Файл: Мектепке дейінгі трбие мен оытуды, бастауыш, негізгі орта жне жалпы орта білімні жалпы білім беретін оу бадарламаларын, техникалы жне ксіптік, орта білімнен кейінгі,.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.12.2023
Просмотров: 196
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
45. Комиссияның шешімі осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хаттамамен ресімделеді. Аттестаттаудан сәтті өткен педагогтердің тізімі аттестаттауды өткізген мемлекеттік органның немесе білім беру ұйымының Интернет-ресурсында немесе ақпараттық жүйеде жарияланады.
46. Біліктілік санаты педагогтердің өтініші негізінде бірақ бір жылдан аспайтын мерзімге келесі жағдайларда ұзартылады:
"Әлеуметтік мәні бар аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-108/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21263 болып тіркелген) әлеуметтік маңызы бар аурулар мен айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар тізбесіне сәйкес уақытша еңбекке жарамсыздық кезінде;
жүктілікке және босануы бойынша демалыстан немесе бала үш жасқа толғанға дейін оны бағып-күтуге арналған демалыстан немесе жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерлер үшін демалыстан шыққаннан кейін;
білім беру ұйымдарына білім беру саласындағы уәкілетті органнан, білім беруі басқармалары органдарынан, әдістемелік кабинеттерден, біліктілікті арттыру институттарынан ауысқан жағдайда.
Педагогтер бір жылдан кейін біліктілік талаптарына сәйкес келетін санатқа ПББ тапсырады. Педагогтердің осы санаты үшін қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау кезеңін тиісті деңгейдегі аттестаттау комиссиясы ПББ тапсырған сәттен бастап бір жыл өткен соң жүргізеді. Бұл ретте педагогтің осы кезеңде қолда бар біліктілік санаты сақталады.
47. Осы Қағидалардың 46-тармағында көрсетілген педагогтер біліктілік санатының қолданылу мерзімін ұзарту туралы мәселені шешу үшін Комиссияға мынадай құжаттарды ұсынады немесе ақпараттық жүйедегі педагогтің цифрлық профиліне жүктейді:
1) біліктілік санаттарының қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтініш (еркін нысан);
2) біліктілік санатының қолданылу мерзімін ұзартудың негізділігін растайтын құжат.
48. Комиссияның біліктілік санатының қолданылу мерзімін ұзарту жөніндегі отырысы өтініш келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өткізіледі.
49. Комиссияның біліктілік санатының қолданылу мерзімін ұзарту туралы шешімі осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хаттамамен ресімделеді.
50. Жасы бойынша зейнетақыға дейін төрт жылдан аспайтын педагогтер аттестаттау рәсімінен босатылады. Қолда бар біліктілік санаты оның берген өтініші негізінде зейнеткерлік жасқа толғанға дейін сақталады. Біліктілік санатының қолданылу мерзімін ұзарту туралы бұйрықты білім беру ұйымының басшысы шығарады. Бұйрықтың күші зейнеткерлік жасқа толғанға дейін сақталады. Зейнеткерлік жасы "Қазақстан Республикасында зейнеткерлік қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген.
Зейнеткерлікке шыққаннан кейін педагогикалық қызметті жүзеге асыруды жалғастыратын зейнеткерлік жастағы педагогтер аттестаттау рәсімінен жалпы негіздерде өтеді.
51. Мынадай санаттағы педагогтерге:
"санаты жоқ" біліктілік санаты "педагог" біліктілік санатына теңестіріледі;
"екінші санат" біліктілік санаты "педагог-модератор" біліктілік санатына теңестіріледі;
"бірінші санат" біліктілік санаты "педагог-сарапшы" біліктілік санатына теңестіріледі;
"жоғары санат" біліктілік санаты "педагог-зерттеуші" және (немесе) "педагог-шебер" біліктілік санаттарына теңестіріледі.
52. Қазақстан Республикасының шегінде педагогикалық салада тиісті мамандық бойынша жаңа жұмыс орнына ауысқан кезде педагогтердің (басшылардың, басшы орынбасарларының, әдіскерлердің) бар біліктілік санаты оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін сақталады.
53. Педагогтерге біліктілік санатын беру білімі туралы дипломда көрсетілген мамандыққа (біліктілікке) немесе атқаратын лауазымы бойынша тиісті біліктілік беріле отырып, қайта даярлау туралы құжатқа сәйкес жүзеге асырылады.
54. Білім туралы дипломда бір мамандық ретінде көрсетілген пәндерді оқыту жағдайында біліктілік санатын беру оқытылатын/оқытылған пәнді/пәндерді (таңдау бойынша) көрсете отырып, негізгі лауазым бойынша жүргізіледі және негізгі лауазым бойынша санат беріледі. Негізгі лауазымы бойынша берілген біліктілік санаты тиісті бағыт бойынша оқытылатын барлық оқу пәндеріне/пәндерге қолданылады.
55. Шағын жинақталған мектеп педагогтері үшін дипломда көрсетілмеген пәндерді оқыту жағдайында кезекті біліктілік санатын беру пәнаралық (аралас) пәндер бойынша тиісті біліктілік бере отырып, қайта даярлау туралы құжат болған кезде атқаратын лауазымы бойынша жүргізіледі.
56. Педагог жоғары оқу орындарында немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында мамандарды кәсіптік даярлау жүзеге асырылмайтын пәндерді оқытқан жағдайда, оның бұрын алған санаты сақталады. Біліктілік санатын кезекті беру біліктілікті арттыру туралы тиісті құжат болған кезде жалпы негізде жүргізіледі.
57. Арнайы білім беру ұйымдарында сабақ беретін педагогтер кезекті біліктілік санатына дипломына сәйкес, бейіні немесе қайта даярлау туралы құжаты бойынша, білім беру ұйымдарындағы тиісті бейін бойынша өтеді.
58. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері кезекті біліктілік санатына оқытатын бейінге сәйкес өтеді.
59. Әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың), қосымша білім беру ұйымдарының педагогтеріне (әдіскерлеріне) диплом бойынша немесе атқаратын лауазымы ескеріле отырып біліктілік санаттары беріледі.
60. Білім беру ұйымынан тиісті пән бойынша әдістемелік сүйемелдеуді жүзеге асыратын ұйымдарға немесе білім беру қызметін жүзеге асыратын ұйымдардан ауысқан кезде педагогтің бар "педагог-модератор", "педагог-сарапшы", "педагог-зерттеуші", "педагог-шебер" біліктілік санаты оның қолданылу мерзімі өткенге дейін сақталады (теңестіріледі).
61. Әдістемелік кабинеттердің (білім беруді басқару органдарының құрылымдық бөлімшелерінің) басшыларына (меңгерушісіне), әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың), "Дарын" орталығының, ақпараттандыру, мектепке дейінгі, арнайы және қосымша білім беру орталықтарының, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының әдіскерлеріне білім беру ұйымдарына ауысу немесе қоса атқару шарттарында оқытушылық қызметті жүзеге асыру кезінде қолда бар біліктілік санат сақталады.
Педагог (оқытушы) лауазымы бойынша берілген біліктілік санаты әдіскер лауазымына қолданылады.
Әдіскер лауазымы бойынша берілген біліктілік санаты педагог (оқытушы) лауазымына қолданылады.
62. Бейіннен тыс педагогикалық білімі бар мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне тиісті бейін бойынша қайта даярлау туралы құжат немесе біліктілікті арттыру курстары туралы құжат болған кезде біліктілік санаты беріледі.
63. "Көркем еңбек" пәні бойынша сабақ беретін педагогтер "Технология", "Бейнелеу өнері", "Сызу" мамандықтары бойынша дипломмен аттестаттаудан өтеді; "Графика және жобалау" пәні бойынша – "Бейнелеу өнері", "Сызу", "Информатика" мамандықтары бойынша диплом, сондай-ақ бұрын берілген біліктілік санатын ескере отырып кәсіптік оқыту ескеріледі.
64. Арнайы білім беру ұйымдарында немесе арнайы сыныптарда (топтарда) білім туралы дипломда көрсетілген мамандық бойынша емес қызмет жүргізген жағдайда, біліктілік санатын кезекті беру тиісті бейіні бойынша қайта даярлау туралы құжаттың негізінде атқаратын лауазымы бойынша жүргізіледі.
65. Инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын жалпы білім беретін мектептерде сабақ беретін педагогтер дипломда көрсетілген мамандыққа сәйкес кезекті біліктілік санатын беруден өтеді, бұл ретте портфолиода ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс жөніндегі материалдар көрсетіледі.
2-параграф. Педагогтерге біліктілік санаттарын мерзімінен бұрын беру тәртібі
66. Бiлiктiлiк санатын мерзiмiнен бұрын беруге кезектi аттестаттаудан кейiн екi жыл өткен соң жол берiледi. Педагог мерзімінен бұрын аттестаттауға өтінішті осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша осы Қағидаларда айқындалатын тәртіппен соңғы екі жылдан кем емес қызметтің тиісті нәтижелері болған кезде береді.
67. "Педагог-модератор" біліктілік санатын мерзімінен бұрын беруге педагогтер кемінде мынадай екі талапқа сәйкес болған жағдайда қатысады:
пәнді ағылшын тілінде оқыту құқығымен жоғары оқу орнын бітірген, ағылшын тілін С1 деңгейінен төмен емес (сефр (CEFR) шкаласы бойынша) білетіндігін растайтын сертификаты (куәлігі) бар немесе ғылыми-педагогикалық бейіні бойынша "магистр" академиялық дәрежесі берілген дипломы бар адамдар;
білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес аудан (облыстық/республикалық маңызы бар қала) деңгейінде кәсіби шеберлік конкурстарының жүлдегерлері немесе жеңімпаздары болып табылатын адамдар;
білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес облыстық деңгейде олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың жеңімпаздарын немесе жүлдегерлерін дайындаған адамдар.
68. "Педагог-сарапшы" біліктілік санатын мерзімінен бұрын алуға мынадай талаптардың кемінде төртеуіне сәйкес келетін педагогтер қатысады:
білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес облыстық, республикалық деңгейлерде кәсіби шеберлік конкурстарының жүлдегерлері немесе жеңімпаздары болып табылатын адамдар;
білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес облыстық, республикалық деңгейлерде олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың жеңімпаздарын немесе жүлдегерлерін дайындаған адамдар;
аудандық/қалалық деңгейдегі "Үздік педагог" атағына ие болған адамдар;
Білім беру мазмұнын сараптау республикалық ғылыми-практикалық орталығының "Сарапшылардың электрондық базасына" сәйкес немесе Республикалық оқу-әдістемелік кеңес ұсынған оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды сараптау жөніндегі сарапшылардың құрамына кіретін адамдар;