Файл: Асхат лімов интербелсенді дістерді жоАРы оу орындарында олдану оу ралы Алматы.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.12.2023
Просмотров: 1133
Скачиваний: 21
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Келіссөз жүргізу дағдыларының тренингтеріқарама-қарсы жақпен тиімді талқылау мен пікір алмасудың тәсілдерін ұсынады. Бұл тренинг те іскерлік қатынас дағдыларын дамытатындықтан, мұнда да өзгелермен (тіпті қарама-қарсы пікір ұстанушылармен) тіл табысудың, бітімге келудің, жанжалдардың алдын алудың тәсілдері меңгеріледі.
Көшбасшылық (лидерлік) немесе басқару дағдыларын қалыптастыру тренингтеріболашақ маман және басшы ретінде студенттердің көшбасшылық қасиеттерін дамытуға бағытталады.
Мұндай тренингтерде тыңдаушылар ұжымды басқарудың кейбір ерекшеліктерімен танысып, ұжым қызметшілерін ынталандыру, бірлесе жұмыс жасауды ұйымдастыру, шешім қабылдау және де басқа дағдыларды қалыптастыруға белсенді әрекеттер арқылы үйренеді. Бұл әрекеттердің қатарына ситуацияларды ойнау және талдауды, іскерлік және рөлдік ойындарды, пікірталастарды жатқызуға болады.
Үйрену нәтижесінде қатысушылар басқару ісіне (жоспарлау, таңдау және шешім қабылдау, бағалау, бақылау, болжау, ынталандыру, т.б.) талдау жасап, басқару мәселелерін тиімді шешудің әркеттері мен алгоритмдеріне үйренеді, өздерінің көшбасшылық қасиеттерін дамытады.
Мұндай тренингтерде «Көшбасшы деген кім?», «Бәсеке және билік», «Басшының қасиеттері қандай болу керек?», «Келіссөздерді жүргізу», «Конфликтерді басқару» тақырыптарын қарастыруға болады.
Соңғы кезде үйрену процесінде видеотренингтердіңқолдануы күрт ұлғаюда. Олардың ерекшелігі видео жазбаларды оқу мақсатында қолдануда.
Видеотренингтер ойын әрекеттеріне негізделіп, екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде берілген тапсырма бойынша студент немесе студенттердің шағын тобы проблема шешудің жолдарын іс-әрекет тұрғысынан көрсетіп береді. Мәселен, оқытушы студенттерге тұлға аралық немесе іскерлік қатынаста туындайтын ситуациялар ретінде жиналыс жүргізу немесе онда сөз сөйлеу, тұтынушымен әңгімелесу, жұмысқа қабылдау немесе жұмысқа тұру, бастықпен немесе қол астындағы қызметкермен сөйлесу сияқты жағдаяттарды аудиторияда көрсетіп, рөлдердің көмегімен ойнап шығуды ұсынады. Бұл үшін топ (топтар) өз әрекеттері мен диалогтарын бірер уақыт талқылап, жоспарлайды.
Осыдан кейін топ проблема шешімін өз түсінігінен туындаған қалыпта көрсетеді де, олардың әрекеттері видеоға түсіріледі. Топ қойылымы аяқталған соң, студенттер оны бейне таспадан көреді. Мұнда ситуацияны «қоюшы» студенттер өз әрекеттерін тағы да «басынан өткеріп», басқа студенттермен бірге оларды талқылау және бағалау, ұсыныстар жасап, өзгертулер енгізу мүмкіншілігін алады.
Әрине бұл жұмыста оқытушы мен басқа студенттердің сұрақтары, пікірлері мен ұсыныстары тек позитивті тұрғыдан болғандығы дұрыс.
5. Оқытудың компьютерлік технологиялары
Оқытудың/оқудың компьютерлік технологияларының қатарына интернет-технологияларды, электрондық пошта технологиясын, компьютерлік оқыту бағдарламаларын, оқыту видеокурстарынжатқызуға болады.
Электрондық пошта технологиясыбілім меңгеру процесіндегі қарым-қатынасты виртуалды кеңістікке ауыстырады. Мұнда оқытушы мен студенттің, студенттердің бір-бірімен жасайтын оқу байланыстары Интернет арқылы өтеді. Бұл әдіс соңғы кезде жоғарғы мектепте кең өріс алып келе жатқан қашықтықтан оқыту технологиясының негізгі құралы ретінде танылады.
Компьютерлік оқыту бағдарламалары оқу/оқытуды екі негізгі режимде жүргізу мүмкіншілігін береді: ақпараттық-анықтамалық және бақылау жасау арқылы оқу/оқыту. Компьютерлік оқыту бағдарламаларының ішінде гипермәтіндік, мультимедиалық және интеллектуалдық (мәселен, «Виртуалды түрде жұмысқа тұру») бағдарламаларды атауға болады.
Бағдарламалық оқытудың басты ерекшелігі ретінде ұсынылған материалдың құрамдас бөліктерге бөлініп, оны игерудің әр қадамын бағалауды атауға болады. Бағдарламалық оқытуда ақпарат шағын мөлшердегі бөліктермен қағазға басылған түрде немесе компьютердің мониторында беріледі. Әрбір бөлік бойынша жұмыс жасағаннан кейін, үйренуші өзіне берілген материалды қандай деңгейде игергендігін көрсететін тапсырмаларды орындауы керек.
Бағдарламалық оқытудың тағы да бір артықшылығы: үйренуші оқу материалымен жұмыс жасағанда өзіне қолайлы жылдамдықпен алға жылжып отырады. өйткені оқу материалының келесі бөлігіне ауысу тек алдыңғы бөлік игерілгенде ғана жасалады.
Бағдарламалық оқытудың бір түріне компьютерлік оқу/оқыту жатады. Компьютер үйренушілердің жауаптарын бағалап, келесі материалдың қандай болғандығын өзі анықтайды. Компьютерлік оқу/оқытудың тағы да бір ерекшелігі кері байланыстың компьютерлік ойындардағыдай ашық және реңді бояулармен айшықталатындығында.
Зерттеулер компьютерлік оқуда/оқытуда үйренушілер ұсынылған оқу материалын тез игеретіндігін анықтаған, алайда бұл әдістің нәтижелері үйренудің басқа белсенді тәсілдерін қолдану нәтижелерінен артық емес екен.
Компьютерлік оқу/оқытуда әсіресе ұжымды басқаруға, жарнамалық кампанияларды өткізуге, келіссөздер жүргізуге үйрететін әртүрлі іскерлік ойындар кең етек алған.
Интернет-технологиялар(оның ішінде web-технологиялар) оқу курстарын Интернет желісі арқылы дайындау мен үйренушіге жеткізу үшін қолайлы. Бұл технология ақпараттық ресурстарды бірлесе қолдану үшін жинақталған оқыту материалдарын ұсынады. Мұнымен қатар Интернет арқылы қашықтықта жұмыс жасауға қолайлы әрі тиімді.
Оқыту видеокурстары оқу/оқытуды электрондық оқулықтар негізінде ұйымдастыруға мүмкіншілік береді. Мұнда аудио-, видео- және графикалық материалдар кешенді түрде компьютер арқылы студенттерге ұсынылады.
Қолданылған әдебиет тізімі
Назарбаев Н. Инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына. – Егемен Қазақстан, 2006, 27 мамыр.
2005-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы. – Астана, 2004. – 46 б.
Қазақстан Республикасының ақпараттық кеңістіктің бәсекеге қабілеттігін 2006-2009 жылдарда дамыту тұжырымдамасы. – presscenter.kz.
Аванесов В. С. Теоретические основы разработки заданий в тестовой форме: Учебное пособие. М.: Исследовательский центр проблем качества подготовки специалистов, 1995. – 96 с.
Айзенк Г.Дж. Узнай свой собственный коэффициент интеллекта. - М.: «Ай кью», 1996. – 160 с.
Бахтин М.М. Проблемы поэтики Достоевского. - М., 1963. – 363 с.
Бек Э.Б. Критическая грамотность на уроке. - Перемена, Международный журнал о развитии мышления через чтение и письмо, 2005, том 6, № 2.- С. 3-9.
Берков В.Ф., Яскевич Я.С. Культура диалога: Учебное пособие. – М.: Новое знание, 2002. – 354 с.
Беспалько В. П. Слагаемые педагогической технологии. - М.: Педагогика, 1989. - 192 с.
Болонский процесс: Бергенский этап/Под ред. В.И.Байденко. - М.: Исслед. центр проблем качества подготовки специалистов. – Астана: Национальный аккредитационный центр Министерства образования и науки Республики Казахстан. 2006. – 184 с.
Болонский процесс: середина пути/Под ред. В.И.Байденко. - М.: Исслед. центр проблем качества подготовки специалистов. – Астана: Национальный аккредитационный центр Министерства образования и науки Республики Казахстан. 2007. – 400 с.
Бриллер В. Оценивание для совершенствования. Слайды. – Шымкент, 2006.
Вербицкий А.А. Активное обучение в высшей школе: Контекстный подход: методическое пособие. – М.: Высшая школа. – 1991. – 207 с.
Выготский Л.С. Психология. – М.: ЭКСМО-Пресс, 2000. – 1008 с.
Гойхман О.Я., Надеина Т.М. Речевая коммуникация: Учебник /Под ред. проф. О.Я.Гойхмана. М.:ИНФРА-М, 2001.- С. 131
Губин В.Д. Я познаю мир.- М., 1997. – 369 с.
Дьюи Дж. Демократия и образование: Пер. с англ. – М.: Педагогика-Пресс, 2000. – 384 с.
Жанпейісова М. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде. /Аударған Д.А.Қайшыбекова/. - Алматы, 2002. - 180 б.
Ирсалиев С. Внешнее оценивание в системе образования США. Слайды. - Алматы, 2006.
Йоренсен Л., Хансен С.. Оценка рефлексии с помощью портфолио. - Перемена, Международный журнал о развитии мышления через чтение и письмо, 2004, том 5, № 4.- С. 5-11.
Капица В. Культура труда как производительное творчество человека. Киев, 1989. – 127 с.
Кларин М. В. Инновации в мировой педагогике. - Рига, «Эксперимент», 1998 г. - 180 с.
Кларин М. В. Корпоративный тренинг от А до Я: Научно-практическое пособие. - М.: Дело, 2000. - С. 151.
Корнеева Л. И. Современные интерактивные методы обучения в системе повышения квалификации руководящих кадров в Германии: зарубежный опыт / Л. И. Корнеева // Университетское управление: практика и анализ. - 2004. – № 4 (32). С. 78-83.
Коростылева Л.А., Советова О.С. Психологические барьеры и готовность к нововведениям. – СПб., 1996. – 66 с.
Косгров Ю., Шил Дж., Софрониу С., Шорт Ф.. Ирландиядағы «Өмірлік білім» халықаралық тестінің қорытынды есебінен үзінді. – Дауыс және көрініс. Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау туралы ұлттық журнал. №1-2 (21), 2005.
Кравченко Н. «Педагогика угнетенных» Паоло Фрейре. - Перемена. Международный журнал о развитии мышления через чтение и письмо, Том 3 (1), 2002. – С. 39-41.
Кукушкин В.С. Общие основы педагогики. - Ростов-на-Дону, 2000. – 367 с.
Лебедева М., Шилова О. Электронный портфолио в работе со студентами педагогического университета. - Перемена, Международный журнал о развитии мышления через чтение и письмо, том 6, №4, октябрь, 2005. - С. 21-25.
Левитес Д.Г. Практика обучения: современные образовательные технологии. - М., 1998. – 265 с.
Лешкевич Т. Г. Философия науки: традиции и новаторство. Учебное пособие для студентов вузов.- М.: Изд-во ПРИОР. 2001. – 428 с.
Лукичев Г.А. Болонский процесс - императив развития европейского высшего образования. / Высшее образование сегодня, М 2. - М., 2002.
Магура М. И., Курбатова М. Б.