Файл: Жоспары І. Кіріспе.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 207

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Бұл – әсіресе, мезгіл, мекен үстеулеріне тән құбылыс. Мысалы: Қазір апам жоқ. Былтыр қара жер қойнына алған. Күндіз күні бойы жаңбыр жауды. Қазір салқын. (О.Бөкей)

Алда – Әкем, артында – Қаршыға, соңында – мен. Лезде тау ішінде жылтыраған отқа жеттік. Бүгін біз бүтінбіз. Бұл біздің соншалық бақытты шағымыз еді. (О.Бөкей)

Пысықтауыштық қызметте жұмсалатын, негізінен үстеу десек те, сын есімдер етістік баяндауышпен тіркескенде пысықтауыш болады. Мысалы: Ақ жаулықты әйел бізді жадырай күліп, жылы қарсы алды. (О.Бөкей) Жүрегім бәрібір баяғы кезді, Апамның жып-жылы алақанын аңсайды (О.Бөкей)

Пысықтауышты танудағы тағы бір қиындық – пысықтауыш етістіктен жасалған мүшені нақтылап, анықтап тұрады дейді де [2, 657], [1, 186], келтірілген мысалдары пысықтауыштың баяндауышпен кіретінін дәлелдейді. Орыс тіл білімінде пысықтауыш етістіктен болған мүшеге қатысты десе де [3, 213], [4, 146], [5,135], ЖООға арналған «Ұлт тілдері аясында» шыққан оқу құралында [6, 91] сөйлемдегі пысықтауыш бүкіл сөйлемге, баяндауышқа қатысты болады деген пікір берілген.

Сөйлемді сөйлем мүшелеріне дұрыс тал дау үшін белгілі бір заңдылыққа сүйену қажет. Сондықтан пысықтауышты дұрыс тануда бұл сөйлем мүшесіне тән ерекшеліктің бәрін ескеру қажет. Пысықтауышқа тән басты белгі етістіктен болған сөзді анықтау дегенді нақтылап, пысықтауыш баяндауышты (есім баяндауышты да) нақтылап сипаттайды дейміз.

Етістіктің есімше, қимыл есімі тұлғалары сөйлемде бастауыш, анықтауыш, толықтауыш қызметінде жұмсалғанда, олармен тіркесіп кіретін үстеулерді пысықтауыш деп тануға бола ма деген сұрақты шешіп көрейік. Мысалы: Кеше түнімен жауған қар бүгін түс ауа ери бастады. (Ш.Мұртаза) Сөйлемнің негізі – қар ери бастады. Сөйлемді жайылмаландырып тұрған мүшелердің сұрағы – қай қар қашан ери бастады? Бұдан түйетініміз кеше түнімен жауған тіркесі тұтасымен қай? сұрағына жауап беріп, анықтауыш қызметінде жұмсалып тұр. Ал осы тіркестерді дара мүшелерге жүктесек, сұрағы былай болады: қашан қайткен қар? Сұрақты осылай қойып, бұл тіркесті пысықтауыш-анықтауыш-бастауыш мүшелерге ажырату логикалық жақтан дұрыс емес. Келесі мысал: Қыста қырық градус аязыңа бүлк етпей жорта беретін көк бөрің – осы. (Ш.Мұртаза) Сөйлемде үш мүше бар: осы – баяндауыш; көк бөрің – бастауыш; қыста қырық градус аязыңа бүлк етпей жорта беретін – тұтасымен анықтауыш. Сөйлем құрылымы – анықтауыш – бастауыш – баяндауыш. Ал сөйлемді басқаша құрасақ, сөйлем мүшелеріне талдау да басқа болады. Осы көкбөрі қыста қырық градус аязыңа бүлк етпей жорта беретін. Бұл сөйлемде бес мүше бар: осы – анықтауыш, көк бөрі – бастауыш, жорта береді – баяндауыш, қыстапысықтауыш, қырық градус аязыңа бүлк етпей – тұтасымен пысықтауыш. Сөйлем құрылымы – анықтауыш – бастауыш – пысықтауышпысықтауыш-баяндауыш.


Көк бөрі баласы ит сияқты адамға жарамсақтана алмайды. (Ш.Мұртаза) Сөйлемде 4 мүше бар: бастауыш – пысықтауыш-толықтауышбаяндауыш. Сөйлемнің бастауышы – күрделі(көк бөрі баласы – не?) пысықтауыш (ит сияқты – қалай?) пен толықтауыш (адамға – кімге?) баяндауышпен (жарамсақтана алмайды – қайтеді?) кіріп тұр.

Сондықтан, пысықтауыш сөйлемге етістіктен жасалған кез келген мүшемен емес, баяндауышпен кіреді деген дұрыс.

Демек, бастауышпен кіретін тұрлаусыз мүше – анықтауыш. Толықтауыш пен пысықтауыш сөйлемге етістік баяндауышпен кіреді. Сондықтан сөйлемді сөйлем мүшелеріне талдағанда, алдымен тұрлаулы мүшелерді тауып, одан кейін баяндауышқа қатысты мүшелерді, сосын бастауышқа қатысты мүшелерді табу керек.

ІІІ. Қорытынды


Профессор С.Рахметова былай дейді: «Сөйлеу арқылы адамдар қатынас жасайды. Сөйлеудің тіркесу ретіндегі әрекетінің әр түрлі болып келетінін психология ғылымы зеррттей отырып, сырттай және іштей сөйлеу деп екі топта қарастырды. Сырттай сөйлеу ауызша ауызша және жазбаша сөйлеу тілі болып бөлінеді. Сөйлеудің бұл түрі бір бірімен өзара тығыз диалектикалық байланыста болады. Өйткені сырттай сөйлеу мен іштей сөйлеудің физиологиялық негізі бір ми жарты шарлары қабығындағы екінші сигнал системасының механизмдері. Олардың негізінде сөйлеу органдарының қозғалысына шығатын кинестикалық сезімдер жатыр. Кинестикалық түйсікке негізделген шығарма мен мазмұндама жазу балалардың қабылдауын дамытып, зейін өрісін кеңейтеді, тілін, ойын дамытады, оларды қиял шыңына шарықтатып, тәтті сезімге бөлейді. Жүргізілген зерттеулерге сүйенсек, оқушыың тілін дамыту үшін қазақ тілінен берілетін жаттығулар, тапсырмалар жүйелі жүргізілсе, деген қорытындыға келеміз. Зерттеуіміздің мақсат міндеттеріне, ғылыми болжамына, негіздей отырып, жүргізілген зерттеу жұмыстарының барысында жинақталған мәліметтерді талдай келіп, төмендегідей қорытынды жасаймыз:

  1. Зерттеліп отырған мәселеге қатысты теориялық және әдістемелік еңбектерді зерделей келіп, қазақ тілі сабақтарында тіл дамытудың теориялық негіздері айқындалды.

  2. Қазақ тілі сабағында тіл дамытудың мүмкіндіктері айқындалды.

  3. Сөздік жұмысының жүргізілу жолдары белгіленді.

  4. Қазақ тілі сабақтарында тіл дамытудың моделі ұсынылып, белгіленді.


ІV. Пайдаланылған әдебиеттер





  1. Президентің халыққа жолдауы Егемен Қазақстан 2001

  2. Верещегин Е.М. Язык и культура М., 1977

  3. Бастауыш мектептегі қазақ тілінің әдісі (ред. Басқарған Қ.Жұбанов)

  4. Аманжолов С. Қазақ әдеби тілінің қысқаша синтаксистік курсы

  5. Сарыбаев Ш.Х. Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері Алматы, 1956

  6. Бегалиев Ғ. Бастауыш мектепте қазақ тілі методикасының мәселелері Алматы, 1957

  7. Сауранбаев Н. Ана тілін оқыту туралы халық мұғалімі №11

  8. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі Алматы, 1991

  9. Әміров Е. Бірнші сыныпта оқушылардың тілін дамыту үшін істелетін жұмыстар Алматы, 1957

  10. Аханов К. Тіл біліміне кіріспе Алматы, 1994

  11. Серғалиев М. Синактаксистің кейбір мәселелері Алматы, 1990

  12. Кәтенбаева Б. Тіл ұстарту жұмыстары бойынша әдістемелік нұсқаулар Алматы, 1998

  13. Құлмағанбетова Б. Кіші мектеп жастағы оқушылардың тілін дамыту Алматы, 1978

  14. Рахметова С. Қазақ тілін оқыту методикасы Алматы, 1991

  15. Құлмағанбетова Б. Қазақ тілі сабақтарына байланысты тіл дамыту жұмыстарын ұйымдастыру Алматы, 1960

  16. Пешковский А.М. Навыки и чтения письма и устной речи в школе для малограмотных М.,1932

  17. Розенталь Д.Э. Культура речи М.,1964

  18. Байтұрсынов А. Әліпби Алматы, 1932