ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.12.2023
Просмотров: 199
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
6) b5 – тен 1-ді алып тастап, нәтижені У деп белгілеу.
6)Сабақты қорытындылау және бақылау
Оқушыларға орындаушы және орындаушы командалар жүйесі туралы мағлұмат беру.
7) Үйге тапсырма §1.2, бет. 5-8
Алгоритмдердің орындалуы.
7 сынып 3.12.2013 ж
Тақырып: Алгорит типтерi: сызықтық, тармақталу, циклдiк. Көмекшi алгоритм түсiнiгi.
Мақсат: Оқушылардың сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритм типтері туралы білімдерін қалыптастыру. Көмекші алгоритмдер түсінігімен таныстыру.
Міндеттер:
Білімділік – Оқушыларды алгоритмнің типтерімен таныстыру.
Дамытушылық –Оқушылардың алгоритм типтерін құру дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік – Оқушылардың алгоритм құру қызығушылығын жан-жақты тәрбиелеу.
Сабақ барысы
-
Ұйымдастыру кезеңі
а) оқушылар тізімі;
ә) кабинет жағдайы;
б) сабақ барысымен таныстыру.
-
Үй тапсырмасын тексеру.)
-
Алгоритм дегеніміз не? Алгоритм сөзі қайдан шыққан? -
Программа дегеніміз не? -
Атқарушы дегеніміз не? Мысал келтір. -
Алгоритм командасы дегеніміз не? -
Атқарушы – адам мен атқарушы – машина айырмашылығы қандай? -
Атқарушы командалар жүйесі дегеніміз не?
-
Жаңа тақырыпқа кіріспе -
Жаңа тақырыпты түсіндіру
Алгоритм құрылымына қарай оны келесі типтерге бөлуге болады:
-
Сызықтық алгоритмдер. Сызықтық алгоритм қарапайым командалар тізбегінен тұрады. Әрекеттердің тізбектей орындалуын сипаттайтын алгоритм – сызықтық алгоритм деп аталады. -
Т армақталу алгоритмі. Күнделікті өмірде алгоритмдер негізінен тармақтарға бөлінеді. Бұл тармақтардың орындалуы шарттың орындалуына байланысты болады. Тармақталу алгоритмінде біріншіден, арифметикалық теңсіздік түрінде берілген логикалық шарт тексеріледі. Егер шарт орындалса, алгоритм бір тармақ бойынша (1-ші серия) , ал егер орындалмаса, екінші тармақ бойынша (2-ші серия) орындалады.
-
Циклдік алгоритмдер. Көптеген алгоритмдерде белгілі бір әрекеттер бірнеше рет орындалады. Математикада, есеп шығару барысында айнымалы мәні өзгеруіне байланысты бір теңдеудің көмегімен бірнеше рет есептеледі. Алгоритмнің белгілі бір бөлігі бірнеше қайталанатын болса, ондай процессті цикл деп атайды. Қайталанатын бөлігі бар алгоритмдер циклдік алгоритм деп аталады. Циклдік алгоритмдер қолдану арқылы программаны қысқа да нұсқа жазуға болады. Қайталану бөлігіне қайталану (циклдік) командалары қолданады. Қайталану саны белгілі немесе белгісіздігіне байланысты циклдар екі түрге бөлінеді. Қайталану саны белгілі болса, ондай цикл арифметикалық, ал егер белгісіз болса, итерациялық деп аталады.
Арифметикалық цикл Итерациялық цикл
5)Жаңа тақырыпты бекіту
Тапсырмалар мен сұрақтар:
-
Алгоритмнің типтері? -
Сызықтық алгоритм дегеніміз не? Мысал келтір. -
Тармақталу алгоритмі дегеніміз не? Мысал келтір. -
Циклдік алгоритм дегеніміз не? Мысал еклтір.
Тапсырма №1. Жұмыс дәптеріңе орында.
Бес сан берілген: a, b, c, d, f. Осы сандардың қосындысын, көбейтіндісін және орташа мәнін есептейтін алгоритм блок-схемасын құр. Сызықтық алгоритм.
Тапсырма №2. Жұмыс дәптеріңе орында.
Бағдаршам алгоритміне блок-схема құр. Тармақталу алгоритмін пайдаланыңдар.
Тапсырма №3. Жұмыс дәптеріңе орында.
Бес сан берілген: a = 2, b = -6, c = -49, d = 94, f = 0.
Осы сандарды енгізу және шығару алгоритмін құр. Циклдік алгоритмін пайдаланыңдар.
6)Сабақты қорытындылау және бағалау.
Оқушыларға алгоиртнің типтері туралы жалпы мағлұмат беру.
7) Үйге тапсырма
§1.9, бет. 22-30
Алгоритм құрылымы.
Тақырып: ЭЕМ-да есеп шығару кезеңдерi: Қадам бөлiктерi.
Мақсат: Оқушылардың ЭЕМ көмегімен есеп шығару кезеңдері туралы білімдерін қалыптастыру. ЭЕМ көмегімен есеп шығарудың тәсілдерін үйрету.
Міндеттер:
Білімділік – Оқушыларды электронды-есептеуіш машина арқылы есеп шығару кезеңдерімен таныстыру.
Дамытушылық –Оқушылардың компьютермен есеп шығару тәсілдері мен әдістерін меңгеруін дамыту.
Тәрбиелік – Оқушылардың компьютерде есеп шығару жолдарын білуге және әрі қарай қолдануға тәрбиелеу.
Сабақ барысы
-
Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):
а) оқушылар тізімі;
ә) кабинет жағдайы;
б) сабақ барысымен таныстыру.
-
Үй тапсырмасын тексеру.(3-5мин)
-
Алгоритмнің типтері? -
Сызықтық алгоритм дегеніміз не? Мысал келтір. -
Тармақталу алгоритмі дегеніміз не? Мысал келтір. -
Циклдік алгоритм дегеніміз не? Мысал еклтір.
-
Жаңа тақырыптқа кіріспе (3-5 мин) -
Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)
Компьютерде есеп шығару процессі өте күрделі болып табылады. Оны келесі кезеңдерге бөлу қабылданған:
-
Есептің ауызша анықталуы. -
Есептің қойылымы. Есепті математикалық түрде анықтау. -
Есепті ЭЕМ-де шешу үшін қолданатын әдісті таңдау және анықтау. -
Есепті шешу алгоритмін құру. -
Компьютерде есепті шешу программасын құру. Программаны баптау (қатесін жөндеу). -
Қажетті берілгендерді дайындау. -
Есепті компьютерде шешу, талдау және нәтижесін қолдану.
Есепті математикалық түрде анықтау дегеніміз есепті шешу үшін қажетті математикалық формулалар мен өрнектерді анықтауды айтамыз. Яғни, бұл дегеніміз – есепті математикалық күйге келтіру керек, математикалық символдар мен белгілер арқылы есепті анықтау керек.
Алгоритмді құру барысында есепті шешу тәсілдері тізбектелген әрекеттердің схемасы түрінде бейнеленеді.
Программа құрудеп – белгілі бір программалау тілінде алгоритмді жазуды атаймыз. Қазіргі таңда көбінесе, Бейсик, С++, Паскаль программалау тілдері қолданылады. Құрылған программаның қателерін компьютерде дұрыстау еш қиындық тудырмайды. Өйткені, компьютер қателерді бірден байқап, оны пайдаланушыға көрсетеді.
Қажетті берілгендерді дайындау – бұл алдын-ала таңдалып алынған берілгендерді магниттік дискке жазып, компьютер жадына ретімен енгізуді айтамыз.
Есептің нәтижесін алу және оны талдау – бұл арнайы мамандардың жұмысы.
Осы көрсетілген 6 кезең көбінесе үлкен өнеркәсіптік есептерді шешу кезінде пайдаланылады. Ал қарапайым есептерге көбінесе 3-ші, 4-ші және 6-шы кезеңдер қолданылады.
Алгоритм командалары есеп шартына қарай күрделі немесе қарапайым болып бөлінеді. Қарапайым командаларға: меншіктеу, берілгендерді енгізу, шығару командалары жатады. Күрделі командалар сызықтық, тармақталу және циклдық құрылымдардан тұрады.
Сергіту жаттығулары (2 мин)
5)Жаңа тақырыпты бекіту (10-15 мин)
Тапсырмалар мен сұрақтар:
-
Есептің шешу кезеңдерін атап шық? -
Әр кезеңді түсіндір? -
Мысал негізінде есептің шешу кезеңдерін түсіндіріп шық?
Тапсырма №1. Жұмыс дәптеріңе орында.
Екі санның үлкенін табатын алгоритм құру (a және b). Есепті шешу кезеңдері бойынша орында.
Тапсырма №2. Жұмыс дәптеріңе орында.
Квадрат теңдеудің түбірлерін табу алгоритмін құру. Есепті шешу кезеңдері бойынша орында.
1-нұсқа 2-нұсқа
2x2 + 20x -1 =0 x2 – 4x +8 =0
6)Сабақты қорытындылау және бағалау
Оқушыларға ЭЕМ-де есеп шығару кезеңдері туралы нақты мағлұмат беру.
7. Үйге тапсырма §1.10, бет. 31-33
Компьютерде есеп шығару кезеңдері.
Тақырып: Программалау тiлi. Тiлдiң алфавитi. Программалау тiлiнде алгоритм жазу ережесi.
Мақсат: Оқушылардың программалау тілі және Паскаль тілінің алфавиті туралы білімдерін қалыптастыру. Программалау тілінің алгоритм жазу ережелерімен таныстыру.
Міндеттер:
Білімділік – Оқушыларды программалау тілі, Паскаль тілінің алфавиті және алгоритм жазу ережелерімен таныстыру.
Дамытушылық –Оқушылардың алгоритм жазу ережелерін қолдануды қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік – Оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылығын жан-жақты тәрбиелеу.
Сабақ барысы
-
Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):
а) оқушылар тізімі;
ә) кабинет жағдайы;
б) сабақ барысымен таныстыру.
-
Үй тапсырмасын тексеру.(3-5мин)
-
Есептің шешу кезеңдерін атап шық? -
Әр кезеңді түсіндір? -
Мысал негізінде есептің шешу кезеңдерін түсіндіріп шық?
-
Жаңа тақырыпқа кіріспе (3-5 мин) -
Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)
Программалар белгілі бір мәселені, есепті шешуге арналған. Есепті шығару барысында компьютерге бастапқы мәліметтер енгізіледі, оларды қалай өңделетіндігі көрсетіледі және нәтиже қандай түрде, қандай құрылғыға шығарылатыны айтылады.
Паскаль тіліндегі программа жеке-жеке жолдардан тұрады. Оларды теру, түзету арнайы мәтіндік редакторлар арқылы атқарылады.
Паскаль тіліндегі программа 3 бөліктен тұрады: тақырып, сипаттау бөлімі және операторлар бөлімі. Кез келген программаның алғашқы жолы PROGRAM сөзінен басталатын оның тақырыбынан тұрады. Одан кейін программаның ішкі объектілерінің сипатталу бөлімі жазылады. Бұл бөлім программадағы айнымалылар, тұрақтылар тәрізді объектілердің жалпы қасиеттерін алдын ала анықтап көмектеседі. Сипаттау бөлімі бірнеше бөліктерден тұрады, бірақ программаның күрделілігіне байланысты көбінесе ол бір немесе екі ғана бөліктен тұруы мүмкін. Программаның соңғы және негізгі бөлімі операторлар бөлімі болып табылады. Орындалатын іс-әрекеттер, командалар осы бөлімде орналасады. Ол begin түйінді сөзінен басталып, барлық атқарылатын операторлар (командалар) тізбегі жеке-жеке жолдарға жазылып біткен соң end түйінді сөзімен аяқталады.
PROGRAM BASTAU;
СИПАТТАУ БӨЛІМІ
BEGIN
ОПЕРАТОРЛАР БӨЛІМІ
END.
Операторлар бөлімінде командалар ретімен орналасады.
Программалау тілінің алфавиті программаның элементтерін құруда қолданылуға болатын символдар жиынынан тұрады. Оған әріптер, цифрлар және арнайы белгілер жатады. Тіл ерекшеліктеріне қарай символдар тобын шартты түрде төмендегі топтарға жіктеге болады:
-
атаулар (идентификаторлар) -
цифрлар -
айыру белгілері -
арнайы символдар.
Арифметикалық немесе логикалық амалдар таңбасымен біріктірілген айнымалылар, атаулар, функциялар, жиымдар т.б. мағынасы бар сөздер тізбегі -