Файл: Дріс Инклюзивті білім беруді даму тарихы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 749

Скачиваний: 11

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Дәріс 1.

    1. Инклюзивті білім берудің даму тарихы

    2. «Инклюзивті білім беру» пәнінің мақсаты мен міндеттері

1.1 Инклюзивті білім берудің даму тарихы

Әр бір адамның маңызды құқықтары мен еркіндіктері жүйесіндегі негізқалаушы фактор болып білім алу құқығы. Қазақстан Республикасында, барлық дамыған мемлекеттерде сияқты, аталған құқыққа, әлеуметтік немесе материалдық деңгейге, жынысы мен діни көзқарастарға, денсаулық қалпына және т.б. ерекшеліктерге қарамастан, барша адамдар ие. Біздің мемлекетіміз де бір де бір баладамуындағы интеллектуалдық немесе физикалық бұзылыстар себебінен бұл құқықтан айырылмайды. Барлық балалардың білім алуға құқығы біздің мемлекетіміздің басты заңы – Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілденген.

Инклюзивті білім беру идеяларын әркім үшін ешқандай кемсітусіз жоғары сапаны қамтамасыз ететін білім беру ретінде алға жылжыту.

Міндеттері:

- әркімнің сапалы білім алу құқығын қолдау жөнінде қоғамдық пікір қалыптастыру;

- төзімділік қарым-қатынас мәдениетін, білім алушылардың білім алудағы мүмкіндіктерінің әртүрлілігіне шыдамдылық көзқарасын дамыту;

- балалармен жұмыс істеуде әртүрлілікті енгізу педагогтар үшін кедергі немесе проблема емес, керісінше олар үшін жаңа кәсіби мүмкіндіктер ашатынын түсінулеріне көмектесу;

- білім беру ұйымдарының әкімшілігіне инклюзивті білім берудің нормативтік-құқықтық қамтамасының, саясаты мен әдіснамасының мәселелері бойынша кеңес беру;

- педагогтарға оқу-тәрбие процесі барысында туындайтын инклюзивті білім беру практикасының жеке мәселелері бойынша кеңес беру;

- педагогикалық қоғамдастықты педагогикалық ғылымның ең жаңа жетістіктерімен таныстыру.

ХХ ғасырдың 70-ші жылдарында өркениетті елдерінде қалыптасқан қоғамның жалпы адамзаттың құндылығы туралы түсінігі бойынша және ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуындағы оқшалау шетте қалтыру ға қарсы қоғамға қосу, құқықтарының теңдігі жарияланған. Тарихта ең бірініші рет дамуындағы ауытқушылықтарға қарамастан, кемтар тұлғалардың тең құқылы екендігін қоғам көзқарастарында толығымен қалыптасты. Сол жылдары дамуында ауытқуы бар тұлғалардың құқықтарын қорғайтын бір қатар БҰҰ бекіткен ақыл-ой кемтар тұлғалардың құқықтары туралы, мүгедектердің құқықтары туралы декларациялар қабылданды


Шетелде (Скандинавия елдері, АҚШ, Батыс Еуропа, Азия) жалпы білім берудің инклюзивтілігі идеясының даму тарихы.

90-шы жылдарда мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік бейімдеуін жетілдіру мақсатында халық аралық құқықтық актілер қабылданды, олар “Бала құқықтары туралы Конвенция” (1989) және “Мүгедектердің құқықтырын тепетеңдігін қамтамасыз ету туралы ережелер” (1993), білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларға арнайы білім беру және жағдайын реттеу үшін “Саламанкалық декларация” (1994).

Мүмкіндіктері шектеулі балалардың білім алуға қол жеткізу үшін негізгі, шешуші рол атқарған 1990 жылы Жомтьен қаласында (Тайланд) өткен әлемдік “Барлығына білім беру” атты конференциясы. Осы конференция барлық адамдар үшін дамуындағы кемістікке қарамастан білім алу жағдайды қамтамасыз етуді бекіткен.

2007 жылы қабылданған мүгедектердің құқықтары туралы Конвенцияда үздіксіз, сапалы, тұрғын жерінде, отбасынан айырылмай білім алуға құқықтар жарияланып, арнайы жағдайларды қамтамасыз ету қажеттілігіне ерекше назар аудару туралы баптар бекітілген.

Шет елдердегі мүмкіндіктері шектеулі балаларды өздерінің қалыпты замандастарымен бірге интеграциялап, біріктіріп оқыту идеясының пайда болуына және оның дамуына қоғамдағы демократиялық козғалыстар ықпал етті. Бұл дискриминацияға қарсы процестер өткен ғасырдың 70-ші жылдарына белсенді дамып, кемтар тұлғалардың құқықтарының теңдігін бекіткен. Сол кездерден бастап дамушы елдерде жалпы мектептерде мүмкіндіктері шектеулі балалардың және олардың қалыпты құрбылармен бірге оқыту үшін қажетті жағдайлар қамтамасыз етілген (арнайы педагоггтармен қызмет көрсететін қосымша мамандар сипатымен, арнайы қаржылай көмек, ерекше қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қажетті техникалық құралдар).

Шет елдерде интеграциялық, біріктіріп оқытуды енгізуге бағытталған жұмыстар қарқынды дамыған арнайы білім беру жүйесінің көмегімен іске асты және көптеген халықаралық ұйымдар арқылы сәтті нәтижеге қол жеткізе алды. Әр әл мүмкіндігі шектеулі балаларды интеграциялап, біріктіріп оқыту тәжірибесінің қалыптастыруда өз жолын шекті.

АҚШ – тағы дамуында ауытқуы бар балаларға арнайы қолдау көрсету тәжірибесі мен білім беру туралы басылымдарды салыстыру арқылы Европалық елдермен ортақ тенденциялары бар екенін байқауға болады

Инклюзивті білім беруді дамытуға кедергі келтіретін кедергілер. "Білім берудегі кедергілер"ұғымы. Білім берудегі ресурстық кедергілер. Инклюзивті білім беруді дамытуға кедергі келтіретін әлеуметтік, мәдени кедергілер.



Қазіргі уақытта Қазақстан қоғамының алдында мүмкіндігі шектеулі балаларға сапалы білім беруге арналған тең мүмкіндіктермен қамтамасыз ететін білім беру жүйесін тұрақты дамыту міндеті өзекті болып тұр.

Инклюзивті білім беру баршаның сапалы білімге қол жетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған білім беру жүйесін тарату процестерінің бірі болып табылады..

Біріктіріп оқыту тәжірибесін іске асыру үшін инклюзивті білім беру мемлекеттің саясаты болуы керек және жүйелі шараларды ұйымдастыру. Ол жанұяны, жалпы мектептерді қолдауға, мүмкіндіктері шектеулі балалардың интеграциялау деңгейін, олардың әлеуметтік бейімделуімен мүгедектіктің төмендеу деңгейін жоғарлату қажет етеді. Бұл жерде мүмкіндіктері шектеулі балалардың және жасөспірімдердің білім беру және әлеуметтік қажеттілігіне баға беру қажет, оқу мекемелерінде барабар жағдайларын қамтамасыз ету, жанұяны қолдауды дамыту қажет. Қазіргі уақытта 27% мүмкіндіктері шектеулі балаларды инклюзивті оқыту үшін 30,5% мектепте жағдай жасалған. Жоғары оқу орындарындағы мүмкіндіктері шектеулі студенттер саны 570- ті құрайды. Оның ішінде 1-топ мүгедектігімен - 16 адам, 2-топта – 88 адам, 3- топта 466 адам бар. Жоғары білім алуға мүгедектердің құқығын қамтамасыз ету бойынша ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 28 ақпандағы №26 қаулысына сəйкес жоғары оқу орнына қабылдау квотасы бекітілген (2012 жылдан бастап мүгедектерге арналған квота көлемі 1%, бұрын – 0,5%). Қазіргі кезде Қазақстанда инклюзивті білім беру жүйесін құрудың белгілі бір модельдері мен жинақталған тәжірибесі бар.

Талаптар мен артықшылықтар. Әлемдік тәжірибеде инклюзивті білім беру ерекше оқытуды қажет ететін адамдарды оқыту мен тәрбиелеуде жеке тәсіл арқылы іске асырылуда. Ерекше оқытуды қажет ететін балаларға мыналар жатады: - мүмкіндіктері шектеулі балалар; - мигранттардың, оралмандардың, босқындардың, саны аз ұлттар отбасыларынан шыққан балалар; - қоғамда әлеуметтік бейімделуде қиындықтары бар балалар (жетім балалар, виктимді балалар, девиантты мінез-құлықты балалар, әлеуметтікэкономикалық және әлеуметтік-психологиялық мәртебесі төмен отбасынан шыққан балалар). Бірқатар елдерде енгізілген инклюзивті білім, ең алдымен Финляндияда келесідей қағидаттарға негізделеді: адам құндылығы оның қабілеттері мен жетістіктеріне байланысты емес, әр адам сезінуге және ойлауға қабілетті, әр адам қатынасуға және танымды болуға құқылы, барлық адамдар бір-біріне мұқтаж, нағыз білім шынайы өзара қатынас мәнмәтінінде іске асырылуы мүмкін, барлығы қолдау мен достыққа мұқтаж


Қазақстандық білім беру жүйесінде:

- әрбір білім алушының тұлғалық даму траекториясына, даралап оқыту әдістеріне негізделген дербес оқытуды, оны психологиялық-педагогикалық қолдауды және әлеуметтік бейімдеуді қамтамасыз ететін инклюзивті білім берудің моделі жасалмаған;

- білім берудің икемді, бейімделген оқу бағдарламалары әзірленбеген; - жалпы білім беретін ұйымдарда инклюзивті білім беру үшін кадрлар мен оқу-әдістемелік база жеткіліксіз; - оқыту сапасын мониторингілеу мен бағалау іске асырылмайды, балалардың білімдері мен дағдыларын критериалды бағалау индикаторлары жоқ;

- ерте кәсіптік бағдарлау, ерекше оқытуды қажет ететін балаларды кәсіпалды және кәсіби даярлау шарттары жеткіліксіз құрылған; -

мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру бағдарламаларының бірізділігі мен сабақтастығында, мүмкіндіктері шектеулі балаларды жұмысқа орналастыруда жүйелі ықпалдастық жоқ;

- балалардың психикалық және дене даму ауытқуларын ерте айқындау және оларды түзету аса өзекті проблема болып қалуда;

- балалардағы моральдық-психологиялық және әлеуметтік тұрғыда туындайтын проблемаларды жою бойынша алдын алу шаралары жеткіліксіз қолданылады;

- инклюзивті білім беруді ақпараттық-кеңес беру тұрғысында қолдау әлсіз ұйымдастырылған.

Осының бәрі төмендегідей проблемаларға әкеліп соғады:

- көптеген балалардың білім алу қажеттіліктері жеткіліксіз қамтамасыз етілген, нәтижесінде олардың әлеуетті мүмкіндіктері толық жүзеге асырылмаған;

- халықаралық TIMSS, PISA, PIRS зерттеулеріндегі қазақстандық оқушылардың көрсеткіштері қанағаттанарлықсыз деңгейде;

- әлеуметтік бейімдеудің жеткіліксіздігі салдарынан девиантты мінезқұлықты балалардың саны көбеюде, балалар арасындағы қылмыс, суицид құбылыстары азаймай отыр;

- түлектердің функционалдық сауаттылығы төмен қалыптасқан, жұмысқа орналаса алмайды, қатер тобына түседі.

Инклюзивті білім берудің негізгі идеясы - баланың білім беру жүйесіне қосылуға дайын болуы емес, жүйенің өзінің кез-келген баланы қосып алуға дайындығында. Яғни, барлық педагогтар мен ата-аналар инклюзивті білім беруді – жалпыға білім беру мектебі мен балабақшаға ашық есік ғана емес, сонымен бірге білім беру нәтижесіне жауапкершілік деп түсінулері тиіс. Оның сапасы ЕББҚ балалардың білім алу қажеттіліктеріне байланысты ұсынылатын қызметтердің сай болуына тәуелді. Инклюзивті білім беруде ЕББҚ бала білімдерді жалпыға білім беру стандартында қалыпты балаларға қатысты қарастырылған мерзімде меңгеруі тиіс екендігін ескеретін болсақ, онда мұндай бағыт психофизикалық даму деңгейі бойынша жасына сай немесе оған жақын балаларға ғана қатысты қолданылады. Н.М.Малофеев бойынша, инклюзивті білім беруді ұйымдастыру мектепке дейінгі кезеңде ең нәтижелі. Білім беру ұйымдары оларға адекватты жауап беруі үшін, нәтижелі білім беру стратегияларын іздеп, модельдеп, келешекте тәжірибеге енгізу үшін сипаттама берулері керек.


Инклюзивті бағыт ЮНЕСКО бойынша келесідей мағынаға ие:

- мектеп жасындағы барлық балалар толыққанды білім беру процесіне белсенді қатысады;

- сапалы мектептік білім алуда барлық балалардың мүмкіндіктері тең;

- барлық балалардың ерекшеліктеріне қарамастан, бірге оқуға мүмкіндіктері бар;

- барлық балалар бірге өмір сүруге үйренулері керек;

- инклюзивті бағыт инклюзивті қоғамның дамуы мен оның жетілуінің негізі.

Интегративті, біріктіріп білім беру - мүмкіндігі шектеулі баланы құрдастарының ұжымында оқыту.

|Инклюзивті – inclusive – қосылған, біріктірілген, inclusion – қосу, біріктіру; инклюзивті білім беру – барлық балаларды жалпыға білім беру процесіне толық қосуға, балалардың жасына, жынысына, діні мен этникалық ұстанымдарына, даму тежелуіне қарамастан, отбасының белсенді қатысуы мен баланың жеке қажеттіліктерін әлеуметтік және түзету–педагогикалық қолдау көрсетуге бағытталған білім берудің қағидасы.
1.2 «Инклюзивті білім беру» пәнінің мақсаты мен міндеттері

Қазіргі таңда барлық әлемде жеке қажеттелікті түзету­ педагогикалық қолдау мен бейімдеу баланы емес, балалардың білімдік сұраныстары мен жеке ерекшеліктеріне ортаның, отбасының белсенді қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын «барлығы үшін бір мектеп» немесе «инклюзивті білім беру» туралы айтуда. (Д.Митчелл –профессор. Жаңа Зеландия, 1997 ж)

Мұндай арнайы оқу орындарында балаларды оқыту, әрбір баланың жеке қабілеттеріен бағытталған білім беру әдістемесінің болмауы, кемшіліктерді жоюға емес, керісінше баланың әлеуметтік бейімделуіне кері әсерін тигізеді. Негізгі көмек құрдастарының арасында білімін дамыту қажеттілігіне мүмкіндік жасау болып табылады.

Инклюзивтік білім беру барлық балаларды оқыту қажеттілігіне негізделеді, мұнда маргиналдау мен қатардан шығару салдарынан ең осал болып отырған топқа ерекше назар аударылады. Инклюзивтік мектеп мәдениеті барлық оқушыларды қамтиды, және де әрбір қатысушы – оқушылар, мұғалімдер, әкімшілер, қолдау жөніндегі қызметкерлер құрамы, ата­аналар мен қоғамдастық – қауіпсіз, оқуды қолдайтын және оқу үшін оңтайлы ортаны жасау мақсатында мектеп өміріне өз үлесін қосу мүмкіндігіне ие болуы тиіс.

Инклюзивті оқыту – барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеретін, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің дамуы. Инклюзивті оқыту балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдайлары да өзгереді. Инклюзивті оқытуды ашқан мектептерде оқыған балалар адам құқығы туралы білім алуға мүмкіншілік алады, өйткені олар бір­бірімен қарым­қатынас жасауға, танып білуге, қабылдауға үйренеді.