ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.12.2023
Просмотров: 1137
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
| 10-тапсырма. 10 орындықты үшүштен бөлменiң әр қабырғасына орналастыру үлгісін зерделейді. | | | |
Сабақтың соңы | Рефлексиялық-бағалау кезеңі Оқушылардың оқу мақсаттарына жету бойынша кері байланыс: а) Жапырақтарды қызыл, сары және қызғылт түстерге әртүрлі тәсілмен бояу әдісі ұсынылады. Мысалы, қызыл, сары және қызғылт; қызыл, қызғылт және сары; сары, қызыл және қызғылт; сары, қызғылт және қызыл; қызғылт, қызыл және сары; қызғылт, сары және қызыл; б) Саралап іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер: оқушыға дербес көмек көрсету, оқу тапсырмалары оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу түрінде ұйымдастырылады. Тапсырмалар үлгісі ретінде есептер ұсынуға болады. Мысалы, Мараттың ойыншықтарын әртүрлі ретпен неше қатарға орналастыруға болады? Тапсырма жауаптары тақтада көрсетіледі, оқушылар өз жұмыстарын тексереді. Рефлексия: Мен не үйрендім? «Оқушы үні». Жекелеген оқушылар өз ойларын жариялайды. Қандай тапсырмалар орындау қиындық туғызғанын, қандай тапсырмалармен жұмыс жасау ұнағанын, | Бүгінгі сабақтағы өзінің әрекеті туралы, жаңа білімді меңгерудегі өзінің жетістіктері мен қиыншылығы туралы ой бөліседі. | Рефлексия: Мен не үйрендім? «Оқушы үні». | |
| кіммен жұптаса, топтаса отырып жұмыс жасау ұнағанын, кімге көмектескені туралы айтылады. | | | |
-
сабақ
2С ЖИЫН ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭЛЕМЕНТІН БЕЛГІЛЕУ. ЖӘНЕ ТАҢБАЛАРЫ ӨЗІҢДІ ТЕКСЕР!
Орындалатын қадамдар:
-
2С бөлімі бойынша жиынтық жұмыс өткізуге дайындау. -
Жұмыстың мақсаты және оны орындау ережесі түсіндіріледі. -
Тапсырмаларды орындау барысында біліміңді пайдалана алдың ба? Мақсатыңа жеттің бе? Тексер.
63–64-сабақтар
Бөлім | | |
Педагогтің аты-жөні | | |
Күні: | | |
Сынып | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы | Өткен материалды қайталау. Бекіту | |
Оқу бағдарлама- сына сәйкес оқыту мақсаттары | 2.1.2.3.** Қосудың ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін тиімді есептеулер жүргізу үшін қолдану. 2.4.2.1. Тұжырымдардың ақиқаттығын немесе жалғандығын анықтау, ақиқат немесе жалған тұжырымдар құру. 2.1.1.3.** 12-ге дейін рим сандарын оқу, жазу және қолдану. 2.5.1.8.** Құрама есептердің шешуін санды өрнектер және жекелеген амалдар түрінде модельдеу. 2.4.3.2. Берілген заңдылық бойынша тізбекті құрастыру, тізбектегі заңдылықтың бұзылуын табу. | |
Сабақтың мақсаты | Барлық оқушылар өткен материалды қайталайды, бекітеді. Өз бетімен, жұппен, топпен жұмыс жасау дағдысын көрсетеді. Көптеген оқушылар өткен материалды қайталайды, бекітеді. Өз ойын ауызша, жазбаша жеткізе біледі. Шығармашылық мүмкіндігін көрсетеді. Кейбір оқушылар өткен материалды қайталайды, бекітеді. Алған түсініктерін бір-бірімен байланыстырып, қарапайым жүйе жасайды. |
Сабақтың кезеңі/уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы | Кіріспе-қызықтырушылық кезеңі «А, В, С» әдісі арқылы берілген сұрақтарға жауап алынады. Өтілген тақырыптар бойынша оқушылар сұрақ қояды. А – сұрақ қояды. В – жауап береді. С – айтқан жауаптарды бақылайды, толық болмаса толықтырады. Мақсат қою: Алған біліміңді қайталайсың. | Сұрақтарға жауап береді, сұрақ дайындайды. | Қалыптастырушы бағалау. Мұғалімнің қолдау сөздері. | |
Сабақтың ортасы | Операционалдық-танымдық кезеңі. Оқулықпен жұмыс. Өткен тақырыптарды қайталау бағытында орындалатын тапсырмалар мазмұны: 1) Разрядтан аттамай қосу және азайту алгоритмін қолдана білу дағдыларын дамытуға және есептеу жылдамдықтарын арттыруға бағытталған тапсырмалар. Оқушылардың бірліктен бірлікті азайтуды (қосуды), ондықтан ондықты азайтуды (қосуды), амал компоненттерінің өзара байланысы негізінде қосуды азйтумен, ал азайтуды қосумен тексеруге болатынын түсінгендері, есептеулерде қолдана білгендері маңызды. 2-тапсырма тақтада жазбаша орындалады. 2) Разрядтан аттап қосу, азайту алгоритмін қолдана білу дағдыларын дамытуға және есептеу жылдамдықтарын арттыруға бағытталған тапсырмалар. Мысалы, 37 + 53 өрнегінің мәнін есептеу үшін бірліктің астына бірлікті, ондықтың астына ондықты сәйкестендіріп жазулары, 7 бірлікке 3 бірлікті қосамын, 10 болады. 10 санында – 1 ондық және 0 бірлік бар, мұндағы 0 бірлікті бірліктің астына жазамын, ал 1 ондықты келесі разряд бірлігіне қосу үшін ойда сақтаймын. 3 ондыққа 5 ондықты қосамын, 8 ондық, ойдағы 1 ондықпен 9 ондық болады. Ондықтардың | Оқушылар тарапынан іске асатын әрекеттер: Екі таңбалы сандарды разрядтан аттамай және аттап қосу және азайту алгоритмдерін қолданады, кері амалмен тексереді; жай есеп, құрама есептерді шығару алгоритмін қолданады; бірліктермен, ондықтармен, жүздіктермен санау, салыстыру, амалдар орындау, рим цифрларымен және шамалармен амалдар орындау, өлшем бірліктерін түрлендіру, заңдылықтарға қатысты білімі мен білігін тиімді қолданады. | Бағалау: «Дарабоз». Бала еңбегін сабақта бағалауға рейтинг жүйесінің қарапайым түрі. Мұғалім өзінің жеке шығармашылық журналы төмендегі бағытта бағалау жүйесін қолданады. Бұл баланың төмен баға алу қорқынышынан туатын қажетсіз әрекеттерінен арылып, шынайы еңбегімен көрінуге ұмтылуына ықпал етеді. Ұтымдылығы – бірінші орында баланың қабілетінен гөрі еңбектенуі тұратындығында. Тынымсыз еңбек қабілетті дамытады. Баланың сенімділігі мен қызығушылығын ұштайды. Бала еңбегі мынадай бағыттарда жан- жақты бағаланғаны жөн: | Оқулық Пысықтауға арналған тапсырмалар мазұнына сай кестелер, тірек сызбалар, модельдер, суретті таблицалар, слайдтар. |
| астына жазамын. Жауабын (90) оқимын. Осы үлгіде өз сөзімен түсіндіре отырып орындаулары назарға алынады, қиындық туындаған жағдайда қолдау көрсетіледі. №1, №2, №3 тапсырмалар орындау барысында берілген сандарды пайдаланып, мәні 90-ға тең қосындылар құру ( 60 + 30, 70 + 20, 50 +40), екі таңбалы сандарды пайдаланып, осы сандардың бірліктерін қосқанда 10, ондықтарын қосқанда 7 шығатындай қосындылар жазу (48 +22, 37 +33 т.с.с.) әрекетін орындайды.
№5, №6, №7, №8, №10, №11 тапсырмалар орындалады.
Саралап іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер: оқушыға дербес көмек көрсету, оқу тапсырмалары оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып, әр мұғалім өз сыныбының деңгейіне байланысты іріктеу түрінде ұйымдастырады. | Жиындар және оларға амалдар қолданады, пікірлер, ақиқат және жалған тұжырымдарды анықтайды. |
| |
Сабақтың соңы | Рефлексиялық-бағалау кезеңі Бағалау: «Дарабоз». Бала еңбегін сабақта бағалауға рейтинг жүйесінің қарапайым түрі. Мұғалім өзінің жеке шығармашылық | «Кім ортаға...» жаттығуы. Бүгінгі сабақтағы өзінің әрекеті туралы, жаңа | | . |
| журналында төмендегі бағытта бағалау жүйесін қолданады. Бұл баланың төмен баға алу қорқынышынан туатын қажетсіз әрекеттерінен арылып, шынайы еңбегімен көрінуге ұмтылуына ықпал етеді. Ұтымдылығы – бірінші орында баланың қабілетінен гөрі еңбектенуі тұратындығында. Тынымсыз еңбек қабілетті дамытады. Баланың сенімділігі мен қызығушылығын ұштайды. Бала еңбегі мынадай бағыттарда жан-жақты бағаланғаны жөн:
Рефлексия: «Кім ортаға...» жаттығуы. Есімдері жазылған таяқшалар ішінен жауап беру үшін кез келген таяқшаны кездейсоқ тәртіппен алып, баланың есімін атау. Есімі аталған бала топ алдына шығады. Бүгінгі сабақта жаңа білімді түсінгені, қандай жаңа сөздер үйренгені, өзінің бүгінгі әрекеті туралы өзіндік ой айтады. Жаттығу осылай жалғасын табады. | білімді меңгерудегі өзінің жетістіктері мен қиыншылығы туралы ой бөліседі. | | |