Файл: Компьютерлік желілерді оытуды электронды зертханалы практикумын жасау.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.12.2023
Просмотров: 164
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Вирустың негізгі үш типі бар. Қосу секторының вирусы өзіне залалданған компьютердің жүйелілік кодын қосып алады. Бұл вирустың адам ойлап тапқан бірінші типі. Қосу секторының вирустары үнемі залалданған компьютердің жадында сақталып тұрады және оларды тез тауып алып, жылдам түрде жойып жіберіп отыруға болады. Мұндай вирустардың мысалы әлдеқашаннан бар Stones және Michelangelo вирусы болып табылады.
Файлдарды залалдандыратын вирустар жүйелі қосу секторы жадына емес, орындалатын файлдарға қосылады. Сылайша, файлдарды залалдандыратын вирустар, жүйенің өндірушілігіне тек қана компьютер жадында залалданған файл болған жағдайда, әсер етеді. Мұндай вирустарды табу және оларды құртып, жойып отыру, қсу секторының вирустарына қарағанда, әлдеқайда күрделірек. Мұндай вирустарға Vienna Jerusalem Dark Avenger Frodo сияқтылар мысал бола алады.
Вирустардан келетін қауіптің ең соңғысы микровирустардан келіп шығады. Вирустың жасалып жатқан файлдан арқылы ауысқан басқа түрлеріне қарағанда, микровирустар құжаттарды көбірек жұқтырады. Бұл вирустарды жұқтыру әдісі басқаша болып келетіндігіне қарамастан, макровирустар да аса қауіпті бола береді. Басқаша айтқанда, макровирустар да жасалып жатқан файлды ғана емес, соонымен бірге мәліметтері бар файлдарды да «құртатын» оларға жұғатын қаупімен де тым қауіпті деп саналады. Егер жұмыс жасалып жатқан файлды жай ғана залалданған өнімді қайта құра отырып, оп-оңай ауыстыруға болатын болса, ал құжаттарды бұлай жай ғана ауыстыра салу оңай емес.
Интернет желісі біздің өмірімізге тереңдей еніп кеткендігіне қарамастан, ооларға қоса вирустардың жаңа түрлері пайда болды. Мысалы, «Good Taims» вирусы қатты дискіде бар нәрсенің бәрін құртып жіберетін электрондық пошта хабарламасы арқылы келеді, ал оны активтендіру үшін, Good Taims тақырыбы бар электрондық пошта хабарламасын ашудың өзі жеткілікті болады. Айналадағылардың барлығын сақтандыру мақсатында, пайдаланушылар желі сетьтерін толтыра отырып, өздерінің барлық достары мен таныстарына, қызметтестеріне «ескерту» жібереді.
Вирустардан өзге, компьютерлік паразиттерді трояндар мен червилер әкеліп қосады. Троян (атақты Троя жылқысының атауына байланысты шыққан) - бұл кәдімгі қосымшаны бүркеніп келетін вирус не деструктивті программа. Пайдаланушы, өзінің ой-пікіріне орай, қосымшаны жіберіп алады да, паразитті еркіне қоя береді. Черви,
негізінен алғанда, файлдар емес, жад болып табылады. Мұны жұқтырудың соңы жүздеген міндеттерді, тапсырмаларды жүйенің өндірушілік қабілеті әлсірегенше немесе жүйе мүлдем істен шыққанға дейін бірден үйіп-төгір жіберуге әкеліп соғуы мүмкін. Бақытымызға орай, бір жақсысы, Чвервидің шабуылына залалданған жүйені қайта іске қосу арқылы, тойтарыс беруге болады..
Компьютерлік шабуылдардан қорғанудың ең жақсы жолы – басып алу болып табылады. қажетті деген профилактикалық шараларды максималды түрде жүргізіп, залалдану мүмкіндігінен қоорғап қалуға болады. Жасап отыруға мейлінше болатын профилактикалық шаралардың қатарында, дыбыстық ескерту мен пайдаланушы саясатын жасау бар.
-
Барлық жүйелі және орындалуға жататын файлдар үшін, «Тек қана оқуға арналған» деген атрибут орнатыңыз. Кейбір вирустардың файлдың бұл атрибутын өзгерте алатындығына қарамастан, жаңа ооперациялық жүйелерде бұл сияқты мүмкіндіктер есепке алынған. Енді арнайы құралдардың жәрдемімен, қосымша файлдарының атрибуттарын өзгертуге болады. -
Пайдаланушалардың дисководтарға және портативтік құрылғыларға қатынас орнатуына шектеу қойыңыз. Залалданған дискеттер жүйеге вирус кіруі түпнегіздерінің бірі болып табылады. Одан өзге, жоғарыда айтылып өткеніндей, дисководтарды пайдалануға шектеу қою, маңызды деген мәліметтерді жооғалтып алу мүмкіндішгін азайтады. -
Пайдаланушыларды жақсы жұмыс істей алуға үйрету, компьютерлік паразиттермен күресудің тиімді құралы болып табылады. Барлық қызметкерлерге залалданудың қауіптілігі жайлы, вирустың типтері, оның ақыр аяғы неге апарып соғатыны туралы және профилактикалық шаралардың пайдасы туралы айтып қойыңыз. Алдын ала осылай ескерту жасалған пайдаланушы, қауіпті деген қосымшаның белсенділігін өз бетінше анықтап, дер кезінде бүкіл компанияға дабыл қағып, вирустың таралып кетуіне жол бермеу керектігінің жолын қарастыратын болады.
Дыбыстық ескерту мен пайдаланушы саясатын енгізуден басқа, желідегі барлық компьютерлерге вирусқа қарсы проограммалық қамсыздандыруды орнату қажет. Мұндай программа компьютердің жадында үнемі болуы керек және ол барлық көшіріп алынып отырған және ашылып отырған файлдарды вирус тексеру жолында сканирлеп отыруы керек.. Сондай-ақ, келетін электрондық почтаны тексеріп отыру қажет, себебі, көбінесе вирустар осы сияқты жолмен таралады. Оның үстіне, почталық програмаларда келетін хабарламаларды автоматты түрде ашуға рұқсат етпеу, шектеу қажет, өйткені, кейбір вирустарды активтендірудің өзі де жеткілікті. Қазір вирусқа қарсы программалардың көптеген түрлері бар. Оларды таңдаған кезде, біздің желімізде бар (Windows UNIX Net Ware тағы сол сияқты ) , үнемі жаңартылып отыратын вирусқа қарсы қоры бар, және әрине, бағасы, құны бар түрлі платформаларда жұмыс істеу мүмкіндігіне де көңіл бөлген дұрыс.
Қорытынды
Желі қауіпсізігін сақтаудағы маңызыды факторлардың бірі желіге зиянды деген қоқыстардың түсіп кетуінен (тіпті Сіздің компанияның қызметкерлерінің өзі мұндай жағдайда көмекке келе алады) болып табылады. Желінің жұмысына сондай-ақ, залалданған ақпараттары бар электрондық поча арқылы келген , таралған зиянды деген программалар да (дискеттер, портативті компьютерлер тағы с.с.) ықпал ете алады. Мұндай мәселлерді шешудегі маңызды кеңес профилактикалық шараларды жүргізіп отырумен байланысты болып табылады. Бұзып алып барып, оның зардаптарын соңынан жойып отырғанша, оған алдын-ала жол бермегеннің өзі дұрыс.
2.1. Жүйелік блокты компоненттерін анықтау.
Дербес компьютердің негізгі құрылғыларының білу, олардың қызметтері және негізгі қасиеттері. Сыртқы түріне қарап жүйелік блоктың компоненттеріне қарап анықтауды үйрету. Олардың қосылу жолы мен қосылу ретін анықтау.
Видеоадаптердің макеті, аналық тақташа, қатты дисктің корпусы, флопидисктің жинағыштары, интерфейстік кабелдер.
-
Компьютерлік жүйенің толықтығына көз жеткізіңіз ( қажет жағдайда жүйені желіден ажыратыңыз ). -
Дербес компьютердің негізгі құрылғыларының толықтығына көз жеткізіңіз. -
Жүйелік блоктың орнын анықтаңыз, жүйелік блоктың қуатын анықтаңыз ( жарлықта берілген ). -
Аналық тақташаның орналасу орнын анықтаңыз. -
Аналық тақташаның блокқа орнатылу қасиеттері.
Аналық тақташа үшін форм- фактор АТ-нық қосылуы екі ажыратқыш арқылы орындалады. Қара түсті сілтеуішке ( проводник ) көңіл аударыңыз, олар ажыратқыштың дұрыс орнатылуы үшін қажет.
6. Қатты дисктің орналасу орнын анықтаңыз.
Оның ажыратқыштарының орналасу орнын анықтаңыз. Қатты диск пен аналық тақташаны қосатын бағыттағы сілтеуіштерді қадағалаңыз. Қызыл түске боялған сілтеуішке ерекше көңіл бөліңіз ( қатты дискте ол ажыратқыштың қасында орналасуы керек ).
7. Иілгіш дисктің дисководының және CD-ROM дисководының орнын анықтаңыз.
Ажыратқышқа байланысты сілтеуіштің бағытына, қызыл түске боялған сілтеуіштің орналасуына ерекше көңіл бөліңіз.
8. Видеоадаптердің орналасу орнын анықтаңыз.
Видеоадаптердің интерфейстік типін анықтаңыз.
9. Егер қосымша құрылғылар болып жатса, олардың қасиеттерін анықтаңыздар ( ажыратқыштың типі, интерфейстің типі және т.б.).
10. Кестені толтырыңыздар:
Құрылғы | Ерекшеліктері | Қайда және не арқылы қосылады |
| | |
Жүйелік блокқа құрылғыларды қосу.
Негізгі блоктарды, дербес компьютердің перифериялық құрылғыларын білу, оларды қосу түрлері, конструкциясы, негізгі қасиеттері ( аты, ажыратқыш типі контак сандары, жөнелтілу жылдамдығы, қосымша қасиеттері); ажыратқыш типіне қарай анықтау, оларға құрылғыларды қосу.
Құрылғылар: жүйелік блок, комплект кабелдері, монитор, клавиатура, перифериялыққұрылғылар түрі ажыратқыштар үшін ( тышқан, принтер, модем және т.б ).
-
Компьютерлік жүйенің толықтығына көз жеткізіңіз ( қажет жағдайда жүйені желіден ажыратыңыз ). -
Жүйелік блоктың артқы қабырғасын өзіңізге қаратыңыз. -
Аналық тышқанның форм- факторын орнатыңыз, егер USB ажыратқышы болмаса ( USB ажыратқышының форм- факторы ATX болғанда және AT- болмаған жағдайда ). -
Орнату орнын анықтаңыз және келесі ажыратқыштың қасиеттерін анықтаңыз.
-
Жүйелік блокты қоректендіргіш. -
Мониторды қоректендіргіш. -
Монитордың сызықтық көлемі. -
Клавиатуралар. -
Келесі порттар ( екі ажыратқыш ). -
Паралелдік порттар -
Басқа ажыратқыштар.
5. Барлық ажыратқыштардың жүйелік блоктың артқы қабырғасына орнатылғанына көз жеткізіңіз. Барлық базалық құрылғылар тек бір жолмен қосылады.
6. Тышқанның қосылу жолдарын қарастырыңыз.
Тышқан ажыратқышқа тізбектей немесе анайы PS/2 дөңгелек формалы ажыратқыш порт арқылы қосылады. Соңғы жағдай кең қолданылады және өте ыңғайлы. Осы жағдайда тышқанның өзіндік жеке порты бар, осы порт арқылы қосылады ол тізбектей қосылатын басқа порттағы құрылғылар қосылмайды. Соңғы моделдер клавиатураға USB ажыратқыш интерфейісі арқылы қосылады.
7. Кестені толтырыңыз.
-
Ажыратқыш
Ажыратқыш типі
Контак саны
Желіге кіру
Желілердің жұмыс орнындағы компьютерлерден қолданушы бұл компьютерді ажыратып тану үшін, компьютерге ат берілу қажет. Компьютер аты 15-тен аспайтын символдардан тұрады және ол жерде бос орын (пробел) белгісі болмауы қажет.
Топтың аты берілген компьютерге байланысты болатын компьютерлер тобын анықтайды. «Жұмысшылар тобы» (Рабочая группа) өрісінде топтың атын көрсетуге немесе жаңа ат енгізуге болады. Бірақ олардың ұзындығы 15 символдан аспауы қажет.
Желіде сіздің компьютеріңізді тану үшін келесі қадамдарды орындаңыз:
-
Бас менюді (Пуск) ашыңыз және Баптау (Настройка) командасын таңдаңыз. Оның ішінде Басқару панелін (Панель управления) ашыңыз. -
Басқару панеліндегі Желі (Сеть) таңбашасында тышқан тетігінің сол жағын екі рет шертіңіз. Бұл жерде Желі – сұхбаттасу терезесі ашылады. Терезедегі Компьютер бетбелгісіне (вкладка) өтіңіз. -
«Компьютер аты» (Имя компьютера) өрісіне компьютердің атын енгізіңіз. Мұнда кез-келген атты қолдануға болады, мысалы, Есептеуіш12, Студент, Mashinal және т.б. Бірақ берілген ат желіге нақты болуы қажет. -
«Жұмысшылар тобы» (Рабочая группа) өрісіне компьютердің орналасқан жеріне байланысты топтың атын енгізу қажет, мысалы, 115 топ, сынып 1 және т.б. -
«Компьютердің сипаттамасы» (Описание компьютера) өрісіне түсініктеме жазылады. Ол жерге кейін желіні қолдануда басқа қолданушыларға көрінетін кез-келген мәтін жазуға болады. Бірақ бұл өріске түсініктеме жазу міндетті емес. -
Желі – сұхбаттасу терезесін жабу үшін ОК батырмасын басыңыз.