ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.12.2023
Просмотров: 56
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Сұр затты мультиполярлы нейроциттер перикариондары (денелері), миелинсіз және тым жіңішке миелинді жүйке талшықтары мен олардың араларындағы нейроглия құрайды. Белгілі бір қызмет атқаратын нейроциттер топтаса орналасып, сұр заттың ядроларын түзеді. Жұлынның сұр затыңдағы нейроциттерді құрылысына, орналасу орнына және жүйке толқынын өткізу сипатына қарай үш топқа бөледі. Олар: 1) аксондары вентральды түбіршік қүрамында жұлыннан шығатын түбіршік нейроциттері, 2) аксондары сұр зат нейроциттерінде синапспен аяқталатын ішкі нейроциттер, 3) аксондары жұлынның ақ затында, оның сегментаралық немесе жұлын мен ми аралығындағы өткізгіш жолдарын түзетін шоғырлы нейроциттер.
Жұлынның сұр заты өз кезегінде нейроциттер, жүйке талшықтары және нейроглиялық құрамы бойынша бір-бірінен анық ажыратылатын бөліктерге бөлінеді. Сұр заттың дорсальды мүйізінде: кеуекті қабат, желатин тәрізді зат, дорсальды мүйіздің өзіндік ядросы және кеуде ядросы бөліктері ажыратылады.
Кеуекті қабатты жалпақ ілмекті нейроглия негізінде орналасқан майда шоғырлы нейроциттер құрайды.
Желатин тәрізді зат негізінен нейроглиядан тұрады. Бүл жерде аздаған ұсақ шоғырлы нейроциттер кездеседі. Кеуекті қабат желатин тәрізді зат және олардың аралықтарында шашыранды орналасқан ассоциативті нейроциттер жұлын ганглийіндегі сезімтал нейроциттерді жұлынның сұр затының вентральды мүйізіндегі қозғалтқыш нейроциттермен байланыстырып, жұлын ішіндегі рефлекторлық доғаны түйықтайды.
Дорсальды мүйіздің өзіндік ядросы дорсальды мүйіздің ортаңғы бөлігінде орналасады. Бүл ядроның байланыстырғыш нейроциттерінің аксондары вентральды ақ дәнекерлік арқылы жұлынның қарама-қарсы жағындағы ақ заттың бүйірлік арқаншаларына өтіп, жұлын-мишық және жұлын-көру төмпегінің өткізгіш жолдарын түзуге қатысады.
Кеуде ядросын дендриттері тармақталған ірі мультиполярлы нейроциттер құрайды. Олардың аксондары жүлынның ақ затының өз жағындағы бүйірлік арқаншаға өтіп, дорсальды жұлын-мишық жолын түзеді де, мишыққа дейін көтеріледі.
Дорсальды мүйізде бұлардан басқа майда мультиполярлы ассоциативті және комиссуральды нейроциттер шашыла орналасып, ассоциативті нейроциттердің аксондары сұр заттың өз жағындағы нейроциттермен, ал комиссуралды нейроциттердің аксондары сұр заттың қарама-қарсы жағындағы нейроциттермен синапс арқылы жалғасады.
Дорсальды мүйіздің аралық аймағында: медиальды (ішке қарай) және латеральды (бүйір жақ) аралық ядролар орналасады.
Медиальды аралық ядро нейроциттерінің аксондары өз жағындағы ақ заттың вентральды жұлын-мишық жолын құрауға қатысады.
Латеральды аралық ядро нейроциттері симпатикалық жүйке жү-йесінің ассоциативті жүйке жасушалары. Олардың аксондары жұлынның вентральды түбіршігі құрамында жұлыннан шығып, симпатикалық бағанның ақ байланыстырғыш тармақтарын түзеді.
Сұр заттың вентральды мүйізін нейроциттерінің мөлшері 100-140 мкм ірі мультиполярлы эффекторлы (қозғалтқыш) нейроциттер құрайды. Олар орналасу орнына сәйкес: медиальды және латеральды нейроциттер топтары болып бөлінеді. Вентральды мүйіз ядросының аксондары жұлынның вентральды қозғалтқыш түбіршігін түзіп, жұлынның аралас жүйкелері құрамында бұлшық еттерге барып, ет талшықтарында қозғалтқыш түймеше (моторлы бляшка) түрінде аяқталады. Медиальды топтағы нейроциттердің аксондары дененің тұлға бұлшық еттерін, ал латеральды топтағы нейроциттердің аксондары жұлынның мойын және бел жуандаулары арқылы аяқтардың бұлшық еттерін жүйкелендіреді.
Жұлынның сұр затында жоғарыда баяндалған нейроциттер ядроларынан басқа шашырай орналасқан нейроциттер де кездеседі. Олардың аксондары жұлын ақ затының сұр затпен жанасып жатқан терең бөлігінің өзіндік жүйке талшықтары шоғырларын құрайды. Аталған нейроциттердің аксондары жұлынның ақ затында ұзын өрлеме және қысқа төмендеген тармақтарға бөлініп, жұлынның керші 4-5 сегменттерінен кейін қайтадан сұр затқа еніп, вентральды мүйіздегі қозғалтқыш нейроциттермен синапс арқылы байланысады да, жұлынның сегменттераралық рефлекторлық доғаларын тұйықтайды. Бұлардың аксондары жұлынның өзіндік өткізгіш жолдарын құрайды.
Жұлынның ақ заты миелинді жүйке талшықтарынан және олардың аралықтарындағы тіректік қызмет атқаратын нейроглиядан құралған. Миелинді жұйке талшықтары жүлын сегменттерін жалғастыратын қысқа еткізгіш жолдарды және жұлын сегменттерін ми бөлімдерімен байланыстыратын ұзын өткізгіш жолдарды жасайды. Жүйке толқынын өткізу бағыттарына қарай, олар орталыққа тепкіш афферентті және эфферентті өткізгіш жолдар болып бөлінеді.
Бақылау сұрақтары:
1. Жүйке жүйесінің фило-онтогенезі?
2. Жүйке ұлпасының құрылысы?
3. Нейроциттердің топтары?
4. Ми мен жұлынның бөліктері мен құрылысы атқаратын қызметі.
5. Ми мен жұлынның қабықтары.
6. Ми және жұлын жүйкелері
Дәріс № 10
Тақырыбы: Анализаторлар. Сезім мүшелерінің морфологиясы. Көру және есту-тепе-теңдік мүшесі.
Мақсаты: Сезім мүшелерінің түрлерін, құрылысын, ерекшеліктерін түсіндіру. Сезім мүшелерінің ми және жұлын орталықтарымен байланысы түсіндіру
Кілттік сөздер: анализатор, рецептор, көз қабықтары
Сұрақтар:
Сезім мұшелері морфологиялық кұрылымдылығы жағынан жүйке жүйесінің құрамына кіреді. Сезім мүшелері талдағыштардың шеткі қабылдағыш бөлімдері. Талдағыштар (анализаторлар) - сыртқы қабылдағыш бөлімдерден басталып, ми орталықтарында аяқталатын күрделі жүйке механизмі. Талдағыштар үш бөлімнен тұрады:
Рецепторлар организмдегі орналасу орындары мен қабылдайтын тітіркендіргіш түрлеріне байланысты: ішкі рецепторлар (интеро-рецепторлар), аралық рецепторлар (проприорецепторлар) және сыртқы рецепторлар (экстерорецепторлар) болып үшке бөлінеді. Интерорецепторлар тітіркеністерді организмнің ішкі мүшелерінен, қан және лимфа тамырларынан, әр түрлі ұлпалардан қабылдап, көбіне орталық жүйке жүйесінің қыртысасты орталықтарына жеткізеді. Проприорецепторлар сүйектердегі, бұлшық еттердегі, буындардағы тітіркеністерді қабылдайды. Экстерорецепторлар сыртқы ортадан келетін тітіркеністерді қабылдайды. Бұл рецепторлардың құрылысы күрделі болып келгеңдіктен, оларды сезім мүшелері (organa sensum) деп атайды. Сезім мүшелері: бірінші сезімтал немесе нейросенсорлы және екінші сезімтал немесе эпителиосенсорлы сезім мүшелері болып екі топқа бөлінеді.
Көз алмасының қабырғасы: сыртқы талшықты қабықтан (tunica fibrosa bulbi), ортаңғы тамырлы қабықтан (tunics vasculosa bulbi) және ішкі торлы кабықтан (retina) тұрады. Талшықты қабық көздің алдыңғы жағындағы мөлдір қасаң кабықтан (cornea) және ақ қабықтан (sclera) құралған. Тамырлы қабық үш бөліктен тұрады. Олар: өзіндік тамырлы қабық (tunica fibrosa propria), кірпікті дене (corpus ciliare) және нұрлы қабық (iris). Өзіндік тамырлы қабық көз алмасын қоректендіретін тамырларға бай. Кірпікті дененің бұлшық еті (бірыңғай салалы ет ұлпасы) сақинаша байламмен көз бұршағына жалғасып, көз бұршағының қалындығын өзгерту арқылы оны көру процесіне бейімдейді. Көз бұршағының алдында орналаскан, көздің қуысын алдыңғы және артқы камераларға бөлетін нұрлы қабықта көздің түсін анықтайтын пигментті жасушалар және оның ортасындағы тесік - қарашықты (pupilla) тарылтып және кеңейтіп тұратын бірыңғай салалы ет жасушалары миоциттер болады. Көз алмасының сәуле сындырғыш мөлдір ортасына қасаң қабық, алдыңғы және артқы камералардағы көз сұйығы, көз бұршағы (lens) және шыны тәрізді дене (corpus vitreum) жатады. Көздің қорғаныс және көмекші мүшелеріне көз шарасы, көздің жарғақты қапшығы, бұлшық еттері, көз майы мен шандыры, көздің жоғарғы және төменгі қабақтары мен көзжасы аппараты жатады. Көзжасы аппараты көзжасы безінен, көзжасы көлінен, көзжасы тесігінен, көзжасы қапшығынан және мұрын қуысына ашылатын мұрын-көзжасы өзегінен тұрады.
Қасаң қабық құрылысы мен химиялық құрамы ерекше, қалыңдығы 0,8-1,1 мм көздің аддыңғы бетіндегі мөлдір қабық. Оның жарық сындырғыш көрсеткіші - 1,37. Касаң қабық бес: алдыңғы эпителий, алдыңғы шекаралық пластинка, қасаң қабықтың өзіндік заты, артқы шекаралық пластинка, артқы эпителий қабаттарынан құралған.
Ақ қабық (склера) - қалыптасқан тығыз дәнекер ұлпасынан құралған, қалындығы 0,4-0,6 мм көздің сыртқы қабығы. Дәнекер ұлпасын бір-бірімен параллельді, бір бағытта, тығыз орналасқан коллаген талшықтарының шоғырлары мен олардың аралықтарында бір қатарда жатқан фиброциттер құрайды. Ақ және қасаң кабықтар аралығындағы лимба аймағында ақ қабықтың коллаген талшықтарының шоғырлары аралықтарында бір-бірімен тарамдала байланысқан қуыстар болады. Олар аққабықтың веналық қойнауларын (шлемм өзектерін) түзеді. Ақ кабықгың ішкі бетінің нұрлы қабықка өтетін бұрышты аймағында, көздің алдыңғы камерасы сұйығының, ақ қабықгың веналық қойнауына ағып өтуін қамтамасыз ететін қырлы байлам орналасады.
Ақ қабықтың алдыңғы бөлігін көздің кілегейлі қабығы қаптап жатады, ал оның артқы бетіне көздің бұлшық еттері бекиді.
Тамырлы қабықтың бөліктсрі:
І. Өзіндік тамырлы қабық торлы қабықты қоректендіреді. Ол сыртынан ішіне қарай төрт қабаттан құралған. Олар: а) тамырлыүсті пластинкасы ақ қабықпен шектеседі. Оны борпылдақ дәнекер ұлпасы құрайды. Құрамында меланоциттер көптеп кездеседі. ә) тамырлы пластинка артерия және вена қан тамырларынан, олардың аралықтарындағы борпылдақ дәнекер ұлпасынан тұрады. Жекеленген миоциттер мен көптеген меланоциттер кездеседі. б) тамырлы-капиллярлы пластинканы тар арналы қан тамырлары мен капиллярларға бай борпылдақ дәнекер ұлпасы құрайды. Қан капиллярларының біраз бөлігі синусоидты (қойнауша) капиллярларға жатады. в) негіздік кешен тамырлы кабық пен торлы қабықтың пигментті қабаты аралығындағы талшықты құрылым.
Кірпікті дене көз бұршағының пішінін өзгерту арқылы көру процесіне бейімделуді іс жүзіне асырып, нұрлы қабықты өзіндік тамырлы қабықпен жалғастырып тұратын тамырлы қабықтың буылтық келген қалың бөлігі. Кірпікті денені борпылдақ дәнекер ұлпалық аралықтар арқылы бір-бірімен өзара байланысқан бірыңғай салалы ет ұлпасының миоциттер шоғырлары түзеді. Олар әр түрлі бағытта орналасып жиырылуы нәтижесінде көз алмасына өтетін жарықтың мөлшері мен оның көру процесіне бейімделуін реттейді.
Нұрлы қабық — ортасында пішіні өзгермелі тесігі (қарашық) бар, дөңгелек дискі тәрізді тамырлы қабықтың алдыңғы бөлігі. Ол қасаң қабық пен көз бұршағы аралығындағы көз сұйығына толған кеңістікті, көздің алдыңғы жене артқы камераларына бөледі. Аталған камералар бір-бірімен өзара нұрлы қабықтың ортасындағы тесігі - қарашық арқылы қатысады. Нұрлы қабық пен кірпікті дененің жалғасқан шекарасын кірпікті жиек — деп атайды. Нұрлы қабықты алдыңғы жағынан артқы бетіне қарай бес қабат құрайды. Олар: а) алдыңғы эпителий (бірқабатты жалпақ эиителий); ә) сыртқы шекаралық қабат (борпылдақ дәнекер ұлпасынан тұрады, меланоциттер болады); б) тамырлы қабат (борпылдақ дәнекер ұлпасындағы қантамырлары және меланоциттер болады); в) ішкі шекаралық қабат (құрылысы сыртқы шекаралық қабатқа ұқсас); г) артқы пигментті эпителий. Нұрлы қабықтың дәнекер ұлпалық қабатында қарашықтың тарылтқыш (сақинаша орналасқан) және кеңейткіш (радиальды, яғни сәулелі бағытта орналасқан) бірыңғай салалы ет ұлпасының миоциттері болады.

-
Сезім мүшелерінің жалпы сипаттамасы, түрлері. -
Көру мүшесі. -
Есту-тепе-теңдік мүшесі. -
Иіс, дәм, тері сезімі мүшелері
Сезім мұшелері морфологиялық кұрылымдылығы жағынан жүйке жүйесінің құрамына кіреді. Сезім мүшелері талдағыштардың шеткі қабылдағыш бөлімдері. Талдағыштар (анализаторлар) - сыртқы қабылдағыш бөлімдерден басталып, ми орталықтарында аяқталатын күрделі жүйке механизмі. Талдағыштар үш бөлімнен тұрады:
-
Рецепторлар (receptores) - тітіркенгіштерді қабылдайтын жүйке жүйесінің шеткі сезімтал ұштары; -
Өткізгіш жолдар - түзілген тітіркеністерді рецепторлардан ми орталықтарына жеткізетін жүйке талшықтары (ми, жұлын жүйкелері, жұлынның және мидың ақ заттары); -
Ми орталықтары (мидың сезімтал қыртысты және қыртысасты орталықтары).