ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.12.2023
Просмотров: 486
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
-
бөлім, 5–6-сабақ 1-тапсырма
Наурыз – өте көнеден келе жатқан мейрам.
Қазақ елі Наурызды қалай қарсы алған? Қызыр түні Жаңа жыл табалдырық аттап үйге енгенде, «жалғыз шала сəуле болмас» деп төрге қос шырақ жағылып қойылады. «Жаңа жыл мұнтаздай таза үйге кірсе, ол үй ауру-сырқаудан, пəле-жаладан аман болады» деген сеніммен Наурызға шейін үй ішіндегі жиһаз-мүліктің шаңы қағылып, жуылып тазартылады.
Дастарқанды ырысқа, ыдыс атаулыны аққа толтырады. Ұлыс күні қазақ елі үшін əрқашан қасиетті, киелі саналған. Ол күні қар не жаңбыр жауса, «нұр жауды», «келер жыл жақсы жыл болады» деп қуанған.
Наурызда қуанышқа кенеліп, масайраған жұрт аппақ көйлек, жаңа киімдерін киіп шығады.
-
бөлім, 5–6-сабақ 1-тапсырма
Конституция термині латын сөзінен алынған. Ол латынша – constitio, мағынасы – белгілеу, орналастыру. Ал қазіргі түсінік бойынша Конституция – мемлекеттің негізгі Заңы. Қазақстан Республикасының Конституциясы – Қазақстан мемлекетінің Ата заңы. 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдум өткізу жолымен қабылданып, Қазақстан халқының егемендігі мен құқықтарын бекіте түсті. Ата заң қабылданған күн демалыс, мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні деп жарияланды. Бұл жаңа Конституция Қазақстанның төртінші Ата заңы. Оның құрылымы кіріспеден, 9 бөлімнен, 98 баптан, көптеген тармақтар мен тармақшалардан тұрады. Конституцияда Адам жəне азамат, Президент, Парламент, Үкімет жəне тағы басқа бөлімдер бар.
-
бөлім, 1–2-сабақ 7-тапсырма
Тұңғыш Президент күні – бұл мемлекеттік деңгейдегі мейрам, маңызы да ерекше. 1991 жылдың 1 желтоқсанында тұңғыш рет қазақ даласында президент сайлауы болып өтті. Сайлауда дауыс берушілердің саны 98,7 пайызды құрады. Сол жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тəуелсіздігі жарияланды. Бұл мерекенің тойлануының ұлтқа берері мол. Осы мереке арқылы жас ұрпақ Тəуелсіз Қазақстанның тарихын таниды, ел болып қалыптасу жолымен танысады. 1 желтоқсан Қазақстанның шежіресінде мəңгі сақталады.
-
бөлім, 7–8-сабақ 1-тапсырма
Паркур – бұл экстремалды трюктардан тұратын спорт, субмəдениет түріне жатады. Бірақ паркуршылардың өздері бұл мəдениетті спорттан гөрі ұстаным деп түсінеді. Астарында терең философия бар деп есептейді. Паркур – француз тіліндегі ат спорты деген тіркеске ұқсас
«кедергілерге төтеп беру» деген ұғымды білдіреді. Паркур мəдениетін қалыптастырушы – француз Давид Белль. Батыс субмəдениеті дүниежүзі жастарына ықпал етті. Осы мəдениетпен бірге қолданыста жаңа терминдер пайда болды. Бүгінгі күндегі: роллер, граффити, брейк-данс жəне т.б. жастарға таныс сөздер субмəдениеттердің насихатталуын əкелді. Мəселен, роллерлер – роликті коньки тебуді ұнататын топ өкілдері. Олардың спорт үлгісіндегі киімдері ашық түсті, конькилері ерекше нақышта көзге түседі. Жастар арасындағы роликті конькиге деген қызығушылық 1990 жылдан бастап артты.
8-бөлім, 4–6-сабақ 7-тапсырма
Медицина ғалымдары жаңалық ашты. Жаңалық болашақ ауруларды алдын ала анықтаумен байланысты. Адам тумай тұрып, оның қандай аурулармен ауыратындығын болжай алу мүмкіндігі бар. Дерттің адамда ауру генінің болуында емес, топтық гендердің өзара əрекеттесуінде екендігі анықталған. Болашақта сəби туған кезде оған генетикалық паспорт қоса беріледі. Генетикалық паспортта инфаркт алу, рак немесе диабетке шалдығу ықтималдылығы қаншалықты екендігі көрсетіліп тұрады. Бұл ауруларды асқындырмай, емдеп жазуға мүмкіндік бермек.
-
бөлім, 5–6-сабақ 4-тапсырма
Əлемдегі тұрғындары 80 миллионнан асатын мемлекеттердің жартысынан көбі Азияда орналасқан. Қытай мен Үндістанның халқының саны Жер тұрғындарының үштен бірінен астамын құрайды. Қытай халқы бүгінде Жердің барлық тұрғындарының бестен бірін құрап отыр. Халқының саны жөнінен əлемдегі екінші ел – Үндістанның тұрғындар саны 1,21 миллиардқа жетті. Бұл Қытайдан 131 миллион адамға кем. Қытайда бүгінгі күні жылдық өсім 0,6 пайыз болса, ал Үндістанның көрсеткіші – 1,4 пайыз. Үндістанда əр отбасында, орта есеппен 2,6 баладан дүниеге келеді. Соның өзінде Үндістан халқы соңғы он жылда 181 миллион адамға көбейген. Сарапшылар болжамына сай, 2025 жылға қарай бұл мемлекет халқының саны жөнінен Қытаймен теңеседі. Ал 40 жыл шамасында үндістандықтар саны қытайлардан 200 миллионға артық болмақ. Сөйтіп, 2050 жылы Үндістан халқының саны жөнінен əлем бойынша бірінші орынға шығады. Халқының саны жағынан үшінші орындағы мемлекет бүгінгі күні – АҚШ, ал 2050 жылы, болжамдар бойынша бұл орынды Нигерия иеленеді. Əлемде халқының саны 100 мыңға жетпейтін 35 ел бар. Тізімді 98 мың тұрғыны бар Кирибати бастайды. Кирибати – Тынық мұхитындағы ұсақ аралдарда орналасқан мемлекет. Ал осы тізімдегі ең соңғы мемлекет Питкэрн аралдарында небəрі 60 адам – 9 отбасы бар көрінеді.
-
бөлім, 3–5-сабақ 6-тапсырма
Роботтехника – елімізде енді ғана дамып келе жатқан инновациялық сала. Ал əлемде бұл саланың тарихы тереңде. Ежелгі Египетте, Вавилонда, Қытайда аяқ-қолы қозғалатын құдайлардың мүсіндері жасалған. Ал біздің дəуірімізге дейінгі үшінші ғасырларда римдік ақын Клавдий ғалым Архимед жасаған автоматты құрылғы туралы айтқан. Андроидты алғаш рет он үшінші ғасырда өмір сүрген алхимик Альберт фон Больштедт жасаған. XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында аталған сала дамыды. Роботтар туралы əдеби шығармаларда да айтыла бастады. Ағылшын жазушысы Мэри Шеллидің «Франкенштейн», чех жазушысы Карел
Чапектің
«R. U. R.» сынды туындылары осыған дəлел. Сахналарда фантастикалық пьесалар қойылды. Осылайша бірте-бірте «робот» термині əдебиеттен ғылым мен техникаға ауысты. Əлемдегі Жапония, Германия, АҚШ, Корея сияқты елдерде аталған сала жоғары деңгейде дамыған. Бұл елдерде роботтехниканың үздік жетістіктері ғылымда, өндірісте кеңінен қолданылады. Германиядағы өндірістік роботтарды шығару жөніндегі əлемдік көшбасшы «KUKA» компаниясы, Жапониядағы «KAWASAKI ROBOTICS», «FANUC», «OTC Daihen», «Panasonic», АҚШ-тағы «Triton Manufacturing», «Kaman Corporation» сынды компаниялар – соның айғағы.
-
бөлім, 5–7-сабақ 8-тапсырма
Шетелдіктер арасында экотуризм ерекше сұранысқа ие. Олар табиғатына əлі де адам қолы тимеген жерлерде демалғанды ұнатады. Мысалы, Сайрам–Өгем жоталарындағы ұлттық парк, Ақсу-Жабағылы қорығының биік шыңдары, Қаратау қорығының жайлаудағы тау жоталары, ЮНЕСКО-ның əлемдік табиғи мұрасына кіретін Теңіз бен Қорғалжын көлдері, Көкшетау, Алтынемел, Саты т.б. ну ормандары мен көл-бұлақтарына ықылас ерекше. Тиісінше инфрақұрылым да даму үстінде. Бұл салаға кəсіпкерлер аздап ақша құя бастады. Демалу аймақтарындағы үй иелері бір-екі бөлмесін туристерге бөлетін болған. Бағалары да аса қымбат емес: үш реттік ас берілетін қонақ бөлмелерде тұру күніне 4–7 мың теңгеге тең. Мұндай баға шетелдіктерді қызықтырады.
215
МАЗМҰНЫ
Алғы сөз 3
«Қазақ тілі мен əдебиеті» пəнінің жаңартылған білім мазмұны жəне оны меңгерту үрдісі 4
Əдістемелік құралда қолданылған интербелсенді əдіс-тəсілдер 5
9-сыныпқа арналған «Қазақ тілі мен əдебиеті» пəнінің базалық
білім мазмұны 12
Оқу мақсаттарының жүйесі 13
Əдістемелік нұсқаулық 15
Тақырыптық-күнтізбелік жоспар 15
Сабақ тақырыптары 16
Ұзақмерзімді жоспар 20
Ортамерзімді жоспар үлгісі 27
Қысқамерзімді жоспар 56
Тыңдалым мəтіндері 211
Оқу - əдістемелік б а с ы л ы м
Құрманəлиева Ақмарал Мейірханқызы Үсібалиева Айткүл Тұрсынқызы
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ƏДЕБИЕТІ
Оқыту əдістемесі
Жалпы білім беретін орыс мектебінің 9-сынып мұғалімдеріне арналған
Редакторы А. Хасенова Көркемдеуші редакторы Д. Сабитаева Техникалық редакторы
Ұ. Рысалиева
Корректоры Ү. Бахова
Компьютерде беттеген И. Жарболова
ИБ №102
Теруге 20.02.2019 берiлдi. Басуға 19.06.2019 қол қойылды. Пiшiмi 60×841/8. Офсеттiк қағаз.
Офсеттiк басылыс. Əрiп түрi «мектептiк». Шартты баспа табағы 25,11. Есептiк баспа табағы 11,93.
Таралымы 700 дана. Тапсырыс №4441.
«Атамұра» корпорациясы» ЖШC, 050000, Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 75.
Қазақстан Республикасы «Атамұра» корпорациясы» ЖШС-нiң Полиграфкомбинаты. 050002,
216
Алматы қаласы, М. Мақатаев көшесi, 41.