Файл: Таырыбы Мені кітапшам Мектебі 31 жоббм.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.12.2023

Просмотров: 22

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Тақырыбы: Менің кітапшам

Мектебі: №31 жоббм

Күні: 19.04.23ж.

Мұғалімнің аты-жөні: Тогусбаева Г.А.

1-сынып

Сабаққа қатысқан оқушылардың саны:______

Сабаққа қатыспаған оқушылардың саны:____

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары

1.1.1.1Сөзді зейін қойып тыңдау, түсіну және оған сәйкес дұрыс әрекет ету (қимыл, ым-ишараны қолдану, іс-әрекет жасау)

1.2.3.1 Сұхбаттасын түсіну және түрлі тәсілмен әрекет жасау, этика нормаларын сақтап жауап беру

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:

Сыныбының қандай екенін айта алады, сыныптағы заттар мен түстерін атай алады

Оқушылардың басым бөлігі:

Түстерді сыныптағы зат атауларымен байланыстыра қолдана алады, сыныпты сипаттай алады.

Кейбір оқушылар:

Сыныптағы басқа заттарды атай алады, оларды өмірлік жағдаятта еркін қолдана алады..

Бағалау критерийі

  1. Берілген түстерді ажыратады

  2. Суретер бойынша көрсете алады

  3. Сынып заттарын ажыратады

  4. Сөздердің мағынасын түсінеді.

  5. Күнделікті өмірде қолданады

Дескриптор

-суреттерді ажыратады

-берілген түстерді ажыратады

-сөздердің мағынасын түсінеді

-сөз тіркестерін құрап айта алады

Алдыңғы оқу

Өмірде қолданып жүрген сөздері арқы мысалдар келтіру, өздері білетінін айту

Сабақтың барысы

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы

(2-5 минут)

(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру.


Аудиодиск

2.1.1

2.1.3

2.1.4
Оқулық

А4 форматты ақ қағаздар

Қарындаштар

Карточкалар


№1 жұмыс дәптері

Сабақтың ортасы

(6-40минут)

*МК-Мұғалімнің көрсетуі

*Ұ- ұжымдық жұмыс

*Т-топтық жұмыс

*ОТ- оқушының тәжірбиесі

*Ө- өзіндік жұмыс

*Қ-қалыптастырушы бағалау

* Ж- жұптық жұмыс



1-тапсырма (МК, Ұ)

Берілген сөйлесу үлгісіне аударады. Осы диалог арқылы оқушылар жаңа сұрақ үлгісімен және оның жауабымен танысады. Оқушылармен диалогті тыңдау, қайталау жұмыстары жүргізіледі

(МК) «Есте сақта!» айдарында оқушылар «бар/жоқ» сөздерін орынды қолдануға, сыныпта не бар екенін айта алуға үйренеді.

(Ж) Осы үлгіні жаттықтыру үшін, оқушылар өзара сыныпта бар/жоқ нәрселеді айтып қайталайды.

2-тапсырма (МК)

Берілгент үлгі бойынша оқушылар сыныптағы заттардытүсімен атай алуға үйренеді

Оқушылардың жауаптары:

Мынау-үстел. Үстел көк. Мынау-орындық. Орындық қызыл

Мынау –есік. Есік қоңыр. Мынау-шкаф. Шкаф қоңыр. Тапсырмада берілген заттар бойынша постерлер дайындайды. Яғни бір заттың суретін салып, оны өзі қалаған түске бояйды да, үйренген үлгі бойынша сөйлейді

(Ж) 3-тапсырмада

Оқушылар жаңа тақырып бойынша сөйлесу үлгісін бір диалог ішінде қайталайды. Оқушылар мынандай дағдыларды қалыптастыру қажет: Мұғалімнің сұрақтарына (Мынау не? Сынып қандай? Тақта қандай?) жауап бере алу, өзі сұрақ қойып, жауап бере алу.

(ОТ) 3-тапсырмада берілген диалог сыныптағы оқушылармен жеке-жеке сыныпта ойналады. Ойын сыныптағы бір затты көрсету арқылынемесе заттардың суретін таратып беріп, соны көрсету арқылы немесе заттардың суреттерін тартып беріп, соны көрсету арқылы жүргізіледі.

(Ж) 4-тапсырма

Оқушылар «Сыныпта» деген тақпақты хормен, топпен, жұппен тыңдайды, қайталайды.Осы тақпақпен жұмыс былай жалғасуға болады; сыныптағы заттарды санауға болады, мысалы, Неше тақта? Неше үстел? Неше орындық? Неше парта? Деп оқушылар санап шығу керек

(МК, Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі

(Ө) Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады. Сондай –ақ АКТ-ні қолдана білу дағдыларын қалыптастырады.

Сабақтың соңы

(41-45 минут)

(Қ)Сабақты қоыртындылау мақсатында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызған туралы ой – пікірлерін білдіре алады.