ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.12.2023
Просмотров: 58
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Көз бұршағы - екі беті дөңес келген мөлдір дене. Көру процесіне бейімделу кезінде, оның пішіні өзгеріп отырады. Көз бұршағын цитоплазмасында мөлдір кристалин белогі болатын, пішіні ұзынша келген эпителиоцитгер кұрайды. Эпителиоциттер бір-бірімен ерекше мөлдір затпен желімделген. Көз бұршағының ортасындағы элителиоциттерде ядро болмайды. Олар бір-бірімен бірігіп, көз бұршағының орталық ядросын құрайды. Кез бұршағы сыртынан бірқабатты жалпақ мөлдір эпителиймен қапталған. Ол кірпікті тәж арқылы кірпікті денемен байланысқан. Көз бұршағының сындырғыш көрсеткіші - 1,42.
Шыны тәрізді дене - көз бұршағы мен торлы қабық арасындағы куысты толтырып түратын мөлдір торлы қоймалжың зат. Оның сыртқы жағы сәл тығыздау келеді. Шыны тәрізді дененің негізін витреин белогі және гаалурон қышқылы құрайды. Сындырғыш коэффициенті - 1,33. Торлы қабық жарық тітіркеністерін кабылдайтын көз алмасының ішкі қабығы. Ол сыртқы жағынан тамырлы қабықпен, ішкі жағынан мөлдір шыны тәрізді денемен жанасып, көз алмасының артқы бөлігін астарлап жатады. Торлы қабық екі бөлімнен: жарық сезгіш және жарық сезбейтін бөлімдерден тұрады. Соңғы бөлім нұрлы қабықпен кірпікті дененің артқы беттерін астарлайды. Оның құрамында жарық сезгіш (фоторецепторлы) нейроциттер болмайды.
Торлы қабық нейроциттері аралықтарында ұзын талшықты нейроглиоциттер орналасады. Олардың ядролар орналасқан денелері ішкі ядролы қабатта жатады. Ал сыртқы ұзын өсінділері таяқша және сауытша қабат пен сыртқы ядролы қабат аралығындағы сыртқы шекаралық қабатты, ішкі өсінділері жүйке талшықтары қабатын шыны тәрізді денеден оқшаулайтын ішкі шекаралық қабатты жасайды. Сөйтіп, көздің торлы қабығында сырттан ішке қарай 10 қабат ажыратылады. Олар: 1) пигментті, 2) таяқша және сауытша, 3) сыртқы шегаралық, 4) сыртқы ядролы, 5) сыртқы торлы, 6) ішкі ядролы, 7) ішкі торлы, 8) ганглионды, 9) жүйке талшықтары, 10) ішкі шекаралық қабаттар. Фоторецепторлы нейроциттерінің таяқшалары мен сауытшалары сыртқы және ішкі буындардан құралған. Таяқшаның сыртқы буынының пішіні цилиндр тәрізді болып келеді. Оны бір-біріне жабыса орналасқан, қалыңдығы 140 нм тұйық жарғақтық дискілер құрайды. Сыртқы буын жарғағында көру пигменті родопсин болады. Ішкі буынының цитоплазмасында митохондриялар мен эндоплазмалық тор жақсы көрінеді. Сыртқы және ішкі буындар кірпікшелер арқылы байланысқан. Сауытшаның сыртқы буыны қысқалау және көлемділеу келеді. Оны түйықталмаған жарғақтық жарты дискілер құрайды. Ішкі буынында липид тамшысы мен митохондриялардан түзілген эллипс тәрізді құрылым бар.
Көру жүйкесінің көз алмасының артқы жағындағы тесігі арқылы торлы қабықтан шығатын дөңгелек келген дөңес тұсында жарық сезгіш нейроциттер болмайды. Сондықтан, бүл жерді «соқыр дақ» деп атайды. Көз алмасының білігі бойындағы торлы қабықтың дөңгелек немесе сопақ келген бөлігін сары дақ дейді Оның ортасындағы шұңқырлау жерін орталық шұңқыр - деп атайды. Орталық шұңқыр торлы қабықтың ең жақсы көретін бөлігі талдағышының қыртысты орталығы үлкен ми сыңарлары қыртысының шүйде аймағында орналасады.
Көздің көмекші мүшелеріне: көздің бұлшық еттері, қабақ және көзжасы аппараты жатады. Бұлшық еттер көлденең жолақты бұлшық ет ұлпасынан құралған. Қабақтарға жоғарғы және төменгі қабақтар жатады. Олардың сыртқы қабатын тері, ішкі қабатын көздің кілегейлі қабығы және олардың аралығындағы борпылдақ дәнекер ұлпалық аралық пен ондағы ет шоғырлары құрайды. Қабақтарда кірпіктер болады.
Есту-тепе-теңдік мүшесі немесе құлақ - organum vestibulo-cochlearis s. auris - аттас талдығыштың шеткі қабылдағыш бөлімі. Есту-тепе-теңдік талдағышының өткізгіш жолдары қызметін есту-тепе-теңдік жүйкесі атқарады. Орталықтары сопақша ми ядроларында, мишық қыртысында және үлкен ми қыртысының самай бөлігінде орын тепкен. Есту-тепе-теңдік мүшесі қоршаған ортадан келетін дыбысты, салмақкүшін (гравитациялық), тербеліс, сызықтық және бұрыштық әсерлерді қабылдайтын сезім мүшесі.
Сыртқы құлақ (auris externa) құлақ қалқанынан, сыртқы есту жолынан және дабыл жарғағынан тұрады. Құлақ қалқаны ауадағы дыбыс тербелістерін қабылдап, сыртқы дыбыс жолымен ортаңғы құлақ арқылы есту мүшесі ішкі құлаққа бағыттайды және дыбыстың шыққан жерлерін анықтайды. Бұлшық еттерінің жақсы жетілуіне байланысты кейбір жануарлардың құлақтары қозғалмалы (жылқы, ит. мысықт.б.) келеді. Құлақ қалқанының негізін сыртынан терімен қапталған эластинді шеміршек кұрайды. Терінің ішкі бетінде қылшықтар, май және тер бездері болады. Қылшықтар майда жәндіктер мен шаң-тозаңның сыртқы есту жолына енуіне жол бермейді. Тер бездері құлақтың бұлағын түзетін пигментті кілегейлі сөл бөліп, ауадағы шаң-тозаңнан және дабыл жарғағын кебірсініп қалудан сақтайды. Дабыл жарғағы (membrana tympani) қалыңдығы 0,1 мм, сыртқы және ортаңғы құлақтар шекарасындағы жұқа терілі перделік. Дабыл жарғағына ортаңғы құлақ жағынан балғаша сүйектің тұтқасы бекиді.
Ортаңғы құлақты (auris media) ішкі беті бірқабат призма тәрізді
кірпікшелі эпителиймен астарланған сүйектік дабыл қуысы мен оның ішіндегі бір-бірімен буындар және бұлшық еттер арқылы қозғалмалы байланысқан есту сүйекшелері: балғаша (maileus), төс (incus), жасымықша (lenticulatus) және үзеңгіше (stapes) сүйекшелер құрайды. Есту сүйекшелері дабыл қуысы қабырғасына байламдар арқылы байланысқан. Дабыл қуысының ортаңғы құлақ пен ішкі кұлақ арасындағы қабырғасында екі: сопақ және дөңгелек тесік немесе "терезе" болады. Сопақ терезені үзеңгіше сүйекше табанының жарғақты тақташасы мен байламдары жауып тұрады. Ол дабыл қуысын ішкі құлақтағы ұлудың кіреберістік (вестибулалық) баспалдағынан бөледі. Дөңгелек терезені ортаңғы құлақтың дабыл қуысын ұлудың дабылдық баспалдағынан бөліп тұратын талшықты жарғақ жауып тұрады. Дабыл қуысы (cavum tympani) диаметрі 1-2 мм дыбыс түтігі арқылы жұтқыншақ аңқасына жалғасады. Жұтқыншақ - дабылтүтігі жұтыну кезінде ашылып-жабылып, дабыл жарғағының сыртындағы ауа қысымы мен дабыл қуысы ішіндегі ауа қысымын теңестіру арқылы дабыл жарғағын зақымданудан сақтайды.
Ішкі құлақ (auris interna) самай сүйектің тастық (қайыршық) бөлігінде орналасады. Ол сыртқы сүйектік және оның ішіндегі жарғақтық шытырмандардан құралған. Осы екі шытырман аралығындағы лимфа сұйығын перилимфа — деп атайды. Ал жарғақтық шытырман қуысындағы сұйықгы эндолимфа — дейді. Сүйектік және оның ішіндегі жарғақтық шытырмандар үш бөліктен құралған. Олар: кіреберіс, үш жартыдөңгелекше өзек және ұлу (иірілімді өзек). Кіреберістің жарғақгық шытырманын бір-бірімен жіңішке эндолимфалық өзекпен жалғасқан сопақша және дөңгелек қапшықтар құрайды. Сопақша қапшық (утрикулюс) бір-бірімен өзара перпендикулярлы жазықтықтарда (сагиттальды, сегментальды және фронтальды) орналасқан үш жартыдөңгелекше жарғақтық өзектермен, ал дөңгелек қапшық (саккулюс) қысқа өзек арқылы жарғақтық ұлу өзегімен жалғасады. Бұлардың ішінде эндолимфа сұйығы болады.
Есту талдағышының рецепторлары жарғақтық шытырманның ұлу өзегін бойлай орналасқан иірілімді (Корти мүшесі) мүшеде орналасқан. Жарғақгық ұлу өзегі сүйектік ұлу қуысында болады. Олардың аралығындағы қуыс перилимфаға толған. Жарғақтық ұлудың пішіні үшбұрышты болып келеді. ұзындығы 3,5 см, қуысы эндолимфаға толған. Ол спираль тәрізді оралып, жануарлардың түрлеріне сәйкес 3-5 орамдар жасайды. Жарғақтық ұлуды сыртынан пішіні дөңгелекше келген, қуысы перилимфаға толған сүйектік ұлу қаптайды. Сүйектік ұлу өзінің ішкі жағындағы сүйектік білігі (осі)
бойымен спираль тәрізді бұралып жатады. Оның перилимфаға толған қуысын үшбұрышты жарғақтық ұлу екіге: кіреберістік және дабылдық баспалдақтарға бөледі. Ішкі эндолимфа жағындағы бетінде рецепторлы аппарат — иірілімді (Корти) мүше орналасады. Оның негіздік жарғағының ішкі бетін түкті сезгіш және тіректік эпителиоциттер кұрайды. Жабынды жарғақ эндолимфаның ішінде орналасады. Ауадағы дыбыс толқынының әсерінен сыртқы дабыл жарғағы тербеліп, есту сүйекшелерін қозғалысқа келтіреді. Осының әсерінен сопақ терезедегі тақташа жарғақ та тербеліп, ішкі кұлақ кіреберісіндегі перилимфаға толқын түрінде беріледі. Перилимфа толқындары сүйектік ұлудың кіреберістік баспалдағына, одан әрі ұлу төбесіңдегі тесік арқылы дабыддық баспалдақтағы перилимфаға өтеді. Кіреберістік баспалдақтағы перилимфа тербелісіне сәйкес кіреберістік жарғақ та тербеліп, ішіндегі эндолимфаны тербеліске келтіреді. Нәтижесінде эндолимфа ішіндегі жабынды жарғақ та тербеліске келеді. Өз кезегінде дабылдық баспалдақтағы перилимфа сұйығы толқынына сәйкес негіздік жарғақта тербеледі. Нәтижесінде оның ішкі бетіндегі сезгіш эпителиоциттер микробүрлері жабынды жарғақпен жанасып, тітіркеніс пайда болады да, оны сезгіш түкті эпителиоциттер, денелері иірілімді ганглийде орналасқан сезімтал нейроциттер дендриттеріне өткізеді. Түзілген жүйке толқындары сезімтал нейроциттердің аксондарымен ми жүйкелерінің сегізінші жұбы - есту-тепе-тендік жүйкесі арқылы мидағы есту талдағышының орталықтарына жеткізіледі.
Тепе-теңдік мүшесі жануарлар денесінің кеңістіктегі тепе-теңдігі мен жағдайды бағдарлауын қамтамасыз етеді. Ол бір-бірінің пішінін қайталайтын сыртқы сүйектік және ішкі жарғақтық шытырмандардан тұрады. Жарғақтық шытырманды сопақша және дөңгелек жарғақтық қапшықтар мен үш жартыдөңгелекше өзектер құрайды. Жарғақты жартыдөңгелекше өзектер бір-біріне перпендикулярлы: сагиттальды, сегментальды және фронтальды жазықтықтар бойымен орналасып, сопақша қапшықпен ампула тәрізді кеңейген ұштарымен жалғасады. Тепе-теңдік мүшесінің рецепторлары жарғақтық қапшықтардың ішкі бетіндегі "дақ" (макула) - деп аталатын дөңесіңде және жарғақты жартыдөңгелекше ампуласының ішкі бетіндегі "қырша" деп аталатын дөңестеу жерінде орналасады. Бастың немесе дененің кеңістіктегі
өзгеру жағдайы туралы ақпарат осы аталған құрылымдарда түзіледі. Жарғақтық қапшықтар мен жартыдөңгелекше өзектер ампуласының ішкі бетіндегі дақтар мен қыршалар тітіркеністерді қабылдауға арнайы маманданған эпителиймен астарланған. Эпителий қабатын екі түрлі: түкті сезгіш және тіректік эпителиоциттер құрайды. Бүл массаны отолиттік жарғақ - деп атайды. Нейроциттерінің аксондарымен жүйке толқындары ми қыртысының самай аймағындағы тепе-теңдік талдағышының қыртысты орталығына жеткізіледі.
Иіс сезімі мүшесі бірінші сезімтал немесе нейросенсорлы сезім мүшелеріне жатады. Иіс талдағышының рецепторлары мұрын қуысының артқы жоғарғы бөлігіндегі сарғыш түсті кілегейлі қабағында орналасады. Иіс сезімі мүшесі эмбриондық кезенде иіс шұңқырындағы жұйке пластинкасынан, ал оның тіректік эпителиоциттері эктодермадан қалыптасып жетіледі. Мұрын куысының иістік эпителий қабаты үш түрлі жасушадан: биполярлы иіс сезгіш нейроциттерден, тіректік және негіздік (базальды) эпителиоциттерден тұрады. Базальды эпителиоциттер аласа келген, тіректік эпителиоциттер үшін камбиальды қызмет атқаратын жас жасушалар. Тіректік эпителиоциттер сезімтал нейроциттерді сыртынан қоршап, тіректік және қорғаныс қызметтерін атқарумен қатар, оларды қоректік заттармен қамтамасыз етеді. Қос өсінділі (биполярлы) рецепторлы нейроциттер тіректік эпителиоциттердің аралығында орналасады. Олар 30-40 талшықтан бірігіп, жүйке бағандарын кұрайды да, торлы сүйек тесіктері арқылы ми қуысындағы иіс миы баданасына, ми жүйкелерінің 1 – жұбы - иіс жүйкесі ретіңде енеді. Мұрын қуысы иістік аймағы кілегейлі қабығының өзіндік тақташасындағы түтікше-көпіршікті иіс бездері эпителийдің ішкі бетіне сөлін бөледі. Ауа арқылы мұрын қуысына келген химиялық заттар сөлде еріп, иіс сезгіш нейроциттерінің сыртқы дендриттер кірпікшелерін тітіркендіреді де, жүйке толқыны түзіліп, нейроциттер аксондары арқылы иіс миы баданасына өтеді. Иіс сезімі таддағышының қыртысты орталығы үлкен ми сыңарлары қыртысының самай аймағында орналасады.
Дәм сезімі мүшесі екінші сезімтал немесе эпителиосенсорлы сезім мүшелеріне жатады. Ол ауыз қуысына түскен азықгың татымы мен сапасын анықтайды. Азықтың кұрамындағы химиялық тітіркеністерді алдымен сезгіш эпителиоциттер қабылдап,