ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.12.2023
Просмотров: 79
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Көрнекіліктерді пайдалануда жеке сөздерден сөз тіркестерін, сөз тіркесінен сөйлемге әрі сұрақ-жауап қойып, қарым-қатынас жасауға көп көмек береді. Оқушы сурет арқылы жаңа сөздің мағынасын түсініп, екі-үш сөзден сөйлем құрай алады. Сюжетті суреттерді қолдану – оқушыларды жүйелі сөйлеуге баулиды. Мысалы, қазақ тілі немесе шетел тілі пәндерінен кез келген жаңа сөзді көзбен көру, мүмкіндігі болса, қолмен ұстап көру оқушының сапасына берік орын алады. Сабақ үстінде оқушылардың тілін ұстартуда сабақты құрғақ сөзбен түсіндіргеннен гөрі, көрнекі құралды пайдаланып түсіндірген тиімді. Оқулықта берілген материалдардан көрнекілік жасап алуға да болады.
Ал оқулықтың техникалық құралдары мұғалімдерге көмекші құрал ғана болады. Өйткені «мұғалім оқушылар үшін білімнің көзі, оқу процесінің жетекшісі ғана емес, еліктейтін үлгісі».
Соңғы жылдары проекциялық аппараттарды: диаскоп, эпидиаскоп, фильмоскоп, диапроектор, комьютер мен интерактивті тақта және интернет желісін сабақта пайдалану арқылы өтетін тақырыптар ерекше қызықты, әрі әсерлі болады, оқушылардың ой-өрісін дамытып, тақырыпқа байланысты құрылған сюжетті әңгімелерді нақты көрсетіп, түсіндіруге көп ықпалын тигізеді.
Қазіргі оқулықтар мен электрондық оқулықтар арқылы білім беру мазмұны – әлемдік деңгейге теңестіріліп келеді. Қысқа мерзімде ақпаратты іріктеп, пайдалануға үйретеді. Мұғалімдердің өз қабілеттерін үздіксіз арттыруына жағдай жасалады.
Қорыта айтқанда, оқу үрдісінде көрнекіліктерді пайдалану – оқушылардың сөйлеу мәдениетінің, мінез-құлұының қалыптасуына, табандылыққа, еңбек сүйгіштік қасиеттерінің тәрбиеленуіне ықпалын тигізеді. Көрнекіліктер оқушылардың логикалық ойлау, кеңістікті елестету, жеке бас қабілеттерн дамытуға бірден-бір себепші болатын құрал болып табылады.
2.2 Информатика сабағында компьютер мен интерактивті тақтаны қолдану
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің міндеті – ғылым мен практика компьютерлік технология жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау екені көрсетілген. Олай болса оқыту процесінде баланың ой-өрісін, дүниетанымын және де басқа маңызды психикалық іс-әрекетін дамытуға бағытталған түрлі әдістерді, педагогикадағы дидактикалық принциптерді, оның ішінде көрнекілік принципті компьютер арқылы жүзеге асыру мектеп ұжымының алдында тұрған маңызды мәселелердің бірі.
Оқу жүйесінде компьютер негізінен екі бағытта қолданылады. Бірінші бағыт бойынша оқып-үйренудің обьекітісі болып табылады. Екіншіден, компьютер оқыту құралы ретінде, түрлі пәндерді оқытуда көрнекі құрал қыметін атқарады. Компьютердің графикалық мүмкіндігін математиканы оқытуға пайдалансақ, оқушыларға берілген сызбаны толық кескіндеп көрсетуге болар еді, өйткені сынып тақтасында оны сызып көрсету қиын. Бұл жағдайда оқыту мазмұны қаншама байып, қаншама әдістемелік мүмкіндіктер ашылар еді.
Демек, мектеп мұғалімдері компьютердің көрнекілік мүмкіндігін барынша кең пайдаланып, оқытуды барынша жетілдіруі тиіс. Графикалық кескіндерді компьютер экранында кескіндеудің ерекшелігі сол, мұнда тек жазықтықт емес, кеңістікте берілген фигураны бейнелеген кезде, оның көрінбейтін көмескі жақтарын кескіндеуге мүмкіндік бар. Компьютерді оқытудың пәні ретінде қолданудағы негізгі мақсат – оқу барысында және күнделікті өмірде кездесетін сан қилы есептердің сызбасын кескіндеу арқылы компьютердің есептеу және графикалық мүмкіндіктерін пайдаланып, тияқты білім беру болып табылады.
Сөйтіп, тек осы айтылғандай жағдайларды ескеріп, мәселеге ғылыми көзқараспен қарағанда ғана орта мектептерге арнап қазіргі заман және педагогика ғылымы талап етіп отырған дәрежедегі әдістемені жасау басты шарт болып табылады. Демек, орта мектептің информатика пәнін оқытуда компьютердің көрнекілік мүмкіндіктерін толық, әрі тиімді пайдаланудың маңызы зор, болашағы үлкен. Сондай-ақ орта мектепте информатика пәнін оқыту оқушылардың информатикалық білім негіздерін, информатикалық мәдениетін, сауаттылығын көтеруді мақсат ететінін ескерсек, онда дәстүрлі оқыту процесіне, оның мазмұны мен формасына оқушының жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқытуда компьютерлік технологияны қолданудың әдіс-тәсілдерін енгізу, дәстүрлі және дәстүрлі емес оқыту технологияларын үйлестіре пайдаланып, мұғалімнің оқу материалын дұрыс түсіндіре алуы, кесте т.с.с көрнекі құралдарды тақырыпқа сай орнымен қолдана білуі, өзіндік жұмысты ұйымдастыруы мен баұылауы т.б функциялар арқылы жүзеге асады. Оқу үрдісінде компьютер және техникалық оқыту құралдары мұғалімді кейбір жұмыстардан босатады және басқару тиімділігін арттырады. Өйткені өтілген материалды толық, тез меңгеру үшін әр алуан оқу құралдары қажет, яғни бор, тақтадан бастап, күрделі құрылғыларды айтуға болады. Оқу құрал жабдықтары мұғалімге оқу үрдісін ұйымдастыру, оқу материалын терең меңгеруін қамтамасыз ету, оқушылардың өзіндік жұмыс істеуіне, жаңа білімді өз бетінше алуына және оны практикада қолдана білу дағларын қалыптастыруға жәрдем етуі тиіс.
Информатика сабағын тартымды да мағыналы етіп еткізу үшін мұғалім сабаұта қолданылатын оқу құрал – жабдықтардың қызметі мен атқаратын фунциясын толық меңгеріп, оның не үшін керектігін ажыратып, қажет жағдайда қолдана алатындай дәрежеде болғаны дұрыс. Енді осы айтылған оқу құрал жабдықтарға толығырақ сипаттама берелік:
-
Қабырғалық кесте – оқу құралының дәстүрлі түрі. Оны дидактикалық функциясына қарай информатиканы оқытуда шартты түрде анықтамалық және жұмысшы деп бөлуге болады.
-
Анықтамалық кесте оқушылар жұмыс істеу барысында еске сақтайтын
формулалар, сондай-ақ есте сақтауды қажет етпейтін, бірақ оқушылармен жаппай жұмыс істеуге қолданылатын материалдар жазылады. Мұғалім оқушыларға кестені дұрыс пайдалана алуды үйретуі тиіс. Ол кестенің қанша уақыт ілінетіндігін мұғалім өзі шешеді.
-
Жұмысшы кестелер саны көп (көлемі үлкен) есептерді жаппай шешуді
ұйымдастыру кезінде қолданылады. Кейбір кестелердің бір бөлігі анықтамалық, ал екінші жағы жұмысшы болуы мүмкін. Мұғалім жұмысша кестені дұрыс пайдалана алуды үйретуі тиіс. Ол кестенің қанша уақыт ілінетіндігін мұғалім өзі шешеді.
-
Жұмысшы кестелер саны көп (көлемі үлкен) есептерді жаппай шешуді
ұйымдастыру кезінде қолданылады. Кейбір кестелердің бір бөлігі анықтамалық, ал екінші жағы жұмысшы болуы мүмкін. Мұғалім жұмысшы кестені пайдала отырып, сабақ өту барысында қосымша тапсырмалар да құрастырады. Жұмысшы кесте – жаттығулар топтамасын орындауға мүмкіндік беріп, уақыт үнемдейді. Нәтижеде білімді көтеруге септігін тигізеді. Бірақ, кестені әр сабаққа арнап жасаудан да қажеті жоқ, себебі кесте неғұрлым көп болса, оны сақтау және керектісін таңдап алу қиын соғуы мүмкін. Мұндай жағдайда диафильмдер мен диапозитивтер қолдануға тура келеді.
-
Транспарант – графопроектор көмегімен экранға проекциялауға
арналған, типографикалық және фотографиялық тәсілмен орындалған, сондай-ақ бір немесе бірнеше таспаға фломастермен дайындалған обьект. Мысалы, геометриялық фигураны таспаға фломастермен салып, оның проекциясын түсіруге болады. Диапроекторлардың «Этюд», «Свет – 4», «Экран» және т.б түрлері кең қолданылады.
-
Графопроектор – сабақ өтуде жиі қолданылатын демонстрациялық
техникалық құралдың бір түрі. Графопроектор диапроекциялық құрылғыға жатады. Экранға қағаздағы жазылған обьект тура түсіріледі.
-
Эпидипроектор – экранда өлшемі 50х50мм, 85х85 мм және 90х120
мм, 150х150 мм обьектілерді алуға мүмкіндік береді. Оның «ЭПД-1», «ЭПД-455» және «ЭП-1» түрлері кездеседі. .
-
Магнитофон – магнитті таспаға дыбысты жазу және дыбысты
шығаруға арналағн құрылғы.
-
Кинопроекция – белгілі бір жиіліктегі тізбектес фильм кадрларының
тез кезектесіп ауысып тұратын экранда үлкейтілген бейнесін алу үрдісін айтады. Кинопроектордың «Русь» және «Волна» түрлері баршылық.
-
Теледидар – қозғалатын бейнелер қозғалмайтын обьектілерді
Радиотолқын немесе желілері арқылы сигналдар көмегімен қашықтыққа тарату.
-
Диафильм (грекше – арқылы және латынша – таспа) деп бір-бірімен
Сюжетті байланысқан, бір таспада орындалған позитивті бейнеленген фотографиялық жүйелерді айтады.
-
Диапозитив деп позитивті фотобейнені айтады. Соңғы жылдары
информатиканы оқытуда бұлар кең түрде қодданылған. Кезінде информатика пәні мұғалімдері мен әдіскерлер көптеген көрнекі құралдар дайындаған еді. Диафильм мен позитивтің қажеттілігі мұғалімге материалды, суретті, сызбаны және мәтінді т.б алдын-ала қолдануға дайындап қоюдан туды.
-
Компьютер – ақпаратты өңдеуге арналған құрылғы. Кез – келген ЭЕМ негізгіүш бөлімнен тұрады.
-
Монитор ақпаратты бейнелейтін құрылғы, сондай-ақ экранда кескіндерді,
геометриялық фигураларды көрнекті түрде бейнелеп, кей кезде өз осінен айналдырып, әртүрлі жағдайларға келтіріп көрсетуге болады.
-
Жүйелік блок – компьютер жұмысын басқаратын құрылға және
ақпаратты сақтауға арналған, қажет кезде пайдалана беруге болады.
-
Пернелік тақта – ақпаратты енгізуге арналған құрылғы.
Оқу үрдісін ұйымдастыруда әрбір оқу құралының өзіне тән дидактикалық функциясы, мүмкіндіктері, өзінің педагогикалық және дидактикалық функциясы қолдану шекаралары бар болғандықтан, оқу құрал-жабдықтарын қолданудың тиімді жолы оларды кешендік түрде қолдану болып отыр. Мысалы, мұғалім сабақты магнитофон көмегімен информатикалық диктанттан бастап, кино үзінді көрсетуі мүмкін. содан кейін жаңа материалды баяндауды диафильмді көрсете отырып түсіндіреді, сабақты бекітуде диапозитивті қолданды. Енді оқушыларға баспа негізді дәптерде тапсырмалар мен жаттығуларды орындатып, өзіндік жұмыс істеуі үшін кеспе таратып берсін. Содан кейін ЭВМ-ді қолданады. Компьютердің сабақта орнымен, әрі уақытымен көрнекі құрал ретінде қолдану кезінде оқу танымдық үрдіс тиімділігін арттырады даусыз.
Ендеше жаңа қоғамға, жаңа технологияға, техникаға тез бейімделгіш адамды дайындау, оқыту әдісін жетілдіру және оның тиімділігін арттыру болып табылады. Кейде көптеген мұғалімдер мен әдіскерлерге компьютер жаңа құрал болып көрінетіндігі белгілі. Біз мұнда компьютерді көрнекі құрал ретінде қолданудың жалпы мәселелерін оның экрандық, дидактикалық мүмкіндіктерін ашып көрсетуді басты назарда ұстадық. Информатиканы оқытуда компьютерлік технологияны тиімді, әрі орнымен қолдану туралы мұғалімдерге арналған әдістемелік құралдар қажет-ақ. Мұндай әдістемелік құралдарды дайындау көптеген мектеп информатика пәні мұғалімдерді мен әдіскерлердің және ғылыми қызметкерлердің әлі де болса көп уақыт бірлесіп жұмыс істеуін керек етеді. Оқыту үрдісіне оқытудың техникалық құралдарын енгізу бұл зерттеушілердің айтуынша білім беру жүйесіндегі білім беру жүйесіндегі технологиялық төңкеріс. Алғашқы аудиовизуальді бағдарламалық оқыту Америка Құрама Штаттарында 1930 жылдары басталды. Бұл құралдар мектепте 1940 жылдары қолданыла бастады. 1950 жылдардың орта ішінде бағдарламалап оқыту технологиясы қолға алынды. Аудиовизуальді құралдар, оқыту мақсатында арналған: кері байланыс орнату құралдары, электрондық сыныптар, оқытушы машиналар, лингафондық кабинеттер, жаттығу машиналары және т.б пайда болды. 1950-1970 жылдары информатикалық түсінікті қалыптастыруда көрнекі құралдарды пайдаланып өтетін сабақтардың күрт артуы арқандағы байқалды. Оқу көрнекі құралдарын жасауға мектеп информатика мұғалімдері, жоғары оқу орындары оқытушылары мен физика-информатика факультеті стунденттерімен бірге, мектеп оқушылары да атсалысты. Қолдан жасалған оқу көрнекі құралдарын жасаудан алдыңғы қатарды иеленді. Стереметрия курсы бойынша жаппай жоғары сапалы көрнекі құралдар дайындады. РСФСР-дің көптеген елді мекендерінде, қалаларында оқушылардың көмегімен игформатика кабинетін көрнекі құралдармен жабдықтады.
Жоғарыда келтірілген ғылыми зерттеулерге сүйене отырып, информатиканы оқытуда көрнеклік принципті жүзеге асыруымыз керек. Оқу үрдісін көрнекі құралдармен қамтамасыз ету, жабдықтау мектеп қажеттілігінен туындады. Информатикалық түсініктерді қалыптастыру процесінде қолданып өтілетін сабақ саны күннен күнге арта түсті. Сондықтан информатиканы оқыту әдістемесін дамыту бағыттарының бірі оқу үрдісі оқыту құралдарымен қамтамасыз ету және информатика сабағында оын қолдану әдістерін жетілдіру болып табылады. Әдістеме педагогика ғылымы тәрізді информатиканы оқыту әдістері, оның мазмұны, оқыту әдісері жүйесі және оқыту құралдары мәселесімен айналысады. Оқытудың мақсаты мен мазмұны, оны ұйымдастырудың түрлі және әдістері, адамзаттың жлпы білім алу даярлығына қойылатын талаптар өркениетті педагогикалық идеяларға сәйкес өзгеріп отырады. Педагогикадағы дәстүрлі «нені оқыту керек?», «не үшін оқыту керек?», «қалай оқыту керек?» деген сұрақтарына жауап іздеумен қатар «қалай нәтижелі оқыту керек?» деген сұраққа жауап іздеу оқыту процесін технологияландыру мәселесіне алып келеді. Бұл компьютерлік технология негізіндегі оқыту әдістерін жетілдіріп, оқыту құраладарын тиімді пайдалану арқылы жүзеге асырылады. оқыту мақсаты – мазмұны – құралы немесе мақсаты – әдістері – құралы т.с.с ол мақсат, мазмұн және оқыту әдістерін, олардың өзара байланысынан құралған.