Файл: 1 есеп абылдауда бір жасар баланы карау кезінде жтд оны тері жамылгысыны,оны ішінде алаынын,шырышыты кабатыны крт бозаруынын болуына назар аударды. Анасы баласыны тез шаршайтынын,ашуланшак,енжар, тбетіні томендеуін атап отты.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.12.2023

Просмотров: 52

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


2)Дәрі-дәрмексіз ем: 6 айына  дейін нəрестені тек емшек сүтімен тамақтандыру ұснылады. Дәрі-дәрмектік ем:Емнің мақсаты-темір препараттарын беру-дәрігер бақылауымен ұсынылады. Нәрестеге темір препаратын педиатр маманының бақылауымен беріледі.4 айлық балаға-Элементарлы теімрдің 30 мг сиропы немесе 3 мг/кг беріледі.Екі валентті темір болу қажет, себебі, темір жақсы сіңіріледі. Темір максимальды сіңірілу үшін тамақтанар алдында, яғни,0,5-1 сағ алдын қабылдау қажет.

3)Диагноз қойылған сәттен бастап, 1 жыл ішінде диспансерлік бақылау жүргізіледі.Диспансерлік бақылау алдында- қанның барлық көрсеткіштері анықталады.Сондай-ақ, Темір тапшылықты анемияны емдегеннен кейін, 4 аптадан соң қанның барлық көрсеткіштеріне талдау жасау керек. Тағайындалған ем нәтижелі болса, көрсеткіштер нормаға сай болса, ем 2 айға жалғастырылып, содан соң емді тағайындау тоқтатылады. Темір дəрі-дəрмегін қабылдап жатқан науқасқа əр 10-14 күн сайын серпінді бақылау жүргізеді. 6-12 айдан кейін клиникалық-зертханалық көрсеткіштердің қалпына келгеннен соң, бала диспансерлік бақылаудан шығарылып, бірінші денсаулық тобынан екіншісіне ауыстырылады. Алдын алу-ТТА алдын алу үшін ата-анамен тиімді тамақтану бойынша оқыту мен кеңес беруді жүргізу қажет.Бірден бір профилактикасы дұрыс толық тамақтану.Ана сүті болмаса, темірге бай смесьттерді қабылдау.Сонымен қатар, дәрігерге қаралу барысында, қанның барлық көрсеткіштері бойынша тексерілу қажет.

7 ЕСЕП:

Дәрігер қабылдауына 7жасар бала анасымен келді.Шағымдары :қатты суықтағаннан кейін қатты ауырды, дене қызуы39,0 С дейін көтерілді, құрғақ ауырсынатын жөтел, бас ауруы пайда болды.

Жауап:1)Клиникалық диагноз: Ауруханадан тыс пневмония,оң жақ өкпенің 8 және 9 сегменттің зақымдалуы, орташа ауыр дәрежелі,тыныс жеткіліксіздігі-2 дәрежелі.Негіздеу:Ауруханадан тыс пневмония- бала үйінде ауырған. Рентгенде-оң жақ өкпенің 8 және 9 сегменті зақымдалған. Орташа ауыр дәрежелі-дене қызуы 39,0 С дейін жоғарлаған,құрғақ ауырсынатын жөтел,тыныс алу кезіндегі сырылдар,ТАЖ-32 рет, тыныс алу кезінде оң жақ өкпе тыныс алу актісіннен артта қалған.Кеуде қуысы ісінген.Перкуссияда:оң жақ жауырын астында перкуторлы дыбыстың тұйықталуы.Аускультативте:тыныс қатты, сырыл жоқ.ЖЖЖ минутына 120 рет.ЖҚА: лейкоцитоз,солға ығысуы, СОЭ- жоғарлаған. Кеуде қуысының рентгенографиясы: оң жақ өкпенің 8 және 9 сегменттерінің айқын қараңғылануы. Тыныс жеткіліксіздігі2 дәрежелі-баланың жағдайы ауыр, ТАЖ-32 рет, ЖЖЖ-минутына 120 рет-тахикардия.Балада ентігу белгілері, терісі-бозғылт, мәрмәр тәрізді.


2) Алғашқы медициналық санитарлық көмек көрсету:Баланы педиатр маманына жіберу керек. Баланың шағымдарын, ауру тарихын, өмір тарихын, ЖҚА,ЖЗА сұрастырып, тексеру жүргізілуі тиіс. Рентген суретін арнайы-пульмоноогқа жіберу керек.025/у картасын толтырып, стационарға жолдама берілуі керек.Емі:Дәрі-дәрмексіз:1) төсектік режим;2) Көп жылы су берілу керек;3) Жасына сәйкес адекватты тамақтану режимін ұсыну;3)Санитарлық-гигиеналық режимді сақтау, инфекциялық науқастармен қарым-қатынаста болмау4)Оксигенотерапия-бет маскасы мен оттегілі палатка арқылы жүргізіледі.Дәрі-дәрмекпен ем:Температураны түсіру үшін-парацетамол 10-15мг/кг береміз.Науқаста пневмонияның ауыр түрі болғандықтан цефтазидим 80-100 мг/кг есебіннен күніне тамыр ішіне, бұлықет ішіне 10 күн қабылдау қажет.

3)Егер баланың жағдайы жақсармаса,керісінше нашарлап кетсе, 2 күннен кейін немесе ертерек участкелік дәрігерге қаралуы керек. Бала пневмониямен ауырғандықттан 1 жылдың ішінде диспансерлік бақылауда болу керек. Яғни, 1,3,6,12 айдан кейін жүргізіліп отырады.Алдын алу шаралары:1) Баланың иммундық қабілетін жоғарлату керек. Сол үшін балаға пайдалы тағамдарды көкініс, жеміс-жидек,әсіресе С витаминіне бай тағамдарды қолдану.2) Баланың жеке бас гигиенасын сақтау керек.3) Физикалық жаттығулар4) Үйде бөлменің терезесін күніне 3-4 рет желдетіп отыру қажет5)Балаларға бөлінген немесе субъединицаланған екпелер қолданылады.Күз айында екпені салу участкелік дәрігердің бақылауымен жүргізіледі.

8 ЕСЕП:

Задача: Дәрігер қабылдауында 5 айлық сәби анасымен келді.

Жауабы:

1.Клиникалық диагноз: Анықталмаған (неуточненный) жедел бранхиолит, 2 дәрежелі тыныс жеткіліксіздігі.

Анықталмаған жедел бронхиолит диагнозы, себебі ауру жедел дене қызуының 38С-ка дейын көтерілуімен басталған, пароксизмальды жөтел, ысқырықты ентігумен қосарласқан тыныс алу, кеуде қуысының артқа тартылуы, тахипноэ (ТАЖ 60 рет мин), өкпеде қарапты дыбыс, ұсақ көпіршікті сырылдар мен крепитация дыбыстары бар болғандықтан. Және де рентгенографияда өкпе суретінің ашықтығы, диафрагманың төмен орналасқандығы нда қосып кеткеніміз жөн. Бронхиолитке алып келген кауіп факторларына мән берген дұрыс, оларға: сәбидің 3 айында ЖРВИ мен ауырған, жасы 6 айға жетпегендігі, 1 айынан бастап жасанды тамақтандырылу екендігін кіргіземіз.

2 дәрежелі тыныс жеткіліксіздігі – сәбиде ентігу, мұрын қанаттарының ісінуі, ауызүшбұрышының цианозы, кеуде қуысының ішке тарылуы және тахипноэ бар екендігі растайды.



2.АМСК бойынша: сәбиді жедел госпитализациялау қажет.Емі: 30-40% ылғал оттегімен оксигенотерапия жүргіземіз, 3% тұздық ерітіндімен ингаляция. Дене қызуын түсіру үшін парацетамол 10мг/кг-ға 4 сағаттық интервалмен 3 реттен көп емес. Дәрумендік терапия жүргізуімізге болады, Витамин С 30 мг/тәулігіне.

3. Динамикалық бақылау: ауруханада болу ұзақтығы, әдетте, 1 аптадан аспайды, сирек ұзағырақ, сәбиде суперинфекцияны болдырмау үшін қалдық көріністермен болса да (ринит, ысқырықты сырқат) шығарылуы мүмкін.

Алдын алу: Жедел респираторлық инфекциялар мен бронхиолиттің жиілігін төмендету үшін өмірдің кем дегенде алғашқы 6 айында емшек сүтімен тамақтандыруды ұсыну керек; пассивті темекі шегуді (яғни темекі түтінімен дем алудан сақтау) алдын алу, гигиеналық нормаларды сақтау. Аллергиямен ауыратын балалар үшін болуы мүмкін аллергендермен және қоздырғыш факторлардан, яғниішкі ауаның шамадан тыс құрғауы; жаңа ойыншықтардан, жиһаздан, ремонттан және т.ббайланысты максималды шектеу қажет;

9 ЕСЕП:

18 жастағы науқас учаскелік дәрігерге бел аймағындағы аурсыну, жиі зәр шығару, қалтыру шағымдарымен жүгінді.

Жауап:1) Екіншілік созылмалы сол жақты пиелонефрит,латенттік кезеңі.Пиелоэктазия сол жақта.Негіздеу: Екіншілік созылмалы сол жақты пиелонефрит,латентті кезеңі-бел аймағындағы ауырсыну, жиі зәр шығару, қалтырау шағымдары, сонымен қатар, ЖРВИ мен жиі ауырады.5 жыл бойы іштің төменгі жағында баяу ауырсыну байқалып келген. Зәр шығаруы-жиі және ауырсынумен. Дене температурасы -37,8 С.Соққылау симптомы сол жағынан –оң.Жалпы қан анализі бойынша-лейкоцитоз, лейкоцитарлы формуланың солға жылжуы, ЭТЖ-жоғарлаған. Жалпы зәр анализі-реакциясы сілтілі, лекоцитурия, бактерурия. Нечипоренка бойынша:цилиндурия, лейкоциттердің көбеюі. Пиелоэктазия сол жақта-бүйрек УДЗ-да –түбекше-тостағанша жүйесі кеңейтілген, пиелоэктазия сол жақта.Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігін қоя алмадым. Себебі, есепте Шумақтық фильтрация жылдамдығы және креатинин көрсетілмеген.

2)Алынған тексеру нәтижелерін ,яғни, жалпы қан анализі, жалпы зәр анализін, Нечипоренко әдісін, бүйрек УДЗының қорытындыларын алып, нефролог маманына консльтацияға жіберемін.Емдеу мақсаты- бүйрек тіндеріндегі қабынбалық процесстерді жойып, азайту. Дәрі-дәрмексіз ем: №5 диета, тағам рационынан ащы тамақты, көп қайнаған сорпаларды, түрлі дəмдеуіштерді, қою кофені алып тастау, қорғанышты режим. Дəрі-дəрмекті ем: Амоксициллин + клавулан қышқылы
в, қапталған таблеткалар, 250 мг/125 мг вена ішіне енгізу үшін флакондардағы ерітінді дайындау үшін ұнтақ 500 мг/ 100 мг, ЦефтриаксонВ 500мг, 1 г фл. Бірқатар жағдайларда басқа антибактериалды заттар қосылған, ұстап тұрушы терапия қажет – уросептиктер (фурагин 1-2 мг/кг/түнге, ко-тримаксазол – 120-240 мг түнге). Әрі қарай жүргізу: бүйректің фильтрациялық, концентрациялық функцияларын, зəр анализдерін, артериалдық қысымды бақылау, бүйректі УДЗ, бүйрек нефросцинтиграфиясы. Созылмалы пиелонефритте антибиотиктер және басқа уросептиктермен емдеу ұзақтығы 6-9 айдан кем болмау керек.

3) Ауырған бала созылмалы пиелонефриттен кейін 3 жылға, созылмалы пиелонефритте жасөспірімдер тобына өткізгенше «Д» есепке алынып, нефрологтың, педиатрдың бақылауында болуы қажет. Дәрігерлік тексеру 3 айда 1 рет;Клиникалық қан талдау 6 айда 1 рет; Нечипоренка ай сайын тексеру жүргізу; құрсақ қуысы ағзалары мен бүйрек УЗИ 12 айда 1 рет;Жалпы зәр анализі мен Зимниский 6 айда 1 рет;қанның биохимиялық анализі 12 айда 1 рет; шумақтың фильтрация жылдамдығын 12 айда 1 рет қаралады. Пиелонефриттің алдын алу үшін пиелонефриттің пайда болуын болдырмау үшін қажет: - зәрдің қалыпты ағып кетуін қамтамасыз ету үшін жеткілікті сұйықтықты тұтыну; - шақыру болған кезде ұзақ уақыт зәр шығаруды тоқтатпау; - кез-келген жұқпалы ауруларды уақтылы және соңына дейін емдеу; - алдын алу; -жеке гигиенаны сақтау;-мезгіл-мезгіл мултивитаминдер қабылдау;-гипотермияны болдырмау.



10 ЕСЕП Қабылдауда 5 жасар бала, дене кызуынын 39,0 гр жогарылауына, кургак ауырсынуды жотелге, бас ауруына шагымданады. Суык тиіп калганнан кейін жедел ауырды. БАла 1- жуктылыктен, 1 ші туылганнан. Балал жиі ЖРВИ –мен аурады.(жылына 4-5 рет)

1.ДИАГНОЗ:-Ауруханадан тыс: бала соңғы 4 апта ішінде ауруханада жатпаған. Анамнезінде суықтап қалғаннан соң дамығаан, жылына 4-5 рет ЖРВИ мен ауырады. Шағымдарында мұырынмен тыныс алуы қиын, 39,0 С градусқа көтерілуі.

-Оң жақ өкпенің пневмониясы: тексеру барысында перкуторлы оң жақта иық сүйегінің астында дыбыстың тұйықталуы анықталды.

-Жедел, баланың шағымдарына 6 аптадан асқан жоқ, тінде структуралық өзгерістер жоқ.

-Орташа ауырлық дәрежелі:Балада интоксикациялық синдром 39,0 С дене температурасының көтерілуі,лейкоцитоз, СОЭ жоғарылауы.


Астеновегетативті синдром: балада әлсіздік бар.

Өкпе тінінің тығыздалу синдромы: балада перкуторлы оң жақ өкпеде иық сүйегі астында дыбыстың тұйықталуы, аускультативті бір реттік құрғақ ысылдау бар.

-Тыныс алу жеткіліксіздігі 1: балада сатурация 94 пайыз, мұрынмен тыныс алу қиындаған.

2- сұрақ:

ИБВБД бойынша 5 жастан асқан баланы амбулаторлы емедйді.

Дәрілік емес ем:

-дробно,қуатты тамақтану

- обильное питье, дезинтаксикационды терапия

Дәрілік ем:

Қызуын түсіру үшін парацетамол 1/2 таблеткасын беру керек интервалы 6 сағаттан, дене қызуы 38 градустан жоғары болған жағдайда

Антибиотикотерапия алдымен баланың мүмкін болған салмағын өлшеп 10,5+2*5=20 кг.

Амоксициллин 25 мг/кг, 500мг-күндік доза, 250 мг бір реттік доза, сонда 2 рет күніне таңертең және кешке, 7 күн.

Пробиотик Хилакфорте 20 тамшы тілдің ортасына.

3-сұрақ. Профилактика:

-суықтанудың алдын алу

-бөлмені тазартып желдетіп тұру

-контактты адамдармен азайту

2 күннен соң приемға қайта келеді.

14 күннен соң повторно ренгенге жібереміз.

1,3,6,12 ай кезінде 1 жыл ішінде динамикалық бақылау жүргіземіз.

жылына 2 рет педиатрдың қабылдауында болу керек.

90 балл



11 ЕСЕП Қабылдауда 5 жасар бала, дене кызуынын 39,0 гр жогарылауына, кургак ауырсынуды жотелге, бас ауруына шагымданады. Суык тиіп калганнан кейін жедел ауырды. БАла 1- жуктылыктен, 1 ші туылганнан. Балал жиі ЖРВИ –мен аурады.(жылына 4-5 рет)

1.ДИАГНОЗ:-Ауруханадан тыс: бала соңғы 4 апта ішінде ауруханада жатпаған. Анамнезінде суықтап қалғаннан соң дамығаан, жылына 4-5 рет ЖРВИ мен ауырады. Шағымдарында мұырынмен тыныс алуы қиын, 39,0 С градусқа көтерілуі.

-Оң жақ өкпенің пневмониясы: тексеру барысында перкуторлы оң жақта иық сүйегінің астында дыбыстың тұйықталуы анықталды.

-Жедел, баланың шағымдарына 6 аптадан асқан жоқ, тінде структуралық өзгерістер жоқ.

-Орташа ауырлық дәрежелі:Балада интоксикациялық синдром 39,0 С дене температурасының көтерілуі,лейкоцитоз, СОЭ жоғарылауы.

Астеновегетативті синдром: балада әлсіздік бар.

Өкпе тінінің тығыздалу синдромы: балада перкуторлы оң жақ өкпеде иық сүйегі астында дыбыстың тұйықталуы, аускультативті бір реттік құрғақ ысылдау бар.

-Тыныс алу жеткіліксіздігі 1: балада сатурация 94 пайыз, мұрынмен тыныс алу қиындаған.

2- сұрақ:

ИБВБД бойынша 5 жастан асқан баланы амбулаторлы емедйді.