Файл: 1 Кен орындарыны кенгеологиялы жне кентехникалы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 107

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Таңдалған шақты алабының даярлау тәсілін ескере нақтылы тақта үшін қазу жүйесінің кем дегенде мүмкіндікті екі варианты тағайындалады. Кен-геологиялық жағдайлар үшін олардың технологиялық артықшылықтары және кемшіліктері талданылады және қазу жүйесінің ең ыңғайлы варианты қабылданады.

Мысалы, шақты алабын горизонттап даярлау тәсілі кезінде бір немесе қосарланған ұзынкенжарлық қазу жүйесі қолданылуы мүмкін. Көмір не жоғары қарай, не төмен қарай алынады. Келесі ұзын бағанды алуға ауысқан жағдайда тасыма қазбасы желдетпе қазбасы қызметін атқарады. Шақты алабы этаж тәсілмен даярланғанда жазылым бойымен өткізілетін штректер арқылы шақты алабын этаждарға бөледі, олардың жоғарғы шекарасы желдетпе штрегі, төменгі шекарасы тасыма штрегі болады, ал екі жақ қанаты шақты алабы шекарасына тіреледі. Этажды құлама бойымен кейде 2-3 аралық этажға бөледі, әрбір аралық этажда бір кенжардан болады. Аралық этаждың шекарасы этажаралық штрекпен бөлінеді. Этаждық даярлау тәсілі кезінде этажды аралық этаждарға бөлмей қазу жүйелері немесе этажды аралық этаждарға бөліп алатын ұзын бағаналы қазу жүйелері варианттарын қарастыруға болады. Панелдік даярлау тәсілі кезінде панелді ярустарға бөлу немесе бөлмеу варианттарын қарастырған жөн.

Шақты алабын даярлаудың негізгі шамашарттары (қазу алаптарының өлшемдері, лавалардың ұзындықтары, этаждардың, панелдердің және горизонттардың өлшемдері) дәлелденеді.

Тазартпа кенжардың ұзындығын (LЛ) келесі ұсыныстарды ескере қабылдау қажет:

- механикалы жиынтық бекітпелерін және тар алымды комбайндарды қолдана орташа қуатты тақталарды қазуда лаваның ұзындығын 300…350 м шамада қабылдау қажет;

- механикалы жиынтық бекітпелерін және тар алымды комбайндарды қолдана қуаттылығы 3,0 м – ден артығырақ тақталарды қазуда лаваның ұзындығын 250…300 м шамада қабылдау қажет;

- механикалы жиынтық бекітпелерін және жоңғыларды қолдана тақталарды қазуда лаваның ұзындығын 350…400 м шамада қабылдау қажет.
Алу алабының өлшемі (LВП) шақты алабының өлшемдерін және оның даярлау тәсілін ескере анықталады:

- панельдік даярлау тәсілі кезінде алу алабының өлшемі мынаған тең болады:

LВП =

LВП =2000/2=1000м

мұнда L – жазылым бойынша шақты алабының өлшемі;

Алу алабын қазымдауға жұмсалатын мерзім T
ВП, жыл:

, жыл, (8)

ТВП1= =1жыл
ТВП2= =1.02жыл
ТВП3= =1,03жыл
мұндағы LЛ – лаваның ұзындығы, м;

m – тақтаның алу қалыңдығы (қуаты), м;

γ – көмірдің тығыздығы, т/м3;

А – кенжардың тәуліктік өнімділігі (қуаты), тәулік.

Алу алабын қазымдауға жұмсалатын мерзім механикаландырылған жиынтықтарды жөндеу жұмыстарының мерзіміне (1,5 ... 2 жыл), яғни осы заманғы жабдықтар үшін сәйкес келсе, рациональды.
5 Тақталардың кезектік қазымдалуын топтастыру және тақталар жүктемесін анықтау

Тақталарды олардың кезектік қазымдалуы бойынша топтастыруы бойынша топтастыру, тазартпа кенжарларды тақталар бойынша бөлу, тақтаға түсетін жүктемені анықтау. Тауарлық көмір бойынша шақтының қуаты.

Шақтының белгіленген қуаты кентехникалық мүмкіндіктермен расталуы қажет (тақталардың кезектікпен қазымдалуын топтастыру және әр тақтаның жүктемесін анықтау арқылы).

Тақталардың кезектікпен қазымдалуын топтастыру кезінде төменгілерді қарастыру қажет:

- тақталарды ылдилап қазымдау тәртібін қарастыру қажет;

- үстіңгі тақтаны қазу интенсивтілігі төменгі тақтаны қазу интенсивтілігінен аз болмауы қажет;

- бір уақытта қазымдалатын тақталардың саны екі-үштен аспауы қажет.

Әрбір тақтаның жүктемесін анықтау үшін келесі жұмыстар орындалады (8-кесте):

- таңдалған шақты алабының даярлау тәсілін ескере тазартпа кенжарларды орналастыру жүзеге асырылады. Бұған бір уақытта жұмыс істейтін тазартпа кенжарлардың саны байланысты;

- даярлау қазбаларын жүргізу кезінде қазып алынған жолшыбай өндірілім ескеріледі. Жолшыбай өндірілім тақтаның қуатына байланысты 5..10% құрайды (қазылатын тақта бойынша тазартпа кенжар жүктемесімен салыстырғанда).

8-кесте

Тақтаның индексі

Кенжар жүктемесі, т/тәулігіне

Кенжарлар саны

Тазартпа кенжарлардың тәулік қуаты, т/тәулігіне

Даярлау кенжарларының тәулік қуаты, т/тәулігіне

Тақта жүктемесі, т/тәулігіне

m1

m2

m3

5506

2764

2603


1

1

1

7830

7901

7506

783

790.1

750.6

8613

8691.1

8256.6




Бір уақытта қазымдалатын тақталардың әрбір тобы бойынша тақта жүктемесі қосындылады. Сонымен, әрбір кезеңде қорлар қазымы бойынша шақтының тәулік қуаты анықталады. Алынған нәтижелер талданылады және біржола стандартты тәуліктік пен жай көмір бойынша АГР жобаланатын шақтының жылдық қуаты қабылданады.

Тақталардың қазымдау кезеңдері бойынша қазылым резерві анықталады:

%, (9)

R1 = ( ·100=70%

R2 = ( ·100=35%

R3 = ( ·100=34%

мұндағы АСР, АСТ – тақталар тобы бойынша сәйкес есептелінген жүктеме қосындысы және шақтының типтік тәулік қуаты.

Тауарлық көмір бойынша шақтының жылдық қуаты:

, т/жылына. (10)

АГТ1 = =2165165 т/жылына
АГТ2 = =2184798 т/жылына
АГТ1 = =2075572 т/жылына

6 Шақты алабын ашу


Бәсекелестікке бейімділеу ашу схемаларының варианттары, оларды бейнелеу және технологиялық талдау. Ашу қазбаларын салу орындары. Ашу схемаларының негізі шамашарттары (қазбалардың қималары және олардың ұзындықтары, этаждардың, қазу алаптарының, горизонттардың және т.б. қорлары).

Ашу схемаларының варианттары бойынша шығындарды есептеу. Ашу схемаларының рациональды вариантын таңдау.

Кейбір кен-геологиялық жағдайлар үшін мүмкіндікті ашу схемасын тағайындауда мыналар ескеріледі:

- тақталардың құлау бұрышы;

- таңдап алынған шақты алабының даярлау тәсілі;

- шақты алабының өлшемі;

- үйінділер қалындығы немесе көмір тақталарының жатыс тереңдігі.

Жобалаудың қазіргі нормасы келесі ашу тәсілдеріне бағдарлануға кеңес береді:

- шақты алабын бремсбергтік және еңістік бөлікке бөле бір горизонттық ашу тәсілі;

- қазымдалатын горизонттың төменгі бөлігін таза ауамен қамтамасыз ету мақсатымен көмекші оқпанды тереңдете көп горизонттық ашу тәсілі. Бұл жағдайда басты тік оқпан төменгі горизонттан оқпан бойынша пайдалы кендерді шығару үшін тереңдетілуі мүмкін. Егерде басты оқпан тереңдетілмесе, онда көмір төменгі горизонттан еңіс бойынша жоғары қарай тасымалданады, содан кейін тік оқпан бойынша жер бетіне шығарылады;

- бас оқпан ретінде (скиптік тік оқпан сияқты), сондай-ақ, қуатты науа қондырғыларымен жабдықталған көлбеу оқпан қолданылуы мүмкін.

Кен-геологиялық жағдайлар үшін шақты алабын ашу тәсілдерінің барлық мүмкіндікті варианттарынан бәсекелестікке қабілетті 2 вариант таңдалады. Таңдалынған ашу тәсілдері егжей-тегжейлі талданылып және әрбір варианттың артықшылық ерекшеліктерін көрсете бейнеленеді.

Таңдап алынған әрбір вариант үшін барлық қажетті шамашарттар есептелінеді.

Оқпанның тереңдігі төмендегі формулалардың біреуі бойынша анықталады:

h = hн + Lбр·sinα + hз, м, (11)

hcк=60+ 950· 0.420+30=489.16 м

hкл=60+ 950· 0.420+7=466.16 м

мұндағы hз– зумпфтың тереңдігі, скипті оқпандағы 20...40 м, клетті оқпандағы 7...10 м;

hн – үйінділердің қуаты;

Lбр – шақты алабының бремсбергтік бөлімінің көлбеу биіктігі;

α – тақталардың құлама бұрышы.

Оқпанды тереңдету тереңдігі:

h = (H Lбр)·sinα, м, (12)

h = (2000-1000)· 0,420= 399.16м

мұндағы H – құлама бойынша шақты алабының өлшемі.

Оқпан албарының көлемі:


Vод = 1.4∙Аст+85∙q+10∙Vв+1700, м3, (13)

Vод =1,4 ·6716 + 85·18+10·145+1700= 14082м³

Vод =1,4 ·7111 + 85·18+10·145+1700=14635м³

Vод =1,4 ·7506 + 85·18+10·145+1700= 15188м³

мұндағы Аст – шақтының тәулік қуаты, т/тәулігіне;

q – газбөлгіштік, м3/т;

Vв – шақтыға судың суағыны, м3/сағатына.

Оқпандардың көлденең қималарының ауданы (S) оқпандар жабдықтарының өлшемдері (скиптік оқпандарда) және ауаның мөлшері (клеттік оқпандарда) бойынша анықталынады:

Sс= (14)
Sк=
мұндағы VД – оқпан бойынша ауаның ең жоғары жылжу жылдамдығы, клеттік оқпандар үшін 8 м/с, скиптік оқпандар үшін 12 м/с;

Q – оқпан арқылы шақтыға кіретін ауаның мөлшері, м3/с:

, м3/с, (15)

Q1 =
Q2 =
Q3 =

мұндағы kР – ауаның жоғалымын және резервін ескеруші коэффициент, kР =1,6...1,8;

d - ҚЕ бойынша шақтыдан шығатын ластанған ауа ағысындағы метанның рұқсат етілген концентрациясы, d = 0,75 %.

Кейінгіде оқпанның тереңдігін қарастыратын варианттарда оқпан қимасын негізінде көлденең қима шегінде тереңдетпе бөлімді орналастыруды ескере қабылдау қажет, яғни жабдықтардың өлшемі немесе ауаның өткізу мөлшері бойынша анықталған қима үшін оқпанның жарықтағы қимасы 0,5 м-ге артады.

Барлық есептелінген көлденең қиманың ауданы үлкен жаққа, яғни таяулық типтік қимаға дейін дөңгелектенеді.

Шақты алабының жеке бөліктерін (этаждарды, панелдерді, горизонттарды) қазымдау мерзімі бұл бөліктердің қорларын шақтының жылдық өндірістік қуатына бөлу арқылы анықталады.

Сумолдық коэффициент ω төмендегідей формуламен анықталады:

, (16)
W1=
W1=
W3=