Файл: 3 ii негізгі блім.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 78

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Информатика пәнінің ОӘК – не қойылатын дидактикалық талаптардың анықталуы бұл пән бойынша дайындалатын оқу – әдістемелік құралдардың сапасын арттыруға үлкен көмегін тигізетіні байқалады.

Информатиканы оқыту үрдісінде пайдаланатын мультимедиялық үйрету бағдарламаларының, электрондық оқулықтарының өскелең оқу талабына сай дайындалып, компьютерді оқыту құралы арқылы пайдалана алатындай деңгейд болуы керек. Оқу үрдісін дұрыс ұйымдастырудың қажетті компоненті оқыту құралдары болып табылады. Информатиканы оқыту кезінде оқыту құралдарын құрастыру және оларды пайдалану әдістемесі мен теориясы бойынша білім айтарлықтай артады.

Біріншіден, оқулықтардың көптеген авторлары информатиканы компьютерлік техниканың көмегімен ақпаратты түрлендірудің және пайдаланудың түрлі аспектілерін зерттейтін ғылым деп түсіндіреді.

Екіншіден, информатика курсында компьютер оқу әрекетінің құралы және зерттеу обьектісі ғана емес, оқыту құралы ретінде де қолданылады.

Соңғы кездері оқыту құралдары түбегейлі өзгеріп кетті: олардың құрамына электронды оқулықтар, интернет құралдары, мультимедиа, педагогикалық бағдарламалық құралдар (ПБҚ) және интерактивті тақталар т.б енді. Мультимедиапроектормен электронды тақтаны және интернетке шығу тетігі бар компьютерді пайдаланып сабақ жүргізетін бүгінгі мұғалім, үйреншікті «бор технологиясын» пайдаланатын әріптесінен басым түсетіні айдай анық.

1.2 – суретте информатиканы оқыту құралдары мына топтар бойынша жіктелген: оқытудың техникалық құралдары (ОТҚ), бағдарламалық қамсыздандыру, Оқыту құралдарын пайдаланып сабақ өткізу әдістемесі:

  1. Сабақ мақсатын, оның мазмұнын, материалды оқыту логикасын сараптау;

  2. Оқушылар меңгеруі тиіс басты элементтерді бөліп алу;

  3. Оқу материалын құрылымдық мағыналқ блокарға бөлу, бұрын оқытылған

материалмен байланысын анықтау;

  1. Оқыту құралдарын пайдалануды қажет ететін топтарды анықтау;

  2. Қажетті оқыту құралдарын таңдау және құру;

  3. Оқыту құралдарының, сондай-ақ оларды пайдалану арқылы оқушылардың

танымдық қызметін ұйымдастыратын әдістер мен амалдардың рөлін және орнын анықтау.

Компьютерді жаңа ақпараттық технологиялар құралдарын (ЖАТҚ) пайдалануға бағытталған, информатика курсын оқыту құралдары жүйесінің бір компоненті ретінде қараған жөн.

Ол келесілерді пайдалану арқылы іске асырылады:

  • Информатика курсын бағдарламалық – әдістемелік қамсыздандыру, оған оқытуға


көрсететін бағдарламалық құралдар, сондай – ақ мұғалімге оқу үрдісін басқару мүмкіндігін, оқу әрекетін бақылау үрдісін автоматтандыруды, нақты педагогикалық мақсаттарға арналған бағдарламалық оқу құралын әзірлеуді қамтамасыз ететін аспаптық бағдарламалық құралдар кіруі керек;

  • Оқу әрекетінің мәдениетін қалыптастыруды қастамасыз ететін нысаналы –

бағытталған бағдарламалық жүйелер, олардың негізінде пайдаланушының обьектілі әлемінің белгілі бір моделі жатады;

  • Оқыту құралдары, ЖАТҚ негізінде қызмет ететін, жоқ пәндік ортаның орнын

толтыратын немесе амортизациялайтын, пәндік қызметті және оның практикалық бағытын қастамасыз ететін құралдар;

  • Телекоммуникация құралдары, білім беру саласы пайдаланушыларына ақпараттың

қолжетімділігін, олардың ақпараттық қарым-қатынасқа енуін және т.б қамтамасыз ететін құралдар.

Жоғарыда аталғандарды ескеріп, информатика курсын оқытудың құралдар жүйесінің құрамына мыналар жатады:

  • Оқыту үрдісінің бағдарламалық-әдістемелік жабдықталуы;

  • Оқыту қызметінің мәдениетін қалыптастыруға қажетті нысаналы – бағытталған бағдарламалық жүйелер;

  • ДЭЕМ – мен ұштастырылған оқу, көрсету жабдықтары;

  • Оқыту үррдісіне қолдау көрсететін оқу – көрнекі құралдар;

  • ЖАТҚ – ны пайдалануға арналған оқыту құралдары жүйесін пайдалану әдістемесі.

Осындай оқыту құралдарының жүйесі, оқу-әдістемелік әдебиетпен бірлесіп (оқулықтар, оқушыларға арналған оқу құралдары, мұғалімге арналған әдістемелік құралдар) – оқу –әдістемелік кешенді құрайды.

Жалпы айтқанда, информатика курсын оқыту құралдарының жүйесі курсты оқыту үрдісіне қолдау көрсетумен қатар, заманауи ЭЕМ мүмкіндіктерін демонстрациялауды қамтамасыз етіп, оқу әрекетінің мәдениетін және оқушылардың ақпараттық мәденитін қалыптастыруға себепші бола алады.

Информатика кабинеті оқыту құралдарының жүйесімен бірлесіп, бірыңғай кешенді ортаны құрайды, ол мұғалімге алға қойған мақсаттарына жетуге мүмкіндік береді. Мектепте информатиканы оқыту құралдары жүйесінің негізгі компоненттерінің тізіміне келесілер кіреді:

  • Информатика оқытудың бағдарламалық – әдістемелік жабдықталуы;

  • Оқу әрекетінің мәдениетін қалыптастыруға қажет нысналы – бағытталған

бағдарламалық жүйелер;

  • ЖАТҚ негізінде қызмет ететін оқыту құралдары (оқу роботтары, басқармалы

ЭЕМ, электронды құрастырмалар; ЭЕМ жұмысының қағидаларын, оның бөлшектерін, құрылғыларын және т.б көрсететін модельдер);



  • Телекоммуникация құралдары;

  • Дәстүрлі оқыту құралдары.



2.1 Көрнекі құралдардың түрлері мен ерекшеліктері
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында: «Білім беру жүйесінің міндеттерінің бірі – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым және практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау», Қазақстанның Білім беру тұжырымдамасында мектеп міндеті – әр оқушыға терең білім беріп, оқушылардың ойлау қабілетін арттыру. Болашақ ұрпаққа саналы білім мен сапалы тәрбие беруде, оқушылардың материалды саналы түрде түсініп, есінде берік сақтауын қамтамасыз етуде әрі ойлау қабілетін дамытуға көрнекіліктің тигізер әсері зор» делінген.

Осыған орай, Қазақстандағы білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын мейлінше қуатты меңгермейінше, жан-жақты білімді, жетілген ұрпақ оқытып тәрбиелеу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалім үшін де, оқушы үшін де интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами қабілеттерінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін – өзі дамытып, оқу тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Оқыту технологиясына байланысты көрнекіліктердің жаңа түрлері мектепте оқыту үрдісіне қажетті әдіс-тәсілдер, дидактикалық талап секілді психологиялық-педагогикалық іс-әрекеттердің жүйелі кешені ретінде пайдаланылады. Ол оқушының тәртібіне, оқуға ынтасына, оқу іс-әрекетіне игі әсер етумен қатар, педагогикалық нақты ғылымға жақындату, оқушының интеллектуалдық шығармалышылық қызметі болып табылатын педагогикалық іс-тәжірибенің нәтижелігіне, жинақтылығына ұтымды әсер ететіндігі – оқу – тәрбие үрдісінің басты күре тамырының рөлін атқарады.

Оқыту жүйесінде көрнекілік принципінің алатын орын ерекше. Оқушылардың дүние танымы негізінен көрнекілік арқылы жүзеге асырылады. Ол заттардың өзін немесе бейнесін, көлемін тікелей көріп байқауға мүмкіндік береді. Көрнекілік принципінің мақсаты – өткен тақырыпқа сай оқушылардың білім көлемін тереңдету, қызығушылығын арттыру және есте сақтау қабілетін шыңдау, мұғалімнің өз ойын оқушыларға нақтылы дәлелдеу үшін қолдану.

Оқушы санасында көрнекілік бейнелерін қалыптастырудың құралдары ретінде мектепте түрлі оқыту жабдықтары қолданылады. Көрнекі құрал – нақты обьектінің, заттың немесе құбылыстың түрлендірілген формасы, моделі. Көрнекі құрал – таным құралы. Таным үрдісінде нақты заттарды, құбылыстарды олардың табиғи немесе қоғамдық өмір сүру жағдайын елестетуге жағдай жасайды.


Білім беруде көрнекі құралдарды пайдаланудың маңызды мәселелерінің бірі – олардың ғылыми негізделген топтамасының болуы. Бұл мәселе оқытудың теориясы мен практикасында үлкен мәнге ие. Осы негізде көрнекі құралдардың жүйесі және көрнекіліктің әрбір түрі мен типінің дидактикалық атқаратын қызметтері анықталады. Педагогикада көрнекі құралдарды жүйелеудің бірнеше әдісі бар. Көп жағдайда олардың жеке түрлерінің белгілеріне құрастырылған заңына қарай немесе дидактикалық тұрғыда топтастырылады.

Қазіргі уақытта информатика сабағын оқытуда компьютерлік технология арқылы көрнекілік принципті жүзеге асыруға болады, өйткені компьютер оқыту құралы ретінде, әрі көрнекі құрал қызметін атқарады. Сондай-ақ соңғы кездері арнайы машиналық графикамен жабдықталған график салушы бар компьютерлер де жасалынған. Компьютердің мұндай мүмкіндіктерін, мүсінші өзінің туындысын түрлі материалда жасап көргісі келетұғын болса, ең алдымен оның моделін компьютерге ендіріп, әртүрлі сәулелер түсіру арқылы өзінің болашақ мүсінінің жобасын тік бағытта айналдырып, алдын-ала көре алатыны тәрізді. Компьютер көмегімен тек қана сурет салып қоймай, кеңістіктегі фигуралардың кескінін салудың толық мүмкіндіктерін қарастыруымыз қажет. Өйткені кеңістіктегі фигураларды кескіндеуде компьютердің ролі ерекше.

Жалпы орта мектептерде оқу-тәрбие үрдісінің міндеттерін шешудегі көрнекілік құралдарының қызметтері олардың дидактикалық құралдары мен тәрбиелік бағыттарына орай анықталады. Оқыту құралдары негізінен 3 топқа бөлінеді, олар:

  • Оқу-әдістемелік құралдар;

  • Құралдар;

  • Техникалық құралдар.

Қазіргі оқыту жүйесінде кеңінен қолданылып жүрген мынадай көрнекіліктердің түрлері бар:

  • Табиғи (табиғат, еімдік, жан-жануарлар, жәндіктер т.б);

  • Көлемдік (әралуан заттардың модельдері);

  • Бейнелік (фотосурет, сурет, т.б);

  • Графикалық (сұлба, сызба, кесте)

  • Дыбыстық (үг таспа/пластинка/магнитофон , диафильм, бейнефильм т.б).

  • Символикалық (табиғат, географиялық карталар);

  • Заттық көрнекілік (егер зат болмаса, олардың үлгісін көрсету);

  • Эксперименттік (физика, химия сабақтарында түрлі зертханалық байқаулар жүргізу);

  • Аудиовизуалдық (кино, теледидар, радио, интернет желісі т.б).

Оқыту үрдісінде көрнекілік принципін жүзеге асыру мектептердегі тілдерді оқытуға қойлатын басты талаптардың бірі. Көрнекі құралдарды әртүрлі тәсілмен пайдаланудың маңыздылығы оны жеткілікті және қажетті жағдайда қолдануын көрсетуі керек. Берекесіз пайдаланған көрнекілік өзінің сапасын жоғалтады. Оқушылардың сабаққа деген ынта-жігері, қызығушылықтары жоғалады. Сондықтан көрнекіліктерді тиімді тәсілмен қолдану керек.