ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.12.2023
Просмотров: 200
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Әр модель түріне бір-бірден мысал келтіріп, дәптеріңе жаз және ол неліктен дәл осы модель түріне жатады, түсіндіріп бер.
6)Сабақты қорытындылау және бағалау
Оқушыларды модель түрлерімен және оларды анықтау жолдарымен таныстыру.
7) Үйге тапсырма
Модель түрлері.
Пән Информатика сынып___ Күні _._ .201 ж.
сынып____ Күні _._ .201 ж.
сабақ №: 29 сағ.саны.: 1
Тақырып Модельдеу тәсілдері.
Мақсат: Оқушыларды статистикалық және динамикалық модельдермен таныстыру. Модельдеу тәсілдерін түсіндіру.
Міндеттер:
Білімділік – Оқушыларды статистикалық және динамикалық модельдер туралы білімдерін қалыптастыру.
Дамытушылық –Оқушылардың модельдеу тәсілдерін қолдана білу қабілеттерімен дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік – Оқушылардың компьютерді дұрыс бағытта пайдалана білуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: лекция сабақ
Сабақ типі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап
Құрал-жабдықтар компьютер - 7, жұмыс дәптері, ActiveStudio бағдарламасы, ActivBoard, ActivPen, бейнепроектор-1.
Пайдаланылған әдебиеттер:1) Б.Бурибаев. Информатика және ЕТ негіздері, оқулық 9 сынып;
2) Основы информатики и ВТ, базовый курс 10-11 класс;
3) С.Т.Мухамеджанова, «Методика обучения информатике»
4)Динисламов, «Паскаль программалау негіздері»
Сабақ барысы
-
Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):
а) оқушылар тізімі;
ә) кабинет жағдайы;
б) сабақ барысымен таныстыру.
-
Үй тапсырмасын тексеру.(3-5мин)-
Қолдану аймағына қарай модельдерді қандай топтарға жіктейміз? -
Оқу моделі дегеніміз не? -
Ойын модельдеріне не жатады? -
Модельдерді көрсетілу әдістеріне қарай қандай түрлерге бөлеміз? -
Ақпараттық модель дегеніміз не?
-
3)Жаңа тақырыпқа кіріспе (3-5 мин)
4)Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)
Модельді уақыт факторына байланысты динамикалық және статистикалық деп екі топқа жіктеуге болады.
Статистикалық модель деп объект жөнінде алынған ақпараттың белгілі бір уақыт бөлігіндегі үзіндісін айтуға болады.
Динамикалық модель – уақыт барысындағы объектінің қасиеттерінің өзгерісін көрсету мүмкіндігін береді.
Кез келген жұмысты қолға алмас бұрын, берілгені мен соңғы нәтиже және орындалатын іс-әрекет кезеңдерін айқындап алу қажет. Модельдеу кезінде бастапқы зерттелетін объект – прототип болады. Модельдеудің соңғы кезеңі шешім қабылдау болып табылады. Модельдеу арқылы зерттелген модельдің жаңа объектісін құруға, бар объектіні жақсартуға немесе қосымша ақпарат алуға болады. Модельдеудің негізгі кезеңдері есептің қойылу шарты мен мақсатына қарай анықталады.
1-кезең. Есептің қойылымы. Бұл кезеңде берілген бастапқы мәліметтермен қатар мақсатын анықтау және объектіні немесе процесті талдау анық көрсетілуі қажет.
2-кезең. Модель құру. Ақпараттық модель. Бұл кезеңде элементар объектілердің қасиеттері, күйі және басқа да ерекшеліктері кез келген пішінде, яғни ауызша түрде, схема немесе кесте арқылы да анықталады. Бастапқы объектіні құрайтын элементар объектілер жөнінде толық мағлұмат, яғни ақпараттық модель жасалады. Бұл кезең модель құрудың бастапқы бөлімі болып саналады.
3-кезең. Компьютерлік эксперимент. Жаңа конструкторлық жұмыс, техникалық шешімдерді өндірісте пайдалану және жаңа идеяларды тексеру үшін эксперимент жасау қажет. Компьютерлік тәжірбие жүргізу екі кезеңнен тұрады: модельдеу жоспарын құру және модельдеу технологиясы. Модельдеу жоспары модельмен жасалатын жұмыстың ретін анық көрсетуі қажет. Модельдеу технологиясы дегеніміз – пайдаланушы адамның компьютерлік модельмен орындайтын мақсатты іс-әрекеттерінің жинағы.
4-кезең. Модельдеу нәтижесін талдау. Модельдеудің соңғы мақсаты – шешім қабылдау болып табылады. Модельдеу нәтижесін талдау шешуші кезең болып табылады. Себебі, бұдан кейін модельдеуді жалғастыру немесе тоқтату керек. Егер қате жіберілсе, модельдеуді қайта қарап, алдыңғы кезеңге қайта оралу қажет. Бұл процесс модельдеу мақсатына сай болғанға дейін қайталана береді. Жіберілген қатені табудың өзі нәтиже болып табылады.
Сергіту жаттығулары (2 мин)
5)Жаңа тақырыпты бекіту (10-15 мин)
Тапсырмалар мен сұрақтар:
-
Модельдеудің кезеңдері? -
Статистикалық және динамикалық модельдер айырмашылығы? -
Модель негізінде зерттелетін негізгі объект қалай аталады?
Тапсырма №1.
Бір модельді мысалға алып, кезеңдер бойынша (4-кезең) оны орындап шық. Дәптеріңе орында.
6)Сабақты қорытындылау және бағалау
Оқушыларды модельдеу кезеңдерімен таныстыру және модельдеудің негізгі мақсатын ұғындыру.
7) Үйге тапсырма
Модельдеу тәсілдері.
Пән Информатика сынып___ Күні _._ .201 ж.
сынып____ Күні _._ .201 ж.
сабақ №: 30 сағ.саны.: 1
Тақырып:Компьютерлік байланыстың негізгі түрлері. Локальды желіні құру тәсілі жұмысын ұйымдастыру. Программалық қамсыздандыру. Ақпараттық желі. Интернет. Электронды байланыс.
Мақсат: Оқушыларды компьютерлік байланыстың негізгі түрлерімен таныстыру. Локальды желі, Интернет, Ақпараттық желі және электронды байланыс туралы білімдерін қалыптастыру.
Міндеттер:
Білімділік – Оқушыларды Локальды желі, Интернет және электронды байланыс түсінігімен таныстыру.
Дамытушылық –Оқушылардың қазіргі заман технологияларын пайдалана білу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік – Оқушылардың компьютерді дұрыс бағытта пайдалана білуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: лекция сабақ
Сабақ типі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап
Құрал-жабдықтар компьютер - 7, жұмыс дәптері, ActiveStudio бағдарламасы, ActivBoard, ActivPen, бейнепроектор-1.
Пайдаланылған әдебиеттер:1) Б.Бурибаев. Информатика және ЕТ негіздері, оқулық 9 сынып;
2) Основы информатики и ВТ, базовый курс 10-11 класс;
3) С.Т.Мухамеджанова, «Методика обучения информатике»
4)Динисламов, «Паскаль программалау негіздері»
Сабақ барысы
-
Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):
а) оқушылар тізімі;
ә) кабинет жағдайы;
б) сабақ барысымен таныстыру.
-
Үй тапсырмасын тексеру.(3-5мин)-
Модельдеудің кезеңдері? -
Статистикалық және динамикалық модельдер айырмашылығы? -
Модель негізінде зерттелетін негізгі объект қалай аталады?
-
3)Жаңа тақырыпқа кіріспе (3-5 мин)
4)Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)
Компьютерлік желі дегеніміз – ресурстарды (дискі, файл, принтер, коммуникациялық құрылғылар) тиімді пайдалану мақсатында бір-бірімен байланыстырылған компьютерлер тізбегі. Желі жұмыс жасау үшін арнайы аппараттық және программалық жабдықтар болуы қажет. Желі арқылы оған қосылған кез келген компьютердегі ақпаратты жедел қарауға болады. Күнделікті өмірде кездесетін компьютерлік желіге мысал ретінде өздерің оқитын компьютерлік сыныптағы бірнеше компьютерлердің желіге біріктірілуін айтуға болады. Компьютерлік желілер масштабы мен мүмкіндігі бойынша ерекшеленеді. Ең шағын желілер жергілікті деп аталады да, бірнеше компьютерді біріктіру үшін қолданылады. Компьютерлік желіге желілік тақша, модем немесе жоғары жылдамдықты сандық телефондық қызмет торабы арқылы қосылады.
Жергілікті желі – саны шектеулі компьютерлерді біріктіру үшін қолданылады. Ақпарат – желілер арқылы берілетін сигналдарға түрлендіріледі, осыдан кейін сигнал қайта түрлендіріледі. Компьютерлер жергілікті желіге желілк тақша деп аталатын интерфейстік блок – желілк адаптер арқылы қосылады. Желілік адаптер – компьютердің байланыс желісімен сәйкестендірілуін қамтамасыз ететін құрылғы. Кең таралған адаптерлерге: Ethernet, Token Ring және ArcNett типтері жатады.
Сергіту жаттығулары (2 мин)
5)Жаңа тақырыпты бекіту (10-15 мин)
Тапсырмалар мен сұрақтар:
-
Компьютерлік желі дегеніміз не? -
Жергілікті желі дегеніміз не? -
Желілік құрылғыға не жатады? -
Желілік адаптердің қызметі қандай?
Тапсырма №1.
Мектептің компьютерлік желісімен танысып, ондағы мүмкіндіктерді пайдаланып көріңдер.
Компьютер сыныбындағы жергілікті желімен жұмыс істеу. Сетевое окружение қалтасын ашып, басқа компьютерлердегі файлдар мен қалталарды ашып, жұмыс істеу.
6)Сабақты қорытындылау және бағалау
Оқушыларға компьютерлік желілер түрлері туралы жалпы мағлұмат беру.
7) Үйге тапсырма
Компьютерлік желілер. Интернет.
Пән Информатика сынып___ Күні _._ .201 ж.
сынып____ Күні _._ .201 ж.
сабақ №: 31 сағ.саны.: 1
Тақырып:Қазіргі заман ЭЕМ-нің рөлі: Интернет-бүкіләлемдік анықтама; бүкіләлемдік білім ортасы; бүкіләлемдік дүкен. Әлемдік ақпараттандыру қоғамы.
Мақсат: Оқушыларды ЭЕМ-нің жаңа рөлі – Интернет жүйесімен таныстыру. Интернеттің қазіргі кездегі маңызы туралы білімді ұғындыру.
Міндеттер:
Білімділік – Оқушыларды Интернет желісімен таныстыру және оны пайдалана білуге үйрету.
Дамытушылық –Оқушылардың Интернетті пайдаланы білу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік – Оқушылардың компьютерді дұрыс бағытта пайдалана білуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: лекция сабақ
Сабақ типі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап
Құрал-жабдықтар компьютер - 7, жұмыс дәптері, ActiveStudio бағдарламасы, ActivBoard, ActivPen, бейнепроектор-1.
Пайдаланылған әдебиеттер:1) Б.Бурибаев. Информатика және ЕТ негіздері, оқулық 9 сынып;
2) Основы информатики и ВТ, базовый курс 10-11 класс;
3) С.Т.Мухамеджанова, «Методика обучения информатике»
4)Динисламов, «Паскаль программалау негіздері»
Сабақ барысы
-
Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):
а) оқушылар тізімі;
ә) кабинет жағдайы;
б) сабақ барысымен таныстыру.
-
Үй тапсырмасын тексеру.(3-5мин)
-
Желілік адаптердің қызметі қандай? -
Компьютерлік желі дегеніміз не? -
Жергілікті желі дегеніміз не? -
Желілік құрылғыға не жатады?
3)Жаңа тақырыпқа кіріспе (3-5 мин)
4)Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)
Интернет желісі – бүкіл Жер шары бойынша ақпарат ағынын таратуды қаматамасыз ететін желілер жиынтығы. Интернет – адамзаттың ақпараттық технология саласындағы жеткен жетістіктерінің бірі. Интернет – компьютерлік желілердің ішінде жаппай қолданылатыны болып табылады. Интернеттің ең қарапайым анықтамасы желілердің желісі деп аталады. Интернеттің физикалық құрылымын әр түрлі типтегі компьютерлер құрайды. Олардың ішіндегі тұрақты қосылғандары мен желінің басқа бөліктерімен өзара ақпарат алмасуға қатысушыларын