ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.12.2023
Просмотров: 307
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Балық, құс, аң»
Мақсаты: Жүргізуші ойыншылардың жанына барып жаймен ғана «балық, құс, аң» - деп айтып-айтып келеді де, бір ойыншының жанына барған кезде дауысын қаттырақ шығарып:
- Балық!(немесе аң, құс) –деп айтып қалады. Сол мезетте ол ойыншы бірден өзі білетін кез-келген балықтың атын айтып үлгеруі керек. Айта алмай қалса, ол ойыннан шығады. Ойын ең соңғы ойыншы қалғанша жалғаса береді.
«Барлық оқушылармен жұмыс»
Бұл жұмыс түрі бүкіл сынып оқушыларының бір мезгілде жұмысқа жұмылдырылуын қамтамасыз етеді. Оқушылардың барлық сұрақтарына мұғалім жұмыстың алдында жауап беруі тиіс, бұл оқушыларды да, мұғалімді де алаңдатпайды.
«Бас бармақ»
Оқушылардың бас бармақтарын көрсету арқылы сіз түсіндіргенді олардың ұғу деңгейін тексеріңіз.
Бас бармақ жоғарыға қарап тұрса = Мен түсінемін.
Бас бармақ көлденең тұрса = Мен түсінгендеймін.
Бас бармақ төмен қарап тұрса = Мен түсінбедім.
«Батискаф»
(Су астын байқайтын құралдармен жабдықталған, өз бетімен қозғалу қасиеті бар терең су камерасы.)
Екі топ бір-біріне кезекпен сөздер жасырады. Топтың бір оқушысы қимылмен өз тобына жасырылған сөзді жеткізу керек.
«Баяндама»
Мұғалім оқушыларға мәтінді оқуға, соңынан оның мазмұнын сурет, сызба түрінде беруді ұсынады. Бұл «шпаргалканы» оқушы оң жағындағы көршісіне береді. Енді әрқайсысы өз көршісінің суреттерін не сызбаларын қолдана отырып, осы мәтін бойынша «баяндама» жасайды. «Баяндама» мазмұнын неғұрлым кең ашып, оны қорғап, ең жақсы өрнекті ұсынған оқушы жеңімпаз болады.
«БББ»
Жаңа тақырып бастар алдында оқушылар үш бағаннан тұратын сурет салады - Олар нені біледі?
Олар нені білгісі келеді?
Олар нені білді?
Миға шабуыл өткізгеннен кейін оқушылар алғашқы екі бағанды толтырады және бөлімді оқып біте бастағанда, үшіншіге қайта оралады (немесе бөлімді оқу барысында толтыруы мүмкін).
Ұсыным: «Қалайша оқып-үйренетін боламын?» деген қосымша баған қосуға болады.
Белсенді оқылым тәсілдері
Бастапқы танысу
Құрылымы мен мазмұнын түсіну үшін тақырыбын, тараушаларын, фотосуреттер берілген жазбаларды және т.б. зерделеуді көздейді.
Мысалы: Мәтінді оқырдың алдында оқушыларға тақырыбын беріңіздер де, олардан ассоциация жүргізуді сұраңыз, яғни тақырыпты оқыған кезде олардың ойына не келгенін айтады. Оқушылар өздерінің ассоциацияларының негізінде мәтін не туралы болады деп ойлайтынын талқыға салады.
Болжау
Мазмұны қандай болатынын және қандай сөздік қор қолданылатынын болжау үшін тақырып, автор туралы бұған дейінгі білімдері пайдаланылады.
Мысалы:
Оқушылар мәтіннің бір бөлігін оқып болғаннан кейін, олардың ойларынша әрі қарай не болатынын болжайды. Оқушылар оқылған мәтінде келтірілген, өз болжамдарына негіз болған ойларға сүйене отырып, өз болжамдарын дәлелдеулері тиіс.
Танысу үшін оқу және сканерлеу
Бұл тәсіл мәтіннің негізгі идеясын, стилі мен құрылымын анықтау үшін, мәтінді тез көз жүгіртіп оқып шығуды көздейді. Бұл тәсілді болжамдарды дәлелдеу үшін пайдалануға болады.
Мысалы: Мәтінді оқырдың алдында оқушылар өздерінің қандай негізгі ақпарат іздейтіндерін анықтап алулары керек. Олар қандай тірек сөздердің мәтіндегі сол ақпаратты меңзейтініне назар аударуы тиіс. Оқушылар тірек сөздерді іздей отырып, мәтінді жылдам оқып шығады. Оларды тапқан жағдайда, өздерінің іздегені осы ақпарат па екенін тексеру үшін оқушылар тиісті бөлімді оқып шығады.
Мәнмәтінге қарап болжам жасау
Бұл тәсіл оқушылардың таныс емес сөздердің мағынасын анықтау үшін
мәтіндегі ишаралар мен бұған дейінгі білімдерін пайдалануын көздейді.
Мысалы: Осы тәсілді тексеру үшін мұғалім оқушыларға ойдан шығарылған сөзі бар сөйлем ұсынады, мысалы, «Гелаклаф сынып қалғандықтан маған жолдың қалған бөлігін жаяу жүріп өтуге тура келді». Оқушылар қалған сөздерге қарап, бұл сөздің не мағына беруі мүмкін екенін анықтауға тырысады. Бұл жағдайда сөйлеп тұрған адам бұның алдында жаяу болмай, бірдеңені мініп келе жатқандықтан, олар мұны көліктің бір түрі деп ұйғаруы мүмкін, сондықтан бастапқыда «велосипед», «автобус» немесе «автомобиль» деген болжамдар ұсынылуы мүмкін. Барынша нақты болжам жасау үшін оқушылар мәтіндегі қосымша ақпаратқа назар аударуы тиіс.
Басқа сөздермен айту
Белгілі бір ойды бірдей уақыт өткен сайын басқа сөздермен айтуды білдіреді.
Мысалы: Оқушылар өздері жаңа ғана үйренген нәрсені қорытады. Жаттығуды күрделі және қызықты етіп өткізу мақсатында оны бейімдеуге болады, мысалы, өзінің үйренгендерін екі сөйлеммен болмаса он немесе одан да аз сөзбен қорытындылау.
«Бес саусақ» әдісі
Бас бармақ – өзімді қалай сезіндім?
Балаң үйрек – басқаларға көмегім тиді ме?
Ортан терек – бүгінгі көңіл күйім қандай болды?
Шылдыр шүмек – бүгінгі сабақ ұнады ма?
Кішкентай бөбек – бүгін не үйрендім?
«5-5-1»
Оқушылар сабақ кезінде нені меңгергендері жайлы 5 сөйлем жазады. Одан кейін сол 5 сөйлемді 5 сөзге дейін қысқартады. Соңында 5 сөзді 1 сөзге қысқартады. Оқушылар өздерінің түйінді сөзін бүкіл сыныппен бөліседі.
«Бинго»
3x3 шаршысында сабақ тақырыбына қатысты əртүрлі түйінді сөздер
орналасқан. Оқушылар тиісті түйінді сөздерді айрықшалауы керек. Барлық түйінді сөздерді анықтаған бірінші оқушы жеңімпаз атанады.
Ескерту: оқушыларда əртүрлі түйінді сөздер жинағы болу керек.
«Биографиялық поэма» (Биопоэма)
Тақтаға немесе әрбір оқушыға параққа жазылып, өзі туралы мынандай сауалдарға жауап беру тапсырылады:
-
Есімім (Өз есіміңізді келтіріңіз) -
Мен қандаймын? (Өзіңізді сипаттайтын үш сын есім келтіріңіз). -
Сүйікті іс-әрекеттерім (Қол боста айналысуды құмартатын үш әрекетіңіз, хобби) -
Неден қорқамын, сескенемін? (Өмірдегі қорқыныш пен қауіптеріңіз) -
Өмірлік қағидам (кредо) (Өмірде ұстанатын басты қағидаңыз, ұраныңыз) -
Сүйікті ақын-жазушыларым (Қандай ақын-жазушыларды ұнатасыз?) -
Сүйікті тағамдарым (Қандай тағамдарды ұнатасыз?) -
Менің жетістіктерім (Отбасыңызда, оқуда, жұмыста қандай жетістіктеріңіз бар?) -
Менің арманым (Бір арманыңызды атаңыз) -
Тегім
Бұл тапсырманы орындауға оқушыларға 4-5 минуттай уақыт берілген соң, олар жазғандарын шағын топ ішінде немесе бүкіл сыныпқа (егерде оқушылар саны аз болып немесе уақыт жеткілікті болса) оқып береді. Биопоэмаларды оқығаннан кейін, оқушылардың бір-біріне сұрақтар қойып, таныстығын тереңдете түскені дұрыс.
Бұл тәсілді бастары жаңадан қосылған оқушылармен ғана қолданбай, бұрыннан бір-бірін білетін топ ішінде де қолдануға тиімді, өйткені көп жағдайда келтірілген сұрақтар оқушыларды бұрын ескерілмеген жаңа бір қырынан ашады.
Биопоэма сұрақтарын түрлендіріп әрі толықтырып жіберуге де болады. Мәселен, олардың қатарына П. Макдермот «Мен қандай туыспын?» деген сұрақты қосады, оқушылар мұнда өздерін туыс ретінде атайды («Мен әке-шешемнің ұлымын/қызымын, немере, аға/әпке, іні/қарындас не сіңлі, бауырмын» деген секілді). Мұнымен қатар автор сүйікті заттарды, басынан кешкен сезімдерді, қол жеткізген табыстарды, көргісі келген немесе құмартатын нәрселерді (заттарды), туған жерін (немесе тұрғылықты жерін) атауды ұсынады.
Мұндай биопоэмада «Сүйікті гүлдеріңізді (пәндер,түстер, спорт түрлері, машина не ұялы телефон түрлері, есімдер, мұғалімдер,спортшылар, актерлер, әншілер,т.б) атаңыз» секілді тапсырма да беруге болады.
«Блиц кездесу»
Екі әріптес біреуі тақтаға, ал екіншісі қарама-қарсы жаққа қарап отырады. Бірінші қатысушыда келесі әріптесіне өтпей тұрып, төменде келтірілген негізгі сөзді(дерді) түсіндіру үшін бар-жоғы 30 секунды бар –мұғалім түсіндіру үшін негізгі сөзді мысал ретінде келтіреді.
«Блок ортасында бағалау»
Блоктың соңында бағалаған жағдайда, сізге оқушылар жолықтырған немесе жалпыға ортақ түсінбеушілік тудырған саладағы проблемаларды қарастыруға уақыт жетпей қалуы мүмкін. Бөлімді оқу барысында бағалауға уақыт беру (мысалы, 7 сабақтың бесінші сабағында) мәселені қарастыруға, ұғынуға және қайталауға мүмкіндік береді. Бұл, сонымен қатар, мұғалімге үдерісті дәлелдермен бекіте отырып, назарын түсінбеушілік туғызған салаларға аударуына мүмкіндік береді.
«БЛУМ ТАКСОНОМИЯСЫ» теориясы бойынша жаңа сабақты өз бетімен меңгерту тапсырмалары
Теориясы:
«БІЛУ» мақсатына жету үшін Кім? Не? Қашан? Қандай? Қалай? Не істеді? т.с.с. сұрақтар тапсырмалар шартында болу керек. Сол арқылы оқушылар тақырып бойынша толық ақпаратты меңгереді.
Бос орындарға қажет сөздерді қойып, мысал келтір.
-
Ереже: Ойға қатысты сөйлем мүшелерінің барлығы қатысқан сөйлемдерді толымды сөйлем дейміз. Мысалы, Ол шиті мылтықпен кешке киік атып әкелді. -
Сөйлемдердегі жақшаның ішіндегі бос орынға қажетті сөзді қойып, басты ерекшелігі неде екенін ережесі арқылы түсіндір.
-
Балам, қайдан келдің? – Балам, (сен) қайдан келдің? -
Астанадан. – (Мен) Астанадан (келдім).
Ереже: Ойға қатысты сөйлем мүшесінің бірі түсіп қалған жай сөйлемнің түрін толымсыз сөйлем дейміз.
-
Ол әуелі келгенін байқамай қалды. Бұл сөйлемді толымдыға айналдыру үшін не істеу керек?
Толымсыз сөйлемдер екі түрлі жолмен жасалады:
-
Біріншісі: өзара желілес сөйлем тобында; -
Екіншісі: сөйлемнің қажетті мүшелерінің айтылмай қалуы, екі не бірнеше адамның сөйлесуі жағдайында жиі кездеседі.
-
Сөйлемнің қажетті мүшелерінің айтылмай қалуы тағы қандай жағдайда кездесуі мүмкін? Жауабы: қажетті мүшенің айтылмауы, көбіне, оның алдыңғы сөйлемде айтылғандығына, оның не екені белгілі болып тұруына байланысты.
Теориясы:
«Түсіну» Неліктен? Не себепті? Не үшін? Неге? т.с.с. сұрақтар оқушының жоғарыда берген жауаптарына қойылады. Сол арқылы ол тақырыпты тереңірек меңгереді.
Бос орындарға қажетті сөздерді қой.
-
Толымсыз сөйлемнің басты ерекшелігі түсіп қалған немесе қажет болған сөзді орнына қойғанда, ол толымды сөйлемге айналады. -
Диалог жағдайында не себепті толымсыз сөйлемдер жиі кездеседі?
Диалог жағдайында толымсыз сөйлемнің жиі кездесетін себебі, яғни, сөйлемнің қажетті мүшелерінің айтылмауы, көбінесе оның алдындағы сөйлемде айтылғандығына, жалпы,оның не туралы екені белгілі болып тұруына байланысты.
-
Толымды сөйлемнің қасиеті қандай?
Сөйлем толымды сөйлем болу үшін айтушыға керекті сөйлем мүшелері сөйлемге түгел қатысу керек.
Теориясы:
«Талдау» 1.Салыстыр 2. Айырмашылығы неде? 3. Ұқсастығы неде? 4.Тақырыптың басты идеясын жаз сияқты тапсырмалар болу керек. Немесе 1-3 тапсырмаларды Венн диаграммасы арқылы қамтуға болады
Кестедегі толымды, толымсыз сөйлемдердің жасалу жолын салыстыр, ерекшелігін тап.
Сөйлем түрі | Ойға қатысты қанша сөйлем мүшелері қатысады? | Басты ерекшелігін ата | Жасалу жолын салыстыр |
Толымды | Айтушыға керекті сөйлем мүшелерінің барлығы қатысады | Бастауыш пен баяндауыштан тұрса да, ой толық жеткізілуі мүмкін. | Қарапайым жай сөйлем |
Толымсыз | Ойға қатысты сөйлем мүшесінің бірі түсіп қалады | Түсіп қалған немесе қажет болған сөзді орнына қойғанда, толымды сөйлемге айналады. | Екі түрлі жасалу жолы бар: а) өзара желілес сөйлемдер тобында; б)диалог жағдайында |
Теориясы: