Файл: ЖОАРы оу орындарында студенттерді зіндік оу ісрекетін йымдастыру тжірибесін талдау.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.12.2023
Просмотров: 572
Скачиваний: 1
ҚорытындыЖОО оқыту мен тәрбиелеу жеке тұлғаның кәсіптік тәжірибемен, сапамен, өзіндік дамуымен және қалыптасумен қамтамасыз етуге міндетті. ЖОО оқыту мен тәрбиелеу студенттің жеке тұлға ретінде максималды дамуына, яғни толық жағымды өзгеріс процесіне, сапаның қалыптасуына, тәжірибесіне әсер ету.Психология кәсіптік оқыту мен тәрбие жұмысында студенттердің жоғары білім алудың әр деңгейінде оқу- тәрбие процесінің психологиялық заңдылықтарын зерттеуді қарастырады.Жеке тұлғаның кәсіптік дамуында екі негіз бар: іс-әрекеттің операциялық жағының қалыптасуы (кәсіптік білім, дағды, ойлау және іскерлік) және жеке бас сферасы (мотивтер мен қызығушылықтар, кәсіптік сапа және т.б.).Оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асыруға екі субъект қатысады:Оқытушы алдына педогогикалық мақсат қойған, осы мақсатқа жету жолында әдіс – тәсілдерді, қорытындыны талдап, әрекетін нақтылап, оқытудың нәтижелі болуына жан –жақты қатысады.Студент оқыту мен тәрбие процесіне өзіндік көзқараспен қарап активтілік немесе пассивтілік білдіреді. Оқытушы мен студенттің бірлескен жұмыстары олардың жалпы іс-әрекетінің нәтижесі болып табылады. Студенттерді тәрбиелеу – бұл олардың психикасына әсер ету және жеке тұлғаның қасиеті мен сапасын, бағыттылығын, саналығын, жауапкершілік сезімін, адамдармен жұмыс істеу қабілетін, тәртіптілігін, өзіндік дамуын, өзіндік сынының және т.б. қалыптастыру мақсатындағы іс-әрекет. ЖОО оқу – адамның әлеуметтенуінің негізгі кезеңі. Әлеуметтену – бұл қоғамның өмірлік шарттарына сай жеке тұлғаның қалыптасу процесі. Студенттерді тәрбиелеу жұмысының формалары:— Анкеталау, әлеуметтік сұрау арқылы олардың қызығушылығын және құндылық бағдарларын анықтау.— Көркемөнерпаздық ұжым және қызығушылық бойынша бірлестіктер жұмысымен қамтамасыз ету.— Еліміздің мәдени өмірі, киномотограф, көркем әдебиеттер жайлы мәлімет беру.Студенттерді тәрбиелеу мен оқыту ЖОО-ң білім беру процесінің бірлігі жағынан өзара байланысты. Әрбір ЖОО студенттерді тек қана біліммен қаруландырмайды, сонымен қатар кәсіптік дайындық пен жан –жақты дамуына үлкен үлес қосады. Одан арғы оқыту (магистратура, аспирантура т.б.) жеке тұлғаның дамуында ерекше орын алады. Оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық бірілігің мағынасы негізінде жеке тұлғаның бағыттылығын, мінез-құлқы, дүниетанымы, студенттің қасиеті, ақыл-ойының дамуы, эстетикалық қажеттілігін қамтамасыз ету қажет. Оқыту мен тәрбиелеу барысында студенттердің жас ерекшелігін әлеуметтік-психологиялық және индивидуалды қасиеттерін, оқуға деген көзқарастарын ескеру қажет. Студенттердің өзіндік тәрбиелеу мен өзіндік білімін жетілдіруді активтендіру ЖОО болашақ маманды дайындап шығарудың бірден бір көзі.
ЖОО оқыту мен тәрбиелеудің спецификасы:
-
ЖОО бітіргеннен, кейінгі қажетті іс-тәжірибелік білім беру; -
Студенттердің жас ерекшелік, әлеуметтік-психологиялық және индивидуалды қасиеттерін ескеру; -
Оқыту мен тәрбиелеудің кәсіптік бағыттылығы; -
Оқытудың ғылыми, қоғамдық және өндірістік іс-әрекетпен байланыстыру. -
Оқыту мен тәрбиелеу процесінде студент белсенді болу қажет.
-
Асанов Н. Өзіндік жұмыстардың ерекшеліктері.Алматы, 2013. 125-126 б. -
Р.Б.Исмаилова Студенттермен жүргізілетін өзіндік жұмыстарды ұйымдастырудың ерекшеліктері.//Бастауыш мектеп- №5,6-2012, Б.36-37 б. -
Кулекеев Ж.А., Пивень Г.Г., Нургужин М.Р., Каланова Ш.М., Падиарова И.П. Системы менеджмента качества организаций высшего профессионального образования. Теория и практика. – Караганда: Издательство КарГТУ, 2014. – 356 с. -
Галиев Т. Системный подход к интенсификации учебного процесса. – Алматы: Ғылым, №2. – 303 с. -
http://www.kazustaz.kz/ustaz/712-studentterd-zndk-zhmystaryn-yymdastyry-timdzholdary.html Мерлан -
С.К.Сулейменов. Теория и практика урока в условиях развивающего обучения М., 2011. 89 б. -
Махмутов М.И. Современный урок. 2-е изд. — М., 2010. 78 б. -
Кенжебеков Б.Т. Жоғары оқу орны жүйесінде болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру: пед. ғыл. докт. … автореф.: 13.00.08. – Шымкент, 2010. – 40 б. -
https://rector.kz/umkd/id/11553 -
Ғалиев Біріккен оқу іс-әрекетіндегі ұлттық таптаурындардың танымдық рөлі. Ұлт тағылымы. № 3, 2013. 24-25 б. -
http://www.okmpi.kz/kk/node/376 М.Ж.Ілесқызы -
http://www.rusnauka.com/24_NNP_2012/Pedagogica/2_115771.doc.htm Дандыбаева А.К., Сабанбаева Н.И -
Ж. Әбиев, С. Бабаев, А. Кұдиярова. Педагогика. Дарын — Алматы-2013.142 б. -
Салпынова Қ. Танымдық қызығуды дамыту. Қазақстан мектебі. № 4, 2015. 19 б. -
Ж.Б. Қоянбаев, Р.М. Қоянбаев. Педагогика. Алматы, 2009. 62 б. -
Рысбаев Е, Ильясов С. Танымдық белсенділікті дамыту – өзекті мәселе. Қазақсатан мектебі. № 2. 2014. 29 б. -
http://www.group-global.org/kk/node/4256 О.Г.Қойшымановна -
Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика: Университеттер студенттеріне арналған оқу құралы. – Алматы, 2014. – 184-185 б.
Оқытушы мен студенттің бірлесе жұмыс істеуі студенттің білім деңгейінің жоғарылап, дара тұлға ретінде қалыптасуына мүмкіндік берері сөзсіз. Студент пен оқытушының ынтымақтастықта жұмыс істеуі негізінде кері байланыс орнап, белгілі бір оқу әрекеті белсенді түрде орындалып, орындалған әрекеттер бақылау мен өзіндік бақылау арқылы бекітіледі.
Кредиттік оқыту технологиясы жағдайында субъект-субъект қатынасы жүзеге асып, оқытушы мен студент арасындағы кері байланыс күшейе түседі. Оқытудың репродуктивті сипаты қарқынды, шығармашыл сипатқа ие болады.
Мазмұндық компонент педагогиканы тереңдетіп оқытуда өзіндік жұмысты ұйымдастыру мазмұнын анықтайды. Студенттердің кредиттік оқыту жүйесі жағдайында өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың әдістемелік жүйесін құру үлгінің негізгі мақсаты болады. Мазмұндық компонент өзіндік жұмыс негізінде студенттің дара тұлға ретінде өсуіне мүмкіндік береді. Студенттерге педагогикадан терең білім беру процесін нәтижелі ұйымдастыру пәннің әдістемелік қамтылуын қандай дәрежеде әзірлегенге байланысты болады. Пәннің әдістемелік қамтылуына оқу бағдарламасын, оқу жұмыс бағдарламасын, студенттің оқу-әдістемелік кешенін құру жатады. Аталған оқу-әдістемелік кешендер Қазақстан Республикасы білім беру стандартына, Қазақстан Республикасы жоғары білімін дамыту бағдарламасына, типтік бағдарламаға сүйеніп құрылады. Мазмұндық компонент пәнді оқыту құралдары толық болып, оқытудың ұтымды әдіс-тәсілдері қолданылуын керек етеді. Студенттерді әр түрлі оқыту формаларын (дәріс, семинар, зертханалық жұмыс, сарамандақ сабақ), СӨЖ және СОӨЖ-ын дұрыс ұйымдастырудың да маңыздылығы кем емес.
Мазмұндық компонентте ең алдымен студенттердің өзіндік жұмысының жоспары құрылып, орындалу кестесі іске қосылады. Өзіндік жұмыс кестесі студенттерге арналған оқу-әдістемелік кешен силабуста беріледі. Өзіндік жұмыс жоспары мен кестесі оқытушы тарапынан өткізілетін кеңестер кестесімен толықтырылады. Студенттің қолында осындай оқу-әдістемелік кешеннің болуы студенттің өзіндік ұйымдасуын тездетіп, уақытын үнемді пайдалануына жағдай туғызады.
Процессуальды әрекеттік компонент оқытушының оқыту іс-әрекеті мен студенттің танымдық әрекетінің бірлесуінен тұрады.
Оқытушының педагогикалық іс-әрекеті жоғары оқу орнының педагогикалық процесінде оқытуға, студенттің дара тұлға ретінде қалыптасуына, шығармашылықпен дамуына тиімді жағдай туғызуға бағытталады. Педагогикалық әрекеттің негізгі функциялары:
-
оқытушылық, білім беру мазмұнын жүзеге асыруда көрінеді; -
тәрбиешілік, жалпы адамзаттық және кәсіби мәдениетті таратушы ретінде; -
ұйымдастырушылық, оқу – танымдық процесті ұйымдастырып, жобалап, жоғары білім беру мақсаты мен мазмұнына сәйкес оқытудың әдіс, құрал және формасын таңдаушы ретінде; -
зерттеушілік, кәсіби іс-әрекеті мәселесінің теориялық және іс жүзіндегі мәселелерін зерттеуші, оларды шешудің тиімді жолдарын іздестіруші ретінде көрінеді.