ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.12.2023
Просмотров: 802
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
№1 САБАҚҚА АҚПАРАТТЫҚ БЛОКТЫНЫСАЛУ№1 тақырып: Қан жасушаларының биохимиясы. Эритроцитер биохимиясы – химиялық құрамы, метаболизмінің ерекшеліктері, гемоглобиннің газдарды тасымалдаудағы рөлі .Қышқылдық - негіздік күйдің биохимиясы Эритроциттер – 120 күндей өмір сүретін, тар көлемді мамандықты жасушалар. Эритроциттердің негізгі атқаратын қызметі газдарды тасымалдау – оттекті және көмірқышқыл газын. Бұл қызметті гемоглобин атқарады, ал қалған компоненттері осы қызметті атқаруды қамтамасыз ететін заттар. Бір эритроцитте 1 миллионға жуық гемоглобин молекулалары болады.. Эритроциттердің химиялық құрамы: Эритроцит55-60% Н2О 40-45%құрғақ қалдық 36-40% гемоглобин қалған заттар 4-5%а) глобулин типті нәруыздарб) қалдық азоттың компоненттерів) глюкозаг) фосфолипидтер және холестеринд) ферменттер (негізінен карбангидраза және гликолиз ферменттері)е) витаминдерж) бейорганикалық заттар Тығыздығы жағынан эритроциттер сүйек тіндеріне жақындайды. Эритроциттердің сыртқы қабығы мен стромасын нәруыздар, фосфолипидтер мен холестерин түзеді, ал ұяшықтарында гемоглобин молекулалары орналасқан. Эритроцитердің мембранасындағы липидтердің құрамы 25%– холестеринен және (60%) фосфолипидтерден тұрады, және оның 45% фосфоглицеридтер мен 15% сфингомелиндер болып табылады. Ацилглицеролдар мен сульфатидтер аз мөлшерде болады. Сфингомиелиндер мембрананың сыртқы жағында, ал холестерин ішкі жағында жинақталады.Ересек адамдардың эритроциттерінің гемоглобині HbA1 болады. Эритроциттерде сонымен қатар HbA2 (ол гемоглобиннің 2,5% ын құрайды ) болады, ол 2 альфа- тізбектен және 2 сигма- тізбектен тұрады.Жаңа туған нәрестелердің барлық гемоглобиндерінің 80% фетальды гемоглобиннен тұрады – HbF. Бұл гемоглобин 2- альфа тізбектен және 2- гамма тізбектен тұрады. Жылға толуға жақындағанда нәрестенің гемоглобині ересек адамдардың гемоглобиніне ауысады, фетальды гемоглобиннің мөлшері барлық гемоглобиннің 1,5% ғана құрайды Гипоксия кезінде фетальды гемоглобиннің синтезі артады, сондықтан ол гипоксияның жақсы көрсеткіштік дәрежесі болып табылады. Гемоглобиннің гамма- және сигма тізбектеріндегі амин қышқылдарының орналасу тәртібі әлі толық табылған жоқ.
Эритроциттердегі зат алмасуының ерекшеліктері
глутатионпероксидазды реакциясына қатыстырады: Н2О2+2G-SН 2Н2О+G-S-S-G Бұдан басқа, эритроциттерде глутатионредуктаза бар, ол мына реакцияны тездетеді (тотыққан глутатионды тотықсызданған глутатионға айналдырады): G-S-S-G + HADФН22G-SH+HADФ.
Гемоглобиннің физиологиялық және патологиялық туындылары Гемоглобиннің физиологиялық туындылары
Эритроциттердегі зат алмасуының ерекшеліктері
-
Эритроциттерде ядро жоқ болатындықтан, оларда нәруыздардың, нуклеин қышқылдарының және басқа да макромолекулалардың синтезі жүрмейді, сондықтан эритроциттердің тіршілік ету уақытында, олардың түзілу кезіндегі синтезделген молекулалар ғана қызмет атқара алады. -
Эритроциттерде гликоген, май қышқылдары синтезделмейді, бірақ, эритроциттердің мембранасындағы кейбір липидтер (холестерин) соларға сәйкес қан плазмасындағы липидтермен алмаса алады. -
Эритроциттер коп мөлшерде глюкозаны керек етеді, себебі ол эритроциттер үшін энергияның негізгі көзі болып есептеледі. Глюкоза өзінің тасымалдаушылары арқылы жеңілдетілген диффузия арқылы түседі, олардың үлесіне эритроциттер мембранасының барлық белоктарының 2% кіреді. Глюкозаны тасымалдаушының құрамында 492 амин қышқылдарының қалдығы болады, ол секундына глюкозаның 900 молекуласын тасымалдайды. Қаңқа бұлшық еттері мен май тіндерінің тасымалдаушыларына қарағанда эритроцидтік глюкоза тасымалдаушылары инсулинге тәуелсіз болады, сондықтан глюкозаның эритроциттерге кіруі инсулин жоқ болғанда да жүреді. -
Эритроциттерде митохондриялар жоқ болатындықтан, негізгі АТФ тің түзілуі айтарлықтай мөлшерде лактатты синтездейтін гликолиздің субстраттан фосфорлану реакциялары деңгейінде жүреді. -
Басқа жасушалардың түрлеріне қарағанда, эритроциттерде гликолиз реакцияларының нәтижесінде 2,3-дифосфоглицерат (глюкоза фосфоглицерин альдегиді 1,3-дифосфоглицерат 2,3-дифосфоглицерат), гемоглобиннің оттекке ынтықтығын төмендетеді, оксигемоглобиннің гемоглобинге және оттекке дейінгі ыдырауын жеңілдетеді. -
Гемоглобин оттекке қарағанда гемоглобинге 100000 есе ынтықтығы артық азот оксидін пайдалана алады. Бұл кезде нитрозогемоглобин түзіледі, одан NO2 немесе NO3 бөлінеді де, нәтижесінде метгемоглобин түзіледі. -
Эритроциттерде метгемоглобинредуктазалардың (НАДН - флавопротеидтер - цитохром b5) болуына қарай, гликолиз кезінде түзілген НАДН2 нің бір бөлігі, метгемоглобинді гемоглобинге дейін тотықсыздандыруға жұмсалады. Эритроциттердегі глюкозаның 10% ға жуығы пентозофосфатты жолмен тотығады. Осыдан бөлінген НАДФН2 эритроциттерді қорғайтын антиоксидант ретінде қолданылады.
глутатионпероксидазды реакциясына қатыстырады: Н2О2+2G-SН 2Н2О+G-S-S-G Бұдан басқа, эритроциттерде глутатионредуктаза бар, ол мына реакцияны тездетеді (тотыққан глутатионды тотықсызданған глутатионға айналдырады): G-S-S-G + HADФН22G-SH+HADФ.
-
Эритроциттерде кейбір нуклеотидтік алмасу ферменттері бар - аденозиндезаминаза, пиримидиннуклеотидаза, аденилаткиназа. Бұл ферменттердің жетіспеушілігі анемияның кейбір түрлеріне алып келеді. -
Эритроциттердің мембраналарында бірнеше АТФазалар табылды, олардың біреуі Na-К-Мg- ға тәуелді АТФ-аза.
-
HbH + O2 HbO2 + H+ -
H+ + HCO3- H2CO3 ↔H2O+CO2
-
H2O+CO2↔ H2CO3 H+ + HCO3- -
HbO2 + H+ O2 + HbH
Гемоглобиннің физиологиялық және патологиялық туындылары Гемоглобиннің физиологиялық туындылары
-
Оксигемоглобин– өкпеде гемоглобиннің оксигендену процесі кезінде түзіледі. Оксигемоглобині бар қанның түсі ашық қызыл түсті болады. Боялған түсті заттар ерітінділерілерінің белгілі бір ұзындықтағы күн сәулелерінің спектрлерін арнайылықты тежеп, сіңіретін қабілеттері бар . Күн сәулесі спектрінің сәйкес жерінде қара жолақтар түзіледі (жұтылу спектрі). Гемоглобин және оның туындылары арнайылықты жұтылу спектрлерлеріне ие болады, олар әртүрлі ауруларға диагноз қоюға қолданылады. Оксигемоглобиннің жұтылу спектрі- жасыл сары спектрдің бөлігінде фраунгофердің Д мен Е сызықтарының аралығында екі жіңішке қара сызықты түзеді. -
Карбгемоглобин – көктамыр қаны эритроциттерінде түзіледі, оның ертіндідегі мөлшеріне қарай қошқыл- қызыл түске ие болады. Арнайылықты спектрі болмайды, себебі СО2 гемге емес гемоглобиннің глобиніне байланысады. Көктамыр қанын спектроскопиялық әдіспен зерттегенде спектрдің жасыл сары аймағында бір кең жолақ байқалады.
-
Карбоксигемоглобин (НbCO) – гемоглобин иісті газбен әрекеттескенде түзіледі. Карбоксигемоглобин – бұл мықты байланысты қосылыс, әлсіз диссоцияцияланады, оттекті қосып ала алмайды. Сонымен қатар карбоксигемоглобин бар уақытта оксигемоглобиннің дезоксигенденуі қиындайды (Холден эффектісі). Жұтатын ауада иісті газдың концентрациясы 0,1% ге жуық болғанда гемоглобиннің 50% онымен 1/130 секунд ішінде байланысады (гемоглобиннің иісті газға ынтықтығы оттекке қарағанда жоғары болады). Егер гемоглобиннің 70% иісті газбен байланысса гипоксиядан адам ағзасы өледі. Қан күлгін түсті болады ("ит бүлдіргені -(брусника) шырыны түсті"). Карбоксигемоглобиннің жұтылу спектрі оксигемоглобиннің жұтылу спектріне өте ұқсас - спектрдің жасыл сары аймағында екі жіңішке сызық, бірақ олар аздап күлгін түсті жаққа ығысқан. Оксигемоглобин мен карбоксигемоглобинді бір бірінен толық ажырата білу үшін зерттелетін ерітіндіге Стокс реактивін қосу керек ( темірдің шараптасты аммиактағы ерітіндісі). Бұл реактив күшті тотықсыздандырғыш болғандықтан, осы реактивті оксигемоглобин ерітіндісіне қосқанда ол бір қара жолақ - жұтылу спектрі бар гемоглобинге дейін тотықсызданады. Стокс реактивін қосқанда карбоксигемоглобиннің жұтылу спектрі өзгермейді, себебі бұл реактив оған әсер етпейді. Бұл реакция соттық- медициналық тәжірибеде адамды біреу тұншықтырып өлтіргендігін, әлде иісті газдан уланғандығын дәлелдеу үшін қолданылады. -
Метгемоглобин (НbОН) – қалыпты жағдайда (1-2%) азот оксидін пайдаланғанда түзіледі. Метгемоглобин физиологиялық жағдайда тынысалу ферменттерін активтендіру арқылы тек азот окидін ғана емес, цианидтерді де байланыстыра алады. Цианидтер физиологиялық жағдайда үздіксіз түзіледі ( альдегидтердің, кетондардың және альфа-оксиқышқылдардың циангидринмен әрекеттесулері нәтижесінде, сонымен қатар нитрилдердің метаболизмі нәтижесінде). Метгемоглобин күкіртті сутекті, натрий азитін, роданидтерді, натрий фторидін, формиатты, мышьякты қышқылын және басқа да уларды байланыстыра алады. Метгемоглобин сутек пероксидінің артық мөлшерін су мен атомдық оттекке дейін ыдыратуға қатысады да оксигемоглобинге айналады Қалыпты жағдайда метгемоглобин эритроциттерде жинақталмайды, себебі онда оны тотықсыздандыратын ферментті жүйе (НАДФ-редуктаза), ферментсіз (С витамині – 12-16% және тотықсызданған глутатион – 9-12%) бар.