ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 07.12.2023
Просмотров: 1135
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ҚЫСҚАМЕРЗІМДІ ЖОСПАР
1-сабақ
Бөлім: | 1А ЕКІ ТАҢБАЛЫ САНДАР | ||||
Педагогтің аты-жөні | | ||||
Күні: | | ||||
Сынып: 2 | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: | |||
Сабақтың тақырыбы | Екі таңбалы сандардың құрылуы. Ондықтармен санау. | ||||
Оқу | 2.1.1.1. 100-ге дейінгі сандардың құрылу жолын түсіну; 100 көлеміндегі сандарды тура және кері санау, натурал сандар қатарындағы | ||||
бағдарлама- | орнын анықтау. | ||||
сына сәйкес | | ||||
оқыту | | ||||
мақсаттары | | ||||
Сабақтың мақсаты | Барлық оқушылар ондықтармен және бірліктермен санай отырып, екі таңбалы сандардың құрылу жолын түсінеді, олардың натурал сандар қатарындағы орнын анықтайды. Көптеген оқушылар бірліктермен санап бір таңбалы сандарды, ондықтармен санап толық ондықтарды, ондықтармен және бірліктермен санап, бірнеше екі таңбалы сандарды құрады, оқиды, жазады. Кейбір оқушылар санның әрбір цифры белгілі бір орынға ие болатынын түсінеді, тілдік терминде «екі таңбалысан»,«...бірлік», «...ондық»,«разряд»сөздерін, сөз тіркестерін пайдаланады. | ||||
Сабақтың кезеңі/уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | |
Сабақтың | Кіріспе-қызықтырушылық кезеңі | Оқулықта берілген шартты | Қалыптастырушы | Оқулық | |
басы | Кіріспе әңгімеде мұғалім оқулықпен, оқулықта | белгімен танысады, ортақ | бағалау. | | |
| берілген шартты белгілермен таныстырады, | тақырыппен танысады, | Мұғалімнің қолдау, | | |
| оқулықтың атқаратын қызметіне түсінік береді. | өмірмен байланыстырады. | мадақтау сөздері. | | |
| Отанымыз туралы, мектепте білім алу | | | | |
| ерекшеліктері, математика пәні, пәннің | | | | |
| маңыздылығы туралы әңгімеленеді. | | | | |
| – Сенің туған жерің қалай аталады? | | | | |
| – Менің туған жерім – Қазақстан Республикасы. | | | | |
| – Сен қай мектепте білім аласың? | | | | |
| – Мен ... мектепте білім аламын. | | | | |
| – Биыл нешінші сыныпта оқисың? | | | |
| «Мен екінші сыныпта оқимын» лексикалық тақырып мазмұнымен жұмыс жасалады. 1-тапсырмада натурал сандар қатары туралы білімдерін есіне түсіреді және толықтырады.
Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, сандар «Неше зат? Зат нешеу?» деген сұрақтарға жауап беруге көмектесетінін және бұл сандар натурал сандар деп аталатынын естеріне түсіреді.
0 саны ешқандай зат жоқ екенін білдіреді.
4, 5, 6, 8, 9 – натурал сандар тізбегі бола ма? Қалай ойлайсың? (4, 5, 6, 8, 9 – натурал сандар тізбегі емес, себебі 7 саны жоқ) 4, 9, 8, 7, 5, 6 – натурал сандар тізбегінің кесіндісі бола ма? (4, 9, 8, 7, 5, 6 – натурал сандар тізбегінің кесіндісі емес, себебі сандар ретімен тұрған жоқ.) | 1-тапсырмада оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, натурал сандар туралы білімдерін естеріне түсіреді және толықтырды. | Кері байланыс: «Көршіңе бір сөз таңда». Әр бала өзінің жанында отырған баланың бүгінгі еңбегі, іс-әрекеті туралы бір ауыз жақсы сөз, мадақтама айтады.
| Слайдтар: «Сан сәулесі, 20 көлеміндегі екі таңбалы сандардың түрлі графикалық модельдері. Натурал сандарды санау материалдары, заттар бейнеленген суреттер. |
Сабақтың ортасы | Операционалдық-танымдық кезеңі Оқулықпен жұмыс. 2-тапсырма оқушыларды екі таңбалы санның құрылуы туралы өз тұжырымын жасауға жетелейді. Тапсырма жаңа тақырыпты ойын ойната отырып, меңгерту мақсатында орындалады. Оқушылардың «Суретте қанша шаршы бар?» деген сұраққа жауап бере алуын, санауды қалай жүргізетіндіктерін анықтау, сабаққа жұмылдыру мақсатында төмендегідей «Досыңа көмектес» дидактикалық ойыны ұйымдастырылады, яғни «Досыңа көмектес» Мұғалім суретке назар аударуларын сұрайды.
Он бірлік бір ондықты құрайды. 10 саны – ондық нөмірленудің негізі. Оқушылардың бір разрядтың 10 бірлігі келесі өзінен кейінгі разрядтың 1 бірлігін құрайтынын түсінгендері маңызды. 10 бірлік = 1 онд. Бір жолақша бір ондықты білдіреді. Демек, оқулықта шаршылармен қандай сандар берілген? 3-тапсырманы топтық жұмыс түрінде орындау ұсынылады. Бұл тапсырмада сандарды анықтау амалдары жүзеге асады. Мысалы,
|
шаршы санын қалай анықтағанын түсіндіреді. Бірін-бірі тыңдайды, жауабын толықтырады. Бір разрядтың 10 бірлігі келесі өзінен кейінгі разрядтың 1 бірлігін құрайтынын түсінеді.
Керекті сөздер мен сөз тіркестерін қолдана отырып, берілген сөйлемдерді толықтырады, өзіндік тұжырымын ұсынады, | Мұғалімнің оқушылармен кері байланысы. «Мадақтама». Тапсырмаларды белсенді орындаған, орындауда талпынған, өз ойларын жеткізген балалар еңбегі және ұтымды жауаптары- мен, ойлау дағдылары мен ерекшеленген балалар еңбегі мадақталады. (Бала- ларға таратылады.) | https://bilimland.kz/kk/subj ect/matematika/2- synyp/eki-tangbaly- sandar?mid=ea7b6c00- 9ee4-11e9-a361- 1f1ed251dcfe «Екі таңбалы сандардың оқылуы, жазылуы» кесте, слайд. Натурал санау материалдары, заттар бейнеленген суреттер. |
|
Оқушыларды өзіндік тұжырым жасауға жетелеу үшін «Сөйлемді толықтыр» жаттығуы орындалады. Екі таңбалы сандар ... мен құралады. Оларды қарай оқиды: Алдымен санның ..., содан соң аталады. Керекті сөздер, сөз тіркестері: солдан оңға қарай, ондықтар, бірліктер. Соңынан оқулықта берілген тұжырыммен танысуға, өзінің тұжырымын салыстыруға мүмкіндік беріледі. «Разряд» терминімен танысады, санның жазылуында әрбір цифрдың белгілі бір орны болатыны, оның разряд деп аталатынын түсінеді. ТҰЖЫРЫМ: екі таңбалы сандар ондықтар мен бірліктерден құралады. Оларды солдан оңға қарай оқиды: алдымен санның ондықтары, содан соң бірліктері аталады. Сандарды жазудағы цифрлардың орналасуын РАЗРЯД деп атайды. Сандарды солдан оңға қарай оқыса, ал разрядтарды керісінше – оңннан солға қарай оқиды. Мұғалім оқулықтағы 4-тапсырмаға назар аударуларын, сұрақтарға жауап беруін сұрайды. Оқушылар сурет бойынша нысандарды санайды. Мұғалім оқушылардың сұрақтарға жауап бере алуына, санауды қалай жүргізгендігіне мән береді.
| оқулықта берілген тұжырыммен танысады. Қосымша ақпаратпен танысады. «Разряд» терминімен танысады, санның жазылуында әрбір цифрдың белгілі бір орны болатыны, оның разряд деп аталатынын түсінеді. 4-тапсырмада оқушылар сурет бойынша сұрақтарға жауап беріп, нысандарды санайды. 12, 32 сандарында неше ондық, неше бірлік бар екенін атайды. Нысандарды санау негізінде екі таңбалы санның құрылуын түсінеді. Оқушылар тілдік қатынаста | 4-тапсырма. Критерий:
| CD диск Көрнекі кестелер: «Екі таңбалы сандарды салыстыру, оқу, жазу, разрядтық қосылғыштарға жіктеу». №2 кесте. Разрядтар кестесі |
| Қандай сандарды анықтадық? (12, 21) Жаңа білімді бекітуге берілген 5-тапсырмада оқушылар 20-дан бастап бір-бірден қоса отырып, 40-қа дейінгі сандарды өсу ретімен атайды және 30-дан бастап 10-ға дейін бір- бірден азайта отырып, санайды. Оқушылар әрбір келесі натурал сан өзінің алдындағы саннан 1-ге артық, өзінен кейінгі саннан 1-ге кем екендігін пысықтайды. Ойсергек. «Секір, секір, секір» деп, Ойнаймыз біз секірмек. 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10 – көп тіпті. Бір мүдіріс жоқ тіпті. Қайта, қайта секіріп, Шынығамыз жетіліп. Десек те, ойын жайдағы, Секірмек шын пайдалы. «Диалог және қолдау» әдісі. Диалог арқылы саралау. Бұл тәсіл барысында басты рөлді мұғалім атқарады, ол мәселені шешуде қай оқушы қарапайым тілде берілген түсіндірмелерді қажет ететінін және қай оқушы күрделі диалогті түсіне алатынын зерделей отырып ықпал етеді. Мұғалім оқушылардың деңгейіне қарай өзінің сұрақтары мен оқушының жауаптарын саралайды. Қабілеті жоғары оқушыларға арналған сұрақтар үлгісі:
| «екі таңбалысан», «...бірлік»,«...ондық», «разряд» сөздерін, сөз тіркестерін пайдаланады. 5-тапсырмада сандарды өсу, кему ретімен атайды, әрбір келесі натурал сан өзінің алдындағы саннан 1- ге артық, өзінен кейінгі саннан 1-ге кем екендігін пысықтайды. Диалог арқылы саралау жұмысы барысында оқушылар шығармашылық сұрақтарға жауап береді. Нақты өмірмен байланысты сұрақтарға жауап береді. | құрылу жолын түсіндіреді. Дескрипторға сәйкес оқушы білімі бағаланады. 5-тапсырма. Кері байланыс. Әр топтың орындалған тапсырма негізінде бір-біріне қолдау сөздері. Дескрипторға сәйкес оқушы білімі бағаланады. 7-тапсырма. Дескриптор:
9-тапсырма. Критерий:
орнын анықтайды. | «Екі таңбалы сандардың оқылуы, жазылуы» кесте, слайд. |