ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.12.2023
Просмотров: 751
Скачиваний: 11
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Инклюзивтік білім беру барлық балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, атааналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеупедагогикалық және әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы қолдау, қоршаған ортаның балаларды жас ерекшеліктеріне және білімдік қажеттіліктеріне бейімделуіне жағдай қалыптастыру, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат.
Инклюзивті оқыту барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді.
Инклюзивті оқыту оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді.
Инклюзивті оқыту адамдармен қарымқатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді.
Инклюзивтік білім берудің ОБЪЕКТИВІ барлық балалар – қоғам мүшелері, барлық бала маңызды, барлық балалардың қоғамға тартылуға құқығы бар.
Адам құқығы балалардың барлығы сапалы білім алуға және академиялық, әлеуметтік табыстарға жету мүмкіндіктерге ие болуға құқылы (адалдық пен әлеуметтік әділеттілік)
Философия инклюзивтік білім беру әрбір оқушының өзінөзі ыңғайлы сезінуіне, сол сияқты, оның жеке қажеттіліктері мен оқу стильдерінің орны толтырылып, біздің мектептеріміз бен қоғамдастығымызда бағаланатынын сезуі тиіс.
Барлық балалар өздерінің проблемалары, артта қалушылығы, жасы, жынысы, этникалық жағы мен экономикалық мәртебелеріне қарамастан, өздерінің құрбы құрдастарымен бірге білім алуға құқысы бар – әлеуметтік мұқтаждықтары бар балаларды, әсіресе ақылой мүмкіндіктері шектелген балаларды қосу мен инклюзивтік білім беру философиясы, міне, осыларға негізделген.
Инклюзивтік білім беру философиясы мен арнайы мұқтаждықтары бар балаларды, әсіресе ақылой мүмкіндіктері шектелген балаларды енгізу, барлық балалар өздерінің проблемалары, артта қалушылығы, жасы, жынысы, этникалық жағы мен экономикалық мәртебесіне қарамастан, өз құрбықұрдастарымен бірге білім алуға құқысы бар дегенге негізделген.
Арнайы оқытудың бұрын болған жүйесі істәжірибеде жеке, даралап тіл табудың өте қажет жағдайда ғана қолданылғанын көрсетеді. Болашақтағы мектепте әр оқушының оқу барысында жақсы нәтижелерге жетуіне көмектесетін психологиялық қолдау көрсетіліп, көңіл аударылып, қажетті жағдайлармен қамтамасыз етілуі керек. Шынымен де, біздің мектептер инклюзивтік білім берілетін инклюзивтік мектептер болуы керек.
Барлық балалар өздерінің проблемалары, артта қалушылығы, жасы, жынысы, этникалық жағы мен экономикалық мәртебелеріне қарамастан, өздерінің құрбы құрдастарымен бірге білім алуға құқысы бар – әлеуметтік мұқтаждықтары бар балаларды, әсіресе ақылой мүмкіндіктері шектелген балаларды қосу мен инклюзивтік білім беру философиясы, міне, осыларға негізделген.
Ортақ игілік қоғамдастықтар, мекемелер мен орта балаларды бағалайды және қоғамның түгел мүшелеріне пайдасын тигізетіндей әрекет етеді.
Стратегия ерекше қажеттіліктері бар, оқуында қиындықтары бар балалардың және мектепке бармайтын жастардың мекткепке баруы жолындағы бөгеттердің түгелін жою арқылы балалардың барлығына білім беруді қолдау.
ОБЪЕКТИВ: Білім беру мен біздің қоғамға “жаңа” көзқарас.
Инклюзивтік білім берудің мақсаты білімнің қол жеткізерлігі мен оның сапасы немесе ұзақ мерзімді мақсат – «инклюзивтік қоғам» құру мәселелеріне сай анықталуы мүмкін.
Инклюзивтік білім берудің басты міндеті: отбасын қолдау және осы іске отбасын тарту, өйткені отбасы өз балаларына білім беру мен оларды асырауға тікелей жауап береді. Сонымен қатар олар әдеттегі мектеп жұмыстарынан сыртында қалатын, мысалы, үйде оқыту барысында мүгедек балалардың қарапайым дағдыларды алуына көмектесу сияқты оқытудың басқа да түрлерін қамтамасыз етуде тікелей рөл атқарады. Инклюзивтік білім беру шынайы мұқтаждықтарға жауап береді және көптеген мемлекеттерде көп қаржыны талап етпейтін, оңай қол жеткізерлік тұжырымдама болып табылады, өйткені ол ең алдымен, қарымқатынастардың, мінезқұлықтардың, жұмыстың түрі мен әдістерінің өзгеруін білдіреді.
Сонымен қатар инклюзивтік білім беру әр түрлі мәдениеттерде бала құқықтарын жүзеге асырудың тиімді шыққан нүктесі болуы да мүмкін. Сонымен қатар тәрбие, білім және өзінөзі тәрбиелеу негізінде, өздігінен алдына мақсаттар қойып, оған жетуде өзінің бар күш жігерін салатын, қоғамдағы өз орнына сенімді тұлғаны тәрбиелеу;
- ерекше қажетсінуді қажет ететін балаларға білім беруде оқыту әдістемесін игеру;
- ерекше қажетсінуді қажет ететін балалардың атааналарымен жұмыс түрлерімен танысу т.б;
Инклюзивті білім беру екі мақсатқа жетуге көмектеседі:
- ерекше қажетсінуді керек ететін балаларға өзінің әлеуетін толығымен жүзеге асыруға көмектеседі, ісірекетін дамытады;
- атааналарға өз балаларын дұрыс қабылдауларына көмектеседі, дамуында проблемасы бар, әлеуметті, инкюлизивті білімді қамтамасыз етеді;
Инклюзия анықтамасын тереңірек зерттеудің тағы бір себебі – қызығушылық көрсеткен тұлғаларды сөзжарысқа барынша көп тарту. Инклюзия арнайы білім беру қызметкерлері мен мүгедек балалардың атааналары арасында жиі талқыланатын тақырып болғанымен де, жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерін аса қызықтыра қоймайды, ал мүгедек балалары жоқ атааналар «инклюзия» түсінігінің олардың балаларына да қатысы бар екендігін білмейді.
Біріктірілген (инклюзивтік, енгізілген) білім беру (БББ) – жалпы білім беретін мектептерде ерекше мұқтаждықтары бар балаларды оқыту үрдісін бейнелеу үшін қолданылатын термин. Инклюзивтік білім беру – білімнің барлық адамдарға бірдей екендігін білдіретін біріктірудің кең үрдісі және барлық балалардың әр түрлі мұқтаждықтарына бейімдеу арқылы жалпы білім беруді дамыту. Әдетте барлық терминдер ерекше мұқтаждықтары бар балалар үшін білім алу мүмкіндіктерін қамтамасыз ету үрдісін бейнелеу мақсатында қолданылады. Халықаралық практикада (ЮНЕСКО) бұл үрдісті бейнелейтін «біріктірілген білім беру» термині «инклюзивтік білім беру» (integration – inclusion) терминімен ауыстырылған.
Инклюзивті оқытудың негізгі принциптері:
1. Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен анықталады.
2. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті.
3. Әрбір адам қарымқатынасқа құқылы.
4. Барлық адам бірбіріне қажет.
5. Білім шынайы қарымқатынас шеңберінде жүзеге асады.
6. Барлық адамдар құрбықұрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді.
7. Әрбір оқушы үшін жетістікке жету өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру.
8. Жан жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді
9 – дәріс. Психикалық дамуы тежелген балаларды оқытуды ұйымдастыру
Балалардың психикалық дамуының тежелу мәселесі дүниежүзілік психологтар мен педагогтардың бірден –бір көкейтесті проблемаларының бірі болып табылады. Олар кем ақылдылар қатарына жатпайтын, сонымен бірге білім қорының көлеміне қарай олар қорытуға жеткілікті икемділіктері барын кең «дамудың жақын аймағынын» көре білді,белгілі категориялы балаларды іріктеп алды. Бұл балалар ерекше топқа кіреді- психикалық дамуының тежелуі бар балалар. Берілген бұзулылар олигофрения мен интеллектінің қалыпты дамудың арасындағы аралық орын алады.
Психикалық дамудың тежелуі уақытша болуы мүмкін. Интеллектуалды жетіспеушіліктің туа біткен жеңіл түрлері де болады, осыңдай түрдегі балалар мен ересек адамдардың конституционалды ақымақтар деп атайды.Маңызды вариабелдікке қарамастан, ПДТ- сы бар балалар осы күйді олигофрениядан, педагогикалық салақтықтан шектеп қалуға мүмкіндік беретін көршілес белгілермен сипатталады. ПДТ- сы бар балаларда жеке анализаторлардың бұзылуы, сонымен қатар кемақылдылығы болмайды, соған қарамастан полиморфты-клиникалық симптоматика- тәртібінің жетілмеген қиын түрін, тура бағытталған қызметінің тез жүдеу түрінде іскерлігінің бұзылуының болуынын жалпы мектепте тұрақты үлгере алмайды.ПДТ-сы бар балалар білім алу іскерлігінің қиын дамуымен қатар энцефалопатикалық ауру белгілері ОНЖ- нің органикалық құңсыздығының айғақтайтың өте белсенділік, импульсивтік, Сонымен қатар мазасыздану, агрессивтік мінез – құлық байқалуы мүмкін. Олардың ойлау қызметін бағалау үшін психикалық әдістерқолданылады, дербес интелектуалды каэффициент IQ 100- ге тең, IQ шама, орта статистикалық мөлшерге тен. ПДТ кезінде интелектуалды каэффицент 70-80 ал, дербес кезінде 50-70- ке тең.
ПДТ- сы бар балалар барлық негізгі көрсеткіштер бойынша мектепте оқуға дайын болмай шығады (белгілі дәрежедегі қалыптасуы: қоршаған өмір жайлы білімі мен түсінігі, ойлау әрекеті; әрекеті мен әдеті; сөзінің дамуы, сәйкес ықылас пен себептің білім алу белсенділігін білдіруі; мінезді жөндеу) Баланың дайынсыздығына байланысты қиындықтар, олардың орталық нерв жүйесінің қызметі жағдайының әлсізденіп қиындауынан жеңіл еліктеушілікке, тез жалығушылыққа, төменгі іскерлікке әкеледі.
2. Интелектуалды, сезімдік (эмоционалдық) – жігерлі сфераның және баланың жеке басының даму қарқыңының бұзылуы тұтас алғанда қоршаған ортаның түрліше жағымсыз факторларының әсер етуіне байланысты, әсіресе өмірдің ерте кезеңінен ПДТ- ның негізінде көбіне өз бетінше әрекеттенудің қиын түрінің дамымағаны жатыр.
Ауыр жұқпалы аурулар, бас сүйек миының зақымдануы, уланулар, тұқым қуалаушылыққа бейім болулар да, ПДТ- ң себептері болып табылады. Жалпы орта білім беретін мектептерде үлгерімі төмен оқушылардың елу пайызы психикалық дамуы тежелген /ПДТ/ балалардың құрайтындығы бүгінгі күні ғылыми түрде дәлелденіп отыр. К. С. Лебединская, В. И. Лубовской, т. б дефектологтар зерттеулерінде балалардың жас мөлшері бірдей болғанымен, психикалық дамуы әртүрлі, яғни интеллектуалды қабілетінің жасына сәйкес келмейтіндігін ерекше атапкөрсетілген.
Психикалық дамуының негiзгi бұзылыстары интеллектуалды даму деңгейi, яғни, зейiнi, есте сақтауы, ойлауы, кеңiстiктi бағдарлауы төмен болып келедi. Осы себептерге байланысты психикасы дамуы тежелген (ПДТ) балалардың оқу үлгерiмi төмен болады. Бұл балалардың оқуға үлгермеушiлiгi жетi - сегiз жастан анық байқалады. Оның негiзгi белгiлерi: сабаққа белсендiлiгi байқалмайды, берiлген тапсырмаларды үлкендердiң көмегiнсiз дұрыс орындай алмайды, сыныптастарымен аз араласады, өз ойын ашық айта алмайды, оқу мен жазу, есептеулерде көп қателер жiбередi, тез шаршағыш, зейiнi тұрақсыз болады өз өзiн төмен бағалауы; қоршаған ортаға сенбеушiлiкпен қарауы; өз күшiне деген сенiмсiздiгi.
ПДТ психогенді жағдайларының кері әсеріненде пайда болуы мүмкін, бала ата-анасынан айрылғанда, толық эмоционалды қарым қатынастың жеткіліксіздігі (мысалға, емшектегі балалар үйінде, жетімдер үйінде өскендер, ешкім айтарлықтай көңіл бөлмейтіндер), сонымен бірге сезгіш органдарының кемшілігімен (соқырлық, саңыраулық, мылқаулық)- мұндай жағдайларда бакла толық интеллектуалды дамуы үшін жан-жақты хабарлар ала –алмайды. Баланың психикалық қызметінің дамуы жас ерекшелігіне байланысты кезеңдерде болады. Егер ол осы уақытта қажетті хабарларды, мәліметтерді алмаса, оның дамуы бәсендейді.
Баланың әдеттегідей дамуына үлкен маңыздылық пен тәрбие жағдайы керек. Мәдениеттілігі төмен от басында ата-аналар тәртібі дамуымен айналыспай өскен балалар өздерінің құрдастарынан интелектуалды қарым – қатынасы жағынан жиі қалып отырады. Педагогикалық салақтық та өзінің белгілі рөлін атқарады. ПДТ пайда болу себептерін зерттеу кезінде ОНЖ-нің органикалық зақымдануын бастан кешкеннен кейін, себепші болған қалдық құбылыстың ең ауыр түрі белгілі болған, ал функционалды- динамикалық бұзылу кезінде ең жеңіл түрі функционалды- динамикалық бұзылу кезінде ең жеңіл түрі байқалады. Сол және бір ғана этиологиялық фактор зақымдалу уақытынан байланысты генотиптік фонның есебімен бір ғана жағдайда тек жетілу қарқынының бұзылуына әкелуі мүмкін, басқаша жағдайда ПДТ-ң қиындалған түрін береді немесе олигофренияға әкеледі.