ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.12.2023
Просмотров: 234
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Метгемоглобин көп мөлшерде күшті тотықтырғыштардың әсерінен түзіледі (бертолет тұзы , қызыл қанды тұз, нитробензол, анилин, көптеген органикалық еріткіштер және басқалары). Бұл уақытта темір тотығып үш валентті түрге айналады. Үш валентті темірге атомдық оттек байланысып гидроксил тобы түзіледі. Мұндай гемоглобин оттекті тасымалдау қабілетін жоғалтады да, ағзада оттек жетіспеушілігі туады. Қан қызыл-қоңыр түске айналады (кірпіш түсті). Метгемоглобин бүйрек арқылы шыға алатындықтан зәр қоңыр түске боялады. Метгемоглобиннің жұтылу спектрі – үш жолақ, екеуі спектрдің жасыл сары аймағында, біреуі қызыл бөлігінде болады.
Нитриттер мен нитраттар – суды негізгі ластайтын заттар, ал су көп мөлшерде жаңа туған нәрестелер мен емшектегі нәрестелерге ішу үшін керек. Ересектер үшін мұндай су онша әсер етпейді, бірақ , нитриттер мен нитратты сулар жасөспірімдердің ағзаларына қатты әсер етеді. Нитраттар мен нитриттер ағзада метгемоглобинанің түзілуіне мүмкіндік туғызады. Метгемоглобин-емияның белгісі дистилденген суды пайдаланғанда кетеді. Метгемоглобин-емияның бар екендігін дәлелдеу үшін қанның газдарын зерттейді (қалыпты рО2), лактат деңгейін (жоғарылаған) және метгемоглобин деңгейін (жоғарылаған). Метгемоглобин оксиметрмен өлшенеді. Метгемоглобин-емиядан емдеу үшін оттекпен демалдырады, тотықтырғыш агенттерін кетіреді, метилен көгін пайдаланады (қорғау жолының бірінші антидоты). Метилен көгі метгемоглобиннің тотықсыздануын тездетеді және оның ағзадағы мөлшерін төмендетеді. Бұдан басқа гипербариялық оксигенотерапия, активтелген көмірді пайдалану ұсынылады .
-
Гликозилденген (гликирленген) гемоглобин (HbA1c) гемоглобиннің бета –тізбегіне глюкоза байланысқанда түзіледі. Глюкозаның карбонил тобы глобиннің бета-тізбегіндегі валиннің амин тобымен әрекеттеседі, нәтижесінде Шифф негізі түзіледі. Бұл ферментсіз гликирленудің бірінші сатысы, ол тез және қайтымды жүреді. Екінші сатысы - баяу және қайтымсыз жүреді, осы жағдайда тұрақты кетоамин түзіледі (қараңыз - 94 бет, Данилова бойынша). Сонымен, гликирленген гемоглобин бос глюкозаның валиннің бета –тізбегіндегі шеткі амин тобымен комплекс түзуін көрсетеді. Гемоглобин А дан басқа гликирленуге гемоглобиннің басқа түрлері де ұшырайды, мысалы, HbA2. Гемоглобиннің гликирленуі оның құрылысын және қызметін өзгертеді, алдымен оның оттекке ынтықтығы өзгереді. Бұл дезоксигенденудің бұзылуына әкеледі. Гликирленуге басқа нәруыздар да ұшырауы мүмкін – инсулин, ферменттер, альбуминдер, фибриноген, липопротеидтер және басқалары. Гемоглобиннің гликирленуі қалыпты жағдайда 2-4% және патологияда (более 7%) болуы мүмкін, ұзақ гипергликемия (бір айдан көбірек), мысалы, қант диабеті болған жағдайда кездеседі. Бұл қосылыс өте мықты , дезоксигенденуге нашар беріледі, ол қантты диабет кезінде тіндердің оттекке жетіспеушілігін тудырады. Гликирленген гемоглобиндіі анықтаудың диагностикалық маңызы зор, әсіресе ерте пайда болған қантты диабет пен диабеттің алдынғы түрін анықтауда. -
Нитрозогемоглобин(S-NO-HbO2) NO цистеиннің тиотобымен немесе гемнің темір ионымен байланысады. Нитрозогемоглобин тамырлардың тонусын жақсартады.
ҚЫШҚЫЛДЫҚ - НЕГІЗДІК КҮЙДІҢ БИОХИМИЯСЫ
КІРІСПЕ
рН – сутектік көрсеткіш (pover of Hydrogen – «сутектік күш»)– ерітіндідегі сутек иондары концентрациясының теріс таңбамен алынған ондық логарифмі. Мысалы, егер рН = 7.0 болса ,ол бір литрде сутек иондарының концентрациясы 1/10000000 эквивалентке тең дегенді көрсетеді. Сутек жағдайында , бір грамм бір эквивалентке тең болады, сонда рН = 7.0 бір литр ерітіндіде 0.0000001 г. сутек болады. Мысалы рН =8.0 тең болғанда бір литр ерітіндіде 0.00000001 г. сутек бар дегенді көрсетеді және т.б.
Қанның pH – ең бір қатаң физиологиялық тұрақты көрсеткішке ( константа) жатады.Қалыпты жағдайда ол 7.36 – 7.42 шамалар аралығында ғана өзгере алады. pH тың ,қалыпты жағдаймен салыстырғанда, 0.1 ге ауытқуы ауыр патологияға әкеледі. Қан рН ның 0.2 ге ауытқуы коматозды жағдайға әкелуі мүмкін, ал 0.3ке ауытқуында – ағза өледі.
ҚНК дің НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІ
1. Актуалды(шын pH) – бұл ауасыз, 37O С температурада анықталған артериалды қан pHның шамасы.
2. Актуалды (шын) парциалды көмір қышқыл газының қысымы(рСО2) – бұл ауасыз, 37о С температурада анықталған артериалды қанның рСО2 .
3. Стандартты бикарбонат (SB – “Standart Bicarbonat”) – бұл оттекпен толық қаныққан және рСО2 40 мм сынап бағанасына тең, 37о С температурада анықталған қан плазмасындағы бикарбонаттың мөлшері (ммоль/л) .
4. Актуалды(шын) бикарбонат (АВ – “Actual Bicarbonat”) –бұл 37о С температурада анықталған, шын рСО2 дегі қан плазмасындағы бикарбонаттың концентрациясы ( ммоль/л)
5. Артық (жетіспейтін) буферлік негіз (ВЕ – “Base Excess”) – орташа қалыпты буферлік негіздің концентрациясы(pH = 7.40 және рСО2 =40 мм. сын. бағ. тең толық қанда) мен табылған буферлік негіздің концентрация -ларының айырымы.
6. Аниондық сәйкессіздік (anion gap) – деп негіздік катиондардың концен- трацияларының қосындысы (натрий мен калий) мен негіздік аниондардың (хлорид пен бикарбонат)концентрацияпарының қосындысының айырымын айтады: АС (AG)=([Na+] + [K+]) – ([Cl-] + [HCO3-]).
Қалыптты жағдайда АС = 14-18мМ/л. Ацидозда АС артады (аниондар көп, хлорид ионынан басқа). Ацидозда, бикарбонатты жоғалтудан (бүйректің каналдық ацидозы) плазмада хлор иондарының концентрациясы артады және АС қалпында қалады. ҚНК дің күрделі (комбинациялық) бұзылуында АС ты бағалау ыңғайлы болуы мүмкін, сондықтан қарапайым тесті қолданған жөн (жоғ. қараңыз).
АСты есептеуге болады, егер хлор ионының мөлшерін зерттеу керек болса.
АРТЕРИАЛДЫ ҚАН НЫҢ ҚНК НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІНІҢ ҚАЛЫПТЫ МӘНДЕРІ.
КӨРСЕТКІШТЕР | МӘНДЕРІ |
pH | Еркек 7.36-7.42; әйел 7.37-7.42 |
pСО2 (мм. сын. бағ.) | Еркек 35; әйел 32.5-43.7 |
SB | 21.3-24.8 ммоль/л |
AB | 18.8-24.0 ммоль/л |
BE | Еркек -2.4- +2.3; әйел –3.3 - +1.2 |
ҚНК ді ҚАМТЫП КӨРСЕТЕТІН ҚАН мен ЗӘРДІҢ ҚАЛЫПТЫ ЖАҒДАЙДАҒЫ КЕЙБІР ҚОСЫМША КӨРСЕТКІШТЕРІ
КӨРСЕТКІШТЕР | МӘНІ |
Қандағы сүт қышқылы | 0.9 – 1.75 ммоль/л |
Қанның кетон денелері | 0.4 – 1.72 ммоль/л |
ТБ (тәуліктік зәрдің титрлік бірлігі) | 10-30 мл сілті |
Зәрдегі аммиак мөлшері(NH4+) | 20-50 ммоль/л |
АҒЗАНЫҢ БУФЕРЛІК ЖҮЙЕЛЕРІ
Буферлік жүйелер толық қан мен плазманың қышқылдық - негіздіккүйін тұрақты сақтап тұрады. Қышқылдық- негіздіккүй – ол биологиялық сұйықтықтардағы сутек иондары мен гидроксил иондарының қатынасы.
Сау адамның қалыпты жағдайдағы қанының рН : 7,37-7,44. рН мәнінің 6,8ге дейінгі төмендеуі және 8,0ге дейін жоғарылауы өлімге әкеледі. Сонымен, қышқылдық- негіздіккүй белгілі бір деңгейде болуы керек.
Қышқылдық-негіздік күйді реттеу үшін буферлік жүйелер (химиялық факторлар) және физиологиялық факторлар (органдар) қатысады. Бұл факторлар бір - бірімен келісімді жұмыс істейді. Жасушасыртылық және қанның ең күшті реттеуші жүйесіне бикарбонатты буфер жатады. Оның бөліктерінің қатынасы (Н
2СО3/ NaНСО3)- 1/20 плазма мен эритроциттерде бірдей, ол ағзаға түсетін заттардың жиі қышқылдық метаболиттердің болуынан. Буфердің әсері келесі жолмен жүреді: ағзаға түскен қышқылдық заттар буфердің бөлімімен әрекеттеседі, нәтижесінде әлсіз көмір қышқылы және тұз түзіледі. Ары қарай көмір қышқылы көмірқышқыл газы мен суға дейін ыдырайды, бөлінген көмірқышқыл газы өкпеден шығып кетеді.
Ағзаға негіздік заттар түссе онда ол буфердің алымымен әрекеттеседі. Түзілген гидрокарбонат буфер жүйесінің қатынасын өзгертеді. (1/25, 1/30 және т.б.). Бұл қатынасты орнына келтіру үшін екі физиологиялық жүйе қатысады: а) өкпе – буфердегі қатынастың өзгеруі тынысалу орталығының тежелуін туғызады, тынысалу тежеле бастайды да көмірқышқыл газы жиналып қалады, ал ол көмір қышқылын түзеді, сондықтан қатынас қайта орнына келеді. Негізінен осы жеткілікті. Ал егер ағзаға өте көп мөлшерде негіздік заттар түссе, онда басқа механизм көмекке келеді: б) бүйректік механизм, ол уақытта гидрокарбонаттардың зәрмен шығуы артады. Сонымен, ҚНК ді бағалау үшін қан плазмасының бикарбонат көрсеткішін пайдалануға болады - бикарбонаттың қалыпты мөлшері 22-26 мМ/л.
Қанның рНын тұрақтандыруда фосфат буферінің жұмысы да бикарбонат буферінікіндей: қышқылдық метаболиттер буфердің бөлімімен әрекеттеседі , ал негіздік метабоиттер буфердің алымымен әрекеттеседі. Буфердің қатынасы NaH2PO4 / Na2HPO4 - 1/4 ге тең және осы қатынасты тұрақтандыруға тек бүйрек қатынаса ғана алады.
Нәруыз буферінің әсері оның амфотерлік қасиетіне негізделген : сілтілік заттардың ағзада көп болуы нәруыздың амин топтарының диссоциациясын тежейді және нәруыз түскен негізді байланыстырып, қышқылдық қасиет көрсетеді. Бұл уақытта нәруыздың концентрациясы натрий тұзы түрінде көбейеді. Қышқылдық метаболиттердің артық мөлшері түскенде карбоксил топтарының диссоцияциясы тежедеді және нәруыз қышқылдық заттарды бейтараптап, негіздік қасиет көрсетеді. Нәруыз буферіндегі алымы мен бөліміндегі қатынасты тұрақтандыруға бикарбонат пен фосфат жүйелері қатысады.
Гемоглобин буферінің жұмысы гемоглобиннің оксигемоглобинге айна- луында және қышқылдық метаболиттерді бейтараптауда, олардың ішінде 90% ы көмір қышқылына келеді. Ағзада ҚНК ді тұрақтандыруға химиялық және физиологиялық факторлар қатысқанымен, кейбір жағдайда бұл қышқылдық –негіздік тепе – теңдік бұзылады.
ҚНК (қышқылдық негіздік күй) гомеостазына бауыр, сүйек, асқазан –ішек жолдары, тіндердің барлық жасушалары қатысады. Бауырда лактат пен кетоқышқылдарының метаболизмдері жүреді. Қаңқа сүйегі паратгормонның әсерінен кальций мен фосфордың шығуын тудырады да, олар қышқылдық - негіздік күйдің бұзылуынан (рН тың төмендеуі) реакцияға қатысады. Кальций мен фосфат-анионы көмір қышқылымен әрекеттесіп, фосфаттың негіздік анионы мен бикарбонат анионын түзеді. Бұл аниондарды қышқылдардың катиондары бейтараптайды. Осыдан зәрмен натрий, кальций, қышқылдардың аниондары және негіздік фосфат аниондары шығады. Бүйректе фосфат анионы қышқыл- данып қышқылдық фосфат анионы түзіледі. Кальций мен қышқылдық фосфат зәрмен шығады, ал натрий мен бикарбонат реабсорбцияланады. 1М кальций фосфатының шығуы ағзадан 4 эквивалент қышқылдың кетуін қамтамасыз етеді. Асқазанның шырышты қабаты трансцеллюлярлы секторға тәулік сайын 150мМ протондарды бөліп шығарады. Сол уақытта жасушасыртылық сұйықтықтарға эквивалентті мөлшерде бикарбонат-аниондары түседі. Ұйқы безі мен энтероциттер бикарбонатты асқазан- ішек жолдарының қуысына секреттейді және оның көмегімен протондарды бейтараптайды. Протондармен байланыспай қалған бикарбонат-аниондары ішекпен реабсорбцияланады. Соған сәйкес, асқазанның жоғалтқан заттары кезінде бикарбонаттың түзілуі, реабсорбциясы және оның концентрациясы жасушасыртылық секторда артады. Ішектің жоғалтқан заттары кезінде бикарбонаттың асқазан- ішек жолдарынан реабсорбциясы төмендейді. Ішек микрофлорасы ашыған кезде органикалық қышқылдарды түзеді, олар жасушасыртылық сұйықтықтардың қышқылдануына көмектерін тигізеді. Барлық тін жасушаларының да қышқылдық- негіздік күйді реттеу мүмкіндіктері бар. Экстрацеллюлярлы бассейнде бикарбонаттың артық мөлшері болғанда олар жасушада бөлінген сутек және калий катиондарын натрий катиондарымен алмастырып қосып алады. Протондар артық бикар- бонатты бейтараптайды, ал түзілген көмірқышқылы диссоцияцияланады да түзілген СО2 өкпе арқылы шығып кетеді. Калий катионжары мен бикарбонат-аниондары зәрде сүзііледі. Жасушасыртылық сұйықтықың рН ның төмен- деуінде бұл тепе- теңдік кері жүреді Жасушалар натрий ионын сыртқа береді де протондар мен калий иондарын айырбастап алады. Бұл бос бикарбонаттың жасуша сыртындағы қорын көбейтеді. Калий иондарының сүзілуінің тежелуі бүйректің зәрді қышқылдандыруын жеңілдетеді.