Файл: Мектепке дейінгі трбие мен оытуды лгілік оу жоспарыны жне Мектепке дейінгі трбие мен оытуды лгілік оу бадарламасыны негізінде 20222023 оу жылына арналан йымдастырылан ызметті перспективалы жоспары.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.12.2023

Просмотров: 15

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарының және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының негізінде 2022-2023 оқу жылына арналған ұйымдастырылған қызметтің перспективалық жоспары
      Мектепке дейінгі ұйым (балабақша/мектепке дейінгі шағын орталық): «Тілек» бб КМҚК

     Мектепке дейінгі ұйымдағы топ: «Шағала» мектепалды тобы

      Балалардың жасы: 5 жас

      Жоспар қандай кезеңге жасалды (айды, жылды көрсету): Қазан айы 2022 жыл

Ай

Ұйымдастырылған қызмет

Ұйымдастырылған қызметтің тақырыптары

Қазан

Дене шынықтыру

- Салауатты өмір салты дағдыларын дамыту, дене сапаларын қалыптастыру;

- қимылды және командалық жарыс сипатындағы ойындарды, негізгі қимылдарды жетілдіру арқылы балалардың қимыл тәжірибелерін байыту;

- бұрын үйренген дене жаттығуларын қайталау, қимыл дағдыларын жетілдіру;

- таныс дене жаттығуларын музыка әуенімен әсем және ырғақты орындауға баулу;

- ынта мен шығармашылық таныта отырып, таныс қимылды ойындарды өз бетінше ұйымдастыруға мүмкіндік беру;

Жалпы дамытушы жаттығулар.

  Іштің бұлшық еттеріне (пресс) арналған жаттығулар: екі бала жұптасып жасайды: бірінші бала қолын желкесіне қойып, шалқасынан жатып, денесін көтереді, екіншісі оның аяғына отырады (5–6 рет); гимнастикалық қабырғада қолдарымен тартылып тұрып, аяқтарын қосып сермейді (5–6 рет). Жаттығулар картотека бойынша жасалады.

 Негізгі қимылдар:

      1) Жүру: Сапқа тұру, сап құрылымын өзгертіп қайта тұру. Сапқа бір, екі, үш қатармен тұру, сап түзеуден бір және екі, үш қатармен қайта тұру, бір орында және қимыл үстінде оңға, солға бұрылу, қатарда – қолды алға, сап түзеп жүргенде және шеңбер жасағанда – қолды жан-жаққа созып тік тұру; оңға, солға бұрылу, тұрған орнында айналуСапта бір қатармен, аяқтың ұшымен, өкшемен жүру; тізеден бүгілген аяқты жоғары көтеру, заттарды аттап өту, түрлі қарқында, тәрбиешінің белгісімен тоқтау, қозғалыс бағытын өзгерту, шашырап, заттар арасымен, адымдап алға қарай жүру, қадамды алмастыра жүру, жүру мен жүгіруді қайталап кезектестіру;

      2) Жүгіру: шашырап; жұптасып, бір қатармен, заттарды аттап, бір сызыққа қойылған заттар арасымен "жыланша" ирелеңдеп, кедергілерден өту арқылы, табиғи жағдайларда кедергілерден өту арқылы, түрлі жылдамдықпен – баяу, жылдам, орташа қарқынмен 1,5–2 мин тоқтаусыз жүгіру;

      3) Секіру: қос аяқтап заттар арасымен (арақашықтығы 4 м), оң және сол аяқтарымен кезектесіп заттар арасымен (арақашықтығы 3 м), орнынан биіктікке, арқаннан, сызықтан аттап секіру.

      4) Лақтыру, қағып алу, домалату: допты бір қатарға қойылған заттар арасымен домалату, допты қабырғаға ұрып және еденнен ыршытып қос қолмен қағып алу, 2–2,5 м арақашықтықтағы нысанаға құм салынған қапшықты, асықты дәлдеп лақтыру.

      5) Еңбектеу, өрмелеу: гимнастикалық орындық астынан еңбектеу, доға астымен еңбектеу (биіктігі 50 см), доғаның астымен қолына допты ұстап еңбектеу (биіктігі 50 см), құрсаудың ішіне кіру(биіктігі 50 см), көлбеу басқышқа шығу.

      6) Тепе-теңдікті сақтау: орындық үстімен текшелерден аттап, қосалқы қадаммен арқан бойымен (өкшені арқанға, аяқ ұшын еденге), әр қадам сайын допты алдынан немесе артынан қолдан-қолға ауыстыра отырып орындық үстімен, кедір-бұдыр тақтай үстімен жүру;

Музыкалық-ырғақтық қимылдар:

   Өздеріне таныс дене жаттығуларын музыка әуенімен әсем де, ырғақты етіп орындау. Аяқты өкшеге кезектестіріп қойып, топылдату. Бір қырымен тізе бүге отырып жүру. Қарапайым музыка ырғағына сай қолды шапалақтау.

     

      Спорттық ойын элементтері:

      1) баскетбол. Кеуде тұсынан қос қолмен допты бір-біріне лақтыру. Допты оң және сол қолмен алып жүру;

    2) футбол. Берілген бағытқа допты оң және сол аяқпен домалату. Доппен затты айналдыра жүру. Допты шұңқырға, қақпаға домалату. Допты қатарынан бірнеше рет қабырғаға соғу.

Сөйлеуді дамыту

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті: Фонематикалық естуді дамыту, сөздегі дыбыстардың орнын анықтау (басы, ортасы, соңы). Артикуляциялық жаттығулар жасау.

Сөздік қор: Сөйлегенде көп мағыналы сөздерді, синонимдер мен антонимдерді қолдану, белгілі бір затқа белгілерді, әрекеттерді және берілген әрекетке заттарды таңдай білу.

Сөйлеудің грамматикалық құрылымы: Сөйлемдердегі сөздерді: зат есімдерді сан есімдермен және сын есімдерді зат есімдермен үйлестіре білуді жетілдіру.

Байланыстырып сөйлеу: Негізгі ойды дұрыс жеткізе білу, монологты байланыстырып құра білу, әңгімені бірізді айту, шағын логикалық және хабарлау сипатындағы әңгімелерді құрастыру.

Шығармашылық сөйлеу қызметі: Бақылаулар мен суреттер бойынша сипаттау және хабарлау әңгімелерін құрастыру.

Көркем әдебиет

Әдеби шығармаларды эмоционалды қабылдауына ықпал ету, олардың мазмұнын түсіну, себеп-салдарлық байланыстарды, жанрларды (ертегі, әңгіме, өлең) ажырату, тілдің көркемдігін сезіну (эпитеттер, сипаттамалар, образды сөздер), шығарма кейіпкерлерінің іс-әрекетін бағалау.

Сауат ашу негіздері

Сөздерді дыбыстық талдау: сөздегі дыбыстардың ретін, дауысты және дауыссыз дыбыстарды анықтау.

Қазақ тілі

Тілдік дамытушы орта. Қазақ халқының тұрмыстық заттарымен, киім-кешегімен, азық-түлік өндірудегі тұрмыстық кәсібімен, тұрмыста, аң аулауда, мал өсіруде және егіншілікке қажетті құрал жабдықтары, туған өлкенің көрнекі жерлері, әсем табиғаты, тарихи орындары туралы суреттер, фотолар, альбомдармен жабдықталған орта құру.

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті. Тілдік және артикуляциялық аппаратты, тыныс алуды және таза дикцияны дамыту, қазақ тіліне тән ә, ө, қ, ү, ұ, і, ғ, ң, һ дыбыстарын, осы дыбыстардан тұратын сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру.

Сөздік қор. Туыстық қарым-қатынасты («бауыр», «немере», «шөбере», «ағайын», «туысқан», «жеті ата») білдіретін сөздерді үйрету.

Тілдің грамматикалық құрылымы. . Өз ойын жайылма сөйлемдермен жеткізуге мүмкіндік беру.

Байланыстырып сөйлеу. Өз бетінше қарым-қатынас жасауға, әңгімелесуге, әңгімелесушінің сөзін мұқият тыңдауға, сұрақтарды дұрыс қоюға, оған қысқа және толық нақты жауап беруге баулу.

Математика негіздері

Жиын: «Бір» сөзінің мағынасы, ол тек бір затты ғана емес, сондай-ақ жиынның бір бөлігі ретінде заттардың тобын білдіретінін түсіндіру.

Сан, санау: 10 көлеміндегі сандарды тура және кері санауға жаттықтыру. Көрнекілік арқылы 6, 7, 8, 9, 10 сандарының пайда болуымен, 0 ден 9 дейінгі цифрмен таныстыру. «Қанша?», «Нешінші?» сұрақтарын ажырату, оларға дұрыс жауап беру.

Шама: Заттардың (5 және одан артық) ұзындығын, биіктігін, ені мен жуандығын анықтай білу, заттарды шамасына қарай өсу және кему ретімен орналастыру. Шамасы бойынша заттардың арасындағы қатынастарды білдіретін математикалық терминдерді қолдану.

Геометриялық пішіндер: Шеңбермен және тіктөртбұрышпен салыстыру арқылы сопақша пішінмен таныстыру. Геометриялық фигуралар (дөңгелек, сопақша, үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрыш) мен денелерді (шар, текше, цилиндр) дұрыс атап, оларды ажырата білуге жаттықтыру.

Кеңістіктегі бағдарлау: Кеңістік туралы түсініктерді бекіту: заттарды кеңістікте орналастыру (сол жақта, оң жақта, жоғарыда, төменде); қозғалыс бағыттары: сол жақтан оң жаққа, оң жақтан сол жаққа, жоғарыдан төменге, алға, артқа.

Уақытты бағдарлау: Әртүрлі оқиғалардың, апта күндерінің, тәулік бөліктерінің реті туралы білімді бекіту. Айлар, жыл мезгілдері туралы түсініктерді қалыптастыру, олардың ретін білу және атау, циферблат бойынша уақытты анықтау.

Қоршаған ортамен таныстыру

Әртүрлі оқиғалардың, апта күндерінің, тәулік бөліктерінің реті туралы білімді бекіту. Айлар, жыл мезгілдері туралы түсініктерді қалыптастыру, олардың ретін білу және атау, циферблат бойынша уақытты анықтау.

Заттар, олардың белгілерін нақтылау және бейтаныс заттардың қолданылуын түсіну.

Әртүрлі мамандықтар, балабақша қызметкерлерінің еңбегі туралы түсініктерін кеңейту, еңбектің мазмұны, сипаты және нәтижесінің маңызын, түсіну және бағалау.

Құрастыру

Құрылыс материалдарынан, конструктор бөлшектерінен құрастыру: ауызша сипаттау бойынша ұсынылған тақырыпқа, өз бетінше ойдан құрастыруға, құрдастарымен бірлесіп, шығармашылықпен құрастыруға баулу.

Сурет салу

Сюжеттік сурет салу.

Балалардың отбасы мүшелері туралы түсініктерін кеңейту (ата-әже, ана-әке, аға, іні,т.б.). Отбасына деген сүйіспеншілік пен сыйластыққа тəрбиелеу.

-Балалардың көше туралы түсініктерін кеңейту, нақтылау. Қоршаған ортаға, өз көшелріне қамқоршылықпен қарауға әдепті болуға жетелеу.

-Үйдегі және көшедегі өз қауіпсіздігін сақтау, үшкір заттармен, отпен ойнамау, электр құралдарынан алыс жүру, таныс емес адамға есікті ашпау, серуен кезінде ересек адамдардан алыстап кетпеуге үйрету.

-Күз мезгілінің негізгі белгілерімен, күзгі табиғатпен, күзгі еңбек түрімен таныстырып, көкөністер мен жемістерді ажырата білуге баулу.

Мүсіндеу

Сазбалшық, ермексаз және пластикалық массадан мүсіндеудің ерекшеліктерін білу.

Жапсыру

Қайшыны қолдануды бекіту: жолақтардан тікбұрышты пішіндер, шаршылардан үшбұрышты пішіндер, шаршы немесе тікбұрыштың бұрыштарын қию арқылы дөңгелек және сопақша пішіндерді қиып алу.


Музыка





      Ескерту: перспективалық жоспарды тәрбиеші жас тобында жұмыс істейтін педагогтермен (қазақ тілінің мұғалімімен, дене шынықтыру (жүзу) нұсқаушысымен, музыка жетекшісімен) және мектепалды сынып тәрбиешісімен бірлесіп оқу жылы басталғанға дейін бір рет жасайды.