көздейтін стратегиялық маңызды құжатта көрсетілген тапсырмаларды сапалы, уақытылы орындау үшін атқарушы, өкілді, қадағалаушы, заң шығарушы органдар бірлесе жұмыс істеуі қажет. Сонда ғана халықтың билікке, Жолдауға деген сенімі арта түседі.
-
ҚОРЫТЫНДЫ
-
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
-
Қазақстан Республикасы президентінің жолдауынан;
-
Егемен қазақстан газетінен
Алматы 2023