ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.12.2023
Просмотров: 209
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Кс = ТА/t A· Кж.н
Кс = ТБ/t Б· Кж.н
Үйлесім коэффициенті бірге тең болса, ағындағы операцияның уақытының үйлесімділігі дұрыс деп есептелінеді. Қатаң ырғақты ағында үйлесімділік коэффициентінің рұқсат етілген көрсеткіші Кс = 0,99÷1.01.
Еркін ырғақтығы ағында үйлесім коэффициентінің рұқсат етілген көрсеткіші: Кс = 0,98 ÷1,02.
Үйлесім коэффициенті бірден жоғары болса, ағында шамадан тыс жүктелген технологиялық операциялардың көп екендігін көрсетеді, ал егер бірден кем болса, шамадан кем жүктелген технологиялық операциялардың аз екендігін көрсетеді.
Технологиялық схеманы графикалық әдісте талдауда ұйымдасқан операцияның өңдеу уақытының үйлесімділігі синхрон графигін құрастыру арқылы тексереді. Яғни операция уақытының ағын тактісінен бірқалыпты ауытқуын синхрон графигі тексереді. Синхрон графигінің абсцисс осі бойынша ағынның ұйымдасқан операцияның нөмірі, мамандығы, өңдеу уақыты, нақты жұмысшы саны көрсетеді.
Ордината осі бойынша белгілі масштабта үйлесім коэффициенті рұқсат етілген ауытқу көрсеткіші жазылады. Технологиялық ұйымдасқан операцияның өңдеу уақытымен сәйкес, нүктелерді белгілеп өзара сынық сызықшамен біріктіреді. Бұл сызықтар рұқсат етілетін шектен тыс аспаса, ағында ұйымдасқан технологиялық операция дұрыс деп есептеледі. Циклді жіберу әдісінде синхрон графигі ұйымдасқан технологиялық операцияның орташа өңдеу уақытымен, ал ретті-ассортиментті жіберуде әр модельдің ұйымдасқан технологиялық операциясымен әр модельге бөлек құрастырылады.
Синхрон графигі 1-суретте ағынның ұйымдасқан технологиялық операциясының жүктелуін талдайды, операцияда өңдеу уақытындағы келісім шарт уақытының сақталғанын толық көрсетеді. Бұл графа бойынша ағын секциядағы операцияның жүктелуін талдай отырып, ағында жартылай фабрикатты тасымалдауды және тасымалдау бағытын операция бойынша талдайды. Ағынның технологиялық схемасын құрылымының сәйкестігін тексеру арқылы, әр технологиялық операциядағы жұмыстың тұрақты жалақысын және ағындағы жұмыс ырғағын қамтамасыз етеді.
Монтаж графигі технологиялық үдерісте бұйымды өңдеуде технологиялық операция бірізділігінің сақталуын тексеру үшін және ағын құрылымын меңгеруге құрастырылады. Бұл график бөлшектерді тасымалдау бағытын анықтауға және ағын жоспарында жұмыс орнын дұрыс жоспарлауға мүмкіндік туғызады.
1-сурет. Ағынның технологиялық схемасын синхрон графигінде талдау
Монтаж графигі циклді жіберуде базалық модельге, ретті-ассортиментті жіберуде әр модельге бөлек құрастырылады. Монтаж графигін құрастыру дайындау секциясынан басталады, яғни бөлшекті өңдеу тобына қарай біріктіріледі (2-сурет).
2-сурет. Ағынның технологиялық схемасының монтаж графигі
Графиктің сол жағына төменнен жоғарғы қарай топ аты не нөмірі жазылады. Технологиялық схема бойынша, ұйымдасқан технологиялық операцияның өңдеу реттілігімен бөлшек аталуы және оның нөмірі жазылады. Монтаж графигіндегі ұйымдасқан технологиялық операцияның геометриялық шамамен белгіленіп, онда операция нөмірі, мамандығы және нақты жұмысшы саны көрсетіледі.
! Түйінді сөздер: үйлесім коэффициенті, монтаж графигі, синхронды график, ретті-ассортиментті жіберу, циклді жіберу.
? Бақылау сұрақтары
1. Ағынның технологиялық схемасы қандай әдістермен талдайды?
2. Синхрон графигін жіберу әдісіне қарай құрастыру ерекшелігін атап айтыңыз?
3. Синхрон графигі ретті-ассортиментті жіберуде қалай құрастырылады?
4. Ағында жіберу әдістерінде монтаж графигін құрастыру ерекшелігін атап айтыңыз?
5. Циклды жіберу әдісінде монтаж графигін құрастыру ерекшелігін атап айтыңыз ?
6. Монтаж графигі ретті-ассортиментті жіберуде қалай құрастырылады?
Дәріс 11. Ағынның технологиялық схемасын құрастыру және безендіру
Мақсаты: Ағынның технологиялық схемесын құрастыруды үйрену және технологиялық процесін таңдай білу
Сұрақтар тізімі: 1. Ағынның технологиялық схемасын құрастыру тәсілдері
2. Циклды жіберілетін ағынның технологиялық схемасы
3. РАЖ ағынның технологиялық схемасы
Қолданылған әдебиеттер:
-
Мокеева Н.С., Жилисбаева Р. О. Проектирование швейных предприятий - Алматы: LEM, 2019. - 304 с. -
Кучарбаева К.Ж. Тігін кәсіпорындарын жобалау негіздері. ҚР Жоғарғы оқу орындарының қауымдастығы - 2015. - Алматы -188 б. -
Воронкова, Т.Ю. Проектирование швейных предприятий. Технологические процессы пошива одежды на предприятиях сервиса. - M. : ФОРУМ:ИНФРА-М, 2019. - 128 с.
Ағынның технологиялық схемасын ұйымдасқан операция мазмұнымен анықталады. Оны келісім шарт уақытына сай құрастырылады, және ағын типіне қарай негізгі талаптарын орындайды. Ағындарға модель жіберу әдісіне қарай технологиялық схема кесте бір және екі формасында безендіріледі.
Технологиялық схеманы құрастыруда технологиялық операция бірізділігін комплектеуде, ұйымдастырылған операция уақыты тактіге тең немесе еселенген болу керек. Технологиялық операция бірізіділігін ұйымдастырып комплектеуде ағында бекітілген тактпен ұйымдастырылған операцияны орындауға жұмсалатын уақыт дәлме дәл келтіру әр уақытта мүмкін бола бермейді. Осы себеппен ұйымдасқан опрациядағы уақытқа технологиялық ағын типіне байланысты тактіден рұқсат етілетін ауытқу беріледі. Қатаң ырғақты ағында тактіде рұқсат етілетін ауытқу +5; еркін ырғақты ағында рұқсат етілетін ауытқу +10%; Операцияны комплектеуде осы негізгі келісім шарт уақытына сай ұйымдасқан операция орындау уақытын үйлестіруге ұмтылады. Ұйымдасқан операцияны комплектеуде негізгі келісім шарт уақытын, талабын сақтаумен қатар өндірістік негізгі талаптарды да сақтайды.
Технологиялық үдерісте технологиялық операцияны ұйымдастыруда қойылатын өндірістік талаптар:
-
Операцияның үйлесім уақытының негізгі келісім шарт уақытын қатаң сақтау керек; -
Ұйымдасқан операцияның мамандану деңгейін жоғарылатып, технологиялық схема ұйымдастыруда бірыңғай мамандану немесе бірыңғай жұмыс түрін топтастыру керек; -
Бұйым өңдеудегі технологиялық операция бірізділігіне сәйкес, технологиялық схемада операция реттілігін сақтау керек; -
Технологиялық операцияда бірыңғай разряд немесе көршілес разрядты сақтау керек.
Кесте 1 - Көп үлгілі циклді жіберілетін ағынның технологиялық схемасы
Бұйым –
Есептелген қуат М, дана/ауысым –
Ағынның орташа такті сек. tор –
Цикл үйлесімі tц, сек –
Ағындағы жұмысшы саны Кж –
Бұйымды өңдеудегі орташа уақыты Тор, сек. –
Ұйымдасқан операция нөмірі | Операция бірізділігі нөмірі | Ұйымдасқан операция мазмұны | Мамандығы | Разряды | Операцияның өңдеу уақыты, сек | Бағасы, тиын | Есептелген жұмысшы саны | Нақтыжұмысшы саны | Шығарылатын өнім, дана | Қолданылған құрал-жабдық, аспап-тетіктер | |||||||||||
Модель бойынша | Барлық модельүшін | Орташа өңдеууақыты | |||||||||||||||||||
А | Б | В | |||||||||||||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | |||||||
10 | 22 | Артқы бойдың орта қиығын сырып тігу | М | 3 | 84 | - | 84 | | | | | | | 271кл "Дюркопп" | |||||||
| 43 | Артқы бойдың бүкпесін сырып тігу | М | 3 | 69 | - | - | | | | | | | 271кл "Дюркопп" | |||||||
| | Барлығы | М | 3 | 153 | - | 84 | 237 | 79 | 1,12 | 1,02 | 1 | 364 | 271кл "Дюркопп" |
Кесте 2 - Көп үлгілі РАЖ ағынның технологиялық схемасы
Бұйым –
Есептелген қуат М, дана/ауысым –
Модель бойынша есептелген қуат М, дана/ауысым –
Модель бойынша ағын такті сек. t –
Модель бойынша өңдеу уақыты Т, сек –
Ағындағы жұмысшы саны Кж –
Ұйымдастыру операциянөмірі | Операция бірізділігі нөмірі | Ұйым-дасқан опера-ция маз-мұны | Мамандығы | Разряды | Модель бойынша операция ның өңдеу уақыты, сек | Модель бойын-ша бағасы, тиын | Модель бойын-ша Есептел-ген жұмыс-шы саны | Нақты жұмысшы саны | Модель бойын-ша Шыға-рыла тын өнім, дана | қолданылған құрал-жабдық, аспап-тетік | ||||||||
А | Б | В | А | Б | В | А | Б | В | | А | Б | В | | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 |
10 | 11 | Алдын-ғы бой бедеріне сәндік тігісін басты-рып тігу | м | 3 | 194 | 198 | 194 | | | | | | | | | | | 8332 кл "Текстима" |
| 14 | Жапы-рақша соңын бекіту | м | 3 | - | 15 | - | | | | | | | | | | | |
| | Барлығы | м | 3 | 194 | 813 | 194 | 3,3 | 3,5 | 3,3 | 2,69 | 2,95 | 2,69 | 3 | 74 | 34 | 38 | 8332 кл "Текстима" |