Файл: Жоспары І. Кіріспе.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 199

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Анықтама өтілгеннен кейін дайын мәтін береді де, соның ішінде анықтама бойынша қажетті сөзді немесе сөз тіркестерін тапқызады. Кей балалардың өздері ойлап тапқан мысалдарын талдату арқылы пікірлерін дәлелдеуді талап етуге де болады.

Анықтама бойынша берілген ұғымның негізгі белілерін санап көруді ұсынады.

Анықтамалар мен ережелерді дәл, анық, толық айтуға үйретеді.
Тіл білімінің синтаксис саласын өткен кезде оқушылардың алған білімін бекіту мақсатында жүргізілетін жаттығуларға жалпы мына сияқты талаптар қойылады:

Белгілі бір жаттығуды орындау үшін оқушылардың сол жаттығуды орындарлық білімі болуы шарт.

Оқушылар жаттығуды не үшін орындайтынына, оның қандай пайдасы барлығын түсінсе ғана, оны саналы орындайды. Жаттығуларды түсініп орындағанда ғана белгілі бір дағды қалыптасады.

Жаттығу оқушының қызығуын, ынтасын, ықыласын арттыруға тиіс. Ол үшін жаттығу түрлендіріліп берілуі шарт, өйткені бір сарынды жаттығу оқушылардың зейінін, қабылдауын, белсенділігін нашарлатады.
Жаттығулар кездейсоқ болмай, белгілі бір жүйемен орындалып отырылуы шарт.

Жаттығу жұмыстары тек таяуда ғана өтілген материалдарға негізделмей, бұрын өтілген кейбір материалдарды да қамтуы керек.
Бір жаттығу ұзақ уақытқа созылмауға тиіс. Әсіресе, балалардың жасы неғұрлым кіші болған сайын жаттығу да қысқа уақытқа мөлшерленеді де, үнемі жиі-жиі қайталауға негізделеді.

Шығармашылық жаттығулар көбірек болуы қажет.
Әр жаттығу оқушы еңбегінің нәтижесін көрсетіп отыруға тиіс.
Жаттығулар оқушы ойына әсер етуі жағынан аналитико-синтетикалық болғаны жөн: яғни грамматикалық талдау, сөздер, сөз тіркестері, сөйлемдер мен мәтіндер құрастыру; салыстыру арқылы ұқсастық пен ерекшеліктерді табу, топтау; өз пікірлерін дәлелдей алып, білгендерінен жалпы қорытынды шығара білу.

Жаттығу жұмысының барысында оқушылардың оқудан алған білімдері бекіп, өз беттерімен жұмыс жасау дағдылары қалыптасады [3,72].
Синтаксис бойынша жүргізілетін жаттығулардың ішінде кең тарағаны грамматикалық талдау болып табылады. Грамматикалық талдау жалпы түрде де, белгілі бір тақырыпқа байланысты жеке де, сондай-ақ ауызша да, жазбаша да жүргізіледі. Ауызша талдауда оқушылар бұрын оқылғандарына тоқталады, сөйлемдегі тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерді көрсетеді, оқытушының сұрауларына жауап береді, өз бетімен мысалдар келтіреді. Жазбаша талдауда оқушылар сөйлем мүшелерін талдай отырып, олардың астын сызады немесе оларды айырып жазады
, сұраулар қояды.
Грамматикалық талдау мазмұны жағынан морфологиялық, синтаксистік немесе аралас талдау болып бөлінеді. Көлемі жағынан толық немесе ішінара талдау болады.

Сөйлем мүшелері жайлы түсінік бергенде, олардың дара, күрделі, бірыңғай түрлері бары ескеріледі. Ал оларды арнайы оқытқанда, оқушыларға бұлардың әрқайсысының өзіндік ерекшелігін таныту мақсаты көзделеді. Оқушыларға сөйлем мүшелері жайлы түсінік бергенде қандай мүшенің дара, күрделі, бірыңғай мүше деп аталатының түсіндіріледі. Сөйлем мүшелерінің жоғарыда келтірілген түрлерінің қарағанда олардың жасалуын меңгеру қиынға соғатыны белгілі. Сондықтан да түрлі кестелер арқылы сөйлем мүшелерінің құрамын салыстырмалы әдіспен бір-бірімен салыстыра отырып түсіндіру аталған мәселеде елеулі көмек болары белгілі. Мұндай жұмыстар оқушылардың белсенділігін арттырады және жаңа материалды өздігінен іздене отырып білуіне қозғау салады [4, 152].

Енді алған білімдерін дағдыға айналдыру үшін оқушыларға мәтін беріп, сол мәтіннен сөйлем мүшелерінің құрамдық түрлерін анықтауды тапсыруға болады: дара, күрделі сөйлем мүшелерін табу, күрделі сөйлем мүшелерінің жасалу жолын түсіндіру; мәтіннен бірыңғай мүшелері бар сөйлемді теріп жазу; мәтіндегі бірыңғай мүшелері бар сөйлемнің тыныс белгілерін қойып жазу; ойдан жалпылауыш сөзі бар бірыңғай сөйлем мүшелері бар сөйлемді мысалға келтіру.

Келесі бір ескеретін жай - жаттығулардың барлығын тек қана жазбаша, немесе тек қана ауызша орындата беруге болмайды. Білім берудің қазіргі талаптары бойынша оқушы әрі жазып, әрі тыңдап, әрі сөйлеп үйренуі керек.
Жоғарыда баяндалған жүйемен, санамалап берілген жұмыстарды орындата отырып, оқушыларға сөйлем мүшелерін тиімді меңгертуге болады.
Сонымен, қорыта келсек синтаксисті оқытуда бастауыш сынып оқушыларына сөйлем мүшелерін меңгерту маңызды орын алады. Ал бұл мәселені сөз ету үшін сөйлем мүшелерін оқытудың дұрыс әдістемесін ұсыну қажет. Оқушыға сөйлем мүшелері жүйелі оқытылған жағдайда ғана ол синтаксистік талдауды сауатты жасай алады.


1.2 Бастауыш сыныптарда сөйлем мүшелерін оқыту тұжырымдамасы



Әдістеме ғылымы оқытудың заңдылықтарын зерттейді. Оқыту әдістемесі - оқытудың мазмұнын, мақсатын, міндетін, әдісін, сондай-ақ үйрету амалдары мен тәрбиені зерттейді. Ал әдіс білім алу мақсатындағы оқытушы мен оқушының іс-әрекетінің өзара байланысын қарастырады. Әрбір әдісте өзіндік лингвистикалық, психологиялық, дидактикалық тұжырымдама бар. Әдіс - оқытуға арналған бағыт, яғни ол сөйлеу әрекетін тудыратын оқыту стратегиясы. Әдіс - оқытушы мен оқушының іс-әрекетінің амалы.
Соның ішінде біз тоқталатын сала - сөйлем мүшелерін оқытудың әдістемесі мен әдісі. Сөйлем мүшелерін оқыту мазмұны оқу материалдарын сұрыптау, іріктеу, ұйымдастыру, жаттығу түрлері арқылы, ал оқу үдерісінің мазмұны дағды мен біліктілікті қалыптастырудағы оқушы мен оқытушының байланысы арқылы анықталады. Әдіс түсінігі белгілі бір міндетті жүзеге асыру жолындағы шындықты теориялық және практикалық жолмен шешудегі амалдар мен тәсілдердің жиынтығы дейді А.Н.Щукин, ал Сейіл Жиенбаев: ...мұғалім сабақты біреудің көрсетіп бергенін айнытпай орындауға міндетті емес, өз білгенінше түрлі әдіс қолдануға ерікті. Әдістеме рецепт те емес, тек педагогикалық кеңес, жол-жоба, - деп әдістеменің көптеген проблемаларына тоқталды, ол қазір де мәнін жойған жоқ. Мұғалімдерге ұсынылатын әдіс-тәсілдер ретінде дәріс сабағы, әңгіме, жаттығу орындау, тест және т.б.

Сөйлем мүшелерін оқыту кезінде мұғалім мынадай негізгі кешенді әдістерді ұтымды пайдаланғаны жөн: оқу-танымдық әрекетін ұйымдастыру әдісі, үйретудегі мотивацияны тудыру әдісі және үйретудің тиімділігін арттыратын бақылау әдісі. Бұл әдістер негізінде оқыту ұстанымдары қарастырылады. Мысалы, ана тілін есепке алу, коммуникативтік бағыт, сапалылық, сөйлеу жағдаяттық, ауызекі сөйлеу алға шығады, жинақтау, әдістемелік ұстаным, тілдік, лингвистикалық материалдарды іріктеу, сабақта оқу материалдарын өлшеммен беру, бекіту [5,57].

Сонымен бірге тілді оқыту әдісі - жаңа материалды түсіндіру, үйрету, меңгеруді ұйымдастыру мен бақылау; білім беру әдісі - оқушының үйрену процесіндегі танымдық және практикалық әрекетінде қолдану; яғни оқыту әдісі екі жүйеде: үйрету әдісі мен білім беру әдісінің негізінде практикада жүзеге асады.

Үйрету әдісі: көрсету, түсіндіру, ойландыру, жаттығуды ұйымдастыру, бағалау; ал білім беру әдісі: танысу, ұғыну, машықтану, өзі түзету, өзіне баға беру.

Көрсету әдісі бойынша оқытушы оқу материалдарын (дыбыс, сөз, сөйлем, мәтіндерді) таныстыру кезеңінде қолданады. Көрсету әдісін қолданғанда әр түрлі әдістемелік амалдар қолданылады. Мысалы, аудиовизуалды оқыту әдістемесі арқылы көріп-байқау қолданылады.

Таныстыру әдісі таныс емес материалды меңгеруде қолданылады. Оқушы оқытушының материалды таныстыру кезеңінде әр түрлі амалдарды қолданады. Мысалы, түсіну және есінде сақтауы үшін суреттерді, техникалық құралдарды пайдаланады.

Түсіндіру әдісі бойынша оқытушы жаңа материалдарды түсіндіруде оқушының сапаға жететіндей деңгейінде басшылық жасайды. Материалды талдап, дәлелдеп, оқушының сапалы түрде ұғынуына әрекет жасайды. Түсіндіру кезінде қажетіне қарай таныстыру, салыстыру тәсілдері мен көрнекілік, суреттер қолданылады.

Ойландыру әдісі бойынша оқушы тарапынан ойлау әрекетіне қатысты кешенді амалдарды біріктіреді (анализ, синтез, салыстыру, біріктіру), сонымен бірге таныс емес материалдарды меңгеруге бағытталады, тапсырмалар орындалады, нәтижесінде түсінік, ұғым, жаңа білім қалыптасады. Сабақта оқушының өзінше ойлау қабілетін дамыту, қорытынды жасатуға үйрету өте маңызды. Мысалы, жалғау түрін меңгеру, жаттығу орындау, мақал-мәтелдің мағынасын түсіну т,б. Сұрақ-жауап әдісінің ойландыруда маңызы зор.

Жаттықтыру әдісі - оқытушының оқушының сөйлеу дағдысын қалыптастырудағы іс-әрекеті. Оқушы үйренген сөздік қорын ұтымды пайдаланып, оны сөйлеуде қолдануға жаттығады. Ол ұзақ жаттығудан өтеді. Жаттығулардың түрлі типтері ұсынылады (мысалы, арнайы жаттықтыратын және шығармашылық жаттығулар) [6,67].

Тілдік жаттығулар ережеге, грамматикаға, дыбыстауға, интонацияға құрылады, ал сөйлеу жаттығулары, монолог, сұхбат, мазмұндама және шығарма түрінде орындалады.

Сөйлем мүшелерін оқыту барысында грамматикалық ертегілер жаздырып үйрету де тиімді әдістердің бірі болып саналады. Мұғалім алдымен оқушыларға бір грамматикалық ертегіні оқып береді де, соның негізінде жаңа ертегі ойлап табуға итермелейді. Мысалы, төмендегіше ертегіні үлгі ретінде ұсынуға болады:

Бес ауылдың айтысы

Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде Бастауыш деген бір ауыл болады. Бұл өте үлкен ауыл екен. Осы ауылға Баяндауыш, Анықтауыш, Пысықтауыш, Толықтауыш деген ауылдар көшіп келіп қосылады. Бұлар бір ауылға сыйыспайды. Бастауыш тұрған жер тарлық етеді. Бір күні олардың басшылары жиналып кеңеседі. Бірінші сөзді Бастауыш бастайды:
- Мен өз ауылыммен тып-тыныш отырғанда, сендер келдіңдер. Бұл не сұмдық! Сендер келгендеріңмен қоймай, енді бізді өз ауылымыздан қумақсыңдар, - дейді.

Әрі қарай олардың арасында ұрыс-керіс басталады.

Баяндауыш:

- Мен сенің ісіңді, қимылыңды, жай-күйіңді білдіріп, ойыңды аяқтаймын. Менсіз сенің бір тиындық құның жоқ, - дейді.

Сонда Толықтауыш:

- Мен бәріңнің істеген істеріңді толықтырамын. Мен болмасам, сендердің жұмыстарың толық бітпейді, шала болып қалады, - дейді.

Ал Анықтауыш:

- Мен сендердің бәріңнен ілгерімін. Өйткені мен сендерді анықтап, айқындап тұрамын.

Пысықтауыш:

- Ал мен болсам, сендердің қайда екендеріңді, не үшін өмір сүретіндеріңді білдіремін. Менсіз сендер жоғалып кетесіздер.
Осындай талас-тартыспен біраз уақыт өткен соң, Кім сұрағы былай дейді:
- Бұларың не? Тыныш! Мен мынадай шешімге келдім: Баяндауыш біздің істерімізді аяқтаса, Толықтауыш ол істерді түгендесіп, толықтырса, Анықтауыш бізді айқындап тұрса, Пысықтауыш мекенімізді, мезгілімізді білдірсе, ешкімнен кем болмаймыз. Достасып, бір-бірімізге көмектесейік, - депті.

Содан бері олар тату-тәтті өмір сүріп келеді екен.
Грамматикалық ертегі жазу оқушыдан сөйлем мүшелері туралы толық білімді қажет етеді. Демек, ертегі жаза отырып, оқушы сөйлем мүшелері туралы тақырыпты кеңінен игереді, ой-өрісін кеңейтеді [7,91].
Сөйлем мүшелерін оқытуда жаттығу жұмысының мәні зор. Оқушылар грамматикалық материалды оқулық пен бағдарламаға сай білгендерімен, жаттығу жұмыстары жүргізілмесе, ол ұзаққа бармайды, ұмытылып қалады. Сондықтан да мұғалім жаттығу жұмыстарын жүргізіп отырғаны дұрыс. Жаттығу нәтижесінде оқушылар алған теориялық білімдерін практикада тез де дәл қолдана алу дағдысына ие болады. Жаттығу арқылы балалардың алған білімдері нығайтылып, нақтыланып қана қоймайды, сонымен қатар өз беттерімен жұмыс жасауға, ойлау қызметіне дағдыланады. Өйткені, ғалым С.Рахметованың айтуынша: оқушылар жаттығу процесінде үздіксіз анализ-синтез жасайды, бір тұлғаны екінші тұлғамен салыстырады, абстракциялайды, жалпылайды, жаттығу арқылы білімін жүйелейді [8,169].

Сөз тіркесін мектепте дамыта оқыту технологиясының міндеттерді шешуге тиімді болатыны, технологияның негізіне жазу теориясы алынумен байланысты деп анықталды. Жазудың өзі тілдің таңбалық болмысын түсіндіруге тірек болады. Сөз тіркесі синтаксисі туралы қажетті лингвистикалық ұғымдар жүйесін іріктеп, бастауыш сынып оқушыларына қазақ жазу принциптерін анықтау, сөздің сөз тіркесі құру процесі, сөз тіркесі мүшелерінің жазылуы, айтылуы туралы ережелерді үйрету арқылы дамыта оқыту қызметін ұйымдастыру көзделді. Қазақ жазуының теориялық концепциясына сүйеніп, бастауыш сыныпта «тізбек», «тізбектелу», «дыбыстар тізбегі», «буындар тізбегі», «түбір мен қосымшалар тізбегі» сияқты ұғымдарды енгізіп, олардың лингвистикалық түсініктерін меңгерту арқылы ғана тіл бірліктерінің тізбектелуі туралы түсінік қалыптастырады /1, 54/. Бір сөздің орфографиялық түрін талдату арқылы тіл жүйесіндегі тіл бірліктерінің тізбектелуі туралы жалпы ұғым жасату керек. Одан кейін оқушылар өз бетімен сөздер құрамындағы дыбыстардың тіркесімділік қабілеті мен тіркесімділік талғамы, тіркесім талаптары туралы түсінік беріліп, тапсырмалар орындатылып, қорытынды тұсында тіркесім туралы ұғым жасатылады. Тіл бірліктерінің, дыбыстың түбірдің, қосымшаның, жеке сөздің құрамын талдау арқылы оқушы әр біліктіңмағынасын ашады,соның негізінде әрбір тіл бірлігінің қызметі- өз тектес бірлікпен тіркесіп, өзінен жоғары деңгейдегі жаңа тіл бірлігін жасау екендігіне біртіндеп көзі жетеді. Осы тәріздес жұмыстар арқылы ғана бастауыш сынып оқушыларының ізденімдік- зерттеушілік қызметін ұйымдастыру тиімді болады. Сөйтіп, оқу қызметін оқушы теориялық ойлауы мен тілін дамыту бағытында құруды көздей отырып, сөз тіркесі синтаксисін бастауыш сыныптарда оқытуды жазба тілдің принциптерін меңгертумен байланыстыруды жөн деп қабылдадық. Әрине, бұл дегеніміз- бастауыш сыныпта қазақ тілін оқытуды тек орфографиялық принциптерге негіздеуді ұсыну емес. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін дамыта оқыту барысында жазу принциптерін тірек етудің мүмкіндігін анықтау және оны болашақта нақтылай зерттеу қажеттілігінің өзі – бастауыш сынып оқушыларына фонетикалық және морфологиялық, синтаксистік ұғымдар аясын кеңейте меңгерту мәселесілелерімен тығыз байланысты.