Файл: ызылорда облысты Оу орталыЫ.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 1560

Скачиваний: 19

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

В бөлімі Үзіндіні оқып, сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз.


Қазақ әдебиеті

М.Дулатов «Бақытсыз Жамал» романынан үзінді


Бір күні бие ағытар уақытта, ауылдың сыртындағы бір тѳбешікте құпия сѳйлесіп үш кісі отыр еді. Оның бірі - мағлұм, Сәрсенбай, екеуі сол елдегі атқа мініп жүрген, пысықшалау адамдар еді. Әлгі екеуі Сәрсенбайға қарап: «Сәрсеке, бұл заманның ѳзі қорыққанды сыйлайтұғын заман болды, азырақ дәреже біткен кісі - бай қара кісіні кісілікке алудан кетіп барады. Сол себепті біздің сізге айтқалы келген сѳзіміз - Алла тағала сізге біреуден артық, біреуден кем дәулет беріп, екінші мынау бір жаман немеңіз бар. Бұл заман екі айналып келмес, бір күндерде малың шығын болып, басқа да зар болдыңыз, «қубас» деген сѳзді естіген күніңіз болды. Енді тәуекел деп, атыңызды бір шығарып қалсаңыз қайтер екен? Міне, сайлауға да үш ай қалды. Кѳп болса, үш жүзтеңге шығар. Сіз мақұл кѳрсеңіз, біз ѳзімізге қараған Құрман болып билікке сайлағымыз келеді, халық сѳзді бір сапарға қалай тастап кете қояр екен деп ойлаймын. Ѳзіміздің Нүрпейіс би ризалығымен берсе, жолын алар, болмаса тәуекел деп тapғa түсерміз,» - деп, неше түрлі тәтті сѳздермен 14 құбылтып, Сәрсенбайды азғыра бастады. Сәрсенбай қанша момын адам болса да, сѳзге бұрылмайтын пенде бола ма, дәулетке қызығып, біраздансоң: «Ѳздерің біліңдер,» - деп жауап қайтарды.

Сәрсенбай бұрын Жамалды жақсы кѳріп, ѳзінің теңіне беремін деп жүруінде еш шүбә жоқ еді. Бұл сапарда, сайлауда кѳлденең кісілердің сѳзі қамшы болып, «не қылса да, Байжанмен құда боламын,» - деп жауап қайтарды. Бір айдан соң батасы қырық жетінің малы, екі жүз теңге ақшаға келісіп, Байжан келіп құда түсті. Сүйіп болған құдасын Сәрсенбай китке разы қылып қайтарды.

(239 сөз)

Тапсырма:





  1. Автор осы үзіндіде қандай қасиетке ерекше мән береді? Автор көзқарасына талдау жасаңыз.




  1. Автор повестің өн бойынан көрініс тапқан кейіпкерлердің іс-әрекетін, мінезін, қасиетін қалай көрсете білген? Кейіпкерге қандай баға беріп, талдар едіңіз?




  1. Үзіндінің шығарма мазмұнындағы маңызын түсіндіріңіз. Берілген үзіндінің мазмұнына талдау жасап, көтерілген тақырыпқа қатысты көзқарасыңызды білдіріңіз.




  1. Ұсынылған тақырып бойынша эссе жазыңыз.

Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» повесінде айтылған ата-баба жолы, ұлттық тәрбие, елдік намыс, Отаншылдық, өнегелік істерін қазақ халқының бүгінімен салыстыра отырып, құндылығы тұрғысынан талдап, 150-170 сөзден тұратын шағын эссе жазыңыз.

21


9-сынып емтихан тапсырмалары

1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   100

Инновациялық мектептерге. ІІ нұсқа А бөлімі


Қазақ әдебиеті



Төменде берілген бір және бірнеше таңдауы бар сұрақтарға жауап беріңіз.





  1. М. Өтемісұлының дәуір шындығын бейнелеп,асқақ рух пен болашаққа деген сенімінің үлгісі қай жырда берілген?

А) «Еменнің түбі- сары бал» В) «Мен, мен мен едім»

С) «Исатай сөзі» Д) «Жалған дүние»

Е) «Желп-желп еткен ала ту»

  1. М.Дулатұлының «Бақытсыз Жамал» романындығы 2 кейіпкерді көрсетіңіз. А) Күлпаш

В) Шолпан С) Қасым Д) Раушан Е) Байжан

F) Ұлпан


  1. Т.Ахтановтың «Күй аңызы» әңгімесінің сюжетіне сәйкес 3 тұжырымды белгілеңіз (√).

Тұжырымдар



1)Қос салт аттының жол үстіндегі әңгімесі




2)Жолаушылар жалғыз нарға кезікті, домбыраға тіл бітіп, жалғыз қараша

үйге келді.




3) Естемес Оразымбетке күйшілігімен қоса өз өмірін үлгі етуін айтты.




4) Шал мен Оразымбет бір-біріне қолқа салды.




5)Күйші жолын жас жігітке береді, нар иеді.







  1. Ғ.Мүсіреповтің «Ұлпан» романында берілген портреттерге қатысты кейіпкерлерді өзара сәйкестендіріңіз.

Кейіпкерлер

Портреттер

Сәйкестендір

у жауабы

1.Есеней

А) Сөйлесіп, көңіл көтеруге де жарамайтын сотқарлау,арамадам. Аңға

шықса далақтап шауып, айқайлап, шулап, аңды күндікжерден үркітіп жібереді.

1

2.Айтолқын

В) Қыпша бел, сұңғақ бойлы, қызыл шырайлы торғылт келіншек.Өзі ақ жарқын, кішіпейіл,

адамгершілігі мол жандардың бірі.Аяғында кестелі етігі бар.Көз қиығының құйрығы азғана көтеріңкі.

2

3.Еменалы

С)Ол − ауыр сүйекті, балуан денелі адам. Бар өмірі ат үстінде таза ауада өтіп келе жатқандықтан, үсті- басы қол батпайтын білеудей-білеудей бұлшық ет,

бірақ қарны шыққан емес.

3

4.Торсан

Д)Аты әйгілі барымташы, қанішер, баукеспе ұры,

жүз жігіт ұрысы бар, қарақшы.

4

5.Қожық

Е)Қазақ денелі, кавказ көзді жас жігіт. Сипап қаласында орысша бастауыш мектеп бітірген, өзге замандастарынан өресі биік, білгір де ұтымды,

ойын-сауықта жұмысы жоқ, іскер жігіт.

5

6.Шынар

F)Бойы шарғылау,өзін бәрінен жоғары ұстайды, сон дай-ақ, көкіректеу. Барша адамды сынағанды

ұнатады.

6

22


9-сынып емтихан тапсырмалары

1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   100

В бөлімі Үзіндіні оқып, сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз.


Қазақ әдебиеті

Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» повесінен үзінді


Өмір шындығының өзі ақиқатқа бас ұрары даусыз. Дүние тарихы, жаратылыс шежіресі, жан-жануар болмысы жайлы алғашқы әңгімені әжемнен естігенімді, адамзат қауымының қалыптасуы туралы тұңғыш мағлұматты әжемнен алғанымды қалай ғана ұмытармын... Иә, әлемнің пайда болуы, тірлік дамуы, адамзаттың шығуы, өмір жайлы шынайы сезіммен азаматтық тұрғысындағы жан баурайтын аңыздарды айтқан; ненің жақсы, не жаман екенін, нені сүйіп, неден аулақ жүруді үйреткен; ар заңының, әдеттің жинағынан алғашқы тарауларды таныстырған да, ең алдымен, ата-ана, ағайын-туған еді. Әрине, ол кезде мен де өзге сәбилер сияқты әжем айтқан ертегі мен аңыздардың түпкі байыбына бара бермейтінмін, әке әңгімесінің өсиетін ұға бермейтінмін және үлкендердің талай-талай өнегесін орындай бермейтінмін... Ол кезде мені қызықтыратыны ертегі- аңыздардың ғажайып оқиғалары еді... Енді, міне, есейіп ер ағасы болғанымда ойласам, мен сол әңгімелерден адамзат өресінің өрісін тани берген екем ғой.

Менің ұстаздарым әріптен бастап буынға дейін, сонан соң ақ қағазға қаламмен өрнек жазуға дейін үйретті. Келе-келе жүйелі оқып, есепті жүйрік шығаруға қол жетті... Ал өмірдің өзі ше? Осынша ғұмырымның ішінде түрлі-түрлі күрделі жағдайда: толқымалы тоқсан сырлы кезеңде кездесіп дидарласқан, тағдырлас болған, табақтас болған адамдар ше? Мамыражай сәттерден мазасыз майданға көшіріп, көбік шашқан өмір дариясының бір толқынынан екінші толқынына аямай лақтырған уақыт ше? Осының бәрі де менің тірлігімдегі тірек болған, жүрек болған, қол ұшын берген, қорған көрсеткен ұстаздарым деп білем. Осындай уақыт талқысы ғана. өмір өткелдері ғана, тірлік тізбегі ғана менің әжемнен үйренген «жақсы», «жаман», «мақұл» деген сөздердің байыбына терең бойлата алды.

Әжемнің «осылай болған екен» деген сөздері мені бірде ғасырлардың шыңырауына сапар шектірсе, бірде құс қанатындай демеп, ілгері ұмтылдырды, биікке самғатты...

(245 сөз)

Тапсырма:





  1. Берілген үзіндінің мазмұнына талдау жасап, көтерілген тақырыпқа қатысты көзқарасыңызды білдіріңіз. Тәрбиелік мәнін ашыңыз.




  1. Үзіндідегі кейіпкерлер бейнесіне талдау жасаңыз. Кейіпкерлердің іс-әрекетін салыстырып, баға беріңіз.




  1. Автордың тілдік қолданысына талдау жасаңыз. Үзіндідегі көркемдегіш құралдардан мысал келтіріп, автордың қолдану мақсатын түсіндіріңіз.




  1. Ұсынылған тақырып бойынша эссе жазыңыз.

Ф.Оңғарсынованың «Өлең,мен сені аялап өтем» атты өлеңінің идеясын талдап, құбылту мен айшықтаудың түрлерін пайдаланып, 150-170 сөзден тұратын әдеби эссе жаз. Эсседе сөз өнеріне қазіргі жастардың көзқарасы мен құрметі тұрғысынан саралауға назар аудар.


23