Файл: Асхат лімов интербелсенді дістерді жоАРы оу орындарында олдану оу ралы Алматы.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.12.2023

Просмотров: 1135

Скачиваний: 21

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Кесте №9

Дәстүрлі оқыту мен интербелсенді оқудың

айырмашылықтары (жалғасы)





Студент әрекеттері



- Бастамашылдық пен ынтаны көрсетпейді, олардың есіне өз міндеттерін жиі салып, әрекеттерін қадағалап, бақылап отыру керек.

- Сабақта енжарлық пен ықтиярсыздықты байқатады.

- Бәлсенділік (пассив) пен ырықсыздыққа беріліп, аяққы нәтижеге деген қызығушылығы мен жауапкершілігі жоқ.



- Білімді өздігімен игереді; олар білімді өзіндік түсінік, ойлар, идеялар, көзқарас деп түсінеді.

- Өз біліміне деген жауапкершілігі жоғары: оларға еш қысым жасаудың қажеті жоқ.

- Бастамашыл, белсенді.


Оқу мақсаттары-ның студент мүддесіне қатысы



Студенттердің талаптарына сәйкестелмеген оқытушы құрастырған бағдарламалар мен жоспарлар бойынша;

оқу логикасы мен мақсаттары, күтілетін нәтижелер студент қатысуынсыз бекітіледі; студенттер талқылауға қатыстырылмайды, олардың пікірі ескерілмейді







- Студенттердің мұқтаждары мен мүдделеріне сәйкес.

- Барлық қатысушылар шешім қабылдауға өз үлесін қоса алатындығын сезінеді.

- Барлық қатысушылар өз шешімдерін жүзеге асырудағы өз жауапкершіліктерін сезінеді.


Әдістемелік ұстаным


Білім дайын күйде беріледі, шығармашылыққа жол берілмейді. Оқу/оқыту - есте сақтау деп түсініледі.



Білім дайын түрде берілмейді, білімді күмәнданып қабылдау: бұл ұстаным диалогтық қарым-қатынас, сыни көзқарас пен шығармашылық белсенділікке негізделеді.


Әдістемелік тәсілдер


Монолог, авторитаризм, қысым жасау, жасандылық, ұрандар, «мәдени жаншу (диктат)».






Диалог, еркіндік, қысымнан арылу, өзінділік, мәдени ықпал.


Проблемаларға қатынасы



Проблемалардың пайда болуы жеңіліс деп түсініледі


Проблемалардың пайда болғаны оларды шешу жолдарын іздестіруге бастайды


3. Диалогты философиялық тұрғыдан негіздеу
3.1 Антроптық және біліми дағдарыс туралы

«Неліктен бүгінгі күні білім жүйесінде диалогқа аса көтеріңкі көңіл бөлініп отыр?» деген сұраққа жауап беретін болсақ, қазіргі дәуірде адамгершіліксіз барлық білімнің қажетсіз, ада болып қалатындығы дәлелденген секілді. ХХ-шы ғасыр ізгі мақсаттарды ұстанбаған білімнің қандай қатерлі нәтижелерге әкелетіндігін жан түршіктіретін мысалдар арқылы көрсетті. Жер бетінде тіршілік атаулыны жойып жібере алатын жойқын атомдық және ядролық қару, экологиялық апаттардың өршуі - сондай білімнің нәтижесі. Мұндай нәтижені келесі сөздерден көруге болады:
«Мен концлагерді бастан кештім. Мен бір де бір адам көруге болмайтын жәйттерді көрдім:

  • білімді инженерлердің газбен тұншықтыратын камераларды салғанын;

  • білімді дәрігерлердің балаларға у беріп өлтіргенін;

  • білімді медбикелердің нәрестелерді мерт қылғанын;

  • университет түлектерінің балалар мен әйелдерді атып, өртегенін.

Сондықтан да мен білімділікке сенбеймін. Сіздерден өтінерім: оқушыларыңызға тек адам болуға көмектессеңіздер екен. Сіздердің ұмтылыстарыңыз ешқашан да оқымысты тажалдардың, білікті есалаңдардың, білімді Эйхмандардың пайда болуына әкеліп соқпауы керек. Кітап оқудың, жазудың, арифметиканың балаларымызға адамгершілікті болуға көмектескенде ғана маңызы бар» (В.Кукушкин, 83).

Адамзат қоғамы бүгін антроптық (адами) дағдарыс алдында тұр. Бұл кризистің мазмұнын философ А.Печчеи келесідей айқындаған: «Адамзаттың бүгінгі қиыншылықтарының түп-тамыры - адам табиғатының жетімсіздігінде». Ал бұл жетімсіздік адамның рухани азғындауынан туындап отыр. Шындығында да адамдар бүгінде тіпті де рухани мәселелерге назар аудармай, басқа құндылықтарды ұстанып кетті емес пе?! Біздің (жеке адамның және бүткіл қоғамның) басты мақсаттарымыз мен құндылықтарымыз экономикалық (тұтынушылық) тұрғыға ауысқан, ал бұл үрдіс рухани, моральдік, этикалық қағидаларды ұстанбауға әкелуде. Сол себепті де бүгінгі қоғамда адамдардың арасында жаттану мен өшпенділік мықтап орын алып, түсініспеушілік пен жалғыздық адамзаттың басты проблемасына айналған.

Бұған қоса, білімдік (ағартушылық) парадигма да бүгінде дағдарысқа ұшырап отыр: тек сандық мөлшерлерге бағытталған білім («неғұрлым көп болса, соғұрлым жақсы» деген қағиданы ұстанған), өмірлік жеке тәжірибемен қуатталмаған білім (адамның өзіндік «Мені» ескерілмейтін), рухани тұрғыдан негізделмеген білім (эгоистік «Мен ғана!», тұтынушылық «Маған ғана!» қағидаларын ұстанған) адамзатты бүгінгі күнгі рухани, әлеуметтік, экономикалық, саяси тығырықтан шығара алмайды.
3.2 Диалог – адамгершілікті иемденудің негізгі құралы

Қазіргі заманда білім адамды бұрынғыдай табиғатты өзіне бағындырып, дүниені игеру немесе өзгерту үшін қажетті ұғымдармен «қаруландырмай», керісінше оның болмыс пен жаратылыс заңдылықтарын біліп, дүниеге бейімделіп, «кірпіш» секілді «қалануына» әкелуі керек. Білім адамға ақыл беріп, әлемді көріп, түсінуге, оған өзінің жан дүниесін ашуға, сол арқылы ақиқатты ізденуге жетелеуі қажет.


Білім әр адамға өз әлемін айқындап, оның құндылықтары мен қағидаларын белгілеуге көмек беруі керек. Бұл арқылы адам өзінің ішкі жан дүниесін ашып, оны басқаруға үйренеді. Кешегі дәстүрлі оқыту жүйесі тұлғаның дамуын оның парасаттық (интеллектуалдық) деңгейімен түсіндірсе, бүгінде бұл мәселе тұлғаның өзіндік рефлексиясымен (яғни қоршаған, зерттеліп жатқан болмысқа деген адамның өзіндік көзқарасы, оның құндылықтарын, себептері мен салдарын, мағынасын түсінуі) байланыстырылады.

Ал бүкіл Әлемді және басқаны түсінуге, адам болуға, адамгершілік қасиеттерді бойыңа дарытуға тек диалог арқылы ғана жетуге болады. 1998 жылы өткен Әлемдік философиялық конгресте диалог - тұлғаның адамгершілік қасиеттерді иемденудің ең басты тәсілі деп аталғаны бекерден бекер жәйт емес болар.

Сонымен, білімнің басты мақсатын «Үйрету!» емей, «Адами қасиеттерді басқа адамды түсіну арқылы бойға сіңіру үшін қажетті жағдайлар жасау» немесе, басқаша айтқанда, «Диалог пен қарым-қатынасқа үйрету» деп қабылдап, «Диалог – оқу/оқыту процесінің басты құралы» деген қағиданы ұстану керек.
3.3 Диалог – адам өмірінің мәні мен мақсаты
Сайып келгенде, тiршiлiктiң негiзi осындай қарым-қатынас пен диалогқа орнығады: басқаның ойымен, пiкiрiмен, көзқарасымен санасу, бөтендi түсiне бiлу, өзiңдi оның орнына қоя бiлу – осы қасиеттердiң бәрi де әлеумет ахуалын белгiлейтiндiгi даусыз тұжырым. Өмiрде ең керектi бiлiм – қоғамда қарым-қатынас құра бiлу, басқа адамдармен тiл табысу. Мiне осылай ғана бiз әр адамға тән, табиғатымызда жаратылыстан қалыптасқан менмендiктен арыламыз. Философ Эрих Фромм келесi сөздерде осы ойды меңзеген сияқты: «Адамның өмiрдегi басты мақсаты – нарциссизмнен (яғни, менмендiктен) арылу»(Э.Фромм, 64).

Пәлсапашы Қанат Нұрланованыңпайымдауы бойынша, қарым-қатынас идеясы қазақ ұлттық философиясының негiзiнде жатыр. «Өмiр мәнi – араласу, қатынасу, iштесу, қауышу, дидарласу, жүздесу, яғни, түсiнiсу»,- деп түсiнген ата-бабаларымыз осы әрекеттер арқылы басқа адамға, оның көзқарасы мен дүниетанымына, ойы мен пікіріне деген ыждаһат пен ықылас қалыптасатындығына көздерiн жеткiзген (К.Нурланова, 4).

Соңғы кезде жиi келтiрiлетiн Ысты Бөлтiрiк шешеннiң келесi сөздерiнде де осы терең мағыналы идея жатыр: «Қарт шешеннен:”Өмiрдiң мәнi не: бала ма, бақ па, дәулет пе?»- деп сұрағанда, ол былай деп жауап берген екен: «Бала деген артта қалған iз емес пе, бақ деген аспанда ұшқан құс емес пе, дәулет деген қолда ұстаған мұз емес пе? Бұл өмiрдiң мәнi – сiз бен бiз емес пе?!»


Сонымен, адамзат ғұламалары біздің тек қана қарым-қатынас арқылы, диалог құру арқылы ғана Әлемді тануымыз ықтимал, яғни таным мен білім - адамдардың өзара әрекетінің нәтижесі деп есептеген, тіпті қарым-қатынас, диалог - өміріміздің мәні деп түсінген. Олар ықылым заманнан бері бұл қағиданы адам өмірінің негізі ретінде санап келеді. Адамның жаратылысынан әлеуметтік мақұлық екендігін де ұмытпау керек: біз бір-бірімізсіз өмір сүре алмаймыз.

Экзистенциализм философиялық бағытының көрнекті өкілі Карл Ясперс адам өз өмірінің мәнсіздігінен, абсурдтығынан, өмірдегі жалғыздығынан, жаттанудан тек шынайы қарым-қатынас (коммуникация) арқылы ғана арылуына болады деп есептеген. Қарым-қатынас дегеніміз, К.Ясперс бойынша, жақын адамдармен бірін-бірі жақтыру, достық пен махаббат жағдайында қауышып, ешкімге де ұқсамайтын қайталанбас (уникалды, уникумды) ішкі жан дүниеңді жүзеге асыру (А.Перцев, 9).

Кезінде Кеңес Одағында есімі тек әдебиеттанушыларға ғана мәлім болып қойған, ал Батыста терең философ ретінде дәріптелген М.М.Бахтин атақты орыс жазушысы Ф.Достоевскийдің шығармашылығын талдай келе, былай деп жазған еді: «Адамның шынайы өмірін сөзбен құрастырудың жалғыз ғана адекваттық формасы болып ешқашан аяқталмайтын диалог танылады. Өмір өз табиғаты бойынша диалогтық құбылыс. Өмір сүру дегеніміз диалогқа қатысу: сұрау, тыңдау, жауап беру, келісу және т.с.с.»(М.Бахтин, 153).

Тағы да бір жерде М.М.Бахтин былай дейді: «Достоевскийде адам қаратпа субъектісі болып шығады. Ол туралы айтуға болмайды, - оған тек қаратып сөйлеуге болады. Сол себепті де Достоевскийдің көркем әлемінің нақ ортасынан диалог орын алған, және де диалог тәсіл ретінде емей, мақсат ретінде қолданылады. Бұл жерде диалог әрекеттің себепкері емес – ол әрекеттің өзі... Болу дегеніміз диалог арқылы қарым-қатынас құру»(М.Бахтин, 338). Диалог туралы ойын М.Бахтин әрі қарай былай деп пысықтайды: «Барлығы да құрал, ал диалог – мақсат. Бір дауыс ешнәрсені аяқтамайды және ешнәрсені шешпейді. Екі дауыс - өмір минимумы, болмыстың минимумы... Достоевский диалогының негізгі схемасы қарапайым: «мен»-нің «басқаға» қарама-қарсы тұруы тәрізді, адамның адамға қарама-қарсы тұруы» (М.Бахтин, 339).

Философияда сөйтіп диалог тек қана қарым-қатынас құралы болмай, сонымен бірге өмірлік мақсат ретінде танылып отыр. Бұл тұжырым өмірге деген көзқарасты түбегейлі өзгертуі мүмкін. Ол «Өмірдің мәні – қарым-қатынас пен диалог, өмірдің өзі де қарым-қатынас пен диалог» деген өмірлік қағиданың үстемдігіне бастайды. Ал бұл дегеніңіз әр адамда басқаға деген ынта мен ықыластың пайда болуына алып келеді, адам өз өмірінің мәнділігі мен толыққандылығын тек басқалармен байланыс пен қарым-қатынас арқылы ғана өлшейтін болады. Ол басқалар үшін өзінің ішкі әлемін айқара ашып, басқаларды тануға ұмтылады, сол арқылы «Мен ғана!» деген эгоцентристік көзқарастан арылып, өз жүрегінде адами қасиеттерді ұштай түседі, адамгершілікке негізделген құндылықтарға бағытталады.

3.4 Диалогтың ерекшеліктері
Диалог - екі жақтың сөз арқылы ауызша немесе жазбаша қарым-қатынасы. Мұнда екі жақтың құқықтары бірдей болғандықтан, диалогты демократиялық қоғамдағы қарым-қатынастың басты нысаны деп атауға тұрарлық. Ал демократиялық қоғамның әрбір мүшесі өмірде туындаған қандай да болмасын проблеманы терезесі тең тұлғалардың қарым-қатынасында талқылауға дайын болып, өзінің конструктивтік позициясын басқаларға білдіруге және жеткізуге ұмтылады. Бұл қарым-қатынас міндетті түрде конструктивтік ұстанымда болып, басқалардың тұлғасы мен пікірін түсіну және сыйлау тұрғысынан жасалады.

Диалог тек қарама-қарсы отырған адаммен ғана орын алмайды, диалогты әрбір адам өзімен де жасайды. Атақты структуралист Ю.Лотман қарым-қатынастың (коммуникацияның) схемасын екі түрде былайша көрсеткен: «Мен – Ол» және «Мен – Мен». Бірінші схема түсінікті, өйткені ол басқамен жасалған диалогты, қарым-қатынасты меңзейді. Мұнда «басқа» рөлінде бөтен адамдар, ақпарат, кітап, табиғат, бүкіл Әлем болуы ықтимал. Ал екінші схема өзіңмен-өзің жасаған диалогты айқындап тұр.

Біздің санамызда (басымызда, миымызда) өзіндік түсінік, пікір, ойлар формасында туындайтын білім де тура осындай екі жолмен игеріледі, сіңіріледі: алдымен басқамен қарым-қатынас арқылы, содан кейін өзіңмен диалог жасау, яғни рефлексия арқылы.Рефлексия қарастырылатын әрбір мәселе бойынша ой толғатып, жан-жақты зерттеп, өз түсінігіңді қалыптастыру, өзіңді тану мен түсіну,ішкі жан дүниеңе үңілу, өзіңмен сырласу, өзіңе есеп беру дегенді білдіреді. Осындай рефлексиялық жұмыс санада жаңа ұғымдар мен түсініктерді құрастырады, жаңа білім, міне, осы кезде қалыптасады, сол себепті де оқу/оқыту процесіндегі барлық іс-әрекеттердің негізін рефлексия құрауы керек.

Диалогтың негізінде қарым-қатынасқа деген қажеттілік жатыр. З.С.Смелкова бұл турасында былай дейді: «Ең бастысы – бірлескен жұмысқа ішкі қажеттілікті (мотивация) қалыптастыру, психологиялық жақтырушылықты қамтамасыздандыру, белсенді түрде іздену мен жаңа білімді игеруге бағытталу» (З.Смелкова, 55).

Диалогқа деген қажеттілік қашан және қалайша туындайды? Оның келесідей шарттарын келтіруге болады:

1. Танымдық ұстаным.

Егер студент «Жаңа түсінік (білім) бірлескен жұмыс нәтижесінде ғана қалыптасады» деген қағиданы ұстанса, онда ол әрқашан да өзінің идеялары мен туындаған сұрақтарын басқаларға жеткізіп, оларды талқылауға дайын болады.

2. Психологиялық алаңдамаушылық.