Файл: Оытудаы жаА дістсілдер оржынынан.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.12.2023

Просмотров: 322

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Зерттеудің алты қадамы»
1. Тапсырманы анықтау: Мен нені анықтауым керек? Мен не істеймін? Мен қазір не білемін? Маған қандай лексика керек? Мен өз жұмысымды қалай таныстырамын?

2. Ақпараттың орналасқан орны: Мен ақпаратты қайдан таба аламын? Маған кім көмектесе алады?

3. Тиісті ресурстарды таңдау: Бұл ақпарат пайдалы ма? Мен нені сақтауым

керек? Маған нені өшіріп тастау керек? Ресурстар қаншалықты сенімді болып табылады?

4. Ақпаратты ұйымдастыру: Мен жазбаларды өз сөзіммен жаза аламын ба?

Мен оларды қалай ұйымдастырамын? Мен ақпараттың қайдан алынғанын белгіледім бе? Мен жеткілікті ақпарат алдым ба?

5. Идеяларды ұсыну: Менен өз жұмысымды қалай таныстыруды сұрады? Мен оны қалай құрылымдауым керек? Мен өз жұмысымды кімдерге таныстыратын боламын? Мен тез тіл табысқышпын ба?

6. Соңғы өнімді бағамдау: Мен бірдемені қалдырып кеттім бе? Менің

жұмысымның мәні бар ма? Мен орфографиялық және грамматикалық нормалардың сақталуын тексердім бе? Мен өз жұмысымды оқыған адамның алдында мақтаныш сезіне аламын ба? Мен не үйрендім?

«Иә, жоқ»
Мақсаты: ұсынылып отырған жаттығу арқылы оқушылар жиналып қалған жағымсыз эмоцияларынан арылып, жағымды қарым-қатынас құруға ынталанады. Жаттығу соңында сынып оқушыларының жұмыс істеуге деген қабілеті байқалады. Сыныпта шу болуы мүмкін. Кейде балалар бір емес, бірнеше адаммен жауаптасулары да мүмкін.

Нұсқау: «Жұптарға бөлініп, бір-біріңе қарама-қарсы тұрыңдар. Жұптарыңда кім «Иә», кім «Жоқ» жауаптарын тыңдайтынын анықтаңдар. «Иә» жауабынан ойын басталады. Екінші бірден «Жоқ!» деп жауап қайтару керек. Бірінші адам аздап дауысын көтеріп, тағы да «Иә» десе, екіншісі де көтеріңкі дауыспен «Жоқ!» дейді. Әрқайсыларың әуел бастан таңдап алған сөзді ғана қайталауларың қажет. Ол сөздерді өздеріңнің қалауларың бойынша ақырын, қатты, дөрекі, сыпайы түрде айтуларыңа болады. Осы екі сөздің көмегімен шағын дау өткізулеріңе болады, бірақ бір-бірлеріңді ренжітуге болмайды. Тоқтату туралы белгі берілісімен, ойын тоқтатылады».

Жаттығуды талдау:

  • Өзіңді қалай сезініп тұрсың?

  • Саған қай сөзді айтқан ыңғайлы: «Иә» сөзі ме, әлде «Жоқ» па?

  • Сенің дауыс ырғағың қалай болды? Қатты ма, әлде ақырын ба?


«Иә, жоқ - 2»

Оқушыларға парақ таратылып беріледі. Олар жанындағы жұбына көрсетпей, оны балайтын бір ертегі, әдеби немесе мультфильм кейіпкерінің атын жазады. Мысалы, әдебиеттен оқыған шығарманың кейіпкерлерін жазғызуға болады. 7-сыныпта: «Құрмаш, Аян, Тортай, Қали т.с.с.» Содан соң жұбының арқасына қағазын жапсырып қояды. Енді бәрі сыныпты аралап жүріп, бір-біріне сұрақ қоя жүріп өз жұбын табу керек (сол әңгімедегі барлық кейіпкерлер бірін-бірі тауып алулары керек.) Сұрақтарға «Иә, жоқ» деп қана жауап беру керек.


«Идея туралы пікір»

Сіз сұраққа жауап алған болсаңыз, бұл ой туралы басқалардың пікірін сұрай отырып, ойлау логикасын дамытыңыз.

Мысалы. “Сіздер _________идеясы туралы не ойлайсыздар?

«Инсерт»
Берілген мәтінді «Түртіп алу» әдісін пайдаланып, танысып шығу.


«V» - «Білемін»

«-» «мен үшін түсініксіз»

«+» - «мен үшін жаңа ақпарат»

«?» - «мені таңғалдырады»


INSERT - оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды әдіс. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды есте сақтау, мәнін жете түсіну - әрине, ынта-зейінді қажет ететін күрделі әрекет. Сондықтан да зейіні тұрақсыз оқушылар арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне алмау, өз пікірін өмірдегі жайттармен ұштастыра алмау кемшіліктері жиі кездеседі. Бұл орайда үйретуші мұғалім баланы дағдыландыруға күш салады. Мағынаны түсінуді жоғарыдағыдай ұйымдастыру – аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден-бір кепілі.

Үйретушілер білетіндерін аңықтап, білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білім арасында көпірлер құрастыруға, яғни, байланыстар құруға дағдыландырады. Сурет арқылы бейнелесек:




Бұрынғы білетін Түсініксізді Зерделей Жаңа ақпаратты қабылдау

нәрсе анықтау қарау, тану
«Иық тірескен шеңбер»

Оқушылар шеңберге бір-бірінің иығына қолдарын салып, құшақтасқан түрде тұрып, сабақ туралы өз пікірлерін білдіреді. Мұғалімнің де бұл шеңберден орын алғаны дұрыс.

«Калейдоскоп»

Оқушылар жарты шеңбер бойына орналасады, жүргізуші ортада тұрады. Әр қатысушы өзіне ұнайтын түстерін айтып шығады. Содан соң жүргізуші теріс қарап тұрады. Ойыншылар орын ауыстырады. Жүргізуші ретімен кім қай түсті ұнататынын айтып шығу керек.

Бұл ойын зейін қоюға, есте сақтауға дағдыландырады.

«Капитан»



Ойынның шарты кемеден топ болып, теңізге құламауы керек. Капитан пәрмен беріп тұрады.

Капитан, капитан, ......!

Капитан: 1 адамнан рафт беріп жүреді;

Құтқарушы: 2 адамнан балон лақтырады;

Қайықта: 3 адамнан ескек еседі

Түскі ас: 4 адамнан тамақ жейді

Кемеде : 5 адамнан дөңгеленіп тұрады.

Мақсаты: Топты ынтымақтастықпен бірлесе жұмыс істеуге бағыттайды.

Алгоритм:

  1. Топқа бөлу;

  2. Нұсқаулық;

  3. Бұйрық беру

  4. Қорытынды.

  5. 5 минут

«Карусель»

Ойын шарты: оқушылар екі топқа бөлініп, ішкі және сыртқы қосарлы шеңберге бір-біріне бетпе-бет қарап, екі шеңбер құрады. Ішкі шеңбер – қозғалмайтын шеңбер, шеңбер ортасына олар арқасын беріп тұрады. Сыртқы шеңбер – қозғалмалы, шеңбер ортасына бетін қаратып тұрады. Әрбір оқушы өзіне қарама-қарсы тұрған оқушыға бір сөйлем айтып, оңға қадам жасайды. Сөйлем қойылған мақсатқа байланысты болады. Мысалы, әріптесінің жағымды жақтарын көрсету үшін «Мен сен сияқты ақылды, ұстамды болғым келеді» деуге болады. Әрқайсысы жаңа әріптесі келген сайын оның қасиеттерін айтып отырады. Жаттығудың бұл түрі барлық оқушылардың белсенді жұмысқа тек өзінің таңдауымен ғана емес, әртүрлі серіктерімен бір мезгілде араласуына мүмкіндік береді.

«Кезбе тілші»
1-оқушы телефон соғылып жатқанға ұқсатып, тәулік бойы орын алған оқиғалар туралы хабарлайды. (мысалы: су тасқынының деңгейі)

2-оқушы Телестудиядағы диктор; жиынтық ақпарат береді.

3-оқушы Тілші; оқиға орнынан ақпарат ұсынады.

4-оқушы Тілші сұхбат алатын куәгер.
2-нұсқа

Әр топтан бір оқушы шығып, тілші ретінде сұрақ қойып, жауаптарын бірі диктафонға, бірі камераға түсіріп, топтарында өңдеп, диктор арқылы экранға шығарады.
«Кейіпкерлер әлемі»
Ойын шарты: оқушылар топқа бөлінеді. Әр топ бір-бірлеріне әңгіме мазмұны бойынша сұрақтар қояды. Сұрақтардың мазмұны шығарма кейіпкерлерімен, орын алған оқиғалармен байланысты болуы керек. Ұтымды сұрақ пен мәнді жауап бағаланады.

«Кейіпкер»

Р/с

Шығарманың атауы

Кейіпкері

Қасиеттері қалай суреттелген

Кейіпкерге берілетін баға

Ой-тұжырым, мақал-мәтел, даналық сөз

1

«.........»














«Кейіпкерлерге мінездеме»

Әңгіме кейіпкерлері

Мінездеме







Көркем шығарманы сатылай-кешенді талдау үлгісі:
Шығарма авторы:

Тегі, түрі:

Тақырыбы:

Идеясы:

Шығарманың композициялық құрылысы:

  1. Сюжеттік басталуы;

  2. Сюжеттік байланыс;

  3. Шиеленісуі:

  4. Шарықтау шегі;

  5. Шығарманың шешімі;

  6. Шығармадағы кейіпкерлер;

  7. Әдеби теориялық ұғымдар:

- теңеулер;

- эпитеттер;

- афаризмдер;

- мақал-мәтелдер:
«Кемпірқосақ»

Тақтадағы кемпірқосақ суретіне өз есімдері жазылған стикерлерді желімдейді. Олар ең төмендегі қызыл түстен ең жоғары орналасқан күлгін түске стикерлерді желімдеу арқылы өздерінің сабақтағы түсінік (немесе көңіл-күй) деңгейін білдіреді.

«Кесте толтыру»
Танысу алдында әрбір оқушы мынадай кесте толтырады:

Менің өмірім

Маңызы мезеттері

Менің аты-жөнім

Қыстаубаев Бақытжан Құсайынұлы

Туған жерім, мекен-жайым

-Туған жерім: Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылы.

-Мен қазір Алматы қаласы, Б.Момышұлы көшесі, 129-үй,10-пәтерде тұрамын.

Менің жанұям

-Біздің жанұяда алты жан бар: әкем, анам, мен, үлкен ағам мен әпкем, қарындасым 10- сыныпта оқиды.

Менің ермегім (хобби)

-Қолым боста мен шым-шытырық оқиғаларды оқығанды ұнатамын. Маған, әсіресе, детективтік романдар ұнайды.

Менің достарым

-Ауылда менің Әбілғазы мен Сейітжан деген достарым бар, ал Алматыдағы достарымның есімдері - Мұрат, Жүніс және Сейілхан.


Өмірімнің қызықты мезеттері

-Бала кезде бірінші рет Ақтау қаласына Біржан ағамыздың үйіне барып, сол жерде Каспий теңізінде қайықпен жүзіп, балық аулағанымыз есімде қалды.

-Бірінші курста Астана қаласында оқушылардың форумына қатысуым.



Бұл жұмыс аяқталғаннан кейін оқушылар шағын топ ішінде өз кестелерін бір-біріне оқып, оларды талқылайды. Әр топтан бір-екі оқушының кестесі бүкіл сыныпқа жарияланады.

«Кері байланыс бутерброды»

Кері байланыс әр түрлі тәсілдермен берілуі мүмкін.

Кері байланыс «бутерброды» дегеніміз бұл:

1) бірінші жағымды түсініктеме беріп, кейін құрылымды сын айтып, соңынан тағы да жағымды пікір білдіру;

2) Жағдаяттық мәлімдеме – Маған ұнады ......, себебі ..... Енді/келесі жолы .....



«Кері ой қозғау»

Техникалық объектінің кемшіліктері, қарама-қайшылықтары мен ақауларын айқындап, оларды жетілдіру қажет болғанда қолданылады. Тура «ой қозғаудан» айырмашылығы: мұнда сыни пікірлерге негізгі мән беріледі, қатысушылар зерттеу объектісінің олқылықтары мен жетіспеушіліктерін анықтауға тырысып, нақты техникалық проблеманы шешуге ұмтылады.

«Кластерлер»
«Жүзімнің шоқтары» деген мағынада қолданылған – идеялар мен ақпараттардың арасындағы байланыстарды айқындауға арналған жазба кестелер.

Негізгі тақырып (тірек сөз, басты идея) тақтаның (дәптердің) ортасындағы шеңберге жазылады да, одан туындаған тақырыпшалар оның жан-жағына жазылып, шеңберленеді, оқушылар оларды бір-біріне сызықтармен қосады да, өзара байланыстары туралы әңгімелейді.

Тақырыпшалардың байланыстары туралы сұрақтар құрастырып, оларға жауап ізденген де тиімді. Әдетте кластерлер оқушының жеке орындалуынан басталып, одан кейін жұмыс жұпта немесе шағын топта (4-6 адам) жалғасады.

«Комплименттердің бұрқасыны»
Оқушылар берілген уақыт ішінде (1-1,5 минут) бір парақ қағазға өздерінің сүйікті адамдарынан естігісі келген комплиментті жазады. Комплименттердің жеке сөздер (эпитеттер) түрінде болмай, толық сөйлемдер түрінде болғаны дұрыс. Жазып болған соң оқушылар бұл парақтарды домалақтап, домалақ қармен атқыласқандай оларды бір-біріне лақтыруы керек. Содан кейін мұғалім оқушыларға бір-бірден «қар домалағын» ашып, оларды оқуды тапсырады.

Комплименттерді барлық оқушылардың кезектесіп оқуына да болады.
«Конверт – сұрақ»

2-3 сұрақ жазып, конвертке салыңыз (оқу мақсатына қарай). Әрбір оқушыда өзінікі болатындай етіп, бірнеше конверт дайындаңыз. Әрқайсысына екі минут беріңіз: оқушы стикерде атын және жауабын жазады; екі минут өткен соң конверт келесі оқушыға беріледі, осылай бұл 2-3 сұраққа барлығы жауап бергенше жүре береді. Стикерлерді жинап, бірнеше жауапты дауыстап оқыңыз (аттарын атамастан); сынып белгілі бір сұрақтың қаншалықты дұрыс болғанын талқылайды.