Файл: Жоспары І. Кіріспе.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 208

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.    Сыни тұрғыдa ойлay Бaғдaрлaмaның өн бойындa екi мaғынaдa қaрaстырылaды: оқyшылaрдың сыни тұрғыдa ойлayын дaмытy және мұғaлiмдердiң сыни тұрғыдa ойлayын дaмытy.Бaғдaрлaмa өзaрa бұл бaйлaнысты бұл үдерiстердiң екеyiн де дaмытyды қaрaстырaды. Оқyшылaрғa қaтысты сыни тұрғыдaн ойлay aқпaрaт пен идеялaрды синтездеy қaбiлетi, aқпaрaт пен идеяның шынaйылығы мен сaлыстырмaлы түрде мaңыздылығы тyрaлы ойлaнa бiлy қaбiлетi, өзiнiң оқyынa қaтысты тaңдay жaсay және бaсқaлaрдың идеялaрынa күмәнмен қaрay қaбiлетi ретiнде түсiндiрiледi. Мұғaлiмдердiң сыни тұрғыдaн ойлayы өзiнiң жұмыс тәжiрибесiн, жaңa тәсiлдердi қолдaнy және бaғaлay әрекеттерiн сыни тұрғыдaн бaғaлayды қaмтиды.

Оқушының ойлану қабілетінің дамуы , ой - өрісін кеңейтіп , әріден ойлануы , өз ойын бүкпесіз ашық айтуы , әрбір айтатын сөзін ой елегінен өткізіп жеткізе білуінен деп ойлаймын . Сыни тұрғыда ойлау дегеніміз - не нәрсенің де анығына барып , оның себеп - салдарын анықтау , бағалау , нәтижесіне көз жеткізе білу , қорытынды жасау. Джон Дьюидің айтуы бойынша , мәселелерге ерекше көңіл аудару оқушының табиғи әуесқойлығын оятып  , сыни ойлауға итермелейді.Жалпы,сыни тұрғыдан ойлайтын оқушылар белсенді болады,олар сұрақтар қойып дәлелдерді талдайды."Сыни тұрғысынан ойлау-сынау емес,шыңдалған ойлау".Сыни ойлауға бағытталған түрлі тапсырмалар арқылы әр жастағы балалардың жұмысы дұрыс ұйымдастырылған болса өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып белгілі бір жетістіктерге жетеді.Мен оқытудың ұтымды әдістерін,соның ішінде сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулімен жұмыс жасау арқылы алған білім негізінен дамыта отырып,тәжірибеге енгізу жұмыс істеуге құштарлық туғызып,білім беруде нәтижаге жеткізетінін байқадым.


2.2. Сөйлемді дұрыс талдау кепілі – сөйлем құрылымын, семантикасын және коммуникативтілігін негізге алу


Тұрлаулы мүшелердің айналасына топтасып, оларда айтылатын пікірді анық, дәл, толық жеткізу үшін сөйлемді семантикалық жағынан кеңейтіп тұратын мүшелерді тұрлаусыз мүшелер дейміз.

«Тұрлаусыз» деген сөзді осы сөйлем мүшелеріне қатысты айту ол мүшелердің сөйлемді тиянақты етпейтін қасиеттеріне негізделген. Расында, бастауыш пен баяндауыш сөйлемді тиянақты ететін, оның бас арқауы болса, тұрлаусыз мүшелерде ондай қасиет жоқ.

Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерінің қызметі әртүрлі: атрибуттық қатынастағы сөздер анықтауыш қызметін, объектілік қатынастағы сөздер толықтауыш қызметін, кеңістік, уақыт, себеп, мақсат қатынасындағы сөздер пысықтауыш қызметін атқарады.

Сөйлемде зат есімнен болған не зат есім орнына жұмсалған басқа сөз таптарынан болған мүшелерді түрлі қырынан сипаттап тұратын сөйлем мүшесін анықтауыш дейміз.

Анықтауыш сөйлемнің негізін құрамайды, бірақ кейде сөйлемдегі негізгі ой анықтауыш арқылы беріледі де, анықтауыш болатын сөз тұрлаулы мүшенің құрамына енеді. Қыздың баласы – жиен. Басқаша құрасақ: Жиен – қыздың баласы. Бірінші сөйлемде сөйлемнің алғашқы бөлігіне орналасып, бастауыштың құрамында негізгі мүше болып тұр. Себебі бұл пікірде айтпағымыз бала емес, қыздың баласы. Екінші сөйлемде анықтауыштық қатынастағы бұл тіркес тұтасымен баяндауыш қызметінде жұмсалып тұр.

Анықтауыш қызметінде жұмсалатын сөз табы, негізінен, сын есім десек те, сын есім сөйлемде әр түрлі қызметте жұмсалады: 1) субстантивтеніп бастауыш немесе толықтауыш болады. Мысалы: Үлкен бастар, кіші қостар. Жақсы байқап сөйлер, жаман шайқап сөйлер. Жақсыда жаттық жоқ, жаманда жақындық жоқ. 2) Сөйлемде етістіктен болған баяндауышпен тіркесіп, пысықтауыш болады. Мысалы: Мұржасы қисық болса да, түтіні түзу шығады. Ақырын жүріп, анық бас, еңбегің кетпес далаға.(Абай)


Анықталатынтын сөз – зат есім, заттанған басқа да сөз табы болады: Асқар мен Ержан далаға шықса... көзілдірікті, қылышты біреу арбадан түсіп жатыр екен. (С.Мұқанов) Есік алдында Олжабек мінген торы қаңтарулы тұр екен. (Ғ.Мұстафин) Ақан өзінің бейсауыт жүрісін түсіндіріп өтті. (Т.Әлімқұлов) Атыма сенген мен күшімді сынамақ болып, қайырыла ұрыс салдым (Т.Әлімқұлов)

Анықтауыш, ең алдымен, бастауышты нақтылап, онымен сөйлемге кіреді. Көзіне ақ түскен шотыр әйел қыбыжықтап, отбасында күйбелеңдей берді. (Т.Әлімқұлов) Құлағы салпиған қара күшік түнемеге там айналып үріп шығады. (Д.Исабеков)

Толықтауышпен де сөйлемге енеді. Әйел босағадағы күбіні пісіп, сыры қашқан зеренге сусын құйды. (Т.Әлімқұлов) Ол шаршыға түйген бір уыс күміс ақшасын абыр-сабыр боп жатқан жұрттың үстіне шашып жіберді. (Д.Исабеков)

Зат есімнен жасалған мекендік мағыналы пысықтауышпен де сөйлемге енеді: Ит байласаң тұрғысыз баспананың терезесінде сапы мен сыбызғы ілулі тұрды (Т.Әлімқұлов) Ашық қалған есіктен қуанышты адамдардың дабыр-дұбыр сөйлескен үндері естілді. (Д.Исабеков)

Сөйлемде анықтауыштың да анықтауышы болады: Биік жастықта шалқалап жатқан Сырғакүлдің көзінен аққан ыстық жас жастығын жуып кетті. (Д.Исабеков)

Сөйлемнің баяндауышы есім сөзден болса, баяндауыштың да анықтауышы болады: Ұзақ өмірден қалған белді белгі – үйдегі сапы мен сыбызғы (Т.Әлімқұлов) Жұдырықтай немересінің асқар таудай арқа сүйері – қушиған кәрі әжесі.

Толықтауыш – сөйлемде етістіктен, сын есімнен, үcтеуден жасалған баяндауышпен кіріп, іс-әрекеттің немесе сапаның объектісі ретінде сөйлемді жайылмаға айналдыратын тұрлаусыз мүше.

Мектеп оқулықтарында да, ғылыми еңбектерде де толықтауыштың ерекшелігі ретінде толықтауыш өзі бағынған сөзбен табыс, шығыс, барыс, көмектес, кейде жатыс септігінде байланысады деп көрсетіледі. 
М.Балақаев: «Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерін тұлғасына қарап айырудың ғылыми тірегі әлсіз, дұрысында сөйлемнің тұрлаусыз мүшесі жайлы мәселені сөз тіркесі жайлы іліммен тығыз байланыста қарастырған дұрыс. Сонда өзара тіркескен сөздер тобының қандай қарым-қатынасты білдіруіне қарап, тұрлаусыз мүшелерді дұрыс танитын боламыз» , – дей келе, – «етістіктен және кейбір есімдермен объектілік қатынаста тіркесетін заттық ұғымы бар сөздердің мүшелік қызметі толықтауыш болады» – дейді.

Себебі барыс, жатыс, шығыс, көмектес септігіндегі есімдер пысықтауыш қызметінде де жұмсалатыны бар. Сөйлемде осы септік жалғауымен келген сөздердің толықтауыш немесе пысықтауыш қызметінде екенін айыру үшін М.Балақаевтың осы пікірін басшылыққа алған дұрыс.

Толықтауышқа тән тағы бір ерекшелікті оқулықтарда етістіктен болған сөйлем мүшесімен кіреді деп түсіндіреді. ЖОО-ға арналған оқулықтарда анықтауыштың толықтауышы, толықтауыштың толықтауышы, пысықтауыштың толықтауышы болуы мүмкін деген пікір берілген [1, 153]. Бұл пікір «толықтауыш сөйлемге етістіктен болған сөйлем мүшесімен енеді» деген жоғарыдағы пікірден туындаған сияқты. Себебі етістіктің есімше тұлғасы сөйлемде анықтауыш қызметінде жұмсалады. Сөйлемге осы тұлғадағы етістікпен объектілік қатынаста тіркесіп кіретін сөздерді толықтауыш деп тануға бола ма?

Мысалы: Келіндерінің өз үйлерінен неге кеткенін Қарекең мен Бибінұр ауылдағы кейбір жас жігіттерден естіді. (Д.Исабеков) Осы сөйлемдегі келіндерінің өз үйлерінен неге кеткенін тіркесі сөйлемде тұтасымен толықтауыш мүше ме, әлде келіндерінің – анықтауыш, өз үйлерінен – пысықтауыш, неге кеткенін – толықтауыш болып, үш түрлі сөйлем мүшесі бола ма? Сөйлемдегі келіндерінің өз үйлерінен неге кеткенін түйдегі іштей 1) келіндерінің кеткенін – анықтауыштық қатынастағы сөз тіркесіне; 2) өз үйлерінен кеткенін – пысықтауыштық қатынастағы сөз тіркесіне ажыратылады. Бірақ сөз тіркесіндегі қатынас пен сөйлем мүшелері сәйкес бола бермейді. Осы сөйлемдегі келіндерінің өз үйлерінен неге кеткенін тіркесі үш мүшеге (кімнің? – анықтауыш, қайдан?пысықтауыш, нені? – толықтауыш) ажыратылмай, күрделі толықтауыш қана болады. Себептері: 1) осы тіркес тұтасымен нені? деген бір ғана сұраққа жауап береді; 2) неге кеткенін тіркесін жеке алсақ та сұрағы – нені?, яғни ол етістік негізді болғанымен, есім сұрағына жауап беріп, сөйлемде есім сөздің қызметінде жұмсалып тұр. Ал есім сөзбен тіркескен сөз пысықтауыш мүше бола алмайды.


Сондықтан, толықтауыш мүше сөйлемге етістікпен кіретін мүше дегеннен гөрі, оның негізгі ерекшелігі сөйлемге баяндауышпен енуі десек нақты болады. Толықтауыштың қызме ті – баяндауыш мүшені сипаттау. Толықтауыш етістік баяндауышпен қатар, есім, үстеу, модаль баяндауыштарды да толықтырады. Мысалы: Жан иесіне тәтті. (мақал) Әр нәрсе уақытымен қызықты. (мақал) Азған денеге ауру үйір. (мақал) Қыстағы қар жерге ырыс, жердегі ылғал елге ырыс.(мақал) Соқыр тауыққа бәрі бидай. (мәтел) Шабан атқа қамшы демеу. (мәтел)

Ал етістіктен жасалған басқа сөйлем мүшесін толықтырып тұрған сөз сөйлемге жеке толықтауыш мүше болып енуден гөрі, сол етістіктен болған мүшені күрделендіріп, бір мүше қызметінде жұмсалады. Демек, есімше формалы анықтауыштың толықтауышы немесе, көсемше формалы пысықтауыштың толықтауышы болмайды. Олар сол түйдегімен күрделі бір мүше қызметінде жұмсалады. Мысалы: Ерін сыйлаған (қандай?) әйел елін де сыйлайды.(мақал) Абайламай сөйлеген (кім?) ауырмай өледі. (мақал) Ақпа құлаққа (кімге?) айтқан сөз ағып кетеді, құйма құлақ айтқан сөзді құйып алады. (мақал)

Осы сөйлемдердегі ерін сыйлаған тіркесі әйел сөзінің күрделі анықтауышы қызметінде жұмсалған, бұл тіркесті ерін (кімді?) сыйлаған (қайткен?) деп екі мүше ретінде тану логикалық жағынан да дұрыс емес. Бұл тіркес іштей толықтауыштық қатынастағы сөз тіркесі, бірақ сөйлемде тұтасымен анықтауыш қызметінде жұмсалып тұр. Екінші сөйлемдегі абайламай сөйлеген тіркесі де пысықтауыштық қатынастағы сөз тіркесі болғанымен, сөйлемде күрделі бастауыш ретінде жұмсалып тұр. Ал үшінші сөйлемдегі ақпа құлаққа айтқан тіркесі іштей толықтауыштық қатынастағы сөз тіркесі болғанымен, сөйлемге толықтауыш пен анықтауыш ретінде емес, күрделі анықтауыш ретінде қатысып тұр.

Пысықтауыш – сөйлемде етістіктен жасалған баяндауыштың сипатын, мезгілін, мекенін, мақсатын, себеп-салдарын, сипаттайтын тұрлаусыз мүше.

Пысықтауыштар, әдетте, етістік баяндауыштарға қатысты болғанымен, кейде есім баяндауышпен, модаль баяндауышпен де сөйлемге енеді.