Файл: ызылорда облысты Оу орталыЫ.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 1564

Скачиваний: 19

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

18

9-сынып емтихан тапсырмалары

1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   100

В бөлімі Үзіндіні оқып, сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз.


Қазақ әдебиеті

Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» романынан үзінді


Қайран, балалық-ай десеңші! Алыста қалған арайлы адал таңдарым менің. Онда мен кіп-кішкентай сәби едім. Ал айнала таулар да, үйлер де, қойтастар да, жылқылар да — бәрі-бәрі үлкен болатын. Адамдардың бәрі «айналайыннан» басқа сөзі жоқ, кілең мейірімді жандар болып көрінетін... Қария кісілердің сақалынан қасиет-қадір белгісі көрініп тұрар еді маған. Ер мінез жігіттердің кесек тұлғаларынан, шашбаулары сылдыраған қыз-келіншектердің жүріс-тұрысынан мен адамзаттың асқақ сұлулығын түйсіксіз байқағандай болармын. Солардың бәрі мені аймалап, сүю үшін жаратылған жандар сияқты сезілуші еді.

Ол-ол ма, анау асқар таулар, етектегі еңісті шексіз дала, көгілдір аспан, түнде жымыңдаған жұлдыздар, толықсып туған ай, жасыл жайлау — бәрі-бәрі тек маған ғана елжірей қарап, мені ғана аймалап әлдилейтін сияқты еді. Дүние сенің сәби кезіңмен көргендегідей өмір бойы қайырымды, аспаны — күмбез, желі — жібек, әдемі ертек болып тұра берсе, кәне?

Тек оқта-текте ауылдың үстін, тау бөктерін тұнжыр бұлт торлайтын. Бұлт сонда үн- түнсіз шаруақор менің әкеме ұқсайтын. Ал күн күркіресе, апамның ересек балаларына ақырып-зекіргені есіме түсіп, жым боламын. Жаңбыр жауса жас баланың көз жасындай, кімді аяйтынымды білмеймін, әлдекімге жаным ашып, жылағым келер.

...Ертексіз өскен бала — рухани мүгедек адам. Біздің қазіргі балаларымызға әжелері не шешелері ертек айта бермейді. Содан қорқам. Менің қазіргі келіндерім немерелеріме

«Бесік жырын» айта білмейді. Бесікте жатқанда құлағына анасының әлди әні сіңбеген баланың көкірегі кейін керең боп қалмаса деп қорқамын. Ал менің кәрі апам Қызтумас маған ертекті көп айтатын, әлди әнді көп айтатын.

(217 сөз)

Тапсырма:





  1. Берілген үзіндінің мазмұнына талдау жасап, көтерілген тақырыпқа қатысты көзқарасыңызды білдіріңіз. Тәрбиелік мәнін ашыңыз.




  1. Үзіндідегі кейіпкерлер бейнесіне талдау жасаңыз. Кейіпкерлердің іс-әрекетін салыстырып, баға беріңіз.




  1. Автордың тілдік қолданысына талдау жасаңыз. Үзіндідегі көркемдегіш құралдардан мысал келтіріп, автордың қолдану мақсатын түсіндіріңіз.




  1. Ұсынылған тақырып бойынша эссе жазыңыз.

Ғ.Мүсіреповтің «Ұлпан» романындағы әйелдер бейнесін заманауи тұрғыда салыстырып,

«Мен қазақ әйеліне қайран қалам» тақырыбында 150-170 сөзден тұратын шағын эссе жазыңыз.

19


9-сынып емтихан тапсырмалары
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   100

Инновациялық мектептерге. І нұсқа А бөлімі


Қазақ әдебиеті

Төменде берілген бір және бірнеше таңдауы бар сұрақтарға жауап беріңіз.


  1. Махамбеттің «Қызғыш құс» өлеңінің негізгі тақырыбын көрсетіңіз.

  1. Отаршылдық туралы

  2. Оқу-білім туралы

  3. Нақты соғыс оқиғасы туралы

  4. Туған жерді аңсау

  5. Табиғат туралы

  1. Т.Айбергеновтің өлеңдеріне жазылған 2 әнін көрсетіңіз. А) «Ақ қайыңдар»

В) «Сағыныш»

С) «Жаңғырған Маңғыстау» Д) «Уақыт»

Е) «Досқа сын»

  1. «Қанат»

  1. Ғ.Мүсіреповтің «Ұлпан» романында кездесетін 3 мақал-мәтелді белгілеңіз (√).

    Мақал-мәтелдер



    1) Құдыққа құлан құласа, құрбақа құлағында ойнар.




    2)Бала - бауыр еті,көздің нұры.




    3) Досы көпті жау алмайды,ақылы көпті дау алмайды.




    4) Баласыз әйел панасыз.




    5) Сорлының зары арлыға кездескей.




  2. Билер мен жыраулардың айтқан сөздерін өзара сәйкестендіріңіз.

Билер мен

жыраулар

Шешендік сөздері

Сәйкестенд

іру жауабы

1.Шалкиіз жырау

A)Біртіндеп садақ асынған, Біртіндеп жауды қашырған, Адырнасын атқа алған, Атар оғын тайға алған, Қорамсаққа қол салған,

Қозы жауырын оқ алған.

1

2.Мөңке би Тілеуұлы

В) Қара бас құспен шалдырып, Көк теңіздің үстінде

Көтеріп желкен аштырып Жүк тиедің кемеге

Ниет еттің тәңірінің үйі кебеге!

2

3.Әнет би Кішікұлы

C)Жарлауғабіткен жапырақ- Жамылсақ тоңар ма екеміз! Тобылғы сапты қамшы алып, Тұмар мойын ат мініп,

Қоныста қарар ма екеміз!

3_

4.Ақтамберді жырау

D)Атадан ұл туса игі, Ата жолын қуса игі. Өзіне келер ұятын, Өзі біліп тұрса игі.

Жаудан бұққан немені, Ортасына қуса игі!

4

5.Төле би

E) Жазылмаса дерт қиын Іске аспаған серт қиын. Ақылыңнан адасып, Өзің түскен өрт қиын,

Не істеріңді біле алмай, Ашиды сонда бас миың.

5

6.Қазыбек би Келдібекұлы

F)Үш арсыз бар: ұйқы арсыз,тамақ арсыз,күлкі арсыз.Үш ғайып бар:ажал ғайып,қонақ ғайып, несібе ғайып.Үш даусыз бар. Олар мыналар: мінез, кәрілік, ажал. Үш қадірсізге: жігіттік,денсаулық,әйел

жатады.

6

20


9-сынып емтихан тапсырмалары

1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   100