ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.12.2023
Просмотров: 205
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
3. Графиктік редактормен қалай жұмыс жасаймыз?
4.Қандай графикалық процедуралар мен функцияларды білесің?
3)Жаңа тақырыпқы кіріспе (3-5 мин)
4)Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)
Символдық немесе литерлік айнымалыға компьютер жадынан бір байт орын беріледі. Символдық айнымалылар CHAR типті болады.
Мысалы: ағылшынның алфавитін экранға шығарып беретін программа құралық.
Program kodtar;
Var c: char;
Begin
For c:=’a’ to ‘z’ do
Write(c);
End.
Мұның нәтижесінде дисплей экранында abcd….z символдары көрінеді. Ал алфавитті кері тәртіпте бейнелеу қажет болса, онда FOR операторының алғашқы жолын басқаша мынадай түрде жазу керек.
For c:=’z’ downto ‘a’ do
Символдық және сандық мәндерді енгізгенде, көбінесе EOLN (жол соңы) стандартты функциясын пайдалану қолайлы болады. Бұл функцияның мәні «жолдың соңы болды» немесе «мәндер беріліп болды» дегенді білдіретін ENTER пернесі басылғанда ғана ақиқат болады да, қалған жағдайлардың барлығында жалған болады. Бұл оператор көбінесе циклдік операторларда қолданылады.
Мысал: Енгізілуге тиіс бүтін сандардың ENTER пернесі басылғанша қаншасы терілгенін есептейтін программа құру керек.
Program sanau;
Var a,i:integer;
Begin
I:=0;
Readln;
While not eoln do
Begin
Read(a);
I:=I+1;
End;
Writeln;
Writeln(‘I=’, I);
End.
Сергіту жаттығулары (2 мин)
5)Жаңа тақырыпты бекіту (10-15 мин)
Тапсырмалар мен сұрақтар:
-
Символдық мәліметтерді енгізудің қандай ерекшеліктері бар? -
Символдық мәндерді қалай енгізу керек? -
Символдық типтегі мәліметтер үшін қандай стандартты функцияларды қолдануға болады? -
Символдық айнымалыны енгізу/шығару программасын құрыңдар?
Тапсырма №1.
Жұмыс дәптеріңе орында.
Кез келген сөз тіркесі теріліп, оның соңында ENTER пернесі басылған. Сол сөздің ішінде қанша рет «а» әрпі кездесетінін анықтайтын программа құрыңдар. Компьютерде орындап, нәтижесін көрсетіңдер.
Тапсырма №2.
Жұмыс дәптеріңе орында.
Кез келген сөз тіркесі теріліп, оның соңында ENTER пернесі басылған. Сол сөзде «а» әрпін «я» әрпіне алмастыратын программа құрыңдар. Компьютерде орындап, нәтижесін көрсетіңдер.
6)Сабақты қорытындылау және бағалау
Оқушыларға символдық мәліметтермен жұмыс жасау туралы жалпы мағлұмат беру.
7) Үйге тапсырма
Символдық мәліметтермен жұмыс
Пән Информатика сынып___ Күні _._ .201 ж.
сынып____ Күні _._ .201 ж.
сабақ №: 22 сағ.саны.: 2
Тақырып: Символдық берiлгендермен жұмыс жасау амалдары.
Мақсат: Оқушылардың Паскаль тіліндегі символдық берілгендермен жұмыс жасау амалдарымен таныстыруды жалғастыру. Мәтіндік және символдық берілгендермен программа құрып үйрету.
Міндеттер:
Білімділік – Оқушыларды символдық берілгендермен программалауды үйрету.
Дамытушылық –Оқушылардың программалау тәсілдері мен әдістерін қолдану қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік – Оқушылардың талдап ойлау қабілеттерін жан-жақты тәрбиелеу.
Сабақ түрі: лекция сабақ
Сабақ типі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап
Құрал-жабдықтар компьютер - 7, жұмыс дәптері, ActiveStudio бағдарламасы, ActivBoard, ActivPen, бейнепроектор-1.
Пайдаланылған әдебиеттер:1) Б.Бурибаев. Информатика және ЕТ негіздері, оқулық 9 сынып;
2) Основы информатики и ВТ, базовый курс 10-11 класс;
3) С.Т.Мухамеджанова, «Методика обучения информатике»
4)Динисламов, «Паскаль программалау негіздері»
Сабақ барысы
-
Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):
а) оқушылар тізімі;
ә) кабинет жағдайы;
б) сабақ барысымен таныстыру.
-
Үй тапсырмасын тексеру.(3-5мин)
-
1 Символдық мәліметтерді енгізудің қандай ерекшеліктері бар? -
Символдық мәндерді қалай енгізу керек? -
Символдық типтегі мәліметтер үшін қандай стандартты функцияларды қолдануға болады? -
Символдық айнымалыны енгізу/шығару программасын құрыңдар?.
3)Жаңа тақырыпқа кіріспе (3-5 мин)
4)Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)
Мәтін әр түрлі символдардан тұратын жолдар тізбегінен тұрады. Әдетте, мәтіндермен жұмыс істегенде, тек символдық шамаларды пайдалану тиімсіз, өйткені көбінесе жеке символдарды емес, олардың тізбегін – сөз тіркестерінен тұратын мәтін жолдарын өңдеу қажет болады. Символдар жолы немесе жолдық тұрақты деп символдарының саны 256-дан аспайтын апострофтар ішіне алынған символдар тізбегін айтады.
Тіркестік айнымалының типі программаның типтерді сипаттау бөлімінде немесе тікелей айнымалыны сипаттау бөлімінде де орналаса береді. Оның айнымалы бөлімінде сипатталуы:
Var
<айнымалы аты, ...>; string [жолдың ұзындығы];
Мысал:
Var
Tex1 : string[29];
Atj : string[40];
Atau : string[200];
A : string;
Егер жолдың ұзындығы (символ саны) сипаттау кезінде көрсетілмесе (А айнымалысы), онда оның ұзындығы 256 символ деп қабылданады.
Тіркестік өрнектерде біріктіру және салыстыру амалдары пайдаланады. Біріктіру немесе конкатенация амалы, ол қарапайым «+» белгісімен белгіленеді. Бұл амал бірнеше символдардан немесе сөз тіркесінен жаңа мәтін жолын құру үшін пайдаланылады. Мысалы:
‘Ауыл’ + ‘шаруашылығы’ = ‘Ауыл шаруашылығы’
S1:=’Ас’; S2:=’тана’; S3:= S1+S2;
Нәтижесі: S3:=’Астана’;
Салыстыру амалдары, олар: +, <>, >, >=, <, <= белгілерімен белгіленеді. Сөз тіркестерін салыстыру олардың символдарының кодтарын солдан оңға қарай біртіндеп бір-бірімен салыстыру арқылы жүзеге асырылады. Егер тіркестің алғашқы символдары бірдей болса, онда қай жолдың символы көп болатын болса, сол үлкен деп есептеледі. Егер өрнекте біріктіру мен салыстыру амалдары болса, ең алдымен біріктіру амалы, содан соң салыстыру амалы орындалады. Сөз тіркесінің салыстыру амалының нәтижесі логикалық шама болады.
Сергіту жаттығулары (2 мин)
5)Жаңа тақырыпты бекіту (10-15 мин)
Тапсырмалар мен сұрақтар:
-
Тіркестік айнымалы қандай идентификатормен және қалай анықталады? -
Бір тіркестік айнымалыға немесе тұрақтыға қанша символ жазуға болады? -
Тіркестік айнымалының ұзындығы қалай анықталады? -
Тіркестік айнымалылар мен тұрақтыларға қандай амал қолданылады? -
Тіркестің ішкі символдарын қалай бөліп алуға болады?
Тапсырма №1.
«Студент» сөзі берілген. Стандартты тіркестік процедуралар мен функцияларды пайдаланып, төмендегі тапсырмаларды орындау керек:
-
сөздің ұзындығын табу; -
сөзге «пін» жалғауын жалғау; -
сөзден «ден» үзіндісін кесіп алу; -
сөзден «ент» үзіндісін алып тастау; -
сөз алдына «Мен» тұрақтысын кіргізу; -
сөз ішіндегі «е» әрпінің орналасу нөмірін табу:
Тапсырма №2.
Жұмыс дәптеріңе орында. Кез келген сөзді пернетақтадан енгізіп, оның ұзындығын анықтайтын программа құрыңдар. Компьютерде орындап, нәтижені көрсет.
6)Сабақты қорытындылау және бағалау
Оқушыларға символдық және тіркестік мәліметтермен жұмыс жасау туралы жалпы мағлұмат беру және оларды қолданып программа құруды үйрету.
7) Үйге тапсырма
Символдық мәліметтермен жұмыс. Мәтіндік деректермен жұмыс
Пән Информатика сынып___ Күні _._ .201 ж.
сынып____ Күні _._ .201 ж.
сабақ №: 23 сағ.саны.: 1
Тақырып: Массивтiң мәнi және ол туралы түсiнiк.
Мақсат: Оқушыларды Паскаль тіліндегі массив ұғымымен таныстыру. Оларды программа құруда қолдануды үйрету.
Міндеттер:
Білімділік – Оқушыларды массивтермен жұмыс жасауға үйрету.
Дамытушылық –Оқушылардың программалау тәсілдері мен әдістерін қолдану қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік – Оқушылардың компьютерде дұрыс жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: лекция сабақ
Сабақ типі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап
Құрал-жабдықтар компьютер - 7, жұмыс дәптері, ActiveStudio бағдарламасы, ActivBoard, ActivPen, бейнепроектор-1.
Пайдаланылған әдебиеттер:1) Б.Бурибаев. Информатика және ЕТ негіздері, оқулық 9 сынып;
2) Основы информатики и ВТ, базовый курс 10-11 класс;
3) С.Т.Мухамеджанова, «Методика обучения информатике»
4)Динисламов, «Паскаль программалау негіздері»
Сабақ барысы
-
Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):
а) оқушылар тізімі;
ә) кабинет жағдайы;
б) сабақ барысымен таныстыру.
-
Үй тапсырмасын тексеру.(3-5мин)
-
Тіркестік айнымалы қандай идентификатормен және қалай анықталады? -
Бір тіркестік айнымалыға немесе тұрақтыға қанша символ жазуға болады? -
Тіркестік айнымалының ұзындығы қалай анықталады? -
Тіркестік айнымалылар мен тұрақтыларға қандай амал қолданылады? -
Тіркестің ішкі символдарын қалай бөліп алуға болады?
3)Жаңа тақырыпқа кіріспе (3-5 мин)
4)Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)
Жиым-бұл бір атаумен (жиым идентификаторы) белгіленіп біріктірілген біртекті элементтер жиыны. Жиымдардың негізгі параметрлеріне оның типі (сандық,символдық,логикалық), өлшемі (бірөлшемді,екіөлшемді т.с.с) және көлемі (жиымдардың әрбір өлшемдегі элементтерінің саны) жатады.