ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.12.2023
Просмотров: 667
Скачиваний: 2
деген тапсырмалардан бастап орындатып, ойын арқылы оның есінде қалдыруға күш салмаса, оқушы ол дүниені меңгеруі қиын болады. Осы жерден бізде келесі маңызды бір сұрақ келіп шығады: Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқытуда қандай әдістер тиімді болып саналады? Сөйлем мүшелерін қай әдіс бойынша, қандай тәсілдерді қолдану арқылы оқытқан дұрыс? Қайтсек оқушы алған білімін өмірде қолдана алатын болады? Демек, осы мәселелерді шешу барысында, бастауыш сыныптарда сөйлем мүшелерін оқытудың тиімді жолдарын анықтау - тақырыптың өзектілігін дәлелдейді.
Зерттеу жұмысының мақсаты: бастауыш сыныптарға білім беру үдерісінде қазақ тілін оқыту әдістемесінде өзіндік орны бар сөйлем мүшелерін оқытуда қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдерді айқындау.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
Бастауыш сынып оқушыларына сөйлем мүшелері туралы түсінік беруде атқарылатын жұмыстарды анықтау;
Бастауыш сыныптарда сөйлем мүшелерін оқыту тұжырымдамасына тоқталу;
Бастауыш мектепте сөйлем мүшелерін оқытудың әдістемесі туралы сөз қозғау;
Бастауыш сыныпта сөйлем мүшелерін оқытуда заманауи әрі тиімді әдіс-тәсілдерін қарастыру;
Зерттеу жұмысының объектісі: бастауыш сыныптардағы қазақ тілі сабақтарында сөйлем мүшелерін оқыту үдерісі.
Зерттеу жұмысының пәні: қазақ тілі сабағындағы сөйлем мүшелері тақырыбы.
Зерттеу жұмысының әдіснамасы: Қ.Молдабековтің Бастауыш сыныпта тіл дамыту туралы зерттеуі, С.Ахметовтың Бастауыш сыныпта білім берудің тиімділігін арттырудың жолдары еңбегі, М.Балақаевтың Тіл мәдениеті және қазақ тілін оқыту методикасы оқулықтары.
Жұмысты орындау әдістері. Жұмысты жазу барысында тақырыпқа байланысты ақпаратты жинақтау, сараптау, ғылыми сипаттама беру, талдау, ғылыми қорытынды жасау әдістері қолданылды.
1.1 Бастауыш мектеп оқушыларына сөйлем мүшелері туралы түсінік беруде атқарылатын жұмыстар
Сөйлем мүшелері – сөздердің мағыналық тұрғыдан өзара тіркесуі нәтижесінде синтаксистік қызметте жұмсалатын сөйлемнің дербес бөлшектері. Сөйлемдегі сөздер бір-бірімен мағыналық байланыста болады, сол байланыс негізінде грамматикалық мағынаға ие болған сөздер, сөз тіркестері сөйлем мүшелері қызметін атқарады. Сөйлем мүшелері қызметінде сөйлемнің дұрыс құрылуының, әр сөздің өз орнында жұмсалуы мен ой желісі, стильдік жағынан нақты болуының орны ерекше. Сөйлем мүшелері үлкен екі топқа бөлінеді:-
тұрлаулы мүшелер (бастауыш, баяндауыш); -
тұрлаусыз мүшелер (анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш).
-
Бастауыш – сөйлемдегі ойдың иесі, ол нөлдік, көптік, тәуелдік тұлғаларда есімдіктен, есім сөз таптарынан, ал баяндауыш бастауыштың негізгі қасиеттерін нақтылай келе етістіктен, т.б. сөз таптарынан жасалады. Тұрлаусыз мүшелер бастауыш пен баяндауышқа тікелей қатысты болып, сөйлемде айтылуға тиісті ойды толықтырып, айқындап тұрады. -
Толықтауыш септелген сөздердің заттық қасиетін көрсетеді де, тура және жанама түрлерге бөлінеді. -
Анықтауыш заттың, субстантивтенген сөз таптарының, септік жалғаулы пысықтауыштарды айқындайды, оның сапалық, меншікті түрлері бар. -
Пысықтауыш көбіне қимылға, кейде есімдерге де қатысты жұмсалады. Сөйлем мүшелері негізінен дербес мағыналы сөз таптарынан жасалады, олардың жасалуына көмекші есім, көмекші етістік, шылау, модаль сөздер де қатынасады, дербес мағыналы сөздердің семантикасын осы көмекші сөздер айқындайды. Сөйлем мүшелері дара, күрделі, үйірлі, кейде құрама болады.
Бастауыш - сөйлемде атау септігінде тұрып, ойдың кім, не жайында екенін білдіріп, баяндауышпен қиыса байланысатын тұрлаулы мүше. Бастауыш кім? не? кімдер? нелер? кімім? нем? кімі? несі? және басқа сөз топтарының заттанып, атау септігіндегі сұрақтарына жауап береді. Бастауыш атау септігінде зат есім мен есімдіктен болады: Бәйге бригадаға берілді. Сіз өз басыңызды ғана ойламаңыз. (Ғ. Мұст) Атау септігінде тұрып заттанған басқа сөз топтары да (сын есім, зат есім, етістіктің есімше, тұйық етістік түрлері т.б.) бастауыш қызметін атқарады.Баяндауыш - сөйлемде жіктеліп келіп бастауыштың қимылын іс-әрекетін, кім екенін білдіріп, онымен жақ жағынан, кейде жекеше, көпше (1-2 жақта) түрде қиыса байланысын қолданылатын тұрлаулы мүше. Баяндауыш не істеді? қайтті? неғылды? деген сұрақтарға жауап береді. Кейде сөйлемде бастауыш тасаланып жасырын да тұрады, ал оның қай сөз екенін баяндауыштан анықтауға болады.Толықтауыш - сөйлемде атау мен іліктен басқа септіктердің бірінде тұрып, бір мүшені заттық мағына жағынан толықтырып тұратын тұрлаусыз мүше. Толықтауыштың сұрақтары: кімді? нені? кімге? неге? кімде? неде? кімнен? неден? кіммен? немен? кім (не) туралы жөнінде? кім (не) жайында?Анықтауыш - сөйлемде зат есімнен болған не заттық мағынада қолданылған мүшені сын-сапалық, сан-мөлшерлік, меншіліктік–қатыстың жағынан анықтап тұратын тұрлаусыз мүше. Анықтауыш қандай? қай? кімнің? ненің? қайдағы? қашанғы? қанша? неше? нешінші? қайткенде? не еткенде? деген сұрақтардың біріне жауап береді. Құрамына қарай дара (қара), күрделі (қара көк) болып екіге бөлінеді.Пысықтауыш - сөйлемде іс-әрекет, қимылдың жай-күйін, амалын, мөлшерін, мезгіл-мекенін, себеп-мақсатын білдіретін тұрлаусыз мүше. Пысықтауыш қалай? қайтіп? қашан? қайда? қайдан? неліктен? не себепті? кім үшін? не үшін? не істеуге? не мақсатпен? не арқылы? кім арқылы? неше рет? Деген сұрақтарға жауап береді. Пысықтауыш болатын сөз табы – үстеу. Сонымен бірге барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктеріндегі зат есімдер, кейде сын есім мен сан есім, етістіктің көсемше түрі барыс, шығыс, көмектес септіктеріндегі сөз бен қарай, таман, шейін, дейін, бола, соң, кейін, ары, бері, бұрын бірге, қабат,қатар және септік тұлғасыз сөз бен арқылы, арқасында, үшін, сайын септеулік шылаулардың тіркесінен құралған тізбектер де пысықтауыш қызметін атқарады. Құрамына қарай дара (үшін), күрделі (ермек үшін) болып екіге бөлінеді. а) Қимыл-сын пысықтауыш қалай? қалайша? қайтіп? неше рет? не арқылы? ә) Мезгіл пысықтауыш қашан? қашаннан бері? қай кезде? қашанға шейін? б) Себеп пысықтауыш неліктен? не себепті? не үшін? в) Мақсат пысықтауыш не мақсатпен? неге бола? неге? не үшін?
Қазіргі таңда қазақ тілінің синтаксис саласында дамыта оқыту мәселесі тілдік қатынасқа байланысты ауызша және жазбаша жұмыстар арқылы іске асады. Осыған орай сөйлесім әрекетінің 5 түрі бар:1. Оқылым.2. Жазылым.3. Тыңдалым.4. Айтылым.5. Тілдесім.Жоғарыда аталған сөйлесім әрекетінің 5 түрі бастауыш сынып оқушыларына тікелей қатысты екенін ұмытпаған жөн. Себебі бүлдіршіннің дүниеге көзқарасын, қоршаған ортамен қарым-қатынасын дұрыс бағытта қалыптастыру үшін бұл аспектілерді қатаң түрде сақтау - оның болашақта қандай адам болып қалыптасатынына тікелей әсер етеді [1,15].Ғалым Ф.Оразбаева өз еңбегінде: Жазылым термині жазу деген мағынаны емес жаза білу, ойыңды басқа біреуге түсінікті болу үшін қағаз бетіне сауатты жеткізе білу дегенді білдіреді дейді.Адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасы грамматикалық таңбалардың тізбегі мен мағыналық жүйесі арқылы, яғни жазылым әрекеті арқылы іске асады десек, бастауыш сынып оқушысы үшін жазуды үйрену - өз ойын біреуге жеткізудің негізгі құралы.Қазақ тілінің синтаксис саласынан жазылым әрекеті арқылы дамыта оқыту мынадай жазба жұмыстары арқылы іске асады:1. Жаттығу жұмыстары.2. Шағын мәтіндер.3. Жүйелі жазба жұмыстары.4. Бақылау жұмыстары.5. Диктант.6. Жазбаша ойын түрлері.7. Іс қағаздары.Қазақ тілін үйретуде бұл жазба жұмыстарының барлық түрі арнайы зерттеуді қажет етеді.Синтаксис саласын оқытуда кейде анықтамаларда айтылмаған белгілердің өзін жаттығу барысында байқатуға тура келеді. Мысалы, кітапта: Аяқталған ойды білдіретін сөздер тобын сөйлем дейміз деген анықтама берілген. Бұл - сөйлемнің мағыналық қана белгісі. Ал басқа белгілері (сөйлемдегі сөздер бір-бірімен байланысты болады. Әр сөйлемнің аяқталғанын дауыс ырғағынан байқауға болады) анықтамада көрсетілмейді. Бірақ оқушылар сөйлемдермен танысу, оларды талдау барысында сөйлемнің қалған (айтылмаған) белгілерін де меңгереді. Олар сөйлемдегі баяндауыштың маңына топталатынын, сондай-ақ сұраулы, хабарлы, лепті сөйлемдерде белгілі бір дауыс ырғағы болатынын біледі [2,94].Ендеше, сөйлем туралы түсінікті қорытындылау барысында оқушылардың көңілін тек анықтамада көрсетілген белгіге ғана аударып қою жеткіліксіз, сонымен қатар сөйлем жөнінде олардың алған мағлұматтарын толық жинақтап нақтылау бала ұғымының айқындала түсуіне мүмкіндік береді.Әрбір анықтаманы оқушылар саналы меңгеру үшін мұғалім:Оқушының грамматика оқулықтарынан ғана мысал келтіріп қоюымен қанағаттанбай, өз ойынан немесе оқыған көркем шығармаларынан ойланып, мысал айтуын талап етеді.